Жеке_қорғану_құралдарын_қолдануға_жаттығу
Жеке_қорғану_құралдарын_қолдануға_жаттығу

#1 слайд
Жеке қорғану құралдарын
қолдануға жаттығу
АӘД оқытушысы: Н.Д. Болат
1 слайд
Жеке қорғану құралдарын қолдануға жаттығу АӘД оқытушысы: Н.Д. Болат
#2 слайд
Жеке қорғану құралдары ағза ішіне, тері қабаттарына, киімге
радиобелсенді, улағыш заттар мен биологиялық құралдардың түсуінен қорғайды.
Тыныс алу органдарын қорғау құралдары (газтұмылдырықтар, респираторлар, мата
бетперделер, мақта-дәкелі таңғыштар)
Теріні қорғау құралдары (арнайы қорғаныс киімі, қолда бар теріні қорғау құралдары,
медициналық қорғаныс құралдары) жатады.
2 слайд
Жеке қорғану құралдары ағза ішіне, тері қабаттарына, киімге радиобелсенді, улағыш заттар мен биологиялық құралдардың түсуінен қорғайды. Тыныс алу органдарын қорғау құралдары (газтұмылдырықтар, респираторлар, мата бетперделер, мақта-дәкелі таңғыштар) Теріні қорғау құралдары (арнайы қорғаныс киімі, қолда бар теріні қорғау құралдары, медициналық қорғаныс құралдары) жатады.
#3 слайд
Газтұмылдырық «Газдар» командасы бойынша киіледі. Химиялық,
биологиялық зақымдалудың алғашқы белгілері байқалғанда команда бойынша
немесе өз шешімімімен киеді.
3 слайд
Газтұмылдырық «Газдар» командасы бойынша киіледі. Химиялық, биологиялық зақымдалудың алғашқы белгілері байқалғанда команда бойынша немесе өз шешімімімен киеді.
#4 слайд
Газтұмылдырықты кию тәртібі:
- демді ұстап, қөзді жұмып, қаруды «карубауға» алу (немесе жерге қою, аяқтың
арасына қысып ұстау, тіреп қою);
- бас киімді шешу;
- дулыға-бетпердені суырып алып, басбармақ сыртта, ал қалған саусақтар іште
қалатындай етіп дулыға-бетперденің төменгі бөлігіндегі тығыздалған шеттерінен екі
қолмен ұстау;
- дулыға-бетперденің төменгі бөлігін иекке іліндіріп, қатпарланып қалмайтындай
және көзәйнегі көзге тура келетіндей етіп, шапшаң әрекетпен қолды жоғары кейін артқа
қарай тарту;
- толық дем шығарып, көзді ашып, тыныс алуды қалыпты жағдайда жалғастыру;
- дулыға-бетпердені кию кезінде пайда болған қатпар, қисықтарды дұрыстау.
4 слайд
Газтұмылдырықты кию тәртібі: - демді ұстап, қөзді жұмып, қаруды «карубауға» алу (немесе жерге қою, аяқтың арасына қысып ұстау, тіреп қою); - бас киімді шешу; - дулыға-бетпердені суырып алып, басбармақ сыртта, ал қалған саусақтар іште қалатындай етіп дулыға-бетперденің төменгі бөлігіндегі тығыздалған шеттерінен екі қолмен ұстау; - дулыға-бетперденің төменгі бөлігін иекке іліндіріп, қатпарланып қалмайтындай және көзәйнегі көзге тура келетіндей етіп, шапшаң әрекетпен қолды жоғары кейін артқа қарай тарту; - толық дем шығарып, көзді ашып, тыныс алуды қалыпты жағдайда жалғастыру; - дулыға-бетпердені кию кезінде пайда болған қатпар, қисықтарды дұрыстау.
#5 слайд
Газтұмылдырықты шешу «Газтұмылдырықты ШЕШ» командасымен
орындалады. Осы команда бойынша:
- қаруды «қарубауға» алу (немесе жерге қою, аяқ арасына қысып ұстау, тіреп
қою).
- бір қолмен бас киімді көтеріп, екінші қолмен тығынды құтыдан ұстап, дулыға-
бетпердені аздап алға тартып және қолдың алға-жоғары әрекетімен оны шешу;
- бас киімді кию;
- дулыға-бетпердені жинап, сөмкедегі өз орнына салу.
5 слайд
Газтұмылдырықты шешу «Газтұмылдырықты ШЕШ» командасымен орындалады. Осы команда бойынша: - қаруды «қарубауға» алу (немесе жерге қою, аяқ арасына қысып ұстау, тіреп қою). - бір қолмен бас киімді көтеріп, екінші қолмен тығынды құтыдан ұстап, дулыға- бетпердені аздап алға тартып және қолдың алға-жоғары әрекетімен оны шешу; - бас киімді кию; - дулыға-бетпердені жинап, сөмкедегі өз орнына салу.
#6 слайд
Р-2 респираторы екі тыныс алу тығыны және бір сақтандырғыш экраны бар дем
шығару тығынымен жарақталған, иілгіш және созылмайтын таспалары бар жүгендігі
және мұрындық қысқысы бар сүзгілеуші жарты бетперде болып табылады. Респиратор
сақиналы полиэтилен қалташада сақталады.
6 слайд
Р-2 респираторы екі тыныс алу тығыны және бір сақтандырғыш экраны бар дем шығару тығынымен жарақталған, иілгіш және созылмайтын таспалары бар жүгендігі және мұрындық қысқысы бар сүзгілеуші жарты бетперде болып табылады. Респиратор сақиналы полиэтилен қалташада сақталады.
#7 слайд
Р-2 респираторын кию үшін:
- бас киімді шешу немесе оны иек асты бауы байланған болса, артқа шалқайту;
- респираторды газтұмылдырық сөмкесінен алу, қапшығынан шығару және ретімен кию;
- оның қысқысын мұрынға қысып, 2-3 рет терең тыныс алу, қапшығын сөмкеге қайта салу;
- бас киімді киіп, сөмкенің ауызын жауып, тоғасын өткізу қажет.
7 слайд
Р-2 респираторын кию үшін: - бас киімді шешу немесе оны иек асты бауы байланған болса, артқа шалқайту; - респираторды газтұмылдырық сөмкесінен алу, қапшығынан шығару және ретімен кию; - оның қысқысын мұрынға қысып, 2-3 рет терең тыныс алу, қапшығын сөмкеге қайта салу; - бас киімді киіп, сөмкенің ауызын жауып, тоғасын өткізу қажет.
#8 слайд
Газтұмылдырықты жараланған адамға кигізу үшін тізе бүге отырып, оған
зақымданған адамның басын қою немесе отырғызу, дулыға-бетперде немесе бетпердені
суырып алып, оны астыңғы жағынан қос қолдап ұстайды да, жарақаттанған адамның
иегіне іліндіреді, дулыға-бетперденің шетінен немесе таспаларынан жеңіл тартып, оны
басқа кигізу қажет.
8 слайд
Газтұмылдырықты жараланған адамға кигізу үшін тізе бүге отырып, оған зақымданған адамның басын қою немесе отырғызу, дулыға-бетперде немесе бетпердені суырып алып, оны астыңғы жағынан қос қолдап ұстайды да, жарақаттанған адамның иегіне іліндіреді, дулыға-бетперденің шетінен немесе таспаларынан жеңіл тартып, оны басқа кигізу қажет.
#9 слайд
«Газтұмылдырық және респираторды кию» нормативін орындау шарттары
Оқушылар газтұмылдырықты «ГАЗДАР» командасы бойынша, респираторды
«РЕСПИРАТОР КИ» командасы бойынша киеді.
Нормативтерді орындау
Бағалау
Газтұмылдырық
(секунд)
Респиратор
(секунд)
«үздік» 7 сек (8 сек) 11 сек (12 сек)
«жақсы» 8 сек (9 сек) 12 сек (13 сек)
«қанағаттанарлық» 10 сек (11 сек) 14 сек (15 сек)
9 слайд
«Газтұмылдырық және респираторды кию» нормативін орындау шарттары Оқушылар газтұмылдырықты «ГАЗДАР» командасы бойынша, респираторды «РЕСПИРАТОР КИ» командасы бойынша киеді. Нормативтерді орындау Бағалау Газтұмылдырық (секунд) Респиратор (секунд) «үздік» 7 сек (8 сек) 11 сек (12 сек) «жақсы» 8 сек (9 сек) 12 сек (13 сек) «қанағаттанарлық» 10 сек (11 сек) 14 сек (15 сек)
#10 слайд
Қорғаныс киімі жиынтығын комбинезон түрінде қарсылас тарапынан кенеттен
биологиялық (бактериологиялық) құралдар, радиобелсенді немесе улағыш заттар
қолданылғанда немесе радиобеслсенді заттармен зақымдалған жергілікті жерлер
белгілі болса киеді. Оны «ҚОРҒАНЫСЫН ЖИЫНТЫҒЫН КИ, ГАЗДАР»
командасы бойынша алдын ала киеді.
