1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жаңаша әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту

#1 слайд
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
СОЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
«ШОЛАҚҚОРҒАН» ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Жаңаша әдіс – тәсілдерді
қолдану арқылы оқушының
шығармашылық қабілетін
дамыту
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ
НАРМЕТОВА РАХИМА
ЕРҒАЛИҚЫЗЫ
1 слайд
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ СОЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ШОЛАҚҚОРҒАН» ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ Жаңаша әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ НАРМЕТОВА РАХИМА ЕРҒАЛИҚЫЗЫ
#2 слайд
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ
НАРМЕТОВА РАХИМА
ЕРҒАЛИҚЫЗЫ
“Істейтін ісіңді сүюің керек,
сонда ғана сенің еңбегің мейлі
тіпті қарапайым болсын,
шығармашылық дәрежесіне
дейін көтеріледі”
М. Горкий
2 слайд
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ НАРМЕТОВА РАХИМА ЕРҒАЛИҚЫЗЫ “Істейтін ісіңді сүюің керек, сонда ғана сенің еңбегің мейлі тіпті қарапайым болсын, шығармашылық дәрежесіне дейін көтеріледі” М. Горкий
#3 слайд
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
а) Жаңа технологиялардың негізгі
қағидалары
ә) Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
технологиясының тиімділігі
б) Сабақтарда қолдануы
ІІІ. Қорытынды
ЖОСПАРЫ
3 слайд
І. Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім а) Жаңа технологиялардың негізгі қағидалары ә) Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының тиімділігі б) Сабақтарда қолдануы ІІІ. Қорытынды ЖОСПАРЫ
#4 слайд
Жаңа педагогикалық технологияларды
күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр
мұғалім алдында отырған оқушылардың жас
ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік
мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай
таңдап алу. Бұл жаңа технологиялар-
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін,
терең ойлай білуін, теориялық негіздерін,
эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға
беруін, танымдық белсенділігін дамытуға
бағыттау.
МАҚСАТЫ
4 слайд
Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алу. Бұл жаңа технологиялар- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағыттау. МАҚСАТЫ
#5 слайд
Зерттеу нысаны:
Оқу іс-әрекеті арқылы 1 сынып
оқушыларын шығармашылыққа баулу
жолдары
5 слайд
Зерттеу нысаны: Оқу іс-әрекеті арқылы 1 сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу жолдары
#6 слайд
Міндеттері:
Жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді әдістерін пайдалану арқылы білімге деген
қызығушылығын арттырып,танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.
Өз ойын еркін айтуға мүмкіндік жасай алатын орта туғызу.
Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты,
ұтымды өткізу.
Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші,
зерттеуші өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін
жеке тұлғаны қалыптастыру.
6 слайд
Міндеттері: Жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді әдістерін пайдалану арқылы білімге деген қызығушылығын арттырып,танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Өз ойын еркін айтуға мүмкіндік жасай алатын орта туғызу. Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу. Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны қалыптастыру.
#7 слайд
•Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып
қиын мәселелерді өз бетінше шеше біледі;
•Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана біледі;
•Оқушылар үшін психологиялық жағымды ахуал
туғызады;
•Сын тұрғысынан ойлана отырып, шешім қабылдау
оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
•Жаңа ақпаратты жинақтап салыстырып, жүйелеп, нақты
қорытынды жасап, дәлелдейді:
Тиімділігі:
7 слайд
•Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше біледі; •Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана біледі; •Оқушылар үшін психологиялық жағымды ахуал туғызады; •Сын тұрғысынан ойлана отырып, шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді. •Жаңа ақпаратты жинақтап салыстырып, жүйелеп, нақты қорытынды жасап, дәлелдейді: Тиімділігі:
#8 слайд
«Білімді ұрпақ – болашақ кепілі», - демекші, қазіргі таңда елдің болашақ
азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі – мемлекетіміздің
басты саясатының бірі. Білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы әсер етуі үшін
оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл
оқу – әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Сондықтан ұстаз іс – әрекетін
жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне
енуде. Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді.
Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер
беруде.
Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның
нәтижесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында
болды. Олар педагогикаға «жаңа технология»терминін енгізді. Бұл жаңашыл
педагогтардың мақсаты-оқушылардың алатын білімдерін сапалы ету, оның толыққанды
жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу. Осыған орай қазірде педагогикалық
технологиялар көптеп саналады.
КІРІСПЕ
8 слайд
«Білімді ұрпақ – болашақ кепілі», - демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі – мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы әсер етуі үшін оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу – әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Сондықтан ұстаз іс – әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға «жаңа технология»терминін енгізді. Бұл жаңашыл педагогтардың мақсаты-оқушылардың алатын білімдерін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу. Осыған орай қазірде педагогикалық технологиялар көптеп саналады. КІРІСПЕ
#9 слайд
Мысалы, атап айтар болсақ, Ынтымақтастықта оқыту технологиясы,
Ш.А.Амонашвилидің «Білім беруді ізгілендіру технологиясы»,
П.М.Эрдниевтің» Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы»,
Л. С. Выготский, Л.В.Эльконин, В.В.Давыдовтің «Дамыта оқыту
технологиясы», В.М.Монаховтың «Модульдік оқыту технологиясы»,
«Проблемалық оқыту технологиясы», В.Ф.Шаталовтың «Тірек
сигналдары арқылы оқыту технологиясы», С.Н.Лысенконың «Түсіндіре
басқарып оза оқыту технологиясы», «Деңгейлеп саралап оқыту
технологиясы», «Оқытудың компьютерлік технологиясы», Сын
тұрғысынан ойлау арқылы оқыту технологиясы»т. б. көптеген
технологиялар енгізілді.
Бұл педагогикалық жаңа технологиялар бастауыш сынып
мұғалімдеріне мынадай қағидаларды ұстанады:оқуға
шығармашылықтың енуі, мұғалім мен оқушы арасында
ынтымақтастық, өзара әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік
қатынастың пайда болуы, жеке тұлғаның дамуына жағдайдың
туғызылуы, яғни жеке тұлғаға бағдарланған оқу, тұлға дамуының
сыртқы әсермен бірге оқушының ішкі түрткілері негізінде жүргізілуі.
Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз-тәжірибеде жүзеге
асырылып, нәтиже беретін педагогикалық жүйенің жобасы.
9 слайд
Мысалы, атап айтар болсақ, Ынтымақтастықта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің «Білім беруді ізгілендіру технологиясы», П.М.Эрдниевтің» Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы», Л. С. Выготский, Л.В.Эльконин, В.В.Давыдовтің «Дамыта оқыту технологиясы», В.М.Монаховтың «Модульдік оқыту технологиясы», «Проблемалық оқыту технологиясы», В.Ф.Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы», С.Н.Лысенконың «Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы», «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы», «Оқытудың компьютерлік технологиясы», Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту технологиясы»т. б. көптеген технологиялар енгізілді. Бұл педагогикалық жаңа технологиялар бастауыш сынып мұғалімдеріне мынадай қағидаларды ұстанады:оқуға шығармашылықтың енуі, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық, өзара әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастың пайда болуы, жеке тұлғаның дамуына жағдайдың туғызылуы, яғни жеке тұлғаға бағдарланған оқу, тұлға дамуының сыртқы әсермен бірге оқушының ішкі түрткілері негізінде жүргізілуі. Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз-тәжірибеде жүзеге асырылып, нәтиже беретін педагогикалық жүйенің жобасы.
#10 слайд
- балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
- оқу мен тәрбиенің бірлігі;
- баланың танымдық және шығармашылық
икемділігін дамыту;
- баланың танымдық күшін қалыптастыру және
дамыту;
- әр оқушының , оның қабілетімен мүмкіндік
деңгейіне қарай оқыту;
- барлық оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс
істеу.
