1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жас Дарын Касымова Аймира 11 сынып

#1 слайд
1Тақырыбы:Науан хазірет-ғалым, теолог,қайраткер. Ақмола облысы
Көкшетау қаласы
Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейі
Жобаны қорғаушылар: Касымова Аймира Сұлтановна
Жетекшісі: Абилкадыров Арман Баянұлы
тарих пәнінің мұғалімі
1 слайд
1Тақырыбы:Науан хазірет-ғалым, теолог,қайраткер. Ақмола облысы Көкшетау қаласы Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейі Жобаны қорғаушылар: Касымова Аймира Сұлтановна Жетекшісі: Абилкадыров Арман Баянұлы тарих пәнінің мұғалімі
#2 слайд
2«Науан хазірет-ғалым, теолог,қайраткер» атты зерттеу жұмысының мақсаты:
1. Зерттелген жұмыстардың нәтижесінде “Науан хазіреттің” қазақ тарихындағы орнын
анықтау;
2. Өнегелі өмір жолын насихаттау арқылы жастарды дәстүрлі Ислам негіздеріне шақырып,
теріс ағымдар ықпалынан сақтандыру;
3. “Кербез сұлу Көкшетауымның” сәнін келтіріп тұрған “Науан хазірет” мешітін сипаттау
арқылы мақтаныш сезімін ояту;
Жалпы мақсат – «Науан Хазірет» атауын мешітке берілуі тарихын зерттеу, Науан хазіреттің
өнегелі өмірін, қайраткерлігін насихаттау арқылы елжандылық рухы бар , туған жерін сүйе
білетін, қоғам өміріне белсене араласатын тапқыр да табанды, өміршең, сауатты жеке тұлға
қалыптастыру.
2 слайд
2«Науан хазірет-ғалым, теолог,қайраткер» атты зерттеу жұмысының мақсаты: 1. Зерттелген жұмыстардың нәтижесінде “Науан хазіреттің” қазақ тарихындағы орнын анықтау; 2. Өнегелі өмір жолын насихаттау арқылы жастарды дәстүрлі Ислам негіздеріне шақырып, теріс ағымдар ықпалынан сақтандыру; 3. “Кербез сұлу Көкшетауымның” сәнін келтіріп тұрған “Науан хазірет” мешітін сипаттау арқылы мақтаныш сезімін ояту; Жалпы мақсат – «Науан Хазірет» атауын мешітке берілуі тарихын зерттеу, Науан хазіреттің өнегелі өмірін, қайраткерлігін насихаттау арқылы елжандылық рухы бар , туған жерін сүйе білетін, қоғам өміріне белсене араласатын тапқыр да табанды, өміршең, сауатты жеке тұлға қалыптастыру.
#3 слайд
3Тақырыптың өзектілігі:
Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі: « Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер,
негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің
ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады. », деген Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзін қазіргі Қазақстан жастарының бойына
сіңірудің қажеттілігі.
Бұл жолдағы біздің басты міндетіміз – білім мен тәжірбиені ұштастыру. Тарих
қойнауында жасырылған ұлтық кодымыз ұлтжандылықты, имандылықты, рухани
биіктікті насихаттау.
Зерттеудің болжамы:
Наурызбай Таласұлының өнегелі өмір жолын, отаршылдыққа қарсы болған
қайраткерлігін насихаттай отырып, ұлтжанды білімді және иманды, тәрбиелі азаматтар
қалыптасады деп ойлаймыз.
3 слайд
3Тақырыптың өзектілігі: Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі: « Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады. », деген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзін қазіргі Қазақстан жастарының бойына сіңірудің қажеттілігі. Бұл жолдағы біздің басты міндетіміз – білім мен тәжірбиені ұштастыру. Тарих қойнауында жасырылған ұлтық кодымыз ұлтжандылықты, имандылықты, рухани биіктікті насихаттау. Зерттеудің болжамы: Наурызбай Таласұлының өнегелі өмір жолын, отаршылдыққа қарсы болған қайраткерлігін насихаттай отырып, ұлтжанды білімді және иманды, тәрбиелі азаматтар қалыптасады деп ойлаймыз.
