Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

#1 слайд
2016 жылғы 13 мамыр №292
«Білім берудің тиісті деңгейлерінің
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Әзірлеген:
Қызылорда қаласындағы №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицей
директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Дина Зеиловна Жуматаева
1 слайд
2016 жылғы 13 мамыр №292 «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Әзірлеген: Қызылорда қаласындағы №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Дина Зеиловна Жуматаева
#2 слайд
2 слайд
#3 слайд
3 слайд
#4 слайд
4 слайд
#5 слайд
Жалпы орта білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы «13 » мамырдағы № 292 қаулысына
7-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен
бекітілген
5 слайд
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «13 » мамырдағы № 292 қаулысына 7-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген
#6 слайд
1. Жалпы ережелер
Осы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
(бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007
жылғы 27 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 56-бабына сәйкес әзірленді
және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне,
білім берудің мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне
қойылатын талаптарды айқындайды.
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) меншік
нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына, сондай-ақ оқыту тіліне
қарамастан білім беру қызметін:
1) осы стандартқа;
2) оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына;
3) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті
органы белгілеген тәртіппен бекіткен басқа да нормативтік құқықтық
және құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
6 слайд
1. Жалпы ережелер Осы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 56-бабына сәйкес әзірленді және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне, білім берудің мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарды айқындайды. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан білім беру қызметін: 1) осы стандартқа; 2) оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына; 3) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы белгілеген тәртіппен бекіткен басқа да нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
#7 слайд
Стандартты қолдану:
1) оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде көрсетілген жалпы орта білім беру мақсаттары
жүйесіне қол жеткізу арқылы оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруға;
2) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беру процесін ұйымдастыру үшін қажетті
жағдайлар жасау арқылы үштілді білім беру саясатын іске асыруға;
3) қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін білім алушылардың теориялық білім
негіздерін меңгеруі мен алған білімдерін қолдана білуін дамытуды көздейтін жалпы
орта білім берудің академиялық және практикалық бағыттылығының
үйлесімділігіне;
4) білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, пәндік білім мен
дағдыларды кезең-кезеңімен тереңдетуді қамтамасыз етуге;
5) білім беру процесінің мазмұндық негізін айқындайтын білім берудің құндылықтары
мен оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесінің өзара байланыстылығы мен өзара
шарттылығына негізделген оқыту мен тәрбиенің бірлігі қағидатын іске асыруға;
6) балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім алушылардың
ерекше білім беру қажеттіліктері мен қосымша білім беру қызметтерін алуға
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға;
7) орта білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің әртүрлілігі жағдайында негізгі
орта білім берудің баламалылығын қамтамасыз етуге;
8) білім беру ұйымдарында инновациялық практиканы қолдауға және дамытуға;
9) білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін
объективті бағалауды ұйымдастыруға бағытталған.
7 слайд
Стандартты қолдану: 1) оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде көрсетілген жалпы орта білім беру мақсаттары жүйесіне қол жеткізу арқылы оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруға; 2) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беру процесін ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы үштілді білім беру саясатын іске асыруға; 3) қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін білім алушылардың теориялық білім негіздерін меңгеруі мен алған білімдерін қолдана білуін дамытуды көздейтін жалпы орта білім берудің академиялық және практикалық бағыттылығының үйлесімділігіне; 4) білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, пәндік білім мен дағдыларды кезең-кезеңімен тереңдетуді қамтамасыз етуге; 5) білім беру процесінің мазмұндық негізін айқындайтын білім берудің құндылықтары мен оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесінің өзара байланыстылығы мен өзара шарттылығына негізделген оқыту мен тәрбиенің бірлігі қағидатын іске асыруға; 6) балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен қосымша білім беру қызметтерін алуға қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға; 7) орта білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің әртүрлілігі жағдайында негізгі орта білім берудің баламалылығын қамтамасыз етуге; 8) білім беру ұйымдарында инновациялық практиканы қолдауға және дамытуға; 9) білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін объективті бағалауды ұйымдастыруға бағытталған.