10 слайд
Қорғаныс киімі жиынтығын комбинезон түрінде қарсылас тарапынан кенеттен биологиялық (бактериологиялық) құралдар, радиобелсенді немесе улағыш заттар қолданылғанда немесе радиобеслсенді заттармен зақымдалған жергілікті жерлер белгілі болса киеді. Оны «ҚОРҒАНЫСЫН ЖИЫНТЫҒЫН КИ, ГАЗДАР» командасы бойынша алдын ала киеді.
#11 слайд
Қорғаныс киімі жиынтығын комбинезон түрінде кию үшін:
- қаруды жерге қояды немесе қандай да бір нәрсеге сүйейді;
- газтұмылдырық сөмкесін, бас киімді, басқа жарақтарды шешіп, жерге
қояды.
- күртешені шалбар ішіне салады;
- қорғаныс шұлықтарын киеді;
- плащтың қапшығын ашуға арналған таспаны тартып, босатады;
- плащты (жадағай) жеңімен киеді;
- ескі үлгідегі плащта оның артқы және бүйір қыспаларының ұшын
шешіп, оларды ұстағыштарынан босатып алады, плащтың артқы қыспасын аяқ
арасынан алға өткізіп алады да, оны оң және сол жамбас жағынан белбеуге
(шалбар белдігіне) бекітеді;
- алдымен плащтың оң жақ, кейін сол жақ етегі қыстырғыларының
(шпенок) ортадағы ұстағыштарын орталық қыстырғыға (негізгі) түймелейді және
оларды ұстатқыға (закрепка) бекітеді.
11 слайд
Қорғаныс киімі жиынтығын комбинезон түрінде кию үшін: - қаруды жерге қояды немесе қандай да бір нәрсеге сүйейді; - газтұмылдырық сөмкесін, бас киімді, басқа жарақтарды шешіп, жерге қояды. - күртешені шалбар ішіне салады; - қорғаныс шұлықтарын киеді; - плащтың қапшығын ашуға арналған таспаны тартып, босатады; - плащты (жадағай) жеңімен киеді; - ескі үлгідегі плащта оның артқы және бүйір қыспаларының ұшын шешіп, оларды ұстағыштарынан босатып алады, плащтың артқы қыспасын аяқ арасынан алға өткізіп алады да, оны оң және сол жамбас жағынан белбеуге (шалбар белдігіне) бекітеді; - алдымен плащтың оң жақ, кейін сол жақ етегі қыстырғыларының (шпенок) ортадағы ұстағыштарын орталық қыстырғыға (негізгі) түймелейді және оларды ұстатқыға (закрепка) бекітеді.
#12 слайд
- плащ етектерін сол жақ етегі сол аяқты, оң жақ етегі оң аяқты
қаптайтындай етіп, өзінің қыстырғыларына түймелейді; орталық қыстырғыдан
төмен орналасқан екі қыстырғының ұстағыштарын ұстатқымен бекітеді.
- плащтың жамбас қыспаларын, оларды тізенің астыңғы тұсынан аяқты орап
алып, қыстырғыларға түймелейді;
- екі жоғары ұстағыштарды түймелеместен қалдырып, плащтың өнірлерін
түймелейді;
- плащтың үстінен қару-жарақ асылып, газтұмылдырықты киеді;
- газтұмылдырықты әскери жағдайға келтіреді;
- дулыға телпегі (ішпегі) және бас киім , сосын күлпараны басқа киеді ;
плащта қалдырылған ұстағыштарды күләпара қыспаларына түймелейді;
- қолғапты киеді;
- қаруды қолға алады.
12 слайд
- плащ етектерін сол жақ етегі сол аяқты, оң жақ етегі оң аяқты қаптайтындай етіп, өзінің қыстырғыларына түймелейді; орталық қыстырғыдан төмен орналасқан екі қыстырғының ұстағыштарын ұстатқымен бекітеді. - плащтың жамбас қыспаларын, оларды тізенің астыңғы тұсынан аяқты орап алып, қыстырғыларға түймелейді; - екі жоғары ұстағыштарды түймелеместен қалдырып, плащтың өнірлерін түймелейді; - плащтың үстінен қару-жарақ асылып, газтұмылдырықты киеді; - газтұмылдырықты әскери жағдайға келтіреді; - дулыға телпегі (ішпегі) және бас киім , сосын күлпараны басқа киеді ; плащта қалдырылған ұстағыштарды күләпара қыспаларына түймелейді; - қолғапты киеді; - қаруды қолға алады.
#13 слайд
Қорғаныс киімі жиынтығын комбинезон түрінде киюден нормативтерді
орындау
Орындау шарттары «Үздік» «Жақсы»
«Қанағаттанар
лық»
Ашық жерде
4 мин. 35 сек.
(4 мин. 50 сек.)
5 мин. 00 сек.
(5 мин. 20 сек.)
6 мин. 00 сек.
(6 мин. 20 сек.)
Таса орында немесе
жабық машинада
7 мин. 00 сек.
(8 мин. 50 сек.)
7 мин. 40 сек.
(9 мин. 40 сек.)
9 мин. 10 сек.
(12 мин. 00 сек.)
13 слайд
Қорғаныс киімі жиынтығын комбинезон түрінде киюден нормативтерді орындау Орындау шарттары «Үздік» «Жақсы» «Қанағаттанар лық» Ашық жерде 4 мин. 35 сек. (4 мин. 50 сек.) 5 мин. 00 сек. (5 мин. 20 сек.) 6 мин. 00 сек. (6 мин. 20 сек.) Таса орында немесе жабық машинада 7 мин. 00 сек. (8 мин. 50 сек.) 7 мин. 40 сек. (9 мин. 40 сек.) 9 мин. 10 сек. (12 мин. 00 сек.)
#14 слайд
Қорғаныс киімі жиынтығын «Қорғаныс жиынтығын ШЕШ» командасы бойынша шешеді.
Осы команда бойынша:
- жамбас қыспаларын шешеді;
- ұстатқыларды ағытады, плащтың етегін және қыспаларды немесе қорғаныс шұлығының
таспаларын босатады;
- газтұмылдырық сөмкесін шешіп, ішінен газтұмылдырық қорабын шығарады және оны
біріктіру түтікшесіне салбыратып қояды;
- жарақтарды шешеді;
- плащ өңірін ағытады;
- күләпара қыспаларын ағытып, артқа сырып тастайды
- жеңнің қыспаларын ағытады және жең ілмектерін басбармақтан шешеді;
- қолды жеңнен суырып алып, бір уақытта қолғапты шешеді;
- плащты шешіп, сыртын төмен қаратып жерге тастайды;
- ескі үлгідегі плащта оның артқы қыспаларын белбеу немесе шалбар белдігінен ағытады,
жаңа үлгідегі плащта таспаларын шешеді;
- қорғаныс шұлығының таспаларын немесе шалбар белдігін шешеді, қорғаныс шұлықтарын
шешеді;
- дулыға телпегін шешеді;
- жел өтіне өтіп газтұмылдырықты шешеді.
14 слайд
Қорғаныс киімі жиынтығын «Қорғаныс жиынтығын ШЕШ» командасы бойынша шешеді. Осы команда бойынша: - жамбас қыспаларын шешеді; - ұстатқыларды ағытады, плащтың етегін және қыспаларды немесе қорғаныс шұлығының таспаларын босатады; - газтұмылдырық сөмкесін шешіп, ішінен газтұмылдырық қорабын шығарады және оны біріктіру түтікшесіне салбыратып қояды; - жарақтарды шешеді; - плащ өңірін ағытады; - күләпара қыспаларын ағытып, артқа сырып тастайды - жеңнің қыспаларын ағытады және жең ілмектерін басбармақтан шешеді; - қолды жеңнен суырып алып, бір уақытта қолғапты шешеді; - плащты шешіп, сыртын төмен қаратып жерге тастайды; - ескі үлгідегі плащта оның артқы қыспаларын белбеу немесе шалбар белдігінен ағытады, жаңа үлгідегі плащта таспаларын шешеді; - қорғаныс шұлығының таспаларын немесе шалбар белдігін шешеді, қорғаныс шұлықтарын шешеді; - дулыға телпегін шешеді; - жел өтіне өтіп газтұмылдырықты шешеді.
#15 слайд
Комбинезон түрінде киілген қорғаныс киімі жиынтығын шешу
15 слайд
Комбинезон түрінде киілген қорғаныс киімі жиынтығын шешу
#16 слайд
Дербес дәрі қобдишасы және жеке химиялық қорғаныс қалташасы, олардың
қолданылуы, пайдалану тәртібі
Дербес дәрі қобдишасы алдын алу және радиациялық, химиялық және бактериологиялық
зақымдалу кезінде, сонымен қатар аралас жарақаттар кезінде алғашқы медициналық көмек
көрсетуге арналған.
Қобдишаны күртенің сыртқы көкірек қалтасында алып жүреді, суық кезде сұйық дәрілер
қатып қалмауы үшін әскери киімнің ішкі көкірек қалтасында алып жүрген дұрыс.
Дербес дәрі қобдишасындағы медициналық дәрі-дәрмектер науқастарға алғашқы көмек
көрсетуге арналған. Олар күйік шалғанда , жаралы болғанда ауырғанды бәсеңдетеді, жараның
таралуының, іріңдеуінің алдын алады. Сонымен қатар суды залалсыздандыру, көзді жуу, бас ауруы,
кез келген жердегі қан кетуді тоқтату құралдары да бар.
16 слайд
Дербес дәрі қобдишасы және жеке химиялық қорғаныс қалташасы, олардың қолданылуы, пайдалану тәртібі Дербес дәрі қобдишасы алдын алу және радиациялық, химиялық және бактериологиялық зақымдалу кезінде, сонымен қатар аралас жарақаттар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған. Қобдишаны күртенің сыртқы көкірек қалтасында алып жүреді, суық кезде сұйық дәрілер қатып қалмауы үшін әскери киімнің ішкі көкірек қалтасында алып жүрген дұрыс. Дербес дәрі қобдишасындағы медициналық дәрі-дәрмектер науқастарға алғашқы көмек көрсетуге арналған. Олар күйік шалғанда , жаралы болғанда ауырғанды бәсеңдетеді, жараның таралуының, іріңдеуінің алдын алады. Сонымен қатар суды залалсыздандыру, көзді жуу, бас ауруы, кез келген жердегі қан кетуді тоқтату құралдары да бар.
#17 слайд
ИПП-10 жеке химиялық қорғаныс құралын қолданып, ішінара өңдеу
жүргізу тәртібі:
- тескішін жұмыс жағдайына келтіру;
- оған соққы беріп қалташасын ашу және тескішті шығарып алу;
- дәріні рецептік мөлшерде алақанға құйып алып сойынды, қолды,
газтұмылдырықтың бет бөлігін толық, біртегіс сүрту;
- осыған ұқсас матаның ішкі және сыртқы беттерін қалдырмастан, күртенің
(шинельдің) жағасын, жең ұштарын да өңдеу;
- қалташаны қымтап жауып, оны келесі қолданғанша сақтап қою.
Жеке химиялық қорғаныс қалташасы (ЖХҚҚ) жеке құрамды қарсыластың
улағыш заттарынан зақымданудан қорғауға және адам терісінің ашық бөліктерін
залалсыздандыруға арналған.
ИПП-10
17 слайд
ИПП-10 жеке химиялық қорғаныс құралын қолданып, ішінара өңдеу жүргізу тәртібі: - тескішін жұмыс жағдайына келтіру; - оған соққы беріп қалташасын ашу және тескішті шығарып алу; - дәріні рецептік мөлшерде алақанға құйып алып сойынды, қолды, газтұмылдырықтың бет бөлігін толық, біртегіс сүрту; - осыған ұқсас матаның ішкі және сыртқы беттерін қалдырмастан, күртенің (шинельдің) жағасын, жең ұштарын да өңдеу; - қалташаны қымтап жауып, оны келесі қолданғанша сақтап қою. Жеке химиялық қорғаныс қалташасы (ЖХҚҚ) жеке құрамды қарсыластың улағыш заттарынан зақымданудан қорғауға және адам терісінің ашық бөліктерін залалсыздандыруға арналған. ИПП-10
#18 слайд
ИПП-11 жеке химиялық қорғаныс құралын қолданып, ішінара өңдеу
жүргізу тәртібі:
- қалташаны жыртып ішінен дәрі сіңдірілген дәкені алу;
- онымен бет терісінің, қолдың ашық аймақтарын және осы жерлерге
жанасатын киім жиектерін сүрту (бір қалташа бір өңдеуге жұмсалады).
ИПП-11
18 слайд
ИПП-11 жеке химиялық қорғаныс құралын қолданып, ішінара өңдеу жүргізу тәртібі: - қалташаны жыртып ішінен дәрі сіңдірілген дәкені алу; - онымен бет терісінің, қолдың ашық аймақтарын және осы жерлерге жанасатын киім жиектерін сүрту (бір қалташа бір өңдеуге жұмсалады). ИПП-11
#19 слайд
Газтұмылдырықты кию
https://youtu.be/PlC1HGVTWNk
Жалпыәскери қорғаныс жиынтығын кию
Жамылғы түрінде: https://youtu.be/4fIBr0BLtFU
Комбинезон түрінде: https://youtu.be/nuXCVa6tqCE
19 слайд
Газтұмылдырықты кию https://youtu.be/PlC1HGVTWNk Жалпыәскери қорғаныс жиынтығын кию Жамылғы түрінде: https://youtu.be/4fIBr0BLtFU Комбинезон түрінде: https://youtu.be/nuXCVa6tqCE
шағым қалдыра аласыз













