Материалдар / Жасөспірім тәрбиесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жасөспірім тәрбиесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Осынау өтпелі кезеңде жасөс­пірімнің алдынан көптеген таң­дау­лар шығады. Дос таңдау, жол таңдау, мамандық таңдау, міне­зін қалыптастыру секілді таңдауларды басынан кешеді. Осылар­дың барлығында жасөспірімге ақыл-кеңес айтатын ата-анасы­ның, мұғалімнің немесе айнала­сындағылардың көмегі міндетті түрде қажет. Арман – ойын бөлісіп, сыр шертісетін жан табылмаған жағдайда баланың үлкен қателік жіберуі де ғажап емес.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2023
441
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Жасөспірім тәрбиесі

1 слайд
Жасөспірім тәрбиесі

1 слайд

Жасөспірім тәрбиесі

Міндеті: бала өміріндегі физиологиялық және психологиялық өзгерістердің мәнін түсіну, ата – аналарға көмек беру, олардың наз

2 слайд
Міндеті: бала өміріндегі физиологиялық және психологиялық өзгерістердің мәнін түсіну, ата – аналарға көмек беру, олардың назарын балалардың іс –әрекетіне аудару;

 Жасөспірім — жас баланың ере сек болған жылдары. Яғни, 13 пен 18 жастың арасындағы жеткіншек. Осы жас аралығында бала

3 слайд
 Жасөспірім — жас баланың ере сек болған жылдары. Яғни, 13 пен 18 жастың арасындағы жеткіншек. Осы жас аралығында бала құбылмалы күй кешіп, белгілі бір таңдауларға бас ұрады. Мінез- құлқы құбылып, психологиясы өзгере бастайды. Мұны «жасөспірімдік дағдарыс» немесе «Өтпелі кезең» дейді.

Оқушы Мұғалім Ата - ана Осынау өтпелі кезеңде жасөс пірімнің алдынан көптеген таң дау лар шығады. Дос таңдау, жол таңдау

4 слайд
Оқушы Мұғалім Ата - ана Осынау өтпелі кезеңде жасөс пірімнің алдынан көптеген таң дау лар шығады. Дос таңдау, жол таңдау, мамандық таңдау, міне зін қалыптастыру секілді таңдауларды басынан кешеді. Осылар дың барлығында жасөспірімге ақыл-кеңес айтатын ата- анасы ның, мұғалімнің немесе айнала сындағылардың көмегі міндетті түрде қажет. Арман – ойын бөлісіп, сыр шертісетін жан табылмаған жағдайда баланың үлкен қателік жіберуі де ғажап емес.

ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРБИЕСІ НЕГЕ ҚИЫН? Жасөспірімнің әкелер қиындығы мен жұқартар жүйкесі жетіп артылады. Ересектер кейде: «Бізді

5 слайд
ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРБИЕСІ НЕГЕ ҚИЫН? Жасөспірімнің әкелер қиындығы мен жұқартар жүйкесі жетіп артылады. Ересектер кейде: «Біздің бала кейінгі кезде тыңдағанды қойды, бұзылды, сабағы нашарлап кетті, мұғалімдері де әбден шаршады…» деп жатады. Екі жақтың да жүйкесі жұқарған, баланың өзі де оңып тұрған жоқ: басы салбыраған, жанары сөнген, бәріне де өкпелі, ашулы… Неге солай болды? Бәрі де тек жақсы болсын деп еді ғой. Ал гәп бала мінез-құлқының осыншалықты бұзылуының себебі тереңде жатыр және оған ересектер де, баланың өзі де үңіліп жатқан жоқ. Әсіресе мынаны түсіну керек (және ол оңай емес) , оны басшылыққа алу керек – «қиын» балалар қатарына әдетте нашарлар емес, аса сезімтал және көңілі қалғыш балалар түсіп кетеді. Олар басқа құрбыларына қарағанда тұрмыстың түйткілдері мен қиындықтарын бұрынырақ сезіп, солардың әсерінен «жолдан тайып» жатады. Сондықтан оларды ұрсып, бетіне басқанның орнына тек көмектесу керек.  

Балалардың мінез- құлқының бұзылуына не себеп? Бірінші себеп – назар үшін күрес. Балалар қалыпты жағдайда өсіп, көңіл-к

6 слайд
Балалардың мінез- құлқының бұзылуына не себеп? Бірінші себеп – назар үшін күрес. Балалар қалыпты жағдайда өсіп, көңіл-күйі жайлы болу үшін ата-аналарының қажетті назарына үнемі ие бола бермейді. Қазіргі ата-аналардың уақыты жоқ және «олармен шұғылдануды» міндет деп санамайды. Сол себепті бала: «Тамағыңды іштің бе?», «Қыдырып келдің бе?», «Сабағыңды қарадың ба?» дегеннен басқа сауал естімейді де. Егер бәрі дұрыс болса, бала өз ой- арманымен, мүмкін қиындықтарымен өзі қалады, оған ешкім назар аудармайды. Ал балалардың ата-ана немқұрайлылығымен келісе қоюы оңай емес. Анасына немесе әкесіне «бірге отыруға», «бірге ойнауға», «бірге қыдыруға» тілек айтса, ол тілегі орындалмай жатады. Міне, сол кезде ол өзіне назар аудартудың басқа тәсілін: тыңдамауды таңдайды. Біресе сабақ оқудың орнына телевизор көрсе, біресе киімін ілмейді немесе магнитофонды бар дауысымен бақыртып қояды. Ата-аналар болса ашуланып, « тағы да ма…», «Саған қанша айту керек…» деген сияқты сұрақтарды жаудыртады.

Екінші себеп – «жеңіс» үшін күрес. Еркіндігі, өзін - өзі басқару құқы шектелген бала ата-аналарынан асып түсуге тырысады

7 слайд
Екінші себеп – «жеңіс» үшін күрес. Еркіндігі, өзін - өзі басқару құқы шектелген бала ата-аналарынан асып түсуге тырысады. Әсіресе қатынас құралы нұсқау, ұрсу және күмәндану болған жерде сондай сезім туындайды. Ата-аналар бәрін дұрыс істедім деп ойлайды: өйткені, бала бойына жақсы әдетті сіңіріп, тәртіпке шақыру, қателіктерін ескерту керек ғой. Ол дұрыс әрине, бірақ мәселе соны қалай істеу керектігінде. Егер ескертулер мен кеңестер тым жиі болса, ал бұйрықтар мен сындар тым қатаң болса, бала бір күні қарсы шығады. Қырсығу, бірбеткейлік, қарсылық пайда болады. жасөспірімнің мұндай мінез-құлқы – өз мәселесін өзі шешу құқын сақтап қалудан және өзінің кім екенін көрсетуден туындайды. Ол шешімінің сәтсіз және дұрыс болмауы да мүмкін, бірақ өз шешімі, ол үшін бастысы сол.

Келесі себеп – есе қайтару ниеті. Балалар, әсіресе жасөспірімдер ата-аналарына жиі ренжіп жүреді. Оның себебі өте көп болуы мү

8 слайд
Келесі себеп – есе қайтару ниеті. Балалар, әсіресе жасөспірімдер ата-аналарына жиі ренжіп жүреді. Оның себебі өте көп болуы мүмкін: ата-анасы інісіне көбірек назар аударады; шешесі мен әкесі ажырасып кетіп, үйде өгей әке пайда болды; ата-ана арасындағы ұрыс-керіс. Өкпелеудің де кездейсоқ себептері жетерлік: олардың қатты ескерту жасауы, уәдесін орындамауы, жазықсыз жазалауы… Тағы да бала көңіліне дақ түсті, реніш, тіпті күйзеліс пайда болды. Тағы да баяғы қарсылық, тыңдамау, сабақ үлгірімінің нашарлауы. «Сендер мені ренжіттіңдер ғой – сендерге де жаман болсын!».

Енді соңғы себеп – жасөспірімнің жалғаса беретін сәтсіздігі. Сыныптастарымен арадағы келіспеушілік, соның салдарынан сабақ

9 слайд
Енді соңғы себеп – жасөспірімнің жалғаса беретін сәтсіздігі. Сыныптастарымен арадағы келіспеушілік, соның салдарынан сабақ үлгірімінің нашарлауы, ал ол үйдегі ренішке апарып соғады… Соның бәрі айналып келгенде баланың өз-өзіне деген сенімділігін азайтады. Содан барып ол: «Тырысып керегі жоқ, бәрібір ештеңе өнбейді» деген ойға беріледі. Ол іштей ғана. Ал сырттай қарағанда: «оған бәрі бір», «басқаға да жаман болсын», «мен-ақ жаман болайын».

Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ере

10 слайд
Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете  білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ.

Әке мен шеше ұл-қыздарымен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына

11 слайд
Әке мен шеше ұл-қыздарымен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешенің, үй ішіндегі үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартатындар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз.

* өз бет-әлпетіне деген қызығушылық; * тәуелсіздік пен еркіндікке ұмтылу; * құрбыларымен топтасу; • жыныстық қатынас пен жыныст

12 слайд
* өз бет-әлпетіне деген қызығушылық; * тәуелсіздік пен еркіндікке ұмтылу; * құрбыларымен топтасу; • жыныстық қатынас пен жыныстар арасындағы қарым-қатынасқа деген жоғары қызығушылық; * жалғызсырау; • өзінің жеке кеңістігіне деген қажеттілік және оны қызғану; * кесіп айту, үзілді-кесілді пікір; * қаталдық көрсету арқылы ренжу. Жасөспірімдік жас дағдарысы процесінде көп кездесетін физиологиялық  және психологиялық өзгерістер мынадай нәтижелерге әкеледі:

1. Жасөспірім қарым-қатынасында ең маңыздысы – «ойнамау», жағдай мен көңіл-күйге байланысты өзгеруге икемділігіңізді көрсетуің

13 слайд
1. Жасөспірім қарым-қатынасында ең маңыздысы – «ойнамау», жағдай мен көңіл-күйге байланысты өзгеруге икемділігіңізді көрсетуіңіз керек, баланың пікіріне құлақ асу, оның тұлғасын құрметтеу керек. 2. Ата-аналардың бұйрық беріп, жетекшілік жасау уақыты әлдеқашан өтіп кетті. Сондықтан балаңызға айғайлап ұрысқаннан еш нәтиже шықпайды. Сіз жеңіліске ұшырайсыз. Оның орнына өзіңізді ұстамды, дәрежелі көрсетіп, нақты ісіңізбен ғана қарым- қатынасты орната аласыз. Жасөспірімнің «жауына» айналмас үшін онымен қарым-қатынасыңыз қандай болу керек?

3. Жасөспірімдік жастың бір ерекшелігі – өз ісінің дұрыстығын дәлелдеу болып табылады. Оны түсіну қиын, алайда балаңызбен бірг

14 слайд
3. Жасөспірімдік жастың бір ерекшелігі – өз ісінің дұрыстығын дәлелдеу болып табылады. Оны түсіну қиын, алайда балаңызбен бірге тәуекелге бел байлауға тура келеді. Осылайша оған біршама жақын болып, өзіңіздің тапқырлығыңызды көрсетесіз. 4. Әзіл мен оптимистік сезімді ұмытпаған дұрыс. Жасөспірім басынан өткен оқиғаның бәрінде трагедияның үлесі бар деп ойлайды. Сондықтан бұл жерде сіздің тарапыңыздан әзілдеу көмекке келеді. Алайда баланың сезіміне күлудің еш қажеті жоқ, әзіл сол қалыптасқан жағдайдың өзіне бағытталуы керек.  

Қорытынды сөз: "Қатты тәртiп көрсе бала күнiнде, Өнерiмен қуантады түбiнде. Бала ненi бiлсе жастан, ұядан– Өле-өлгенше соны таны

15 слайд
Қорытынды сөз: "Қатты тәртiп көрсе бала күнiнде, Өнерiмен қуантады түбiнде. Бала ненi бiлсе жастан, ұядан– Өле-өлгенше соны таныр қиядан. Өнер - бiлiм берем десең басынан, Бер оқуға балаларды жасынан, Ата - анадан өсiп ұрпақ тараған, Жақсы-жаман болса, бала – соларда" деп, ХI ғасырда Жүсiп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшелiктерiн жас күннен танып, соған қарай бағыт - бағдар, тәрбие берудiң маңызы ерекше. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсiнiстiк, үлкен жауапкершiлiк сезiмдерi бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берiлген тәрбие сiңiмдi және негiздi.