#8 слайд
Стандарт:
1) білім беру ұйымдарының әртүрлі типтері мен түрлері үшін негізгі орта білім
берудің үлгілік оқу жоспарын;
2) жалпы орта білім берудің оқу пәндері бойынша оқу бағдарламаларын;
3) оқу пәндері бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді;
4) білім алушылардың оқу пәндері бойынша оқу жетістіктерін бағалау өлшем
шарттарын;
5) білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеуден күтілетін нәтижелерге қол
жеткізуді қамтамасыз ететін басқару жүйесін;
6) білім беру ұйымдарының білім беру процесін мониторингтеу жүйесін;
7) білім беру ұйымдарындағы білім беру процесін, оның ішінде ерекше білім беру
қажеттіліктері бар білім алушылар үшін материалдық-техникалық,
ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз етуге қойылатын бірыңғай
талаптарды;
8) білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін
бағалау параметрлерін әзірлеу үшін негіз болып табылады.
9) педагог кадрлардың біліктіліктерін арттырудың, педагог кадрларды
даярлаудың оқу бағдарламаларын;
10) жалпы орта білім беру ұйымдарында бітіру емтихандарына және жоғары оқу
орындарына қабылдауды ұйымдастыруға арналған бақылау-өлшеуіш
материалдарын әзірлеу үшін негіз болып табылады.
8 слайд
Стандарт: 1) білім беру ұйымдарының әртүрлі типтері мен түрлері үшін негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарын; 2) жалпы орта білім берудің оқу пәндері бойынша оқу бағдарламаларын; 3) оқу пәндері бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді; 4) білім алушылардың оқу пәндері бойынша оқу жетістіктерін бағалау өлшем шарттарын; 5) білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеуден күтілетін нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін басқару жүйесін; 6) білім беру ұйымдарының білім беру процесін мониторингтеу жүйесін; 7) білім беру ұйымдарындағы білім беру процесін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін материалдық-техникалық, ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз етуге қойылатын бірыңғай талаптарды; 8) білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін бағалау параметрлерін әзірлеу үшін негіз болып табылады. 9) педагог кадрлардың біліктіліктерін арттырудың, педагог кадрларды даярлаудың оқу бағдарламаларын; 10) жалпы орта білім беру ұйымдарында бітіру емтихандарына және жоғары оқу орындарына қабылдауды ұйымдастыруға арналған бақылау-өлшеуіш материалдарын әзірлеу үшін негіз болып табылады.
#9 слайд
5. Білім беру ұйымдары тәрбиелеудің, оқыту мен дамытудың әр түрлі
педагогикалық технологияларын қолдану арқылы денсаулық сақтайтын
ортаны қамтамасыз етеді.
7. «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне
қойылатын талаптар» деген бөлімде жаратылыстану-математикалық
және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда бейінді оқытудың міндетті оқу
пәндері мен бейіндік оқу пәндерінің бағытын есепке ала отырып
топтастырылған оқу пәндері бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер
көрсетілген.
8. «Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар» деген бөлімде
жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық
бағыттарда міндетті оқу пәндері мен бейіндік оқу пәндері бойынша білім
беру мазмұны көрсетілген.
9. «Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар»
деген бөлімде апталық оқу жүктемесі, оқу жылының ұзақтығы,
топтарға бөлу үшін сыныптың толымдылығы көрсетілген.
10. Стандарт кезең-кезеңімен қолданысқа:
1) 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап 10-сыныптарға;
2) 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 11 (12) сыныптарға енгізіледі.
9 слайд
5. Білім беру ұйымдары тәрбиелеудің, оқыту мен дамытудың әр түрлі педагогикалық технологияларын қолдану арқылы денсаулық сақтайтын ортаны қамтамасыз етеді. 7. «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» деген бөлімде жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда бейінді оқытудың міндетті оқу пәндері мен бейіндік оқу пәндерінің бағытын есепке ала отырып топтастырылған оқу пәндері бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер көрсетілген. 8. «Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар» деген бөлімде жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда міндетті оқу пәндері мен бейіндік оқу пәндері бойынша білім беру мазмұны көрсетілген. 9. «Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар» деген бөлімде апталық оқу жүктемесі, оқу жылының ұзақтығы, топтарға бөлу үшін сыныптың толымдылығы көрсетілген. 10. Стандарт кезең-кезеңімен қолданысқа: 1) 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап 10-сыныптарға; 2) 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 11 (12) сыныптарға енгізіледі.
#10 слайд
2. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің
дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
11. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жаратылыстану-
математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейінді оқытуды енгізе
отырып, саралау, кіріктіру және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.
12. Білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың
дайындық деңгейі жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда
бейінді оқытудың міндетті оқу пәндері мен бейіндік оқу пәндері бойынша оқытудан күтілетін
нәтижелер арқылы айқындалады.
13. Міндетті оқу пәндері бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер жалпы орта білім берудің
базалық мазмұнын анықтау үшін негіз болып табылады.
14. Міндетті оқу пәндері қатарына «Қазақ тілі»және «Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ
тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), «Орыс тілі» және «Орыс әдебиеті» (оқыту орыс
тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), «Ана тілі мен әдебиеті» (оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік
тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), «Қазақ тілі мен әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде
жүргізілмейтін сыныптар үшін), «Орыс тілі мен әдебиеті» (оқыту орыс тілінде
жүргізілмейтін сыныптар үшін), «Шет тілі», «Математика», «Қазіргі әлемдегі
Қазақстан», «Өзін-өзі тану», «Экономика және кәсіпкерлік негіздері», «Дене
шынықтыру», «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәндері енеді.
15. Әр бағыттағы бейіндік оқу пәндері бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер тиісінше
оқытудың стандарттық және тереңдетілген деңгейлері бойынша көрсетілген және олар оқыту
бейінінің ерекшелігін ескеріп оқу пәндерінің мазмұнын анықтауға негіз болады.
10 слайд
2. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 11. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жаратылыстану- математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейінді оқытуды енгізе отырып, саралау, кіріктіру және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді. 12. Білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың дайындық деңгейі жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда бейінді оқытудың міндетті оқу пәндері мен бейіндік оқу пәндері бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер арқылы айқындалады. 13. Міндетті оқу пәндері бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер жалпы орта білім берудің базалық мазмұнын анықтау үшін негіз болып табылады. 14. Міндетті оқу пәндері қатарына «Қазақ тілі»және «Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), «Орыс тілі» және «Орыс әдебиеті» (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), «Ана тілі мен әдебиеті» (оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), «Қазақ тілі мен әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін), «Орыс тілі мен әдебиеті» (оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін), «Шет тілі», «Математика», «Қазіргі әлемдегі Қазақстан», «Өзін-өзі тану», «Экономика және кәсіпкерлік негіздері», «Дене шынықтыру», «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәндері енеді. 15. Әр бағыттағы бейіндік оқу пәндері бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер тиісінше оқытудың стандарттық және тереңдетілген деңгейлері бойынша көрсетілген және олар оқыту бейінінің ерекшелігін ескеріп оқу пәндерінің мазмұнын анықтауға негіз болады.
#11 слайд
16. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы тереңдетілген деңгейде
оқытылатын оқу пәндері қатарына «Биология», «Химия», «Физика»,
«Информатика» пәндері енеді. Осы бағыттағы бейінді оқытудың
стандарттық деңгейдегі оқу пәндері қатарына «География», «Құқық
негіздері», «Графика және жобалау» пәндері енеді.
17. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы тереңдетілген деңгейде
оқытылатын оқу пәндері қатарына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде
жүргізілетін сыныптар үшін), «Орыс тілі» (оқыту орыс тілінде
жүргізілетін сыныптар үшін), «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы»,
«География» пәндері енеді. Осы бағыттағы бейінді оқытудың
стандарттық деңгейдегі оқу пәндері қатарына «Информатика», «Құқық
негіздері», «Жаратылыстану» пәндері енеді.
18. Жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларында оқытудан күтілетін
нәтижелер әрбір оқу пәнінің бөлімдері бойынша оқыту мақсаттарымен
нақтыланады.
19. Оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесі білім алушылардың, оның ішінде
ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың жеке-дара даму
траекторияларын қалыптастыруға және оларды орта білім беру ұйымын
аяқтағандағы оқытудың ұзақ мерзімді мақсаттарына жетуге кезең-кезеңмен
жетуге жағдай жасайды.
11 слайд
16. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы тереңдетілген деңгейде оқытылатын оқу пәндері қатарына «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пәндері енеді. Осы бағыттағы бейінді оқытудың стандарттық деңгейдегі оқу пәндері қатарына «География», «Құқық негіздері», «Графика және жобалау» пәндері енеді. 17. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы тереңдетілген деңгейде оқытылатын оқу пәндері қатарына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), «Орыс тілі» (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «География» пәндері енеді. Осы бағыттағы бейінді оқытудың стандарттық деңгейдегі оқу пәндері қатарына «Информатика», «Құқық негіздері», «Жаратылыстану» пәндері енеді. 18. Жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларында оқытудан күтілетін нәтижелер әрбір оқу пәнінің бөлімдері бойынша оқыту мақсаттарымен нақтыланады. 19. Оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесі білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың жеке-дара даму траекторияларын қалыптастыруға және оларды орта білім беру ұйымын аяқтағандағы оқытудың ұзақ мерзімді мақсаттарына жетуге кезең-кезеңмен жетуге жағдай жасайды.
#12 слайд
20. Міндетті оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда
күтілетін нәтижелер
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/орыс
тілі (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін):
1) тыңдалым және айтылым:
білім алушы сөйлеу тәртібінің, бағалаудың ашық және жасырын берілген
түрлерін талдай отырып, тілдесу және стильдік қатыстылығы бар түрлі
саладағы мәтіндерді түсінеді; дайындалған және дайындалмаған
монологтік және диалогтік, оның ішінде көпшілік алдында тілдесу
жағдайында коммуникацияның әртүрлі мақсаттарына қол жеткізеді;
тыңдаушыларға әсер етуге талпына отырып, сөйлеу тәртібінің тактикасын
іске асырады; өзінің көзқарасын білдіре отырып, тыңдалған мәтіндегі
ақпаратты талдайды және сыни тұрғыдан бағалайды; мәтіннің мазмұнын
болжайды; стилистикалық дифференциацияны есепке ала отырып, тілдік
бірліктерді қолдану құрылымы мен нормаларын сақтайды;
12 слайд
20. Міндетті оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/орыс тілі (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін): 1) тыңдалым және айтылым: білім алушы сөйлеу тәртібінің, бағалаудың ашық және жасырын берілген түрлерін талдай отырып, тілдесу және стильдік қатыстылығы бар түрлі саладағы мәтіндерді түсінеді; дайындалған және дайындалмаған монологтік және диалогтік, оның ішінде көпшілік алдында тілдесу жағдайында коммуникацияның әртүрлі мақсаттарына қол жеткізеді; тыңдаушыларға әсер етуге талпына отырып, сөйлеу тәртібінің тактикасын іске асырады; өзінің көзқарасын білдіре отырып, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты талдайды және сыни тұрғыдан бағалайды; мәтіннің мазмұнын болжайды; стилистикалық дифференциацияны есепке ала отырып, тілдік бірліктерді қолдану құрылымы мен нормаларын сақтайды;
#13 слайд
2) оқылым:
білім алушы түрлі типтегі, стильдегі және жанрдағы, оның ішінде ғылыми-техникалық
тақырыптағы мәтіндердің мазмұнын түсінеді және түсіндіріп айтып бере алады;
мәтіннің жасырын мағынасын және мәтінге енгізілген көркем бейнелеуіш құралдардың
мәнін анықтай алады; күрделі мәтіндердің тілдік, композициялық және жанрлық
ерекшеліктерін айқындайды; оқырман алдында қойылған міндеттерге байланысты
оқудың түрлі стратегияларын пайдаланады; ақпараттық іздеу жүргізеді, қажетті
ақпаратты іріктейді және өңдейді; әртүрлі жанр мен стильдегі мәтіндердің
композициялық, лингвистикалық, жанрлық және стилистикалық ерекшеліктерін
салыстырады; қорытынды жасай отырып және шешу жолдарын ұсына отырып,
проблемалық мәтіннің мазмұнын сыни тұрғыдан бағалайды;
3) жазылым:
білім алушы түрлі типте, жанр мен стильде, оның ішінде әсер етуші сипатқа ие
мәтіндерді құрастырады; ақпаратты қысқарту және кеңейту тәсілдерін қолдана отырып,
тұтас және аралас мәтіндерді құрастырады; өзінің пікірін дәлелдей отырып және зерттеу
дағдыларын қолдана отырып, шығармашылық, академиялық сипатта мәтіндер,
жаһандық мәселелер бойынша эссе жазады; түрлі жазбаша немесе ауызша
дереккөздерінен алынған ақпаратты жинақтайды және оны нақты дәлелденген жүйелі
түрдегі хабарлама түрінде ұсынады; мәтіндерді түзетеді және редакциялайды;
жоспарлардың әртүрлі түрлерін құрастырады; орфографиялық, грамматикалық және
стилистикалық нормаларды сақтайды.
13 слайд
2) оқылым: білім алушы түрлі типтегі, стильдегі және жанрдағы, оның ішінде ғылыми-техникалық тақырыптағы мәтіндердің мазмұнын түсінеді және түсіндіріп айтып бере алады; мәтіннің жасырын мағынасын және мәтінге енгізілген көркем бейнелеуіш құралдардың мәнін анықтай алады; күрделі мәтіндердің тілдік, композициялық және жанрлық ерекшеліктерін айқындайды; оқырман алдында қойылған міндеттерге байланысты оқудың түрлі стратегияларын пайдаланады; ақпараттық іздеу жүргізеді, қажетті ақпаратты іріктейді және өңдейді; әртүрлі жанр мен стильдегі мәтіндердің композициялық, лингвистикалық, жанрлық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; қорытынды жасай отырып және шешу жолдарын ұсына отырып, проблемалық мәтіннің мазмұнын сыни тұрғыдан бағалайды; 3) жазылым: білім алушы түрлі типте, жанр мен стильде, оның ішінде әсер етуші сипатқа ие мәтіндерді құрастырады; ақпаратты қысқарту және кеңейту тәсілдерін қолдана отырып, тұтас және аралас мәтіндерді құрастырады; өзінің пікірін дәлелдей отырып және зерттеу дағдыларын қолдана отырып, шығармашылық, академиялық сипатта мәтіндер, жаһандық мәселелер бойынша эссе жазады; түрлі жазбаша немесе ауызша дереккөздерінен алынған ақпаратты жинақтайды және оны нақты дәлелденген жүйелі түрдегі хабарлама түрінде ұсынады; мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; жоспарлардың әртүрлі түрлерін құрастырады; орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды.
#14 слайд
Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/Орыс
әдебиеті (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін):
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) тарихи-әдеби процестің негізгі заңдылықтарын; өлең жолдары мен прозалық
мәтіндердің үзінділерін (таңдау бойынша) жатқа; оқытылатын тақырыптар
шеңберінде әдеби-тарихи мағлұматтарды және әдеби теориялық түсініктерді;
оқытылатын шығармалардың мәдени-тарихи мәнмәтінін және олардың
авторларының өмірлік және шығармашылық жолы туралы негізгі деректерді біледі;
2) әдебиеттің рухани-адамгершілік және эстетикалық мәнін; әдебиеттің тарихпен,
өнермен байланысын; түр мен мазмұн тұтастығында көркем шығарманы;
шығарманың тақырыбын, идеясын, мәселелер жиынтығын, шығармада автордың
ұстанымын; көркем шығармалардың бейнелеу табиғатын және жасырын
мағынасын; орыс, қазақ және әлем әдебиетінің шығармалары арасындағы ұлттық
сипатқа негізделген айырмашылықтар мен ұқсастықтарды түсінеді;
3) көркем шығарманың мазмұнына талдау жасау барысында әдебиеттанудың
түсінікті тілін белсенді азаматтық ұстанымды, адамгершілік-рухани қасиетін
көрсете отырып, көркем бейнелеуіш құралдар мен стилистикалық тәсілдерді: әдеби
тақырыпта ауызша немесе жазбаша сөздерде, талдамалық сипатта өз...
14 слайд
Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/Орыс әдебиеті (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін): Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы: 1) тарихи-әдеби процестің негізгі заңдылықтарын; өлең жолдары мен прозалық мәтіндердің үзінділерін (таңдау бойынша) жатқа; оқытылатын тақырыптар шеңберінде әдеби-тарихи мағлұматтарды және әдеби теориялық түсініктерді; оқытылатын шығармалардың мәдени-тарихи мәнмәтінін және олардың авторларының өмірлік және шығармашылық жолы туралы негізгі деректерді біледі; 2) әдебиеттің рухани-адамгершілік және эстетикалық мәнін; әдебиеттің тарихпен, өнермен байланысын; түр мен мазмұн тұтастығында көркем шығарманы; шығарманың тақырыбын, идеясын, мәселелер жиынтығын, шығармада автордың ұстанымын; көркем шығармалардың бейнелеу табиғатын және жасырын мағынасын; орыс, қазақ және әлем әдебиетінің шығармалары арасындағы ұлттық сипатқа негізделген айырмашылықтар мен ұқсастықтарды түсінеді; 3) көркем шығарманың мазмұнына талдау жасау барысында әдебиеттанудың түсінікті тілін белсенді азаматтық ұстанымды, адамгершілік-рухани қасиетін көрсете отырып, көркем бейнелеуіш құралдар мен стилистикалық тәсілдерді: әдеби тақырыпта ауызша немесе жазбаша сөздерде, талдамалық сипатта өз...
шағым қалдыра аласыз













