Презентация:«Жылдам оқудың» әдіс- тәсілдерін қолдау




1 слайд
galamat_school
«Жылдам оқудың»
әдіс- тәсілдерін қолдану
1 слайд
galamat_school «Жылдам оқудың» әдіс- тәсілдерін қолдану

2 слайд
galamat_school
Мақсаты:
Баланың екі ми бөліктерін
бірдей дамытуға бағытталып,
оның креативті ойлауын дамыту,
сыну ойлау дағдысын
қалыптастыру және есте сақтау
қабілетін арттыруға бағытталған.
2 слайд
galamat_school Мақсаты: Баланың екі ми бөліктерін бірдей дамытуға бағытталып, оның креативті ойлауын дамыту, сыну ойлау дағдысын қалыптастыру және есте сақтау қабілетін арттыруға бағытталған.

3 слайд
galamat_school
Міндеті:
Зейінді дамыту
Есте сақтау қабілетін дамыту
Сөздік қорды арттыру
Көздің қамту аймағын кеңейту
Артикуляцияны дамыту
Дұрыс тыныс алу жаттығулары
Жылдам ойлану
Жылдам оқу
3 слайд
galamat_school Міндеті: Зейінді дамыту Есте сақтау қабілетін дамыту Сөздік қорды арттыру Көздің қамту аймағын кеңейту Артикуляцияны дамыту Дұрыс тыныс алу жаттығулары Жылдам ойлану Жылдам оқу

4 слайд
galamat_school
Шульте кестесі
71021183
142512313
416695
221121215
198172420
Бұл жаттығуды қалай орындаймыз? Бұл
әдісімізде баланың бүкіл назары ортадағы 6
санында болады, көзінің қарашығын
қозғалтпай, 1- ден 25 – ке дейінгі сандарды
реттілігімен қаламмен немесе саусағымен
көрсетуі керек. Бұл жаттығу да бастапқы
кезде 4х4 нұсқадағысынан бастау керек. Бала
бұл жаттығуды жылдам орындап, реттілігін
дұрыс көрсетіп бастағанда жаттығуды
кішкене қиындатуға болады. Өзіңіз
балаңызға «мына санды тауып берші», «енді
мына сан қайда орналасқан?» деп реттілігін
кездейсоқ сандардан да сұрауға болады. Бұл
жаттығуды орындату барысында таймер қою
маңызды. Себебі бала өзіндегі прогресті тек
қана уақытпен өлшейді.
4 слайд
galamat_school Шульте кестесі 71021183 142512313 416695 221121215 198172420 Бұл жаттығуды қалай орындаймыз? Бұл әдісімізде баланың бүкіл назары ортадағы 6 санында болады, көзінің қарашығын қозғалтпай, 1- ден 25 – ке дейінгі сандарды реттілігімен қаламмен немесе саусағымен көрсетуі керек. Бұл жаттығу да бастапқы кезде 4х4 нұсқадағысынан бастау керек. Бала бұл жаттығуды жылдам орындап, реттілігін дұрыс көрсетіп бастағанда жаттығуды кішкене қиындатуға болады. Өзіңіз балаңызға «мына санды тауып берші», «енді мына сан қайда орналасқан?» деп реттілігін кездейсоқ сандардан да сұрауға болады. Бұл жаттығуды орындату барысында таймер қою маңызды. Себебі бала өзіндегі прогресті тек қана уақытпен өлшейді.

5 слайд
galamat_school
Артикуляция жаттығуын мұғаліммен бірге
орында.
Артикуляциялық жаттығу – бұл бұлшық ет пен сөйлеу аппаратын нығайтуға,
сөйлеуге қатысатын ағзалардың күш, қимыл-қозғалыс және іс-әрекеттің
дифференциациясын нығайтуға арналған жаттығулар жиыны.
Артикуляциялық жаттығудың мақсаты дыбысты дұрыс айту үшін сөйлеу
аппаратын дұрыс қозғалысқа келтіру және тілді белгілі бір қалыпта ұстау,
қарапайым қимылды күрделі қимылдарға айналдыру
Артикуляциялық жаттығуларды дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар
қолданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін,
тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру
үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен
аталады.
Сабақ күн сайын жүргізілу керек. Жаттығуларға көшпес бұрын, ең алдымен
міндетті түрде балалармен ерінге арналған жаттығулар жасау керек. Жаттығулар 15
минуттан аспауы керек.
5 слайд
galamat_school Артикуляция жаттығуын мұғаліммен бірге орында. Артикуляциялық жаттығу – бұл бұлшық ет пен сөйлеу аппаратын нығайтуға, сөйлеуге қатысатын ағзалардың күш, қимыл-қозғалыс және іс-әрекеттің дифференциациясын нығайтуға арналған жаттығулар жиыны. Артикуляциялық жаттығудың мақсаты дыбысты дұрыс айту үшін сөйлеу аппаратын дұрыс қозғалысқа келтіру және тілді белгілі бір қалыпта ұстау, қарапайым қимылды күрделі қимылдарға айналдыру Артикуляциялық жаттығуларды дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен аталады. Сабақ күн сайын жүргізілу керек. Жаттығуларға көшпес бұрын, ең алдымен міндетті түрде балалармен ерінге арналған жаттығулар жасау керек. Жаттығулар 15 минуттан аспауы керек.

6 слайд
galamat_school
Артикуляция жаттығуын мұғаліммен бірге
орында.
Қамыр Тосап Кесе
6 слайд
galamat_school Артикуляция жаттығуын мұғаліммен бірге орында. Қамыр Тосап Кесе

7 слайд
galamat_school
Жаңылтпашты АССОЦИАЦИЯ
арқылы жатта
Ассоциация латынның «біріктіру» деген сөзін білдіреді. Ол сезіну, түсіну, ойлау
және елестету қабілеттері арқылы екі түрлі танымның өзара байланысы болып
табылады. Алған білім мен тәжірибе арқылы балалар айнала қоршаған заттар
мен құбылыстарды әртүрлі етіп тани алады.
Ассоциация әдісі сөйлеуге үйретеді, тілдік әрекетін белсендетуде көркем
әдебиетте қолданылады. Осы арқылы балалардың ойлау, сезіну, түсіну, дұрыс
сөйлеу қабілеттері дамиды. Сөздік қорлары молайып, сөйлем құрап, өз ойларын
жеткізе білуге, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтып, халық мәдениетін
құрметтеуге, адамгершілікке баулиды. Ассоциация әдісінің қолданғанда бала
ой-пікірлерін ашық, еркін айта алады.
7 слайд
galamat_school Жаңылтпашты АССОЦИАЦИЯ арқылы жатта Ассоциация латынның «біріктіру» деген сөзін білдіреді. Ол сезіну, түсіну, ойлау және елестету қабілеттері арқылы екі түрлі танымның өзара байланысы болып табылады. Алған білім мен тәжірибе арқылы балалар айнала қоршаған заттар мен құбылыстарды әртүрлі етіп тани алады. Ассоциация әдісі сөйлеуге үйретеді, тілдік әрекетін белсендетуде көркем әдебиетте қолданылады. Осы арқылы балалардың ойлау, сезіну, түсіну, дұрыс сөйлеу қабілеттері дамиды. Сөздік қорлары молайып, сөйлем құрап, өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтып, халық мәдениетін құрметтеуге, адамгершілікке баулиды. Ассоциация әдісінің қолданғанда бала ой-пікірлерін ашық, еркін айта алады.

8 слайд
galamat_school
Жаңылтпашты АССОЦИАЦИЯ
арқылы жатта
Жағажай,
Жағажайда Қамажай.
Жағажайды жағалай,
Жүгіреді Қамажай.
Суретін кітапқа сал!
8 слайд
galamat_school Жаңылтпашты АССОЦИАЦИЯ арқылы жатта Жағажай, Жағажайда Қамажай. Жағажайды жағалай, Жүгіреді Қамажай. Суретін кітапқа сал!

9 слайд
galamat_school
Суретті оңға көшір
Графикалық диктант дегеніміз тор бетке
салынған суретті оңнан солға қарай дәлдеп
салу. Бұл жаттығу баланың зейінін бір жерге
шоғырландырады. Ұқыптылыққа,
мұқияттылыққа тәрбиелейді.
9 слайд
galamat_school Суретті оңға көшір Графикалық диктант дегеніміз тор бетке салынған суретті оңнан солға қарай дәлдеп салу. Бұл жаттығу баланың зейінін бір жерге шоғырландырады. Ұқыптылыққа, мұқияттылыққа тәрбиелейді.

10 слайд
galamat_school
Суретті оңға көшір
10 слайд
galamat_school Суретті оңға көшір

11 слайд
galamat_school
«Антиципация» әдісімен оқып, кілтті
сөздердің астын сыз.
Мәтінге қажетті сөздерді жылдам тауып орнына
қойып отырып, оқып шығу. Мәтінді уақытқа
жылдам оқып шыққаннан соң, мәтіннен кілтті
сөзді тауып сұрақтарға жауап береміз. Бұл
тапсырма жылдам ғана оқу емес, оқи отырып
түсіну
11 слайд
galamat_school «Антиципация» әдісімен оқып, кілтті сөздердің астын сыз. Мәтінге қажетті сөздерді жылдам тауып орнына қойып отырып, оқып шығу. Мәтінді уақытқа жылдам оқып шыққаннан соң, мәтіннен кілтті сөзді тауып сұрақтарға жауап береміз. Бұл тапсырма жылдам ғана оқу емес, оқи отырып түсіну

12 слайд
galamat_school
«Антиципация» әдісімен оқып, кілтті сөздердің астын
сыз.
Түйе
Түйе - төрт түлік __________ жатады. Түйе шөлге шыдамды мал.
Түйенің төлін _______ дейді. Түйе екі жылда бір боталайды. Бір
өркешті түйені __________ дейді. Түйенің сүтінен
__________жасайды. Шұбат – адам денсаулығына _________
сусын. Түйенің жүнінен _________ жасайды.
Етінен __________жасайды. Түйені көлік ретінде де пайдаланады.
•Бір өркешті түйені қалай атаймыз?
•Түйенің жүнінен не жасайды екен?
12 слайд
galamat_school «Антиципация» әдісімен оқып, кілтті сөздердің астын сыз. Түйе Түйе - төрт түлік __________ жатады. Түйе шөлге шыдамды мал. Түйенің төлін _______ дейді. Түйе екі жылда бір боталайды. Бір өркешті түйені __________ дейді. Түйенің сүтінен __________жасайды. Шұбат – адам денсаулығына _________ сусын. Түйенің жүнінен _________ жасайды. Етінен __________жасайды. Түйені көлік ретінде де пайдаланады. •Бір өркешті түйені қалай атаймыз? •Түйенің жүнінен не жасайды екен?

13 слайд
galamat_school
Санды лабиринт
100-ден 1-ге қарай жүріп көбелекті
гүлге отырғыз
13 слайд
galamat_school Санды лабиринт 100-ден 1-ге қарай жүріп көбелекті гүлге отырғыз

14 слайд
galamat_school
Санды лабиринт
Санды лабиринт жаттығуы-
баланың ойлау қабілетін
дамытуға көмектеседі. Егер біз
мәтіндермен сөздермен жұмыс
жасайтын болсақ. Балада жалығу
сезімі пайда болады. Ал, бізге
керісінше баланың сабаққа деген
ынтасын арттыру үшін. Сурет,
кесте, лабиринт сияқты креативті
тәсілдерді қолданып, баланың оң
жақ миын дамытып,
шығармашылыққа баулуымыз
қажет.
14 слайд
galamat_school Санды лабиринт Санды лабиринт жаттығуы- баланың ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі. Егер біз мәтіндермен сөздермен жұмыс жасайтын болсақ. Балада жалығу сезімі пайда болады. Ал, бізге керісінше баланың сабаққа деген ынтасын арттыру үшін. Сурет, кесте, лабиринт сияқты креативті тәсілдерді қолданып, баланың оң жақ миын дамытып, шығармашылыққа баулуымыз қажет.

15 слайд
galamat_school
10 сөзді мұқият тыңда!
Баланың есте сақтау қабілетін арттыру
мақсатында орындалатын тапсырма. Бала
неғұрлым көп сөзді немесе көп суретті есте
сақтаса соғұрлым есте сақтау қабілеті жақсы
дамитын болады.
15 слайд
galamat_school 10 сөзді мұқият тыңда! Баланың есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында орындалатын тапсырма. Бала неғұрлым көп сөзді немесе көп суретті есте сақтаса соғұрлым есте сақтау қабілеті жақсы дамитын болады.

16 слайд
galamat_school
10 сөзді мұқият тыңда!
Жаз
Өрмекші
Қалам
Үй
Бұлт
Пойыз
Қолшатыр
Кітап
Қызыл
Гүл
16 слайд
galamat_school 10 сөзді мұқият тыңда! Жаз Өрмекші Қалам Үй Бұлт Пойыз Қолшатыр Кітап Қызыл Гүл

17 слайд
galamat_school
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
17 слайд
galamat_school НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!