ІІ сынып математика пәнінен оқу бағдарламасының стандартын талдау
ІІ сынып математика пәнінен оқу бағдарламасының стандартын талдау

#1 слайд
ІІ сынып
математика
пәнінен оқу
бағдарламасыны
ң стандартын
талдау
1 слайд
ІІ сынып математика пәнінен оқу бағдарламасыны ң стандартын талдау
#2 слайд
Оқыту үдерісін ұйымдастырудағы
педагогикалық тәсілдер
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушыларды оқыту барысында оларды қалай оқып
үйренуді білуге, дербестікке, іздемпаздыққа, сенімділікке, жауапкершілікке және талдау жүргізуге қабілетті
болуға үйрету басты міндет болып табылады.
Мұғалімдер бұл қасиеттерді әр түрлі әдістерді қолданып дамытуы қажет:
•Оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, бұған дейінгі алған білімдері мен қалыптасқан түсініктерін одан
әрі дамыту үшін оларды қолданудың маңыздылығын құптау;
•Жеке және саралау оқыту тәсілін қолдану;
•Проблемаларды және оларды шешу стратегияларын құрастыру,
•Оқушылардың жетістіктерін бағалау арқылы олардың оқуына қолдау жасау;
•Оқушылардың зерттеу іс әрекеттеріннің негізінде белсенді оқуға ынталандыру;
•Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту.
2 слайд
Оқыту үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушыларды оқыту барысында оларды қалай оқып үйренуді білуге, дербестікке, іздемпаздыққа, сенімділікке, жауапкершілікке және талдау жүргізуге қабілетті болуға үйрету басты міндет болып табылады. Мұғалімдер бұл қасиеттерді әр түрлі әдістерді қолданып дамытуы қажет: •Оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, бұған дейінгі алған білімдері мен қалыптасқан түсініктерін одан әрі дамыту үшін оларды қолданудың маңыздылығын құптау; •Жеке және саралау оқыту тәсілін қолдану; •Проблемаларды және оларды шешу стратегияларын құрастыру, •Оқушылардың жетістіктерін бағалау арқылы олардың оқуына қолдау жасау; •Оқушылардың зерттеу іс әрекеттеріннің негізінде белсенді оқуға ынталандыру; •Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту.
#3 слайд
Математика пәні
бұл?
Математика – мазмұнына сандар мен
оларға қолданылатын амалдарды,
шамаларды,есептерді, алгебра,
геометрия,комбинаторика,
ықтималдықтар және математикалық
статистика элементтерін біріктірген,
олардың өзара байланысы мен өзара
әсерлесуін жүзеге асыратын
кіріктірілген оқу пәні.
3 слайд
Математика пәні бұл? Математика – мазмұнына сандар мен оларға қолданылатын амалдарды, шамаларды,есептерді, алгебра, геометрия,комбинаторика, ықтималдықтар және математикалық статистика элементтерін біріктірген, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын кіріктірілген оқу пәні.
#4 слайд
“Математика" оқу пәнінің
негізгі мақсаты мен міндеттері
“Математика" оқу пәнінің негізгі мақсаты – білім
алушылардың математикалық таным негіздерін
меңгеруіне және тиісті дағдыларын
қалыптастыруына мүмкіндік жасау. Бұл оқу пәні
қоршаған ортаны бейнелеу мен түсіну тәсілі ретінде
қабылдауды дамытуға бағытталған және білім
алушылардың қабылдауы мен танымын кеңейтуді,
математика ғылымына қызығушылығын талап
етеді.
Математиканы оқытудың негізгі міндеттері:
-Жалпыадамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде,
қоршаған ортаны сипаттау нысаны мен таным
әдістері ретіндегі математика туралы түсінік
қалыптастыру;
- Оқыту барысы мен нақты өмірде қолдануға қажет
болатын математикалық білім, білік, іс-әрект тәсілдері
жүйесін берік әрі саналы түрде игеруді қамтамасыз
ету;
- Математикалық іс-әрекетке тән ойлау сапасын
қалыптастыру, қоршаған ортаны танып-білуге
арналған насандарды бақылай, өлшей және модельдей
алу мен оларды практикалық өмірде қолдану.
