Жақсылық керуені
Жақсылық керуені

#1 слайд
«Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық
жобалар байқауының аудандық кезеңі
Жобаның номинациясы: «Жақсылық керуені»
Жоба атауы: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»
Жобаның авторы:Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы
Бесарық бекеті №247 орта мектептің
8 «А» сынып оқушысы
Қалжан Елдар Арманұлы
Жетекші: Тұрлыбек Райымбек Қазбекұлы
1 слайд
«Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының аудандық кезеңі Жобаның номинациясы: «Жақсылық керуені» Жоба атауы: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» Жобаның авторы:Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бесарық бекеті №247 орта мектептің 8 «А» сынып оқушысы Қалжан Елдар Арманұлы Жетекші: Тұрлыбек Райымбек Қазбекұлы
#2 слайд
Мектеп оқушыларын мүмкіндігі шектеулі үйден оқитын
оқушыларға,әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, қарт
кісілерге қамқорлық таныту, жанына жылу сыйлау.
Адам жанына қажетті мейірімділік, адамгершілік
құндылықтарын бойларына сіңдіру, қоғамның әр мүшесіне
ізгілік пен қайырымдылық көрсете білу жолдарын насихаттау.
Жобаның мақсаты:
2 слайд
Мектеп оқушыларын мүмкіндігі шектеулі үйден оқитын оқушыларға,әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, қарт кісілерге қамқорлық таныту, жанына жылу сыйлау. Адам жанына қажетті мейірімділік, адамгершілік құндылықтарын бойларына сіңдіру, қоғамның әр мүшесіне ізгілік пен қайырымдылық көрсете білу жолдарын насихаттау. Жобаның мақсаты:
#3 слайд
Өзектілігі
Қазыналы қарттарымызды,осал топтағы балаларды,әлеуметтік
аз қамтылған отбасыларға, мұқтаж жандарға жанашыр болып,
аялы алақанын тосып,жүрек жылуын ұсынып,қамқорлық көрсету.
Күтілетін
нәтиже
Қоғамдағы үлкен кішіні сыйлайтын, қамқорлық көрсететін
жастар санын көбейту.
3 слайд
Өзектілігі Қазыналы қарттарымызды,осал топтағы балаларды,әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, мұқтаж жандарға жанашыр болып, аялы алақанын тосып,жүрек жылуын ұсынып,қамқорлық көрсету. Күтілетін нәтиже Қоғамдағы үлкен кішіні сыйлайтын, қамқорлық көрсететін жастар санын көбейту.
#4 слайд
Жоспары
1
•Кіріспе
Жақсылық
жасау–адамның басты құндылығы
2
•Негізгі бөлім
Мақсатқа жету жолдары
3
•Қорытынды
Біз-ізгілікті
істің жанашырымыз
4 слайд
Жоспары 1 •Кіріспе Жақсылық жасау–адамның басты құндылығы 2 •Негізгі бөлім Мақсатқа жету жолдары 3 •Қорытынды Біз-ізгілікті істің жанашырымыз
#5 слайд
Жақсылық жасау-адамның басты құндылығы.
Танымал түрік ойшылы Жүсіп Баласағұни «Кісіге екі дүниеде пайдалы нәрсе-ізгі іс пен түзулік.Екіншісі-ұят.
Үшіншісі-әділдік.Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады» деп өмірде пайдалы істер істер жасау арқылы
адамның шын бақыт табатындығын айтқан.
Мен өз жобамдағы мақсатыма қол жеткізу үшін қандай қадамдар жасадым?
Кіріспе
1.Мектеп бойынша өзін-
өзі басқару ұйымының
«Қайырымдылық және
волонтерлік» фракциясы
құрылып, мүшелері
сайланды.
2.Мектеп бойынша өзін-
өзі басқару ұйымының
«Қайырымдылық және
волонтерлік»
фракциясының мақсаты
айқындалып,жұмыс
жоспары құрылды.
3.Жұмыс жоспарында осы
бағыттар бойынша яғни
қазыналы
қарттарымызды,осал топтағы
балаларды,әлеуметтік
аз қамтылған отбасыларға,
мұқтаж жандарға жанашыр
болып,
аялы алақанын тосып,жүрек
жылуын ұсынып,қамқорлық
көрсету мақсатында түрлі іс-
шаралар ұйымдастырылды.
5 слайд
Жақсылық жасау-адамның басты құндылығы. Танымал түрік ойшылы Жүсіп Баласағұни «Кісіге екі дүниеде пайдалы нәрсе-ізгі іс пен түзулік.Екіншісі-ұят. Үшіншісі-әділдік.Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады» деп өмірде пайдалы істер істер жасау арқылы адамның шын бақыт табатындығын айтқан. Мен өз жобамдағы мақсатыма қол жеткізу үшін қандай қадамдар жасадым? Кіріспе 1.Мектеп бойынша өзін- өзі басқару ұйымының «Қайырымдылық және волонтерлік» фракциясы құрылып, мүшелері сайланды. 2.Мектеп бойынша өзін- өзі басқару ұйымының «Қайырымдылық және волонтерлік» фракциясының мақсаты айқындалып,жұмыс жоспары құрылды. 3.Жұмыс жоспарында осы бағыттар бойынша яғни қазыналы қарттарымызды,осал топтағы балаларды,әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, мұқтаж жандарға жанашыр болып, аялы алақанын тосып,жүрек жылуын ұсынып,қамқорлық көрсету мақсатында түрлі іс- шаралар ұйымдастырылды.
#6 слайд
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, ізінен
ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір
қауымға бас-көз бола білген ауыл
қарияларының орны ерекше. Әр халықтың
бойында ықылым заманнан бері
қалыптасып, оны өзгелерден даралап
тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері
болады. Біздің халқымыздың сондай
ерекшеліктерінің бірі — үлкенді сыйлау,
оның сөзіне құлақ асу. 1 қазан — Қарттар
күні қарсаңында №247 жалпы орта
мектептің өзін-өзі басқару ұйымы
мүшелерінің ұйымдастыруымен іс-шара
өткіздік. Қарттарымызды мерекесімен
құттықтап, сұхбаттасып, ата-апаларымыздың
баталарын алдық.
Негізгі бөлім
Қарттарын қадірлеген ел ардақты
6 слайд
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарияларының орны ерекше. Әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып, оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі — үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. 1 қазан — Қарттар күні қарсаңында №247 жалпы орта мектептің өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен іс-шара өткіздік. Қарттарымызды мерекесімен құттықтап, сұхбаттасып, ата-апаларымыздың баталарын алдық. Негізгі бөлім Қарттарын қадірлеген ел ардақты
#7 слайд
Сіз қуансаңыз
«Сіз қуансаңыз, біз бақыттымыз» ұранымен
фракция мүшелері ауылымыздың қарт
кісілердің үйлеріне барып, қолдан келгенше
көмек көрсеттік.Суретте жалғызбасты қарт
апамыз Фатима әжеміздің үйіне барып,
көмек қолын созып, ақ батасын алдық.Біз бұл
іс-шара арқылы екі мақсатқа қол жеткіздік.
1.Қамқорлық көрсету.
2.Еңбекке баулу.
7 слайд
Сіз қуансаңыз «Сіз қуансаңыз, біз бақыттымыз» ұранымен фракция мүшелері ауылымыздың қарт кісілердің үйлеріне барып, қолдан келгенше көмек көрсеттік.Суретте жалғызбасты қарт апамыз Фатима әжеміздің үйіне барып, көмек қолын созып, ақ батасын алдық.Біз бұл іс-шара арқылы екі мақсатқа қол жеткіздік. 1.Қамқорлық көрсету. 2.Еңбекке баулу.
#8 слайд
8 слайд
#9 слайд
Мектебімізде үйден оқытылатын
оқушыға әр мереке сайын үйіне
құттықтап барып, мерекелік көңіл-күй
сыйладық. Бұл дәстүр оқушының өзін
ерекше сезінуіне, қуаныш пен
жылулыққа бөленуіне үлкен әсер етті.
Алдағы уақытта да бұл игі дәстүрді
жалғастырып, оқушыға қуаныш
сыйлауды өзіміздің басты міндетіміз
деп білеміз.
«Жүрегім толы мейірім"
9 слайд
Мектебімізде үйден оқытылатын оқушыға әр мереке сайын үйіне құттықтап барып, мерекелік көңіл-күй сыйладық. Бұл дәстүр оқушының өзін ерекше сезінуіне, қуаныш пен жылулыққа бөленуіне үлкен әсер етті. Алдағы уақытта да бұл игі дәстүрді жалғастырып, оқушыға қуаныш сыйлауды өзіміздің басты міндетіміз деп білеміз. «Жүрегім толы мейірім"
#10 слайд
«Жүрегім толы мейірім"
10 слайд
«Жүрегім толы мейірім"
#11 слайд
Бүгін қандай керемет күн! тақырыбында мектеп ұжымы оқушыларға жылы
лебіздерін білдіріп көңіл-күй сыйлады.
11 слайд
Бүгін қандай керемет күн! тақырыбында мектеп ұжымы оқушыларға жылы лебіздерін білдіріп көңіл-күй сыйлады.
#12 слайд
Ұсыныс
Әрбір оқушы жалпыадамзаттық құндылықтардың маңыздылығын түсініп, еріктілер
қатарына қосылып,риясыз қызмет етсе;
Адам-қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан жалпыадамзаттық құндылықтарды негізге ала
отырып, қоғамның дамуына өз үлесін қосатын жандар көбейсе;
Көк нөсерін көл етсе де жауындар,
Көк пен жерді сел етсе де дауылдар,
Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,
Мейірімді болайықшы, бауырлар!
12 слайд
Ұсыныс Әрбір оқушы жалпыадамзаттық құндылықтардың маңыздылығын түсініп, еріктілер қатарына қосылып,риясыз қызмет етсе; Адам-қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан жалпыадамзаттық құндылықтарды негізге ала отырып, қоғамның дамуына өз үлесін қосатын жандар көбейсе; Көк нөсерін көл етсе де жауындар, Көк пен жерді сел етсе де дауылдар, Пейілдерді пенделікпен тарылтпай, Мейірімді болайықшы, бауырлар!
#13 слайд
Қорытынды
Жас,күшті, мейірімді болып тұрған
кезде игі істер жасаудан шаршамаңыздар!
А.П.Чехов
Әр адам өзін-өзі, өзінің қажеттілігін, өмірдегі және қоғамдағы рөлін толық түсіну нәтижесінде
өз мүмкіндіктерін таниды. Адам өз бойындағы мүмкіндіктерін толық пайдаланғанда ғана, алдына қойған
мақсатына жете алады.Мақсатқа апаратын ізгі жолдарды өздігінен іздеп табу жақсы нәтижеге жеткізеді.
Адам жағымды қасиеттерін, ізгі ниеттерін дамыту барысында өзін-өзі тәрбиелейді. Біз бақыттымыз!
Себебі біз ізгілік арқасында өзіме жәнен өзгелерге жасаған ізгі, жақсы, адал істермен мақтана аламыз!
Біздің «Қайырымдылық» фракциясы керуенінің қарт кісілерге көмек және әлеуметтік осал топтағы
балаларға қолдау және көмек көрсетілген жұмыстарды таныстырдым. Мейірімділік, адамгершілік,
өмірдің мәні-бұл айта беруге тұратын құндылықтар.Айтып қана қоятын және айтқандарын жүзеге
асыратын адамдар да бар.Бұны нәтижелерден көруге болады.
13 слайд
Қорытынды Жас,күшті, мейірімді болып тұрған кезде игі істер жасаудан шаршамаңыздар! А.П.Чехов Әр адам өзін-өзі, өзінің қажеттілігін, өмірдегі және қоғамдағы рөлін толық түсіну нәтижесінде өз мүмкіндіктерін таниды. Адам өз бойындағы мүмкіндіктерін толық пайдаланғанда ғана, алдына қойған мақсатына жете алады.Мақсатқа апаратын ізгі жолдарды өздігінен іздеп табу жақсы нәтижеге жеткізеді. Адам жағымды қасиеттерін, ізгі ниеттерін дамыту барысында өзін-өзі тәрбиелейді. Біз бақыттымыз! Себебі біз ізгілік арқасында өзіме жәнен өзгелерге жасаған ізгі, жақсы, адал істермен мақтана аламыз! Біздің «Қайырымдылық» фракциясы керуенінің қарт кісілерге көмек және әлеуметтік осал топтағы балаларға қолдау және көмек көрсетілген жұмыстарды таныстырдым. Мейірімділік, адамгершілік, өмірдің мәні-бұл айта беруге тұратын құндылықтар.Айтып қана қоятын және айтқандарын жүзеге асыратын адамдар да бар.Бұны нәтижелерден көруге болады.
#14 слайд
14 слайд
шағым қалдыра аласыз