#4 слайд
4 Наурызбай Таласов 1843 жылы Ақмола
облысының Зеренді ауданына қарасты Баратай
ауылында дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат
таныған Науанды кейін әкесі Қызылжардағы
медресеге береді. Қызылжар медресесін үздік
бітіріп шыққан ол, сол кездегі Орта Азияда діни
ғылым-білімнің орталығы саналатын Бұхар
медресесіне оқуға жолдама алады. Бұхара
медресесінде табан аудармай 15 жыл оқыған
Наурызбай, хадис ілімімен қатар шығыстың бай
әдебиетін, философиясын игеріп, көне түрік,
парсы, араб, өзбек, татар тілдерін жетік меңгеріп
шығады. Науанның қабілетіне риза болған
медресе ғалымдары оны мұсылман ғылым-
білімінің орталығы саналған Бағдатқа білімін
жетілдіруге жіберіп, қайтып келгеннен кейін
Бұхар медресесінде ұстаздыққа алып қалады.
4 слайд
4 Наурызбай Таласов 1843 жылы Ақмола облысының Зеренді ауданына қарасты Баратай ауылында дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат таныған Науанды кейін әкесі Қызылжардағы медресеге береді. Қызылжар медресесін үздік бітіріп шыққан ол, сол кездегі Орта Азияда діни ғылым-білімнің орталығы саналатын Бұхар медресесіне оқуға жолдама алады. Бұхара медресесінде табан аудармай 15 жыл оқыған Наурызбай, хадис ілімімен қатар шығыстың бай әдебиетін, философиясын игеріп, көне түрік, парсы, араб, өзбек, татар тілдерін жетік меңгеріп шығады. Науанның қабілетіне риза болған медресе ғалымдары оны мұсылман ғылым- білімінің орталығы саналған Бағдатқа білімін жетілдіруге жіберіп, қайтып келгеннен кейін Бұхар медресесінде ұстаздыққа алып қалады.
#5 слайд
5 Әлихан Бөкейханов: «Науан 15 лет учился в Бухаре,
кончил там высшую школу и сделал блестящую карьеру,
исключительно благодаря своему необычайному
дарованию. В Бухаре Науан занимал место
преподавателя в высшей школе, откуда его вызвали
кокчетавские киргизы, послав особых делегатов», - деп
жазады. 1886 жылы көпшіліктің сұрауымен Науан
хазірет Көкшетау мешітіне имам болып тағайындалады.
Оның халық арасындағы абыройы өте жоғары болды.
Имамдыққа кірісе сала, оқу-ағарту істеріне көп көңіл
бөліп, маңайындағы өзге мешіттермен байланыс
орнатады. Халықтың қаржысынан түскен ақшаға
Көкшетауда жаңа мешіт салдырып, онда неке қию, жаңа
туған нәрестені тіркеу секілді рәсімдерді енгізеді.
5 слайд
5 Әлихан Бөкейханов: «Науан 15 лет учился в Бухаре, кончил там высшую школу и сделал блестящую карьеру, исключительно благодаря своему необычайному дарованию. В Бухаре Науан занимал место преподавателя в высшей школе, откуда его вызвали кокчетавские киргизы, послав особых делегатов», - деп жазады. 1886 жылы көпшіліктің сұрауымен Науан хазірет Көкшетау мешітіне имам болып тағайындалады. Оның халық арасындағы абыройы өте жоғары болды. Имамдыққа кірісе сала, оқу-ағарту істеріне көп көңіл бөліп, маңайындағы өзге мешіттермен байланыс орнатады. Халықтың қаржысынан түскен ақшаға Көкшетауда жаңа мешіт салдырып, онда неке қию, жаңа туған нәрестені тіркеу секілді рәсімдерді енгізеді.
#6 слайд
6 Мешіт жанынан қырдан келген молдалардың
білімін жетілдіру үшін оқу жұмыстарын
жүргізіп, жанында интернаты бар медресе де
ашады. Науан хазіретке бұл істе көмекшілікке
өзінің бұрынғы шәкірті Шәймерден Қосшығұлов
келеді. Хазірет өмірін егжей-тегжейлі зерттеп
жүрген тарихшы Қадыржан Қабиденұлы Әбу е в
медресе шәкірттерінің алған білімі жайлы:
«Медреседе діни дәріспен қатар зиялы білім беру
ісі де айтарлықтай деңгейде болды. Шәкірттер
оқу мен есептеуді, араб тілі мен орыс тілін қатар
үйренді. Абай өлеңдерін жаттап , шығыс
әдебиетін оқып-үйренуге көп ден қойылды.
