1 слайд
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс – әркеті: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Жабайы аңдармен танысу.
Мақсаты: Балалардың жабайы жануарлар туралы, олардың пірлерімен адамға
әкелетін пайдасымен зияндылығы жайлы, талқыланып жатқан тақырып бойынша
өз ойларын дұрыс қалыптастыруға, білімдерін кеңейту.
Тәрбиелілігі: Балалардың өзіне және айналасындағыларға жақсы сезімін ояту,
жабайы дануарларға сүйіспеншілігін арттыру және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Жабайы жануарлармен олардың төлдерін ажырату және атауын
дұрыс атауға, дыбысына еліктеуге, белгі ереже бойынша топта өзара әрекет ету
дағдысын жетілдіру.
Алдын – ала жүргізілетін жұмыс: Жабайы жануралардың суреттерін қарастыру,
жабайы жануарлар туралы әңгімелесу. Көркем шығармалар, ертегілер оқу,
бақылау.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, ойыншықтар, буклет, үлестірмелі
карточкалар.
Инклюзивтік әлеумет: Нұрзат, Мақсат және Арайлымдармен жеке жұмыс. Іс –
әрекетке қызығушылықтарын ояту.
2 слайд
Оқу іс-әрекет
кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Түйсік
түрткісі Шаттық шеңбері
Балаларды шеңберге
тұрғызып,төмендегі өлең
жолдарын бірге қайталап айту.
Қуан, шаттан, алақай!
Қуаннатын күн келді.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Балалар бүгін мен сендермен
кездескеніме өте
қуаныштымын! Балалар шеңберге жиналып,
өлең жолдарын қайталайды.
Қуан, шаттан, алақай!
Қуаннатын күн келді.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Балалар өздерінің қуанышын
білдіреді.
1
3 слайд
Оқу іс-әрекет
кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Түйсік
түрткісі Әңгімелесу
Интерактивті тақтадан жабайы
аңдардың суреттері, ертегі,
мультфильмдерден үзінді
көрсетіледі. Дыбыстары
тыңдатылады.
Суреттегі аңдардың ішінен
білетіндеріңді атаңдаршы.
Бұл аңдар туралы не білесіңдер?
Қайдан көрдіңдер?
Бұл жануарларды неліктен
жабайы жануарлар деп
атаймыз?
Қасқырдың, түлкінің түрі, түсі
қандай? Қалай дыбыстайды?
Ал, жолбарыстың ше? Олардың
қандай үй жануарларына ұқсас
екенін және араларындағы
айырмашылығын табыңдаршы. Балалар тақтадағы бейнелерге
қызығушылықпен, қуана
қарайды.
-
Қасқыр, түлкі, аю, қоян,,
жолбарыс, арыстан т.б
-
Ертегілерден,
мультфильмдерден көреген
аңдарын айтады.
-
Далада өмір сүреді.
-
Жолақ, көкшіл, қызыл, сұр
т.б.
-
Қасқыр итке ұқсайды, ұлиды.
-
Жолбарыс мысыққы
ұқсайды.
2
4 слайд
Оқу іс-
әрекет
кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Ұйымдастыру,
іздестіру Ғажайып сәт:
Есік ашылып ішке ақ қоян кіреді.
- Сәлеметсіңдерме балалар! Сендердің орманға барғыларың
келеме? Олай болса менің шарттарымды орындаңдар.
Сендерге жұмбақ жасырайын.
Далада жүр шапқылап,
Керемет бір сақ құлақ.
Орманна да, далада да,
Өзі айлакер өзі қу.
Жүрген жері айқай мен шу.
Ит сияқты пішіні
Ұнатпайды ол кісіні
Тәтті көрсе бас салар
Айнымайды баладан
Дұрыс айтасыңдар. Шарттарды орындадыңдар.Орманда
қандай жабайы аңдар кездесетінін білдіңдер. Бұлар жабайы
аңдар екен.
Балалар, бүгін біз сендермен жабайы жануарлар туралы
әңгімелесеміз. Табиғат аясында тіршілік етіп, өз қорегін өзі
тауып жейтін жануарларды “жабайы жануарлар” деп
атаймыз. Олардың жүндері қалың болғандықтан қыста
тоңбайды. Табиғатта жабайы жануарлардың түрлері көп.
