Материалдар / Химия пәнінен олимпиада
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Химия пәнінен олимпиада

Материал туралы қысқаша түсінік
Керекгі өте зор
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2021
372
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Қарағанды техникалық университеті Жас Алаш газетінін 100 жылдығы

1 слайд
Қарағанды техникалық университеті Жас Алаш газетінін 100 жылдығы

1921 жылдың 22 наурызында Ташкент қаласында «Жас Алаш» газетінің алғашқы саны басылып шықты. Содан бері парақтай судырап 99 ж

2 слайд
1921 жылдың 22 наурызында Ташкент қаласында «Жас Алаш» газетінің алғашқы саны басылып шықты. Содан бері парақтай судырап 99 жыл өтіпті. Алдымызда газеттің мерейтойы. Ғани Мұратбаев іргесін қалап, қазақ жырының құлагері Ілияс Жансүгіров жауапты хатшы болған басылым Алаш тарихынан ойып тұрып орын алады.

«Жас Алаш» гезетінде Смағұл Садуақасов, Ахмет Байтұрсынов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауыто

3 слайд
«Жас Алаш» гезетінде Смағұл Садуақасов, Ахмет Байтұрсынов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов секілді ұлттың біртуарлары қызмет еткен. Бұлар тек  20 ғасырдың бірінші жартысындағы тарих. Ал екінші бөлігінде Қазақ әдебиетінің алтын дәуірінің өкілдері Шерхан Мұртаза мен Оралхан Бөкей де сол басылымда қалам сілтеді. Өткен ғасырдың саяси жағдаяттарына байланысты газеттің атауы «Жас қайрат», «Жас қазақ», «Лениншіл жас» деп қаншама рет ауысқан.  Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана өзінің тарихи атауын қайтарған.

Газетті Түркістан АССР комсомол ұйымы жетекшілерінің бірі Ғани Мұратбаев құрды, жауапты редакторы Ілияс Жансүгіров болды. Газ

4 слайд
Газетті Түркістан АССР комсомол ұйымы жетекшілерінің бірі Ғани Мұратбаев құрды, жауапты редакторы Ілияс Жансүгіров болды. Газет әр жылдары түрлі атаулармен жарық көрді: «Жас Қайрат», «Өртең», «Лениншіл жас». Газет алғаш 1922 жылы Орынбор қаласында «Өртен», 1927 жылдан «Лениншіл жас» (Ленинская молодежь) атауымен, ал 1929 жылдан бастап газеттің шығарылуы Алматы қаласында жалғастырылды, 1941 жылы қызметкерлердің жаппай майданға кетуіне байланысты газеттің шығарылымы тоқтатылып, 1945 жылдың қыркүйегінен бастап қайта жаңартылды. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін газет атауы «Жас алаш» болып өзгерді, бұл «Қазақстан жастары» дегенді білдіреді.

Қазақ жастарын тәрбиелеуде газеттің бастапқы шығарылымдары ерекше рөл атқарып, жастардың өз елінің патриоты болып қалыптасу

5 слайд
Қазақ жастарын тәрбиелеуде газеттің бастапқы шығарылымдары ерекше рөл атқарып, жастардың өз елінің патриоты болып қалыптасуына үлес қосты. Газеттің дамуымен республиканың бүкіл танымал журналистері мен жазушыларының шоғыры қалыптасты. Редакторлардың есімдері, қазақстандық танымал тұлғалар бірінен соң бірі ауысып отырды. «Лениншіл жас» газетінің редакциясында Шерхан Мұртаза, Сейдахмет Бердібеков және т.б. жұмыс жасады.

Бүгінгі таңда «Жас алаш» қазақ тіліндегі ең танымал, демократиялық, қоғамдық-саяси басылымдардың бірі. Газет республикада және

6 слайд
Бүгінгі таңда «Жас алаш» қазақ тіліндегі ең танымал, демократиялық, қоғамдық-саяси басылымдардың бірі. Газет республикада және әлемде болып жатқан маңызды оқиғаларды қамтиды. «Жас алаш» күнделікті жаңалықтардан басқа саясат, экономика, әдебиет және мәдениет, өндіріс және экология, заң, қаржы және менеджмент, маркетинг, білім беру және денсаулық сақтау, өнер және басқа да тақырыптарға үнемі мақалалар жариялап отырады. Газеттің «Студент», «Ырғақ», «Мың бір сәт», «Отбасы» қосымшалары бар. Газетте елдің түкпір- түкпірінен келген оқырмандардың хаттары жарияланып, «Ашық тарих», «Екі жақты әңгіме» айдары бойынша қайраткерлер мен әртүрлі сала мамандарының сұхбаттары беріледі

7 слайд

«Жас Алаштың» өзіне тән ең бірінші сипаты — оның өткірлігі мен турашылдығы, жаңашылдығы мен тапқырлығы. Ақпаратты мейлінше об

8 слайд
«Жас Алаштың» өзіне тән ең бірінші сипаты — оның өткірлігі мен турашылдығы, жаңашылдығы мен тапқырлығы. Ақпаратты мейлінше объективті беруі және мәселелерге жаңаша көзқараспен келіп, терең сараптауы «Жас Алашты» ақпараттық кеңістіктегі беделді басылымға айналдырып, кәсіби газет деңгейіне көтерді. «Әлеуметтік технологиялар орталығы» жүргізген маркетингтік зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, «Жас Алаш» — 15 жастағы жасөспірімдерден бастап, алпыстан асқан ақсақалдарға дейінгі аралықтағылардың сұранысына ие, беделді әрі жаңашыл басылым. Басылымның негізгі оқырмандары — жоғары білімді азаматтар, жоғары оқу орындарының студенттері, әр деңгейдегі мемлекеттік басқару органдарының басшылары мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері мен қарапайым ауыл тұрғындары.

«Жас алаш» газеті аптасына екі рет шығады, әлі де сұранысқа ие және республика бойынша таратылады. Бүгінгі таңда таралымы 1300

9 слайд
«Жас алаш» газеті аптасына екі рет шығады, әлі де сұранысқа ие және республика бойынша таратылады. Бүгінгі таңда таралымы 13000-нан асады. Газет КСРО-ның «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған (1973 ж.), 2000 жылы жылдың ең үздік газеті танылып, «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері атанды. 1946 жылы 5 ақпанда «Лениншіл жас» газеті «Қазақ ССР Ғылым академиясының тіл және әдебиет институтының жұмысындағы саяси өрескел қателер» деп аталатын Қазақ К(б)П Орталық комитетінің атышулы қаулысын басып, келесі нөмірінде «Алматының ғылым, әдебиет және көркем өнер қызметкерлерінің жиылысы» жайлы мақаланы ұсынды. Жиылыста І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Е.Смайылов, Қ. Жұмалиев, Б.Кенжебаев және М.Әуезов секілді белгілі ғалымдардың «совет халқына жат әдеби бағыттарды бүркемелеп келгені» және олардың өз айыптарын қалай «мойындағаны» ерекше ықыласпен көрсетілді.

Марапаттары «Жас Алаш» әртүрлі қоғамдық және халықаралық ұйымдар тарапынан берілетін сый-сияпат, мақтау- марапаттан да кенде ем

10 слайд
Марапаттары «Жас Алаш» әртүрлі қоғамдық және халықаралық ұйымдар тарапынан берілетін сый-сияпат, мақтау- марапаттан да кенде емес. 2000 жылғы «Алтын жұлдыз» байқауында «Қазақстандағы ең үздік газет» атанды. 2004 жылы «Жыл таңдауын» жеңіп алды. Үш жыл қатарынан «Жас Алаштың» тілшілері «Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты» атанды. Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы журналистика және саяси публицистика саласы бойынша берілетін алғашқы сыйлық та «Жас Алашқа» бұйырды. Беделді рейтинг агенттіктері жүргізетін зерттеулер нәтижесінде «Жас Алаш» қазақ және орыс тілдеріндегі басылымдарды қоса есептегенде, объективті ақпарат тарататын беделді басылымдардың алғашқы үштігіне кірді.

Газеттің сайты — дербес интернет басылым. Басылым бетінде жарық көрген мақалалар интернетте де жарияланады. Сонымен қатар жед

11 слайд
Газеттің сайты — дербес интернет басылым. Басылым бетінде жарық көрген мақалалар интернетте де жарияланады. Сонымен қатар жедел жаңалықтар мен онлайн қызметі енгізілген. Қазіргі таңда газеттің интернет нұсқасында мақалалар толық жарияланбайды. Материалдардың рейтингін анықтауға да мүмкіндік туып отыр. Ауылдық жерлер мен шағын қалаларда «Жас Алашты» қолдан-қолға алып оқу дағдыға айналған. Газеттің бір нөмірін кемінде 150 мың адам оқиды. Ал жарты жылдағы оқырман саны 8 миллионнан асты.

Жазылым бойынша — 87 % Бөлшек саудада— 13 % Ұжымдық жазылуда — 9 % Жеке жазылуда — 78 % V І P- таратылуы — 3,4 % (Президент әкі

12 слайд
Жазылым бойынша — 87 % Бөлшек саудада— 13 % Ұжымдық жазылуда — 9 % Жеке жазылуда — 78 % V І P- таратылуы — 3,4 % (Президент әкімшілігі, Үкімет және Парламент, амақтардағы ірі өнеркәсіп орындары, отандық және шетелдік ірі компаниялар, елшіліктер, телерадио және баспа ұйымдары). Газет жазылу және бөлшек сауда жолымен тарайды. Таратылуы

Газетті тарататындар: «Қазпошта», «Евразия-пресс», «Эврика-пресс», « Kazpress», « Жастар-2005», «Ернур-пресс», «Туран-пресс»,

13 слайд
Газетті тарататындар: «Қазпошта», «Евразия-пресс», «Эврика-пресс», « Kazpress», « Жастар-2005», «Ернур-пресс», «Туран-пресс», «Төле би-пресс» және тағы басқалар. «Жас Алашты» Қазақстандағы барлық газет- журнал дүңгіршектерінен сатып алуға болыды. Басылымның құрылтайшысы — «Жас Алаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Есепке қойылғандығы жөніндегі куәлікті Қазақстанның ақпарат министрлігі берген, № 4361-г. 31.10.2003 жыл. Газет Алматы қаласында басылады, республиканың түкпір-түкпіріне тарайды. Аптасына екі рет — сейсенбі және бейсенбі күндері шығады. Форматы — А2, көлемі — 6 бет. Апталық таралымы — 140 000. «Жас Алаштың» күні бүгінге дейін 15 мыңнан астам нөмірі жарыққа шықты, яғни басылым осыншама рет оқырманымен жүздесті