6 слайд
6 Мешіт жанынан қырдан келген молдалардың білімін жетілдіру үшін оқу жұмыстарын жүргізіп, жанында интернаты бар медресе де ашады. Науан хазіретке бұл істе көмекшілікке өзінің бұрынғы шәкірті Шәймерден Қосшығұлов келеді. Хазірет өмірін егжей-тегжейлі зерттеп жүрген тарихшы Қадыржан Қабиденұлы Әбу е в медресе шәкірттерінің алған білімі жайлы: «Медреседе діни дәріспен қатар зиялы білім беру ісі де айтарлықтай деңгейде болды. Шәкірттер оқу мен есептеуді, араб тілі мен орыс тілін қатар үйренді. Абай өлеңдерін жаттап , шығыс әдебиетін оқып-үйренуге көп ден қойылды.
#7 слайд
7 Ресей империясының отарлық саясаты дендеп империяның барлық халқы патша мен бір дінде болу
керек деген сылтаумен қазақ халқын күштеп шоқындыра бастаған тұста Науан хазірет бұған батыл
қарсы шығып қайраткер ретінде халықты ұйымдастыра білді.
Қ.Әбуев: «Исламды қорғауға қазақ қоғамының әртүрлі әлеуметтік топтарынан шыққан ықпалды
адамдар үн көтерді, олар – Абай Құнанбайұлы, Ақан сері, Мұса Шорманұлы, Шыңғыс төре, Мұқамет-
салық, Мәмбетәлі Сердалин, Әлихан Бөкейханов, т.б. еді. Науан хазірет те халық арасында дін
исламның, ұлттық дәстүрлердің қорғаушысы ретінде үлкен беделге ие болды», - деп жазады. Деректер
көрсеткеніндей, Науан хазірет ұлттық дәстүрлерді сақтау ісіне халықты топтастыру үшін қазақ
даласының беделді, белгілі адамдарынан көмек сұрайды. Оның ішінде шәкірті Шәймерден екеуі Абай
Құнанбайұлына осы күресті басқаруға ұсыныс жасайды.
1903 жылдың 12 маусымынан Науан хазірет пен оның шәкірті Шәймерденді: «Өкіметтің қаулыларына
қазақтарды қарсы қоюшылар», - деп айыптап, Шығыс Сібірге жер аударады. Қазақ арасында ерекше
құрметке ие Науан хазіреттің жер аударылуы халықтың ашу-ызасын тудырады. М.Сердалин бастаған
ұлт зиялылары нақақтан-нақақ қудаланған хазіретті босатып алмақ ниетпен, ел ішінен петицияға қол
жинайды. Мыңдаған қол жинап, Петербургке аттанған Мәмбетәлі онда Ә.Бөкейхановқа жолығып, мән-
жайды түсіндіреді. Талай министрліктің табалдырығын тоздырған Ә.Бөкейханов ақырында Науан
хазірет пен Шәймерден Қосшығұловтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығуына қол жеткізеді.
7 слайд
7 Ресей империясының отарлық саясаты дендеп империяның барлық халқы патша мен бір дінде болу керек деген сылтаумен қазақ халқын күштеп шоқындыра бастаған тұста Науан хазірет бұған батыл қарсы шығып қайраткер ретінде халықты ұйымдастыра білді. Қ.Әбуев: «Исламды қорғауға қазақ қоғамының әртүрлі әлеуметтік топтарынан шыққан ықпалды адамдар үн көтерді, олар – Абай Құнанбайұлы, Ақан сері, Мұса Шорманұлы, Шыңғыс төре, Мұқамет- салық, Мәмбетәлі Сердалин, Әлихан Бөкейханов, т.б. еді. Науан хазірет те халық арасында дін исламның, ұлттық дәстүрлердің қорғаушысы ретінде үлкен беделге ие болды», - деп жазады. Деректер көрсеткеніндей, Науан хазірет ұлттық дәстүрлерді сақтау ісіне халықты топтастыру үшін қазақ даласының беделді, белгілі адамдарынан көмек сұрайды. Оның ішінде шәкірті Шәймерден екеуі Абай Құнанбайұлына осы күресті басқаруға ұсыныс жасайды. 1903 жылдың 12 маусымынан Науан хазірет пен оның шәкірті Шәймерденді: «Өкіметтің қаулыларына қазақтарды қарсы қоюшылар», - деп айыптап, Шығыс Сібірге жер аударады. Қазақ арасында ерекше құрметке ие Науан хазіреттің жер аударылуы халықтың ашу-ызасын тудырады. М.Сердалин бастаған ұлт зиялылары нақақтан-нақақ қудаланған хазіретті босатып алмақ ниетпен, ел ішінен петицияға қол жинайды. Мыңдаған қол жинап, Петербургке аттанған Мәмбетәлі онда Ә.Бөкейхановқа жолығып, мән- жайды түсіндіреді. Талай министрліктің табалдырығын тоздырған Ә.Бөкейханов ақырында Науан хазірет пен Шәймерден Қосшығұловтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығуына қол жеткізеді.
#8 слайд
8 2015 жылдың 16 қыркүйегі пайдалауға
берілді. Мешіттің жалпы ауданы 5137 шаршы
метрді құрайды.Сырты ағылай табиғи тасымен
қапталып ұлттық нақышта безендірілген.
Ғимараттың төрт бұрышында үлкенді кішілі
он бес күмбез бой түзеген.Мешіттің негізгі
залында 3000 жуық адам намаз оқи
8 слайд
8 2015 жылдың 16 қыркүйегі пайдалауға берілді. Мешіттің жалпы ауданы 5137 шаршы метрді құрайды.Сырты ағылай табиғи тасымен қапталып ұлттық нақышта безендірілген. Ғимараттың төрт бұрышында үлкенді кішілі он бес күмбез бой түзеген.Мешіттің негізгі залында 3000 жуық адам намаз оқи
#9 слайд
9Мешіт ұлттық нақыштағы сәулет өнері ерекшеліктеріне сай жасалынған.Нақтырақ айтсақ
алтын орда дәуіріндегі нақыштар мен орта азия нақыштары қазақы оюмен қатар берілген.
9 слайд
9Мешіт ұлттық нақыштағы сәулет өнері ерекшеліктеріне сай жасалынған.Нақтырақ айтсақ алтын орда дәуіріндегі нақыштар мен орта азия нақыштары қазақы оюмен қатар берілген.
#10 слайд
Мешіт ішінде құнды жәдігерлер сақталған арнайы бұрышта бар. Мұнда көне құран кітаптары
діни әдебиеттер сақталған.
10 слайд
Мешіт ішінде құнды жәдігерлер сақталған арнайы бұрышта бар. Мұнда көне құран кітаптары діни әдебиеттер сақталған.
#11 слайд
11
11 слайд
11
#12 слайд
12Қортынды
•
Қазақта жақсыдан шарапат, жақсының аты өлмейді дейді
Науан хазірет атамыз өзі болмағанымен оның атындағы
мешіт қаншама сауапты игі бастамаларға себеп
болуда.Атамыздың абыройы ешқандай саясат көмегінсіз ақ
халық жадында қайта жаңғыруда. Нағыз халықтық
махаббат, құрмет деген осы болар.
•
Науан хазірет тек Ислам дінін уағыздаған молда ғана емес,
халқының жанашыры, елінің мүддесі үшін құрылған ұлт-
азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы. Оның еткен
еңбегі өткенге – ғибрат, бүгінге – үлгі.
12 слайд
12Қортынды • Қазақта жақсыдан шарапат, жақсының аты өлмейді дейді Науан хазірет атамыз өзі болмағанымен оның атындағы мешіт қаншама сауапты игі бастамаларға себеп болуда.Атамыздың абыройы ешқандай саясат көмегінсіз ақ халық жадында қайта жаңғыруда. Нағыз халықтық махаббат, құрмет деген осы болар. • Науан хазірет тек Ислам дінін уағыздаған молда ғана емес, халқының жанашыры, елінің мүддесі үшін құрылған ұлт- азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы. Оның еткен еңбегі өткенге – ғибрат, бүгінге – үлгі.
#13 слайд
13Назарларыңызға рахмет!
13 слайд
13Назарларыңызға рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген