Жарақат алу, қан ағу және күйік шалу кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Алматы облысы Кербұлақ ауданы
Қоғалы орта мектебі
АӘТД пәнінің оқытушы –
ұйымдастырушысы
Е.С Казангапов
Сынып 10 . Өмір қауіпсіздігі негіздері
Сабақтың тақырыбы : Жарақат алу, қан ағу және күйік шалу кезінде
көрсетілетін алғашқы медициналық көмек
Сабақтың мақсаты:
10.25.8.11
Жарақат алу және қансыраған кезде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек
қөрсету ережелерімен таныстыру
1 слайд
Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қоғалы орта мектебі АӘТД пәнінің оқытушы – ұйымдастырушысы Е.С Казангапов Сынып 10 . Өмір қауіпсіздігі негіздері Сабақтың тақырыбы : Жарақат алу, қан ағу және күйік шалу кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек Сабақтың мақсаты: 10.25.8.11 Жарақат алу және қансыраған кезде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек қөрсету ережелерімен таныстыру
2 слайд
Қан кету, қан кету түрлері және қан ағу кезіндегі алғашқы
медициналық көмек
Жараланудың барлық түрінде де қан тамырларына зақым түседі. Соның
салдарынан көбіне денеден қан шығатынын байқаймыз. Жарақат
кезіндегі зақымдалған тамырлардан қанның ағуы қан кету деп аталады.
Оның болымсыз және күшті әсері өмірге қатерлі болуы мүмкін. Қан
денеден орташа кеткенде, ағзаның ішкі бірнеше толықтырушы
қасиеттері: жүрек қызметінің, тыныс алудың күшеюі, шеткі қан
тамырларының жиырылуы іске қосылып өзі тоқтата алады. Ал денеден
қан көп кеткенде жүрек қан тамырларының қызметі мүлде нашарлап,
адамның өліп кетуі де ықтимал.
Қан кету түрлері:
Зақымдалған тамырдың сипатына қарай қанның ағуы артериялық (күре
тамырлық), веналық (көктамырлық), капиллярлық
(қылтамырлық) және паренхиматоздық болып
бөлінеді. Артериялық қан кету жүректен ағза мен ұлпаларға қан
баратын ең ірі тамырлардан аққан қанды айтамыз, ірі күре тамырлардан
аққан қан жараланған жерден атқылап немесе фонтанша ағады, түсі
ашық қызыл, өздігінен тоқтамайды, жарақаттанған адамның өміріне
елеулі қауіп төндіреді. Көктамыр деп жүрекке қайта бара жатқан қан
айналымын айтады, оның түсі қара қошқыл болады, ол үздіксіз, баяу
ағады. Қылтамырлық қан кету ұсақ тамырлардан ағады, ол тамшылап
ағады, өздігінен тоқтайды.
2 слайд
Қан кету, қан кету түрлері және қан ағу кезіндегі алғашқы медициналық көмек Жараланудың барлық түрінде де қан тамырларына зақым түседі. Соның салдарынан көбіне денеден қан шығатынын байқаймыз. Жарақат кезіндегі зақымдалған тамырлардан қанның ағуы қан кету деп аталады. Оның болымсыз және күшті әсері өмірге қатерлі болуы мүмкін. Қан денеден орташа кеткенде, ағзаның ішкі бірнеше толықтырушы қасиеттері: жүрек қызметінің, тыныс алудың күшеюі, шеткі қан тамырларының жиырылуы іске қосылып өзі тоқтата алады. Ал денеден қан көп кеткенде жүрек қан тамырларының қызметі мүлде нашарлап, адамның өліп кетуі де ықтимал. Қан кету түрлері: Зақымдалған тамырдың сипатына қарай қанның ағуы артериялық (күре тамырлық), веналық (көктамырлық), капиллярлық (қылтамырлық) және паренхиматоздық болып бөлінеді. Артериялық қан кету жүректен ағза мен ұлпаларға қан баратын ең ірі тамырлардан аққан қанды айтамыз, ірі күре тамырлардан аққан қан жараланған жерден атқылап немесе фонтанша ағады, түсі ашық қызыл, өздігінен тоқтамайды, жарақаттанған адамның өміріне елеулі қауіп төндіреді. Көктамыр деп жүрекке қайта бара жатқан қан айналымын айтады, оның түсі қара қошқыл болады, ол үздіксіз, баяу ағады. Қылтамырлық қан кету ұсақ тамырлардан ағады, ол тамшылап ағады, өздігінен тоқтайды.
3 слайд
^ Алғашқы медициналық көмек : Уақытша қолда бар құралдармен қан ағуды тоқтату.
Қан ағуды тоқтату тәсілдері:
1) Аяғын жоғары көтеру, бұл жағдайда қан миды қоректендіреді;
2) Қанды артериядан жоғарырақ саусақпен қысып тоқтату қажет. Мұны бірнеше әдіспен атқаруға
болады. Егер білек жараланса - онда қанды тоқтату үшін артерияны иық сүйегіне, қолтық
жағынан қатты қысып басады. Артериялық қан сирақтан ақса - тізе шұнқырындағы күре тамырды
қысады. Самай күре тамырын бас бармақпен, құлақтың алдынан, самай сүйегіне басады. Ұйқы
күре тамырын зақымдалған жерден мойын омыртқасына қысады. Одан кейін жараға тазартылған
таңғышты қаттырақ байлайды, оның үстіне бинттің, мақтаның қалың нығыз кесіндісін салып
орайды. Бұғана асты тамырды - бұғананың астындағы шұнқырда, бірінші қабырғаға қысады. Кәрі
жіліктің күре тамырын - бас бармақтың білезігінің жанындағы сүйекке басады. Шаптың
төңірегіндегі санның күре тамырын түйілген жұдырықпен сан сүйегіне қысады таңғышпен қатты
таңып тастау.
Артерияны саусақпен қысудың нүктелері :
3. Қан тамырын саусақпен басу едәуір күш жігерді қажет етеді және саусақ тез талады, сондықтан
мүмкін болатын болса бұрау немесе ширатпаны жылдам қою дұрыс болады. Қан тоқтататын
ширатпа жалпақ иілмелі резина кесіндісі, оның бір шетінде ілгек екінші шетінде ілмегі бар
жүзікше бекітілген.
4) Келесі қан тоқтату әдісі – аяқ-қолды қатты бүгіп таңып тастау, бұл әдіс көктамырдан да аққан
қанды тоқтатады.
^ Ширатпа (жгут) немесе бұраумен қою әдістері. Ширатпа жазда екі сағаттан артық, ал
қыста бір сағаттан артық қойылмайды, бұл аяқ-қолдың жансыздануына әкеп соқтырады.
3 слайд
^ Алғашқы медициналық көмек : Уақытша қолда бар құралдармен қан ағуды тоқтату. Қан ағуды тоқтату тәсілдері: 1) Аяғын жоғары көтеру, бұл жағдайда қан миды қоректендіреді; 2) Қанды артериядан жоғарырақ саусақпен қысып тоқтату қажет. Мұны бірнеше әдіспен атқаруға болады. Егер білек жараланса - онда қанды тоқтату үшін артерияны иық сүйегіне, қолтық жағынан қатты қысып басады. Артериялық қан сирақтан ақса - тізе шұнқырындағы күре тамырды қысады. Самай күре тамырын бас бармақпен, құлақтың алдынан, самай сүйегіне басады. Ұйқы күре тамырын зақымдалған жерден мойын омыртқасына қысады. Одан кейін жараға тазартылған таңғышты қаттырақ байлайды, оның үстіне бинттің, мақтаның қалың нығыз кесіндісін салып орайды. Бұғана асты тамырды - бұғананың астындағы шұнқырда, бірінші қабырғаға қысады. Кәрі жіліктің күре тамырын - бас бармақтың білезігінің жанындағы сүйекке басады. Шаптың төңірегіндегі санның күре тамырын түйілген жұдырықпен сан сүйегіне қысады таңғышпен қатты таңып тастау. Артерияны саусақпен қысудың нүктелері : 3. Қан тамырын саусақпен басу едәуір күш жігерді қажет етеді және саусақ тез талады, сондықтан мүмкін болатын болса бұрау немесе ширатпаны жылдам қою дұрыс болады. Қан тоқтататын ширатпа жалпақ иілмелі резина кесіндісі, оның бір шетінде ілгек екінші шетінде ілмегі бар жүзікше бекітілген. 4) Келесі қан тоқтату әдісі – аяқ-қолды қатты бүгіп таңып тастау, бұл әдіс көктамырдан да аққан қанды тоқтатады. ^ Ширатпа (жгут) немесе бұраумен қою әдістері. Ширатпа жазда екі сағаттан артық, ал қыста бір сағаттан артық қойылмайды, бұл аяқ-қолдың жансыздануына әкеп соқтырады.
4 слайд
Ширатпаны салар алдында созады да тартуды әлсіретпей аяқ қолға салады, бұл
жағдайда ширақ қабатының әрбір орамын алдын ала салады. Қысудың жеткіліктігін
бақылау: күре тамырдың сезімтал жерлерінде тамыр соғуының жоғалуы және
қанның тоқтауы болып табылады. Әлсіз қойылған ширатпа қан ағуды күшейтуі
мүмкін ал, қатты тартылған ширатпа жүйкені зақымдауы мүмкін.
Таяқшаны бұрау арқылы, жгутты қысып қан тоқтағанша
тартады.
Байланған таяқша ашылып кетпес үшін бинтпен орау қажет. Қан жүруінің
тоқтап қалмауы үшін, әрбір 15 минут сайын, жгутты босатып отыру
керек.
Ширатпа – қаң тоқтатудың соңғы тәсілі
Қан тамырды басып тұрып, бірнеше қабат салынған таңғышты (асептикалық)
немесе бірнеше қабат оралған бинтпен байлау қажет.
Егер де таңғыш суланса, жоғарғы жағына тағы да бірнеше қабат таңғыш салып,
алақанмен басу қажет.
Қан көп кеткен жағдайда аяғын жоғары көтеру, капиллярлық және веноздық қан
тоқтату тәсілі ретінде қолдану.
4 слайд
Ширатпаны салар алдында созады да тартуды әлсіретпей аяқ қолға салады, бұл жағдайда ширақ қабатының әрбір орамын алдын ала салады. Қысудың жеткіліктігін бақылау: күре тамырдың сезімтал жерлерінде тамыр соғуының жоғалуы және қанның тоқтауы болып табылады. Әлсіз қойылған ширатпа қан ағуды күшейтуі мүмкін ал, қатты тартылған ширатпа жүйкені зақымдауы мүмкін. Таяқшаны бұрау арқылы, жгутты қысып қан тоқтағанша тартады. Байланған таяқша ашылып кетпес үшін бинтпен орау қажет. Қан жүруінің тоқтап қалмауы үшін, әрбір 15 минут сайын, жгутты босатып отыру керек. Ширатпа – қаң тоқтатудың соңғы тәсілі Қан тамырды басып тұрып, бірнеше қабат салынған таңғышты (асептикалық) немесе бірнеше қабат оралған бинтпен байлау қажет. Егер де таңғыш суланса, жоғарғы жағына тағы да бірнеше қабат таңғыш салып, алақанмен басу қажет. Қан көп кеткен жағдайда аяғын жоғары көтеру, капиллярлық және веноздық қан тоқтату тәсілі ретінде қолдану.
5 слайд
Жарақаттың жоғарғы жағына, жұмсақ орамның (зақымданушының
киімдерінен) үстіне жгут салу керек. Жгут салып болған соң оны созу
керек.
Бірінші орауды байлаудың алдында, қан тамырларының соғуын,
қанның тоқтағанын-тоқтамағанын көру қажет, ал жгут астындағы
терінің ағарғанын көру керек.
Жгуттың келесі орамын, қатты қыспай орау керек, орағанда шығыс
бағытында спираль тәрізді етіп, алдыңғы орамды басып орау керек.
Ширатпаның (жгуттың) жанына тура уақыты мен күнін көрсетіп
мәлімдеме қалдыру қажет. Жгутты таңғыш және шинамен орамау
керек. Көрінетін жерге «жгут» (маркет) көрсетіп қою керек.
5 слайд
Жарақаттың жоғарғы жағына, жұмсақ орамның (зақымданушының киімдерінен) үстіне жгут салу керек. Жгут салып болған соң оны созу керек. Бірінші орауды байлаудың алдында, қан тамырларының соғуын, қанның тоқтағанын-тоқтамағанын көру қажет, ал жгут астындағы терінің ағарғанын көру керек. Жгуттың келесі орамын, қатты қыспай орау керек, орағанда шығыс бағытында спираль тәрізді етіп, алдыңғы орамды басып орау керек. Ширатпаның (жгуттың) жанына тура уақыты мен күнін көрсетіп мәлімдеме қалдыру қажет. Жгутты таңғыш және шинамен орамау керек. Көрінетін жерге «жгут» (маркет) көрсетіп қою керек.
6 слайд
Күйік жарақаты кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек
Күнделікті өмірде түрлі жағдайларға байланысты тұрмыста, өндірісте,
кездейсоқ апаттардың салдарынан кенеттен күйіп қалу оқиғалары жиі
кездеседі. Ол оттан да, будан да, қайнап түрған судан да, әртүрлі
химиялық заттардан да болуы мүмкін. Бұрын мұндай қауіп қатерге
ұшырап көрмегендіктен оқыс күйік жарақаты кезінде көп адамдар
абдырап, сасып қалады, қандай алғашқы медициналық көмек көрсету
керектігін білмей уақытып өткізіп алады. Кей жағдайда қате іс-әрекетке
барып жататыны да сондықтан. Негізінен күйік жоғары
температураның, химиялық заттардың, электр тоғы мен радиактивті
сәуленің зардабынан тіннің зақымдалуы. Соған сәйкес күйіктің басты
төрт түрі бар. Олар: термиялық, химиялық, электрлік, сәулелік
күйіктер. Ыстық суға күйіп қалу жағдайы көбіне балалар арасында 1-3
жас аралығында жиі кездеседі. Асханада анасының көзін ала бере
байқаусыз қатерге душар болып жатады. Күйікте киім матасы теріге
жабысып қалса оны қайшымен қиып тастайды. Адам денесі химиялық
заттардан күйсе дененің күйген жерін суық сумен 15-20 минут бойы
жуады. Қышқыл, сілтіге күйгенде ас содасы ертіндісіне немесе спирт,
марганец қышқылды калий ертіндісіне малынған таңғышты ораған жөн.
Қандай күйік түрі болса да жедел жәрдем кешіккен жағдайда зардап
шегушіге ауырсынуды басатын дәрілер беруге болады.
6 слайд
Күйік жарақаты кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек Күнделікті өмірде түрлі жағдайларға байланысты тұрмыста, өндірісте, кездейсоқ апаттардың салдарынан кенеттен күйіп қалу оқиғалары жиі кездеседі. Ол оттан да, будан да, қайнап түрған судан да, әртүрлі химиялық заттардан да болуы мүмкін. Бұрын мұндай қауіп қатерге ұшырап көрмегендіктен оқыс күйік жарақаты кезінде көп адамдар абдырап, сасып қалады, қандай алғашқы медициналық көмек көрсету керектігін білмей уақытып өткізіп алады. Кей жағдайда қате іс-әрекетке барып жататыны да сондықтан. Негізінен күйік жоғары температураның, химиялық заттардың, электр тоғы мен радиактивті сәуленің зардабынан тіннің зақымдалуы. Соған сәйкес күйіктің басты төрт түрі бар. Олар: термиялық, химиялық, электрлік, сәулелік күйіктер. Ыстық суға күйіп қалу жағдайы көбіне балалар арасында 1-3 жас аралығында жиі кездеседі. Асханада анасының көзін ала бере байқаусыз қатерге душар болып жатады. Күйікте киім матасы теріге жабысып қалса оны қайшымен қиып тастайды. Адам денесі химиялық заттардан күйсе дененің күйген жерін суық сумен 15-20 минут бойы жуады. Қышқыл, сілтіге күйгенде ас содасы ертіндісіне немесе спирт, марганец қышқылды калий ертіндісіне малынған таңғышты ораған жөн. Қандай күйік түрі болса да жедел жәрдем кешіккен жағдайда зардап шегушіге ауырсынуды басатын дәрілер беруге болады.
7 слайд
Ал алғашқы көмек көрсетілгенде:
Денедегі көпіршіктерді жармайды; қалың таңғыштармен орамайды;
Мұз баспайды;
Күйікті қолмен ұстамайды;
Мұның бәрі тіндерді өлтіріп, жараның жазылуын қиындатады. Дәрігер
келгенге дейінгі көмектің мақсаты күйген жерді ластанудан сақтандыру,
яғни микроб түсуден қорғау, ауырсынуды бәсеңдету. Осы жағдайда дұрыс
көрсетілмеген алғашқы медициналық көмек күйікті тереңдетіп жібереді.
Халық арасында жиі көрсетілетін алғашқы көмек күйген жерге тіс
пастасын жағу, томат пастасын сол сияқты әр түрлі майларды жағуға
ұмтылу. Бірақ оны мамандар құптамайды. Олар асқынуға әкеліп соғады.
7 слайд
Ал алғашқы көмек көрсетілгенде: Денедегі көпіршіктерді жармайды; қалың таңғыштармен орамайды; Мұз баспайды; Күйікті қолмен ұстамайды; Мұның бәрі тіндерді өлтіріп, жараның жазылуын қиындатады. Дәрігер келгенге дейінгі көмектің мақсаты күйген жерді ластанудан сақтандыру, яғни микроб түсуден қорғау, ауырсынуды бәсеңдету. Осы жағдайда дұрыс көрсетілмеген алғашқы медициналық көмек күйікті тереңдетіп жібереді. Халық арасында жиі көрсетілетін алғашқы көмек күйген жерге тіс пастасын жағу, томат пастасын сол сияқты әр түрлі майларды жағуға ұмтылу. Бірақ оны мамандар құптамайды. Олар асқынуға әкеліп соғады.
8 слайд
Үй тапсырмасы:
Қан кету түрлері ?
Күйік түрлері ?
Қан ағуды тоқтату тәсілдері ?
8 слайд
Үй тапсырмасы: Қан кету түрлері ? Күйік түрлері ? Қан ағуды тоқтату тәсілдері ?