4 слайд
“Математика" оқу пәнінің негізгі мақсаты мен міндеттері “Математика" оқу пәнінің негізгі мақсаты – білім алушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау. Бұл оқу пәні қоршаған ортаны бейнелеу мен түсіну тәсілі ретінде қабылдауды дамытуға бағытталған және білім алушылардың қабылдауы мен танымын кеңейтуді, математика ғылымына қызығушылығын талап етеді. Математиканы оқытудың негізгі міндеттері: -Жалпыадамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде, қоршаған ортаны сипаттау нысаны мен таным әдістері ретіндегі математика туралы түсінік қалыптастыру; - Оқыту барысы мен нақты өмірде қолдануға қажет болатын математикалық білім, білік, іс-әрект тәсілдері жүйесін берік әрі саналы түрде игеруді қамтамасыз ету; - Математикалық іс-әрекетке тән ойлау сапасын қалыптастыру, қоршаған ортаны танып-білуге арналған насандарды бақылай, өлшей және модельдей алу мен оларды практикалық өмірде қолдану.
#5 слайд
Математиканы оқыту стратегиялары
•Оқуылардың ойын әрекетін, шығармашылық және жобалық жұмыстарын ұйымдастыру;
•Түсіндіру, идеяларды таныстыру, диалогтарға қатысу, мәтінмен жұмыс, алгоритмдер, нұсқаулықтар
құру, математикалық тапсырмаларды орындау әдістерін сипаттау және түсіндіру барысында
оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
•Мұқият таңдап алған тапсырмалар мен іс әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра және
дамыта оқыту;
•Бірін бірі оқыту
•Матемтиканың практикада қолданылуын пайдалана отырып оқушылардың іс әрекетін ұйымдастыру;
•Түрлі дерек көздерінен ақпарат іздеуді талап ететін есептерді шығаруға көмектесу, АКТның
мүмкіндіктерін пайдалану.
5 слайд
Математиканы оқыту стратегиялары •Оқуылардың ойын әрекетін, шығармашылық және жобалық жұмыстарын ұйымдастыру; •Түсіндіру, идеяларды таныстыру, диалогтарға қатысу, мәтінмен жұмыс, алгоритмдер, нұсқаулықтар құру, математикалық тапсырмаларды орындау әдістерін сипаттау және түсіндіру барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту; •Мұқият таңдап алған тапсырмалар мен іс әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту; •Бірін бірі оқыту •Матемтиканың практикада қолданылуын пайдалана отырып оқушылардың іс әрекетін ұйымдастыру; •Түрлі дерек көздерінен ақпарат іздеуді талап ететін есептерді шығаруға көмектесу, АКТның мүмкіндіктерін пайдалану.
#6 слайд
Оқу бағдарламасы оқу материалынын мазмұнын
және пәннің кұрылымын іріктеудің
төмендегідей негізгі ұстанымдарына сүйенеді:
ғылымилық, білім берудің үздіксіздігі, іс-
әрекеттік, пәнішінлік және пәнаралық
интеграция, қолжетерлік, оқушылардың
даражетістіктері мен шығармашылығын ескеру.
Ғылымилық ұстанымы кіші жастағы
оқушылардың күнделікті өмірде және оқу
барысында ғылыми терминдер мен ұғымдарды
меңгеру және қолданысқа енгізу үшін қажетті
жағдайлар жасауға негізделеді.
6 слайд
Оқу бағдарламасы оқу материалынын мазмұнын және пәннің кұрылымын іріктеудің төмендегідей негізгі ұстанымдарына сүйенеді: ғылымилық, білім берудің үздіксіздігі, іс- әрекеттік, пәнішінлік және пәнаралық интеграция, қолжетерлік, оқушылардың даражетістіктері мен шығармашылығын ескеру. Ғылымилық ұстанымы кіші жастағы оқушылардың күнделікті өмірде және оқу барысында ғылыми терминдер мен ұғымдарды меңгеру және қолданысқа енгізу үшін қажетті жағдайлар жасауға негізделеді.
#7 слайд
«Математика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
Оқу жүктемесінің бөлінуі: Сынып Апталық жұмыс
Жылдық
жүктеме
1
4 сағат 132 сағат
2 4 сағат 136 сағат
3 5 сағат 170 сағат
4 5 сағат 170 сағат
Оқу бағдарламасындағы әр
сыныпқа арналған сағат
саны
7 слайд
«Математика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру Оқу жүктемесінің бөлінуі: Сынып Апталық жұмыс Жылдық жүктеме 1 4 сағат 132 сағат 2 4 сағат 136 сағат 3 5 сағат 170 сағат 4 5 сағат 170 сағат Оқу бағдарламасындағы әр сыныпқа арналған сағат саны
#8 слайд
Оқу пәнінің мазмұның ұйымдастыру
8 слайд
Оқу пәнінің мазмұның ұйымдастыру
#9 слайд
2 сынып «Математика» пәнінің базалық мазмұны
оқыту бөлімдерінен тұрады:
Төл бағдарлама бойынша
Аптасына 4 сағ., барлығы - 136 сағ.
1. Жүз көлеміндегі сандар – 104 сағ.
а) Сандарды оқу, жазу, салыстыру, қосу және азайту – 24 сағ.
ә) Ондықтан аттамайтын ауызша қосу және азайту – 24 сағ.
б) Кестелік қосу және азайту – 28 сағ.
в) Ондықтан аттайтын ауызша қосу және азайту – 20 сағ.
г) Ондықтан аттайтын жазбаша қосу және азайту – 20 сағ.
2. 1000 көлеміндегі сандар – 24 сағ.
а) Сандарды оқу, жазу және салыстыру – 12 сағ.
ә) Қосу және азайту – 12 сағ.
3. Біз нені үйрендік? – 8 сағ.
жүз көлеміндегі сандар
біз нені үйрендік?
сандарды оқу, жазу және
салыстыру
қосу және азайту
9 слайд
2 сынып «Математика» пәнінің базалық мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады: Төл бағдарлама бойынша Аптасына 4 сағ., барлығы - 136 сағ. 1. Жүз көлеміндегі сандар – 104 сағ. а) Сандарды оқу, жазу, салыстыру, қосу және азайту – 24 сағ. ә) Ондықтан аттамайтын ауызша қосу және азайту – 24 сағ. б) Кестелік қосу және азайту – 28 сағ. в) Ондықтан аттайтын ауызша қосу және азайту – 20 сағ. г) Ондықтан аттайтын жазбаша қосу және азайту – 20 сағ. 2. 1000 көлеміндегі сандар – 24 сағ. а) Сандарды оқу, жазу және салыстыру – 12 сағ. ә) Қосу және азайту – 12 сағ. 3. Біз нені үйрендік? – 8 сағ. жүз көлеміндегі сандар біз нені үйрендік? сандарды оқу, жазу және салыстыру қосу және азайту
#10 слайд
Бастауыш мектептегі математиканы оқыту әдістемесінің дамуына әсер
еткен қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық зерттеулер.
Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесінің
дамуына қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық зерттеулер
айтарлықтай ықпал етуде. Бұл зерттеулер оқушылардың танымдық
процестерін, жас ерекшеліктерін және оқу мотивациясын ескере
отырып, оқыту әдістерін жетілдіруге бағытталған.
Қазіргі зерттеулер оқушылардың танымдық даму
ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту әдістемесін құрудың
маңыздылығын көрсетеді. Мысалы, Жан Пиаже мен Лев
Выготскийдің еңбектері балалардың ойлау қабілеттерінің даму
сатыларын түсінуге негіз болды. Бұл теориялар оқыту процесінде
оқушылардың дайындық деңгейін және танымдық мүмкіндіктерін
ескеруге мүмкіндік береді.
10 слайд
Бастауыш мектептегі математиканы оқыту әдістемесінің дамуына әсер еткен қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық зерттеулер. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесінің дамуына қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық зерттеулер айтарлықтай ықпал етуде. Бұл зерттеулер оқушылардың танымдық процестерін, жас ерекшеліктерін және оқу мотивациясын ескере отырып, оқыту әдістерін жетілдіруге бағытталған. Қазіргі зерттеулер оқушылардың танымдық даму ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту әдістемесін құрудың маңыздылығын көрсетеді. Мысалы, Жан Пиаже мен Лев Выготскийдің еңбектері балалардың ойлау қабілеттерінің даму сатыларын түсінуге негіз болды. Бұл теориялар оқыту процесінде оқушылардың дайындық деңгейін және танымдық мүмкіндіктерін ескеруге мүмкіндік береді.
#11 слайд
Жан Пиаже еңбектері
Пиаже балалардың ойлау қабілеттерінің даму сатыларын зерттеп,
олардың логикалық ойлауының қалыптасуын сипаттады. Ол
когнитивтік дамудың төрт кезеңін анықтады: сенсомоторлық,
операцияға дейінгі, нақты операциялар және формальды
операциялар кезеңдері. Бұл кезеңдер балалардың математикалық
ұғымдарды меңгеру қабілеттерін түсінуге көмектеседі. Мысалы,
нақты операциялар кезеңінде (7-11 жас) балалар нақты
объектілермен жұмыс істеу арқылы логикалық ойлауды дамытады,
бұл кезеңде олар сан, көлем, масса сияқты ұғымдарды түсіне
бастайды. Пиаже балалардың ойлау қабілеттерінің даму сатыларын
сипаттап, әр кезеңде математикалық ұғымдарды меңгерудің
ерекшеліктерін анықтады
11 слайд
Жан Пиаже еңбектері Пиаже балалардың ойлау қабілеттерінің даму сатыларын зерттеп, олардың логикалық ойлауының қалыптасуын сипаттады. Ол когнитивтік дамудың төрт кезеңін анықтады: сенсомоторлық, операцияға дейінгі, нақты операциялар және формальды операциялар кезеңдері. Бұл кезеңдер балалардың математикалық ұғымдарды меңгеру қабілеттерін түсінуге көмектеседі. Мысалы, нақты операциялар кезеңінде (7-11 жас) балалар нақты объектілермен жұмыс істеу арқылы логикалық ойлауды дамытады, бұл кезеңде олар сан, көлем, масса сияқты ұғымдарды түсіне бастайды. Пиаже балалардың ойлау қабілеттерінің даму сатыларын сипаттап, әр кезеңде математикалық ұғымдарды меңгерудің ерекшеліктерін анықтады
#12 слайд
Лев Семёнович Выготский
Выготскийдің мәдени-тарихи даму теориясы бойынша, баланың когнитивтік дамуы
әлеуметтік өзара әрекеттестік арқылы жүзеге асады. Ол “жақын арадағы даму
аймағы” ұғымын енгізіп, баланың өз бетінше орындай алмайтын тапсырмаларды
ересектердің немесе біліктірек құрдастарының көмегімен орындай алатынын
көрсетті. Бұл тұжырым оқыту процесінде оқушыларға қолдау көрсетудің
маңыздылығын айқындайды. Оқыту әдістемесіне ықпалы:
•Деңгейге сәйкес тапсырмалар: Пиаже мен Выготскийдің теориялары негізінде
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмалар әзірлеу маңызды. Бұл
олардың танымдық даму деңгейіне сай келетін материалды меңгеруіне мүмкіндік
береді.
•Әлеуметтік өзара әрекеттестік: Выготскийдің идеяларына сүйене отырып, топтық
жұмыстар мен жұптық тапсырмалар ұйымдастыру арқылы оқушылардың бір-бірімен
өзара әрекеттесуін ынталандыру қажет. Бұл олардың математикалық түсініктерін
тереңдетуге көмектеседі.
•Қолдау көрсету: “Жақын арадағы даму аймағын” ескере отырып, мұғалімдер
оқушыларға қажетті қолдау көрсетіп, олардың өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін
дамытуы тиіс.
12 слайд
Лев Семёнович Выготский Выготскийдің мәдени-тарихи даму теориясы бойынша, баланың когнитивтік дамуы әлеуметтік өзара әрекеттестік арқылы жүзеге асады. Ол “жақын арадағы даму аймағы” ұғымын енгізіп, баланың өз бетінше орындай алмайтын тапсырмаларды ересектердің немесе біліктірек құрдастарының көмегімен орындай алатынын көрсетті. Бұл тұжырым оқыту процесінде оқушыларға қолдау көрсетудің маңыздылығын айқындайды. Оқыту әдістемесіне ықпалы: •Деңгейге сәйкес тапсырмалар: Пиаже мен Выготскийдің теориялары негізінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмалар әзірлеу маңызды. Бұл олардың танымдық даму деңгейіне сай келетін материалды меңгеруіне мүмкіндік береді. •Әлеуметтік өзара әрекеттестік: Выготскийдің идеяларына сүйене отырып, топтық жұмыстар мен жұптық тапсырмалар ұйымдастыру арқылы оқушылардың бір-бірімен өзара әрекеттесуін ынталандыру қажет. Бұл олардың математикалық түсініктерін тереңдетуге көмектеседі. •Қолдау көрсету: “Жақын арадағы даму аймағын” ескере отырып, мұғалімдер оқушыларға қажетті қолдау көрсетіп, олардың өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін дамытуы тиіс.
#13 слайд
Ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды қолдану
Цифрлық құралдарды, мультимедиялық ресурстарды және
онлайн платформаларды қолдану математиканы оқытудың
жаңа сапа деңгейін қалыптастыруға ықпал етеді.•
Интерактивті оқыту құралдарыЗаманауи зерттеулерде АКТ-
ны пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттыруға, материалды визуалды түрде жеткізуге және
интерактивті тапсырмалар арқылы түсінуді тереңдетуге
бағытталған. Компьютерлік бағдарламалар, математикалық
ойындар мен симуляторлар оқытуды әртараптандырудың
тиімді құралы ретінде қарастырылады.
13 слайд
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану Цифрлық құралдарды, мультимедиялық ресурстарды және онлайн платформаларды қолдану математиканы оқытудың жаңа сапа деңгейін қалыптастыруға ықпал етеді.• Интерактивті оқыту құралдарыЗаманауи зерттеулерде АКТ- ны пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, материалды визуалды түрде жеткізуге және интерактивті тапсырмалар арқылы түсінуді тереңдетуге бағытталған. Компьютерлік бағдарламалар, математикалық ойындар мен симуляторлар оқытуды әртараптандырудың тиімді құралы ретінде қарастырылады.
#14 слайд
Жеке тұлғаға
бағытталған
оқыту
Әр оқушының жеке ерекшеліктерін
ескеру, дифференциалды оқыту
әдістерін енгізу қазіргі педагогикада
маңызды орын алады. •Жеке оқу
траекториялары Зерттеулер оқу
жоспарларын оқушылардың жеке
қабілеттеріне және қажеттіліктеріне
икемдеп, әркімнің өз қарқынымен оқуы
мүмкіндігін қамтамасыз етуге
бағытталған. Мұндай тәсіл арқылы
математикалық білімнің тереңдігі мен
сапасы арттырылады.
14 слайд
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту Әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескеру, дифференциалды оқыту әдістерін енгізу қазіргі педагогикада маңызды орын алады. •Жеке оқу траекториялары Зерттеулер оқу жоспарларын оқушылардың жеке қабілеттеріне және қажеттіліктеріне икемдеп, әркімнің өз қарқынымен оқуы мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай тәсіл арқылы математикалық білімнің тереңдігі мен сапасы арттырылады.
#15 слайд
Мотивация және
өзін-өзі реттеу
стратегиялары
Оқушылардың оқу мотивациясын арттыру мен
өзін-өзі реттеу стратегияларын дамытуға арналған
зерттеулер оқу процесін тиімді ұйымдастыруға зор
үлес қосады.
•Қателермен жұмыс және кері байланысҒылыми
еңбектер оқушылардың қателерін талдау, олардан
сабақ алу және кері байланысты енгізу арқылы
оқыту әдістемесін жетілдіруге бағытталған. Бұл
тәсіл оқушылардың өз мүмкіндіктерін ашып,
материалды терең меңгеруге жағдай жасайды.
15 слайд
Мотивация және өзін-өзі реттеу стратегиялары Оқушылардың оқу мотивациясын арттыру мен өзін-өзі реттеу стратегияларын дамытуға арналған зерттеулер оқу процесін тиімді ұйымдастыруға зор үлес қосады. •Қателермен жұмыс және кері байланысҒылыми еңбектер оқушылардың қателерін талдау, олардан сабақ алу және кері байланысты енгізу арқылы оқыту әдістемесін жетілдіруге бағытталған. Бұл тәсіл оқушылардың өз мүмкіндіктерін ашып, материалды терең меңгеруге жағдай жасайды.
#16 слайд
РАХМЕТ!
16 слайд
РАХМЕТ!
шағым қалдыра аласыз