Олардың ішінде пайдалысы да зияндылары да бар. Қасқыр мен
Түлкі жыртқыш аңдар. Тістері өткір, көздері қырағы “жақсы
көреді” сезім тал. Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан ақ
иісінен сезеді. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып
жейді. Олар қыста ұйқыға кетпейді.
Тақтаға қарайық. Қандай аңдар? Аю қайда жатыр? Қар
астында аю неге тоңбайды? Қоян қыста немен қоректенеді
деп ойлайсыңдар? Аю апанында ұйықтап жатыр ол көктем
шығып, қар ерігенше осылай ұйықыда болады. Апанда жатып
өзінің кішкентай қонжығын туады. Аю – ақылды, иіссезгіш,
жыртқыш аң. Бірақ өзі ешкімге тиіспейді. Көбіне өсімдікпен
қоректенеді. Жазда жеміс- жидек тереді. Балалар
қызығушылық
танытады.
3
5 слайд
Оқу іс-әрекет
кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру,
іздестіру Дәптермен жұмыс:
Суретке қарап, әңгімелеп беріңдерші.
Енді суретті әдемілеп бояймыз.
Дәйек сөз:
«Тәні саудың – жаны сау» деген халық
мақалын бүгінгі ұйымдастырылған іс –
әрекетіміздің дәйек сөзі ретінде
түсіндіру. «Тәні саудың – жаны
сау»демекші таза жүретін баланың дені
сау, мықты, сүйкімді, әдепті, ұқыпты
болады. Денсаулыққа табиғаттың
пайдасы мол екен.
Ғажайып сөздер:
Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу
іс – әрекетімізде айтып үйренген өнегелі
сөздерімізді қайталап айтып көрейікші.
Күн, ауа, су – біздің достарымыз.
Күн, ауа, су – табиғаттың бізге берген
сыйы. Күш шуағын шашып тұр. Балалар күнге
қыздырынып, таза ауада ойнап, суға
шомылып жатыр. Күшік балалардың
ойнына қарап отыр. Көбелектер, құстар
ұшып жүр.
Балалар суретті бояуға кіріседі.
Күн, ауа, су – біздің достарымыз.
Күн, ауа, су – табиғаттың бізге берген
сыйы.
6 слайд
Оқу іс-әрекет
кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Рефлексивті,
түзетушілік Қорытындылау:
-Бүгін біз табиғат және
денсаулық туралы әңгімелестік,
оның сұлулығына тамсанып,
әуендерін тыңдадық. Күн, ауа,
су, жер – адамның
денсаулығына пайдасын, өзара
байланысы мен үндестігін
білдік. Табиғат пен адамның
өмірінің егіз екендігін түсіндік.
Жүректен жүрекке:
Балалармен бірге төмендегі
өлең жолдарын қайталап айту.
Барлығымыз табиғатты сүйеміз,
Үлкендердің сөзін ойға түйеміз.
Денсаулықты әрқашанда
сақтаймыз,
Бейбіт өмір баршамызға
тілейміз! Күн, ауа, су, жер – адамның
денсаулығына пайдасын, өзара
байланысы мен үндестігін
түсініп, қызығушылық
білдіреді.
Барлығымыз табиғатты
сүйеміз,
Үлкендердің сөзін ойға түйеміз.
Денсаулықты әрқашанда
сақтаймыз,
Бейбіт өмір баршамызға
тілейміз!
7 слайд
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі? Табиғат пен адам денсаулығының өзара үйлесімділігі
туралы түсінді.
Күн, ауа, су – адам үшін өте қажет екенін, оларсыз өмір сүре
алмайтынын, оларды бізге табиғаттың берген сыйы екенін, сондықтан
да оларды қорғауды, аялауды, таза жүріп, әдепті бала болуды білді.
Не істей алады? Үнтаспадағы табиғаттың сан алуан құбылысының
дыбысын ажырата алды. Сурет салу, бояу арқылы өз көңіл – күін
жеткізе алады, әңгімелей алады.
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз