Материалдар / Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық—педагогикалық жұмыстар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық—педагогикалық жұмыстар

Материал туралы қысқаша түсінік
Көру бұзылыстары бар балалар: 1 Топ мулдем көрмейтін балалар 2 Топ көру деңгейі төмен балалар 3 Топ көру деңгейі функционалдық бұзылған балалар Есту бұзылыстары бар балалар: 1.Тұрақты (есту қабілеті қалыпқа келмейді) 2.Екі жақтылы есту қызметінің бұзылысы 3.Қоршаған ортамен қатынасқа түсуідің қиындығы немесе мүлдем болмауы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Ақпан 2022
774
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
• “ Ш.Уәлиханов атындағы №2 жалпы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі Орындаған: Ж.Ерматова 2022 о

1 слайд
• “ Ш.Уәлиханов атындағы №2 жалпы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі Орындаған: Ж.Ерматова 2022 оқу жылы Жобаның тақырыбы: Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық – педагогикалық жұмыстар

Жобаның өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында б

2 слайд
Жобаның өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына түбегейлі өзгерістер жасауды міндеттеумен қатар, нәтижесі – Қазақстандағы адами капитал деңгейінің сапалы өсуін атап көрсетті. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы желтоқсанның 12-ндегі №524 бұйрығымен бекітілген. “Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру” бойынша әдістемелік ұсынымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау баланы білім беру-тәрбиелеу үдерістері жағдайында дамытуды қамтамасыз ететін көмек пен қолдаудың ерекше бір түрі болып табылады және әрбір баланың мүмкіндігі мен қажеттілігіне сәйкес оны табысты оқыту мен дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдай тудыратын мамандардың ұйымдық қызметінің тұтас жүйесін білдіреді, даму мүмкіндігі шектеулі баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан кейін – ПМПК) ұсынысы мен қорытындысының нәтижесінде ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының ішінде штаттық мамандармен (арнайы педагогпен, психологпен, логопед мұғаліммен, әлеуметтік педагогпен, ЕДШ маманымен және т.б.).

Сондай-ақ білім беру ұйымдарынан тыс арнайы білім беру ұйымдарының (психологиялық-педагогикалық түзету к

3 слайд
Сондай-ақ білім беру ұйымдарынан тыс арнайы білім беру ұйымдарының (психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, оңалту орталығы, түзету және инклюзивті білім беру кабинеті) мамандарымен, сондай-ақ келісім шарт негізінде қызмет жасайтын арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының педагогтарымен іске асырылады, мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыратын білім беру ұйымының педагогтар ұжымы. Қазақстан Республикасының Президенті Н . Ә . Назарбаевтың « Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ » атты жолдауында « Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлуді, олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілу тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз » деп атап көрсетті . Осы алдыға қойылған міндеттерді жүзеге асыруда дефектолог, логопед, әлеуметтік педагог, пән мұғалімдері, психолог және ата – аналарға арналған мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге, өмірге бейімдеуге байланысты көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар оқушыларға арналған оқулықтар, оқу әдістемелік құралдар, нұсқаулықтар, құрал жабдықтар қол жетімді емес. Осы қарама – қайшылықтардың шешімін іздестіру мақсатында “Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстар” тақырыбына зерттеу жүргіздік.

ЖОБАНЫҢ МА ҚСАТЫ: Жалпы білім беретін мектептердегі көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық- педагогика

4 слайд
ЖОБАНЫҢ МА ҚСАТЫ: Жалпы білім беретін мектептердегі көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық- педагогикалық жұмыстардың ерекшеліктерін анықтау

Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама беру; Көру, есту, сөйлеу бұзыл

5 слайд
Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама беру; Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктерін қарастыру; Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жолдарын көрсету. ЖОБАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА — көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи бұзылыстары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәс

6 слайд
АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА  — көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи бұзылыстары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін ғылым  • Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеумен айналысатын педагогиканың бір саласы. Есту қабілетінің бұзылуы сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтарды зақымдайтын аурулар нәтижесінде пайда болуы мүмкін.Сурдопедагогика • Көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеумен айналысатын педагогиканы ң бір саласы. Көру қабілетінің бұзылу деңгейіне қарай олар көрмейтін және нашар көретіндер болып бөлінеді.Тифлопедагогика • Тіл бұзылыстары, оны жою мен оның алдын алудың әдістері мен қағидаларын зерттейтін ғылымның бір саласы. Бала тілінде болатын бұзылыстарды зерттеп, оны жоюдың жолдарын іздестіретін арнайы педагогика тарауының бірі.Логопедия

Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балаларға психологиялық –педагогикалық сипаттама Көру бұзылыстары бар балалар • 1-топ мүлд

7 слайд
Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балаларға психологиялық –педагогикалық сипаттама Көру бұзылыстары бар балалар • 1-топ мүлдем көрмейтін балалар;  • 2-топ көру деңгейі төмен балалар; • 3-топ көру деңгейі функционалдық бұзылған балалар. (қыли, амблиопия) Есту бұзылыстары бар балалар •   тұрақты (есту қабілеті қалыпқа келмейді) • екі жақтылы есту қызметінің бұзылысы (құлақ ауруы);  • Қоршаған ортамен қатынасқа түсудің қиындығы немесе мүлдем болмауы. Бұл категориядағы балалар естудің түрлілігіне байланысты өзіндік топтарға ұсынылады. Нашар еститін және естімейтін деп ажыратылады. Сөйлеу бұзылыстары бар балалар • Ауызша сөйлеу тілінің бұзылуы . (сөйлеу тілінің сыртқы -фонациялық өңделуінің бұзылуы, сөйлеу тілінің ішкі -семантикалық өңделуінің бұзылуы; • Дауыстың бұзылуы (афония, дисфония, фонестения). • Сөйлеу тілінің жылдамдығы мен ырғақтылығының бұзылуы (тахилалаия, брадилалия, тұтықпа). • Тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы (дислалия, ринолалия, дизартрия) • Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы (дислексия, дисграфия, дизорфография).

Көру бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері Орта білім алуы төмендегі себептерге: көрмейтін және нашар көр

8 слайд
Көру бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері Орта білім алуы төмендегі себептерге: көрмейтін және нашар көретін оқушылардың танымдық қызметінің ерекшелігіне; оқу қарқынының баяулығы және жалпы білім беру пәндеріне елестету олқылықтарын толтыру мен оқушылардың қоршаған орта туралы білімдеріне мүмкіндік беретін пропедевтикалық бөлімдерді қосу қажеттілігіне; көрмейтіндермен ақпарат алудың сукцессивті тәсілін пайдалануына (ұстап көру арқылы ақпарат алуды пайдалану); Брайль жүйесі бойынша жазу мен оқуға үйретудің ерекшеліктеріне; рельефті суреттер және сызбаларды оқуға; тифлоприборларды және бақылау, тәжірибелік және лабораториялық жұмыстар жүргізу барысында кеңістікте бағдарлай алуға арналған құралдарды пайдалану қажеттілігіне байланысты.

Көру бұзылыстары бар балалармен коррекциялық- педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жолдары Көрмейтін, наша

9 слайд
Көру бұзылыстары бар балалармен коррекциялық- педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жолдары Көрмейтін, нашар көретін және кейіннен көрмей қалған балаларға арналған арнайы жалпы білім беру ұйымының міндеттері алғашқы ауытқушылықтар, қимыл-қозғалыс аясының бұзылыстарының, кеңістікте бағдарлауының орнын толтыру, ұғымдар мен түсініктер жүйесін қалыптастыру, заттық-практикалық қызметін, әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Көрмейтін және нашар көретін оқушыларды оқыту негізгі мектептегі оқыту мерзімі ұлғаюына байланысты оқу материалын өзгерту және қайта қарастыру ескерілген жалпы білім беру мектебінің бағдарламалары бойынша іске асырылады. Көрмейтін оқушыларды оқыту процесінде Брайль жүйесі бойынша рельефті-нүктелік қаріппен басылған жалпы білім беру мектебінің оқулықтары, оқу құралдары мен әдебиеттері қолданылады. Нашар көретін оқушыларды оқыту көру арқылы қабылдауы үшін қолжетімді ірі қаріппен және арнайы дайындалған суреттермен басылған жалпы білім беру мектебінің оқулықтары бойынша жүргізіледі. Күрделі бұзылыстары бар көрмейтін және нашар көретін оқушылар барлық оқу жылдарында арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламалар бойынша білім алады. Көрмейтін, нашар көретін және кейіннен көрмей қалған балаларды оқыту процесінде жұмыстың арнайы түрлері мен әдістері, көрнекі құралдар, тифлотехника және басқалары қолданылады.

10 слайд

Есту бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері Есту бұзылыстары бар балалардың, еститін балаларға қараға

11 слайд
Есту бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері Есту бұзылыстары бар балалардың, еститін балаларға қарағанда, заттармен арнайы емес әрекет жасаудан арнайыға ауысуы нақты заттық әрекеттерді орындауы баяу. Есту бұзылыстары бар балаларда бұл процесс арнайы үйретусіз баяу және бірқалыпты емес өтеді, кейбір әрекеттер түрлері оларда 2 - 2,5 жаста, тіпті мектепалды кезеңде ғана пайда болады. Балалар тек кейбір әрекеттерді орындайды, жиі жақсы таныс заттармен ғана. Заттық іс-әрекет негізінде есту б ұзылысы бар баланың барлық қабылдау түрлері дамиды, бірінші қатарда - көру /заттық әрекеттерді іске асыруда көмек етеді/; қозғалыстары дамып, күрделенеді, негізгі ойлау түрі - бейнелі-әрекеттік - қалыптасады. Сюжетті-рольдік ойын - мектепалды жастағы балалардың негізгі іс- әрекеті. Ерекшеліктері: есту б ұзылысы бар балалардың ойындарында үлкендердің өмірлері, олардың іс-әрекеттері және қарым-қатынастары бейнеленеді. Ойын іс- әрекетін меңгеру арқылы олардың әрекеттері күрделеніп, толықтырыла түседі. Есту бұзылыстары бар балалардың психикалық дамуының ерекшеліктерін анықтауда жанжақтылықты қамтамасыз ететін жүйелілік принципін сақтау қажет: есту қалпын, вестибулярлы аппараттың қалпын, қозғалыс және сөйлеу дамуының деңгейін.

Есту бұзылыстары бар балалармен коррекциялық- педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жолдары Естімейтін, на

12 слайд
Есту бұзылыстары бар балалармен коррекциялық- педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жолдары Естімейтін, нашар еститін және кейіннен естімей қалған балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары есту мен көру негізінде қарым-қатынас пен ойлау құралы ретінде ауызекі сөйлеу тілін қалыптастырумен тығыз байланыста бола отырып, балаларды жан-жақты дамытуды, өз бетінше өмір сүруге қажетті жалпы білім алу, еңбек ету және әлеуметтік дайындықтан өту үшін олардың психикалық және дене дамуындағы ауытқушылықтарын түзету мен орнын толтыруды жүзеге асырады. Интеллектісі сақталған есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларды оқыту мынадай тәртіпте: 1) естімейтін оқушылар дайындық сыныбы мен 1-7 сыныптарда арнайы бағдарламалар бойынша, 8 сыныптан бастап оқушылардың білім алудағы мүмкіндіктеріне қарай бейімделген жалпы білім беру мектептерінің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша; 2) нашар еститін және кейіннен естімей қалған балалар дайындық және 1-4 сыныптарда арнайы бағдарламалар бойынша, 5 сыныптан бастап оқушылардың білім алудағы мүмкіндіктеріне қарай бейімделген жалпы білім беру мектептерінің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша; 3) ақыл-ой кемістігі бар естімейтін және нашар еститін оқушылар зерде бұзылыстары бар балалар мен есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған бағдарламалар мен оқулықтар бойынша іске асырылады. Есту арқылы қабылдауы мен айтуын дамыту бойынша жеке сабақтар оқу күні ағымында және сабақтан тыс уақытта жүргізіледі. Оқушылардың есту арқылы қабылдауы мен айтуын дамыту бойынша жеке сабақтарға бару кестесі білім беру ұйымының әкімшілігімен бекітіледі .

13 слайд

Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға арналған арн

14 слайд
Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйымының ерекше міндеті сөйлеу тілінің дамымауын алдын алу және онымен байланысты психикалық даму ерекшеліктері болып табылады. Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға мектепте білім беру құрылымы төмендегідей: 1) бастауыш білім беру деңгейі 0, 1-4 сыныптар; 2) негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар. Негізгі орта білім беру деңгейінен кейін бітірушілер жалпы орта білім беру деңгейінде және мамандық алу үшін жалпы білім беру мектебіне немесе техникалық кәсіптік колледждерге ауысады. Бастауыш білім беру деңгейінде оқыту арнайыдидактикалық материалдарды қолдану арқылы арнайы бағдарламалар бойынша іске асырылады. Негізгі орта білім беру деңгейінде оқу процесі мазмұны бейімделетін және оқыту мерзімдерін бір жылға арттыруды ескере отырып қарастырылатын жалпы білім беру бағдарламалары бойынша іске асырылады. Білім алушылардың сөйлеу тілінің даму деңгейін ескере отырып, қазақ, орыс және шетел тілдерін оқытуға сағаттарды бөлуде нұсқалық рұқсат етіледі. Логопедиялық түзету жұмысы оқушының тұлғалық және зияткерлік әлеуетін дамытуды қамтамасыз ететін сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға мектепте білім беру жүйесінің қажетті компоненті болып табылады. Арнайы логопедиялық және түзету-педагогикалық қолдау сөйлеу тілі режимін сақтай отырып, барлық сабақтарда және сабақтан тыс уақытта көрсетіледі.  

Сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық- педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жолдары Сөйлеу тіл

15 слайд
Сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық- педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жолдары Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйымының ерекше міндеті сөйлеу тілінің дамымауын алдын алу және онымен байланысты психикалық даму ерекшеліктері болып табылады. Білім алушылардың сөйлеу тілінің даму деңгейін ескере отырып, қазақ, орыс және ...