Жаңа технологиялардың негізгі
қағидалары:
10 слайд
- балаға ізгілік тұрғысынан қарау; - оқу мен тәрбиенің бірлігі; - баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту; - баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; - әр оқушының , оның қабілетімен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту; - барлық оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу. Жаңа технологиялардың негізгі қағидалары:
#11 слайд
«Сын тұрғысынан
ойлауды дамыту»
технологиясы
Жаңа буын
оқулықтарының
талаптарын
жүзеге асыруда
Оқушылардың
білім деңгейін
көтеруде
Балаларды
шығармашылыққа
баулуда
Ойларын еркін
айтуда тез арада
дұрыс шешімдер
табуға
Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған, бірін-
бірі толықтырған ойлау десек қателеспейміз.
11 слайд
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы Жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда Оқушылардың білім деңгейін көтеруде Балаларды шығармашылыққа баулуда Ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған, бірін- бірі толықтырған ойлау десек қателеспейміз.
#12 слайд
Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу
– оқушылардың білім сапасын
арттырып, олардың
шығармашылық және ойлау
қабілеттерін дамытып отырады, ал
ұстаздар үшін кәсіби
шеберліктерінің өсуіне
жәрдемдеседі.
Мектептің тірегі де, жүрегі де,
білімнің тұтқасы да - мұғалім.
Бала тағдыры қолына сеніп
тапсырылып отырған басты тұлға
да ұстаз екені барлығына белгілі.
Тәуелсіз елдің тірегі – білімді
ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі –
білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ,
осының барлығының бастауы –
бастауыш мектепте.
Бастауыш буынның негізгі
міндеті – баланың жеке басын
бастапқы қалыптастыруды
қамтамасыз ету, оның
шығармашылық және ойлау
қабілеттерін дамыту, өздіктерінен
ойлана алатын, ізденгіш саналы
ұрпақ тәрбиелеу.
Шығармашылық қабілет әр
баланың табиғатында болуы
мүмкін. Біздің міндетіміз оқушыға
оның бойында көрінбей тұрған
мүмкіншіліктерін ашып көрсету.
Осы міндеттерді орындауға
мұғалімге бірден – бір керегі –
дұрыс, тиімді әдіс – тәсілдерді
таңдап пайдалану.
12 слайд
Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу – оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып отырады, ал ұстаздар үшін кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі. Мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да - мұғалім. Бала тағдыры қолына сеніп тапсырылып отырған басты тұлға да ұстаз екені барлығына белгілі. Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – бастауыш мектепте. Бастауыш буынның негізгі міндеті – баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамыту, өздіктерінен ойлана алатын, ізденгіш саналы ұрпақ тәрбиелеу. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз оқушыға оның бойында көрінбей тұрған мүмкіншіліктерін ашып көрсету. Осы міндеттерді орындауға мұғалімге бірден – бір керегі – дұрыс, тиімді әдіс – тәсілдерді таңдап пайдалану.
#13 слайд
Сыни тұрғыдан ойлау
дегеніміз не?
- шыңдалған ойлау, кез – келген даму деңгейіне байланысты
мәселелерге сын көзбен қарау;
- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім
қабылдауға құштарлық;
- үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан
тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
13 слайд
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? - шыңдалған ойлау, кез – келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау; - күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық; - үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
#14 слайд
«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту»
технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:
1. Қызығушылықты ояту
2. Мағынаны ашу
3.Ой толғаныс
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы
бойынша оқытудағы өзгерістің нәтижесі мынадай болды:
- сабақ түбегейлі оқушыға бағытталады;
- ұжымдық ынтымақтастық қатынас орнады;
- бұрынғы білімдеріне білім қосады;
- микроклимат өзгереді;
- оқушылардың жауапкершілігі артты;
- күтпеген өзгерістер болу үшін стандартты емес тәсілдер
қолдандым;
- мен күтпеген өзгерістер болды;
- проблемалық ситуациялар туғыздым;
- оқушылар жоғары деңгейдегі сұрақтар қоя бастады;
- өзім де өзгердім, көп оқимын, балалардан үйренемін, бірге
жауап іздеймін, бірге оқимыз, бірге дамимыз.
14 слайд
«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясы үш кезең бойынша қолданылады: 1. Қызығушылықты ояту 2. Мағынаны ашу 3.Ой толғаныс Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша оқытудағы өзгерістің нәтижесі мынадай болды: - сабақ түбегейлі оқушыға бағытталады; - ұжымдық ынтымақтастық қатынас орнады; - бұрынғы білімдеріне білім қосады; - микроклимат өзгереді; - оқушылардың жауапкершілігі артты; - күтпеген өзгерістер болу үшін стандартты емес тәсілдер қолдандым; - мен күтпеген өзгерістер болды; - проблемалық ситуациялар туғыздым; - оқушылар жоғары деңгейдегі сұрақтар қоя бастады; - өзім де өзгердім, көп оқимын, балалардан үйренемін, бірге жауап іздеймін, бірге оқимыз, бірге дамимыз.
#15 слайд
Оқушылар басқалармен қарым – қатынас
жасай береді;
Басқаларды тыңдай білуге, кезкелген жауапқа
сыйластықпен және түсінікпен қарауға
үйретеді;
Өз ойын топ алдында ашық айта алуға,
қорғай білуге баулиды;
Керек кезінде өз көзқарасын дұрыс өзгерте
білуге үйретеді, оның дамуын қамтамасыз
етеді;
Ең бастысы – оқу мотивациясы өзгереді, өз
бетінше ізденуге ұмтылады, сабаққа
қызығушылығы артып,балалардың белсенділігі
өте жоғары болады;
НӘТИЖЕСІНДЕ
15 слайд
Оқушылар басқалармен қарым – қатынас жасай береді; Басқаларды тыңдай білуге, кезкелген жауапқа сыйластықпен және түсінікпен қарауға үйретеді; Өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды; Керек кезінде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйретеді, оның дамуын қамтамасыз етеді; Ең бастысы – оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге ұмтылады, сабаққа қызығушылығы артып,балалардың белсенділігі өте жоғары болады; НӘТИЖЕСІНДЕ
#16 слайд
Әрбір оқушы осы орталықтар бойынша өз ойларын ашық жеткізді,
бірлесіп, ұжымдасып жұмыс жасады, бірінің ойын бірі толық тыңдады және
толықтырып отырды, барлық оқушы толық қамтылды, бір оқушының өз
бетінше өлең шығаруға төселіп қалғанын, сөздік қорының мол екендігін
көрсетсе, ал бір қызым 5 минуттық эссе жазып, өз ойларын толық жеткізе
алды, сурет салу бойынша өз ойын жүйелі жеткізе білген оқушылар көп болды.
Ана тілі сабағында «Құмырсқа мен
көгершін» тақырыбында өткен
сабағымда 4 орталық бойынша жұмыс
жасадым.
1. Оқу – жазу орталығы;
2. Өнер орталығы;
3. Бейнелеу орталығы;
4. Жарнамалау орталығы;
Тақырыптың жан – жақты мағынасы ашылып, оқушылар көптеген мәліметтер жинақтады
және ізденіс жұмыстарын жасады.
Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын болса, енді сыни тұрғыдан
ойланып өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналады.
16 слайд
Әрбір оқушы осы орталықтар бойынша өз ойларын ашық жеткізді, бірлесіп, ұжымдасып жұмыс жасады, бірінің ойын бірі толық тыңдады және толықтырып отырды, барлық оқушы толық қамтылды, бір оқушының өз бетінше өлең шығаруға төселіп қалғанын, сөздік қорының мол екендігін көрсетсе, ал бір қызым 5 минуттық эссе жазып, өз ойларын толық жеткізе алды, сурет салу бойынша өз ойын жүйелі жеткізе білген оқушылар көп болды. Ана тілі сабағында «Құмырсқа мен көгершін» тақырыбында өткен сабағымда 4 орталық бойынша жұмыс жасадым. 1. Оқу – жазу орталығы; 2. Өнер орталығы; 3. Бейнелеу орталығы; 4. Жарнамалау орталығы; Тақырыптың жан – жақты мағынасы ашылып, оқушылар көптеген мәліметтер жинақтады және ізденіс жұмыстарын жасады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын болса, енді сыни тұрғыдан ойланып өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналады.
#17 слайд
Ал математика сабақтарында «БиС»
Биоинформатика және Синергетика
технологиясы карталарын қолдану өте
тиімді. МПМ бұл оқушылардың
сыныптағы отыратын орнына тікелей
байланысты.
МПМ
МПМ жұмыс істеу ойландырудың тағы бір
шартын яғни кеңістік координат бағдарламасы.
Оқушыны өз уақытында бағалау, оның
жетістігін көре білу - бұл оқушыға берілген
дұрыс баға деп ойлаймын. МПМ – нің
жұмысының мақсаты: оқу процесінің сапасын
арттыру бұл көңіл – күйді біріктіру және
хабарды ұжымдық жылдам өндіру. МПМ – те
әрбір жауап + - таңбасы арқылы белгіленіп
отырады және үнемді, жылдам жұмыс жасауға
жол ашады.
17 слайд
Ал математика сабақтарында «БиС» Биоинформатика және Синергетика технологиясы карталарын қолдану өте тиімді. МПМ бұл оқушылардың сыныптағы отыратын орнына тікелей байланысты. МПМ МПМ жұмыс істеу ойландырудың тағы бір шартын яғни кеңістік координат бағдарламасы. Оқушыны өз уақытында бағалау, оның жетістігін көре білу - бұл оқушыға берілген дұрыс баға деп ойлаймын. МПМ – нің жұмысының мақсаты: оқу процесінің сапасын арттыру бұл көңіл – күйді біріктіру және хабарды ұжымдық жылдам өндіру. МПМ – те әрбір жауап + - таңбасы арқылы белгіленіп отырады және үнемді, жылдам жұмыс жасауға жол ашады.
#18 слайд
Ана тілі, дүниетану сабақтарында қолданып жүрген
«Таңертеңгілік жиын», «Шаттық шеңбері», «Топтастыру
стратегиясы», «Венн диаграммасы», «Кубизм стратегиясы»,
«Сәйкестендіру» және «Болжау стратегиясы» оқушылардың білім
жинақтауда жан – жақты ашыла түсуіне үлкен жол ашады.
Математика сабағында мынадай
нәтижеге қол жеткіздім:
Оқушылардың ойлау, есте сақтау жылдамдықтары артты,
барлық оқушы толық сабаққа тартылды, жаңа сабақты
меңгерді.
Байқау
Бекіту
Есте сақтау
кезеңдері бойынша оқушының түсінбеген жерлері қайта –
қайта түсіндіру арқылы 85 % -ға жетті.
Жұмыс жұмыс түрлері оқушының бір – біріне деген сенімін арттырып,барлығы
жақсы баға алуға талпынды. Сабаққа деген оқушының қызығушылығы артты,
барлығы сабаққа белсене қатысты.
18 слайд
Ана тілі, дүниетану сабақтарында қолданып жүрген «Таңертеңгілік жиын», «Шаттық шеңбері», «Топтастыру стратегиясы», «Венн диаграммасы», «Кубизм стратегиясы», «Сәйкестендіру» және «Болжау стратегиясы» оқушылардың білім жинақтауда жан – жақты ашыла түсуіне үлкен жол ашады. Математика сабағында мынадай нәтижеге қол жеткіздім: Оқушылардың ойлау, есте сақтау жылдамдықтары артты, барлық оқушы толық сабаққа тартылды, жаңа сабақты меңгерді. Байқау Бекіту Есте сақтау кезеңдері бойынша оқушының түсінбеген жерлері қайта – қайта түсіндіру арқылы 85 % -ға жетті. Жұмыс жұмыс түрлері оқушының бір – біріне деген сенімін арттырып,барлығы жақсы баға алуға талпынды. Сабаққа деген оқушының қызығушылығы артты, барлығы сабаққа белсене қатысты.
