Материалдар / Ғылыми жоба Тақырыбы: Ешкі малының пайдасы 4 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жоба Тақырыбы: Ешкі малының пайдасы 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда ұмыт болып бара жатқан халық емдері туралы ізденіп талдау жасау. «Ешкі сүті тоқсан тоғыз аурудың емі» айқын мысалдармен дәлелдеп, көз жеткізу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2018
1080
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
№ 1 орта жалпы білім беретін мектеп Ғылыми жоба “ Ешкі малының пайдасы ”

1 слайд
№ 1 орта жалпы білім беретін мектеп Ғылыми жоба “ Ешкі малының пайдасы ”

Ешкі және оның пайдасы туралы не білеміз? Ғылыми жобаны дайындаған: Муратова Дана Ерланқызы 4«Б»сынып № 1орта жалпы білі

2 слайд
Ешкі және оның пайдасы туралы не білеміз? Ғылыми жобаны дайындаған: Муратова Дана Ерланқызы 4«Б»сынып № 1орта жалпы білім беретін мектеп Жетекшісі: Дюсегалиева Н.А. бастауыш сынып мұғалімі

Мазмұны 1. Кіріспе 2. Негізгі бөлім... Ешкінің пайдасы 2. 1. Ешкінің шығу тарихы 2. 2. Ешкінің түрлері 2. 3. Ешкі сүтінің қасиет

3 слайд
Мазмұны 1. Кіріспе 2. Негізгі бөлім... Ешкінің пайдасы 2. 1. Ешкінің шығу тарихы 2. 2. Ешкінің түрлері 2. 3. Ешкі сүтінің қасиеті 2. 4. Ешкі күтімі 2. 5. Ешкі сүтінің адам ағзасына пайдасы.. 2. 6. Ешкі сүтінен жасалған әртүрлі тағамдар 2. 7. Қорытынды 2. 8. Пайдаланылған әдебиеттер

Аннотация Қазақ халқының өзіне ғана тән ұлттық тағамдары бар. Ұлттық тағамдардың атын біліп, дәмін көріп жүргенімізбен, олардың

4 слайд
Аннотация Қазақ халқының өзіне ғана тән ұлттық тағамдары бар. Ұлттық тағамдардың атын біліп, дәмін көріп жүргенімізбен, олардың жасалу жолы, құрамы, сапасы, пайдасы жайлы толық біле бермейміз.Бұл зерттеу жұмысы ешкі сүтінің адам ағзасына тигізер пайдасы, қосымша қолданылатын жағдайларын анықтау мақсатында жазылып, жан-жақты сипаттама берілген. Табиғи ешкі сүтінен дүкендерде сатылатын құрғақ сүттің құрамындағы дәрумендерінің қаншалықты құнды екендігі ғылыми түрде нақты дәлелденген. Ешкі сүтін пайдалану, өндіру жолдары жайлы түсінік берілген. Қоғамдық пікірлермен санасылып, оқушыларға сауалнама жүргізу арқылы ешкі сүтінің қаншалықты пайдасын білетін- діктерін зерттеген. Халқымыздың тағы бір құндылығын наси- хаттау зерттеу жұмысының негізгі ұстанымы,әрі өзектілігі болып табылады.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы Тақырыптың өзектілігі: қазіргі таңда ұмыт болып бара жатқан халық емдері туралы ізденіп талдау ж

5 слайд
Жұмыстың жалпы сипаттамасы Тақырыптың өзектілігі: қазіргі таңда ұмыт болып бара жатқан халық емдері туралы ізденіп талдау жасау. «Ешкі сүті тоқсан тоғыз аурудың емі» айқын мысалдармен дәлелдеп, көз жеткізу. Зерттеу болжамы: Егер ешкінің сүті күнделікті өмірде, медицинада қолданылса өскелең ұрпақтың денсаулығы әлдеқайда зор болмақ. Зерттеу заты : Ешкінің сүтінің пайдасы туралы терең білу. Зерттеу әдістері: іздену, салыстыру,талдау, жинақтау,әңгімелесу т. б. Жобаның мақсаты: Қазақ халқының көнеден келе жатқан қазақ медици- насының түрлері, аурудан сақтану шараларының мазмұны жайлы мағлұмат беру. Қазіргі таңда жастарға мал шаруашылығының жетіс- тіктерін, ата – бабамыз ешкі өсірумен ертеден – ақ айналысқанын, сүтінің адам ағзасына пайдасын түсіндіру. Тәуелсіз елімізде ата - бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп жоғалтпай қайта жаңартатын ендігі болашақ - ұрпақ, біздің қолымызда.

Эксперимент әдістемесі: 1. Ешкі жөнінде баяндалып жазылған газет, журнал, әдебиеттермен танысу. 2. Ешкі сүтінің күнделікті адам

6 слайд
Эксперимент әдістемесі: 1. Ешкі жөнінде баяндалып жазылған газет, журнал, әдебиеттермен танысу. 2. Ешкі сүтінің күнделікті адам өміріндегі пайдасын білу. 3. Зерттеу жаңалығы мен дербестік нәтижесі: - Ешкі сүтінің емдік қасиеті ерекшеліктеріне жан – жақты сипаттама берілді; - Ешкі сүтінің емдік қасиеттерінің тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді. Арнайы ұйымдастырылған зерттеу жұмыстары барысында қазақ халқының өмірінде ешкі сүтінің алатын орнын, маңыздылығын, күнделікті өмірде пайдалануға болатындығын дәлелдеген. Зерттеу жұмысының негізгі болжамы: Бұл жұмыс кезінде мен салыстыру, сәйкестендіру, тұжырымдау, анализдеу және нақты материалдарды қорытындылау әдістерімен жұмыс істедім. Ешкі сүтінің емдік қасиетін ерекшелігін пайдалану арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болады Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау арқылы ешкі сүтіне жан – жақты зерттеу және емдік ерекшеліктерін көрсету жұмыстың теориялық мәні болып табылады. Жұмыс барысында қолдан жасалған емдік қоспаны көпшіліктің тұрмыстық жағдайда жасап пайдалану мүмкіндігі яғни, қолжетімділігі жұмыстың практикалык мәні болып табылады.

1. Кіріспе Қазақ халқы көшпенді өмір сүре жүріп, дала мен тау – тастағы жануарлардың жеке жарақатынан және сырқатынан жазылуда

7 слайд
1. Кіріспе Қазақ халқы көшпенді өмір сүре жүріп, дала мен тау – тастағы жануарлардың жеке жарақатынан және сырқатынан жазылуда қандай табиғаттық емдер алатынын байқады, көрді, білді және өздеріне тексеру жасады да нәтижесіне өз бағаларын берді. Өздері мен болашақ ұрпақтарының денінің саулығы болу үшін, ұлттық халық медицинасының бай тәжірибесі жинақталды. Қазақ медицинасы дәстүрлі медицинасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақ медицинасының тарихы ұзақ, аурудан сақтану шараларының мазмұны өте мол. Ата - бабаларымыз табиғаттың табиғи емінің әдіс – тәсілдерін меңгерген нағыз ұстасы және нағыз білгірі болды. Ешкі де қазақ халқының ежелден келе жатқан төрт түлігінің бірі. Ертеректе халқымыз ешкіні негізінен сүті үшін өсіргендігін «сойса еті - қалақтай, сауса сүті – бұлақтай», «ешкі сойып жесең – бір күндік, сауып ішсең – мың күндік»- деген мақалдардан айқын білініп тұр Ешкі өте өсімтал болғандықтан тез өсіп, жылдам көбейеді. Cондықтан біз елімізде ешкі шаруашылығының дамуына көп көңіл бөлсек, басқа да ешкі шаруашылығы дамыған мемлекеттердің құрамына кірер едік. Ешкі шаруашылығын қолға алу - бұл еліміздің әл-ауқатын көтерудің бірден-бір жолы.

2. Ешкінің пайдасы «Қойды көсем бастайтын, Өткелден үркіп саспайтын Қарағай мүйіз серкелі.. Сексек ата баласы Ешкі бассын үйіңді

8 слайд
2. Ешкінің пайдасы «Қойды көсем бастайтын, Өткелден үркіп саспайтын Қарағай мүйіз серкелі.. Сексек ата баласы Ешкі бассын үйіңді» - деп халық айтқандай. Ешкі де қазақ халқының ежелден келе жатқан төрт түлігінің бірі. Ертеректе халқымыз ешкіні негізінен сүті үшін өсіргендігін «сойса еті - қалақтай, сауса сүті – бұлақтай», «ешкі сойып жесең – бір күндік, сауып ішсең – мың күндік»- деген мақалдардан айқын білініп тұр Ешкі өте өсімтал болғандықтан тез өсіп, жылдам көбейеді. Ешкінің еті де, терісі де, сүті де, қылшығы мен түбіті де, тіпті мүйізі де күнделікті тұрмыс кәдесіне жарай береді.. Ешкінің еті аздау болғанымен ерекше күтімді қажет етпейді.. Көктем мен жаз айларында көкке жайылған ешкі сүтінің құрамындағы дәрумендер молайып әрі дәмі де өзгереді. Ол 600 - ге тарта шөп түрін қорек етеді. Жылқы, сиыр және қой малы одан бірнеше есе аз шөппен қоректенеді. Осының арқасында ешкі сүті мен етінде адам ағзасына өте қажетті дәрумендер көп болады.

терісі еті сүті ыстық, суыққа бейімөсімқортүбіті 100 ғ.бұрын қолға үйретілген9-10ж. тіршілік етеді 20 -28 кг ет 4-5кг май тә

9 слайд
терісі еті сүті ыстық, суыққа бейімөсімқортүбіті 100 ғ.бұрын қолға үйретілген9-10ж. тіршілік етеді 20 -28 кг ет 4-5кг май тәулігіне 2 кг шөп жейді

2. 1 Ешкінің шығу тарихынан Ешкі - қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұптұяқты мал. Ешкі 11 - 12 мың жыл бұры

10 слайд
2. 1 Ешкінің шығу тарихынан Ешкі - қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұптұяқты мал. Ешкі 11 - 12 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Ешкі тоғыз – он жыл тіршілік етеді. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді.. Ешкі пірі - Сексек ата. Шежірелік дерек бойынша Қазығұрт тауының бауырында Тұрбат деген жерде жерленген Исмайыл атаның баласы. Шын мәнінде Сексек атада аз зерттелген дүниелердің бірі. Ерте заманда Амалфея атты ешкінің сүтімен Зевс құдайын емізген деген аңыз бар. Сол заманнан бері ешкі сүті ерекше қасиетті деп саналады. Сонымен қатар, ертеректе ауыр науқастан кейін қалыпқа келу үшін ешкі сүтін ішкен екен. Ежелгі Римде ешкі сүтімен бауыр ауруын емдеген. Ешкі сүті әлемде кең танымал, бірақ осы сүтті пайдаланудан көш бастап тұрғандар – Азия елдері ішіндегі Үндістан, Бангладеш, Пәкістан және Жерорта теіңізі жағалауындағы елдер – Португалия, Испания, Франция, Грекия, Италия болып табылады.

2. 2 Ешкінің түрлері Ешкі түрлері Ешкі қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұптұяқты мал. Ешкі 11 - 12 мың жыл

11 слайд
2. 2 Ешкінің түрлері Ешкі түрлері Ешкі қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұптұяқты мал. Ешкі 11 - 12 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Ешкі тоғыз – он жыл тіршілік етеді. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді.. Ешкі Қазақ ешкіні жасына қарай: • үлкен теке • серке • дөнен серке • құнан серке • ту ешкі • үлкен ешкі • сақа ешкі • туша шыбыш • шыбышша • шыбыжық • марқа лақ - деп атайды.

терісі еті сүті 9-10ж. тіршілік етеді ыстық, суыққа бейім тәулігіне 2 кг шөп жейді өсімқортүбіті 100 ғ.бұрын қолға үйретілг

12 слайд
терісі еті сүті 9-10ж. тіршілік етеді ыстық, суыққа бейім тәулігіне 2 кг шөп жейді өсімқортүбіті 100 ғ.бұрын қолға үйретілген20 -28 кг ет 4-5кг май

Орынбор ешкілері Таулы алтай ешкілері

13 слайд
Орынбор ешкілері Таулы алтай ешкілері

Жүн беретін совет ешкілеріСүт беретін Заанен ешкілері

14 слайд
Жүн беретін совет ешкілеріСүт беретін Заанен ешкілері

2. 3 Ешкі сүтінің қасиеті Жаңа сауылған ешкі сүтінің емдік қасиеті өте күшті болады. Күн сайын тамақтың алдында жарты сағат бұр

15 слайд
2. 3 Ешкі сүтінің қасиеті Жаңа сауылған ешкі сүтінің емдік қасиеті өте күшті болады. Күн сайын тамақтың алдында жарты сағат бұрын бір кесе шикі ешкі сүтін ішіп алған адамның ағзасы сау болады, түрлі жұқпалы ауруларға бой алдырмайды. Жаңа сауылған сүттің тағы бір қасиеті - оның қуаты 4 - 5 сағатқа дейін ішектегі жағымсыз бактерияны жоюға қауқарлы болады Ешкі сүтінің көптеген емдік қасиеттері бар. Әсіресе, асқазан ауруларында, анемияда, көздің нашар көруінде, диатезде пайдалы. Емшек жасындағы балаларды қоректендіру үшін аса қолайлы. Сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүтінің түсі аппақ болады. Ал оның құрамында қырықтан астам биологиялық компонент бар. Ең маңыздылары - А, С, В1, В2, В6, В12 витаминдері, аминқышқылдары, ферменттер мен микроэлементтер. Сиыр сүтінің құрамында аз кездесетін элементтер ешкі сүтінде өте мол. Бір ғана кобальт басқа жануарлардың сүтіне қарағанда ешкі сүтінде 6 есе жоғары болады. Кобальт ағзадағы қан айналымды жақсартып, зат алмасу процесіне жағымды әсер етеді. Ешкі сүті альбуминге бай болғандықтан, құрамындағы ақуыз ағзаға тез сіңеді.

16 слайд

2. 4 Ешкі күтімі Ешкі шаруашылығы - мал шаруашылығының бір саласы. Малды қыста қорада, қалған уақытта жайылым жерлерде бағады.

17 слайд
2. 4 Ешкі күтімі Ешкі шаруашылығы - мал шаруашылығының бір саласы. Малды қыста қорада, қалған уақытта жайылым жерлерде бағады. Оларды азықтық дақылдармен қоректендіреді, мезгілімен дәрігерлік көмек көрсетіледі. Ешкі - өте өсімтал мал. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді. Оның түбіті, жүні, терісі, еті мен сүті пайдаланылады. Ешкі бір – екі, кейде бесеуден лақтайды. Жақсылап күтсе жылына екі рет төлдейді. Ешкілерді көктемде, жылы аудандарда екінші рет тамыз – қыркүйек айларында қырқады. Ешкі малы - текесі 60 – 65 кг - ға дейін, ешкісі 40 – 60 килограммға дейін тартады. Жемденген ешкіден 20 – 28 кг ет, 4 – 6 кг май, жеті – он айлық лақтан 12 кг ет, 1, 5 кг май алынады. Ешкі тұқымын асылдандыру, күтімі мен азықтандыруын дұрыс ұйымдастыру арқылы оның өнімділігін арттырады

Түбітті жүннен біз түрлі иірілген жіпті аламыз. Түбіті иірілген жіптен мынадай шәлі, бөріктер, кеудешелер, қолғаптар, шұлық жә

18 слайд
Түбітті жүннен біз түрлі иірілген жіпті аламыз. Түбіті иірілген жіптен мынадай шәлі, бөріктер, кеудешелер, қолғаптар, шұлық және т.б. дүние – мүліктің үлкен санын жасайды.

2. 5. Ешкі сүтінің адам ағзасына пайдасы . Жаңа сауылған сүттің емдік қасиеті өте күшті болады. Күн сайын тамақтың алдында жарт

19 слайд
2. 5. Ешкі сүтінің адам ағзасына пайдасы . Жаңа сауылған сүттің емдік қасиеті өте күшті болады. Күн сайын тамақтың алдында жарты сағат бұрын бір кесе шикі ешкі сүтін ішіп алған адамның ағзасы сау болады, түрлі жұқпалы ауруларға бой алдырмайды. Жаңа сауылған сүттің тағы бір қасиеті - оның қуаты 4 - 5 сағатқа дейін ішектегі жағымсыз бактерияны жоюға қауқарлы болады. Сүттің құрамында микроэлементтер, дәрумендер, ақуыздар бар. Микроэлементтер құрамына: кальций, магний, фосфор, марганец, мыс. Дәрумендерге: А, В1, С, Д, В12, аскорбин қышқылы бар. Ақуыздың құрамына: Май 4, 4%, белок3, 6%, лактоза4, 9% бар. Сүттің құрамында кальцийдің мөлшерінің мол болуы — жүрек - қантамыр жүйесіне оңтайлы әсер етеді. Ешкі сүтінің көптеген емдік қасиеттері бар. Әсіресе, асқазан ауруларында, анемияда, көздің нашар көруінде, диатезде пайдалы. Емшек жасындағы балаларды қоректендіру үшін аса қолайлы. Жалпы, педиатрлар ешкі сүтіне бірауыздан ықылас білдіруде. Балаларды қоректендіруде сиыр сүтіне қарағанда, ешкі сүті жарамды келеді. Әрине, бала үшін ана сүтіне жететін тағам жоқ. Бірақ жасанды немесе аралас қоректендіруде ешкі сүті ана сүтін алмастыру үшін лайықты және 6 айдан асқан балалар үшін қосымша қорек ретінде пайдалануға болады. Ешкі туберкулезбен, бруцеллезбен, сиыр ауыратын басқа да аурулармен ауырмайды

АСҚАЗАН ЖӘНЕ ІШЕК АУРУЛАРЫНДА Асқазан және ішек ауруларының кез келген түріне ешкі сүті шипалы. Оның құрамындағы лизоцин асқаза

20 слайд
АСҚАЗАН ЖӘНЕ ІШЕК АУРУЛАРЫНДА Асқазан және ішек ауруларының кез келген түріне ешкі сүті шипалы. Оның құрамындағы лизоцин асқазан және ішектегі шырышты қабық жараларын емдейді. Сонымен қатар, асқазан сөліндегі қышқылды бейтараптандыратын ерекше қасиетке де ие. Егер асқазан жарасының зардабын тартып жүрсеңіз, онда сізге ешкі сүтімен жүргізілетін мынадай ем көмектеседі. Күн сайын таңертең аш қарынға ешкінің 1 стақан шикі сүтін ішіңіз. Содан кейін кешке дейін ұрттап 2 стақан сүтті тауысу қажет. Емдік курс 21 күн жүргізіледі. ДИАТЕЗ ДЕРТІНДЕ Диатез және терінің қабынуы сияқты дерттерден ешкі сүтін ішіп біржола арылуға болады. Ешкі сүтін жиі ішетін балалар диатез дертіне шалдықпайды. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ҚАБЫНУЫНА Ұйқы безінің қабынуына (панкреатит) шалдыққан науқас күніне 0, 5 стакан шикі сүтті тамақтың алдында 2 ай бойы ішуі қажет . ҚАТЕРЛІ ІСІК ДЕРТІНЕ Ешкі сүтінің қатерлі ісік ауруының алдын алып, оның жеңіл түрлерінен айықтыратын қасиеті де бар. Сон - дай - ақ, ол иммунды жүйені қатайтады. Оның емдік тәсілі мынадай: шыны ыдысқа 100 г. балды салып, су бұлауында қайнатып ерітеміз. Содан соң, балға еттартқыштан өткізілген 3 жылдық 1 алоэ жапырағын салып, 5 минут қайнатамыз. Осы қоспаны ешкі сүтіне араластырып, тоңазытқышқа саламыз. 6 сағаттан соң алып, 1 сағат сайын әр 10 кг дене салмағына 50 г - нан өлшеп, науқасқа беру керек. КОСМЕТОЛОГИЯДА Косметологияда да өз орнын тапқан ешкі сүті терідегі түрлі бөртпелер мен дақтарды кетіруде табиғи тазартқыш құрал болып табылады. Сонымен қоса теріні ағартып, шаштың түсуін тоқтатады. Ол үшін әр шашты жуған кезде ешкі сүтімен шайып тұру қажет . СҮЙЕККЕ ПАЙДАЛЫ Ешкі сүтінің құрамында сүйек тіндерін қатайтатын кальций және Д тобындағы дәрумендер қоры жеткілікті. Сондықтан, дәрігерлер балаға бір жастан бастап рахит ауруының алдын алу және оны емдеу үшін ешкі сүтін беруді ұсынады. Соңдай - ақ, сүйегі сынған адамдар күніне 1 стақаннан ішіп тұрса, сүйе...