#19 слайд
Сын тұрғысынан ойлау - бұл кез-келген мазмұнды
сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әртүрлі
стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни
тұрғыда дамыту. Жаңа технологияның арқасында
оқушының белсенділігі артып, жан-жақты талдауға,
ойын ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын
тұрғысынан ойлауға үйренеді. Осындай
жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай
сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол
үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде
болу керек.
19 слайд
Сын тұрғысынан ойлау - бұл кез-келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әртүрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыда дамыту. Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып, жан-жақты талдауға, ойын ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керек.
#20 слайд
Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді
болады.Олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды. Мағынаны
анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады. Олар
ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай
отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар
мен келешекке ашық болады. Сабақта сыни тұрғыдан ойлау
бағдарламасын пайдаланғаннан кейінгі ойтолғаныс жасауға
болады. Мұғалім: оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру
жолға қойылды, қызығушылықты оятуға ерекше мән беретін
болды, сабақта әрбір жұмысты аяқсыз қалдырмауға дағдыланды,
сабақ кезеңдерінде сәйкес стратегияларды дұрыс таңдауды
үйренді. Оқушылар: ойларын жүйелеуге, ашық айтуды үйренді,
ойлау процестерін меңгерді, талдайды, жинақтайды,
салыстырады, әр түрлі шешімдер айта алады, оқушылардың бір-
бірімен қарым-қатынасы жақсарды, іздеуге, дағдылануға
үйренді, аз уақытта көп жұмыс жасауды дағдыланды, үлгерімі
болашақта жоғарылайды деп ойлаймын.
20 слайд
Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады.Олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды. Мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады. Олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады. Сабақта сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасын пайдаланғаннан кейінгі ойтолғаныс жасауға болады. Мұғалім: оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру жолға қойылды, қызығушылықты оятуға ерекше мән беретін болды, сабақта әрбір жұмысты аяқсыз қалдырмауға дағдыланды, сабақ кезеңдерінде сәйкес стратегияларды дұрыс таңдауды үйренді. Оқушылар: ойларын жүйелеуге, ашық айтуды үйренді, ойлау процестерін меңгерді, талдайды, жинақтайды, салыстырады, әр түрлі шешімдер айта алады, оқушылардың бір- бірімен қарым-қатынасы жақсарды, іздеуге, дағдылануға үйренді, аз уақытта көп жұмыс жасауды дағдыланды, үлгерімі болашақта жоғарылайды деп ойлаймын.
#21 слайд
Қорыта айтқанда, педагогикалық жаңа технологиялардың
барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен
шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері
мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алға қойған
мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді
көздейтін, берілген материалды жедел, әрі сапалы меңгертуге
бағытталған.
Елбасы Н.Назарбаевтың:
«Біздің міндетіміз -
бәсекелестікке лайық ұрпақ
тәрбиелеу», - деген пікіріне
қосыла отырып, саналы, білімді
ұрпақ тәрбиелеуде шаршамай
еңбек ете білейік.
21 слайд
Қорыта айтқанда, педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел, әрі сапалы меңгертуге бағытталған. Елбасы Н.Назарбаевтың: «Біздің міндетіміз - бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», - деген пікіріне қосыла отырып, саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеуде шаршамай еңбек ете білейік.
#22 слайд
Ашық сабақтар
22 слайд
Ашық сабақтар
#23 слайд
23 слайд
#24 слайд
24 слайд
#25 слайд
25 слайд
#26 слайд
26 слайд

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген