1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Коучинг "Жаһандану әлеміндегі ---ХХІ ғасыр ұстазы"

#1 слайд
Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде
қалар, ал өзім істесем үйреніп аламын»
ҰЛЫ ОЙШЫЛ, КОНФУЦИЙ
Бірлік!
Ойлан!
Б
ө л іс!
С
әттіл
ік
тіл
ей
м
із!
1 слайд
Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалар, ал өзім істесем үйреніп аламын» ҰЛЫ ОЙШЫЛ, КОНФУЦИЙ Бірлік! Ойлан! Б ө л іс! С әттіл ік тіл ей м із!
#2 слайд
Адасқан сөздерді дұрыс орналыстырып,
жұмбақты шеш
Бiлiмнiң жол басшысы,
Шәкiрттiң қолбасшысы.
(Мұғалiм)
Бiлiмнiң дәнiн тередi,
Балаға тәлiм бередi.
(Ұстаз)
Бiлiмнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(Мектеп)
2 слайд
Адасқан сөздерді дұрыс орналыстырып, жұмбақты шеш Бiлiмнiң жол басшысы, Шәкiрттiң қолбасшысы. (Мұғалiм) Бiлiмнiң дәнiн тередi, Балаға тәлiм бередi. (Ұстаз) Бiлiмнен мол сый-асы, Балғындардың ұясы. (Мектеп)
#3 слайд
КЛАСТЕР (топтау)–тірек сөз, басты идея ортаға алынып, айналасына соған қатысты
байланыстар, тақырыпшалар т.б. жазылады
Еркін ойлауға, ойды жинақтауға, тақырыпты ашуға бағытталған әдіс
Белгілі бір тақырыпты меңгерту үрдісінде ойлау үрдістерін ауызша емес, көрнекі түрде
графикалық материал ретінде қолдану тәсілі. Кейде бұл тәсілді «көрнекі ой талқы» деп те
атайды.
Кластерді бейнелеу жүйесі:
1. Сынып тақтасында ілулі тұрған таза ватман, флипчарт, плакат немесе тағы
басқасына тақырыптың, идеяның «жүрегі» болып табылатын түйін сөз
немесе сөйлем жазу.
2. Оның айналасына сөз немесе сөйлемдерді «лақтыру», ол сол
тақырыптың идеясына, дәйегіне, образына дәл келумен қатар оны
бейнелеуі тиіс.
3. Жазылған сөздер немесе сөйлемдер ортасында тұрған түйін сөзбен тік
сызықтар арқылы біріктіріледі.
4. Қорытындысында графикалық құрылым пайда болып, ол берілген
тақырыптың ақпараттық идеясын білдіреді.
3 слайд
КЛАСТЕР (топтау)–тірек сөз, басты идея ортаға алынып, айналасына соған қатысты байланыстар, тақырыпшалар т.б. жазылады Еркін ойлауға, ойды жинақтауға, тақырыпты ашуға бағытталған әдіс Белгілі бір тақырыпты меңгерту үрдісінде ойлау үрдістерін ауызша емес, көрнекі түрде графикалық материал ретінде қолдану тәсілі. Кейде бұл тәсілді «көрнекі ой талқы» деп те атайды. Кластерді бейнелеу жүйесі: 1. Сынып тақтасында ілулі тұрған таза ватман, флипчарт, плакат немесе тағы басқасына тақырыптың, идеяның «жүрегі» болып табылатын түйін сөз немесе сөйлем жазу. 2. Оның айналасына сөз немесе сөйлемдерді «лақтыру», ол сол тақырыптың идеясына, дәйегіне, образына дәл келумен қатар оны бейнелеуі тиіс. 3. Жазылған сөздер немесе сөйлемдер ортасында тұрған түйін сөзбен тік сызықтар арқылы біріктіріледі. 4. Қорытындысында графикалық құрылым пайда болып, ол берілген тақырыптың ақпараттық идеясын білдіреді.
#4 слайд
Төрт сөйлем тәсілі
•Пікір - мәтін бойынша өзіндік пікірін 1
сөйлеммен келтіру
•Дәлел - сол пікірді 1 сөйлеммен дәлелдеу
•Мысал- сол дәлелге 1 сөйлеммен мысал
келтіру
•Қорытынды- 1 сөйлеммен жалпы қорытынды
шешім айту
4 слайд
Төрт сөйлем тәсілі •Пікір - мәтін бойынша өзіндік пікірін 1 сөйлеммен келтіру •Дәлел - сол пікірді 1 сөйлеммен дәлелдеу •Мысал- сол дәлелге 1 сөйлеммен мысал келтіру •Қорытынды- 1 сөйлеммен жалпы қорытынды шешім айту
#5 слайд
“РАФТ”
Роль, аудитория, форма, тақырып
Кімдер жазуы
мүмкін
Кімге арнап
жазуы мүмкін
Қандай түрде
Қандай
тақырыпты
жазуы мүмкін
Оқушы ойын еркін айтуға, ұсыныс жасай білуге
оны жазбаша түрде жеткізе білуге дағдыланады
Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын
түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық,
жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік
түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен
өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын
қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары
жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.
5 слайд
“РАФТ” Роль, аудитория, форма, тақырып Кімдер жазуы мүмкін Кімге арнап жазуы мүмкін Қандай түрде Қандай тақырыпты жазуы мүмкін Оқушы ойын еркін айтуға, ұсыныс жасай білуге оны жазбаша түрде жеткізе білуге дағдыланады Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.
#6 слайд
I топ. Қазіргі мектепке қандай мұғалім
қажет?
(Төрт сөйлем әдісі)
II топ.
ХХІ —ғасырдың мұғалімі қандай болу керек?
(Рафт әдісі)
IIІ топ.
Мінсіз мұғалім
(Кластер құру )
6 слайд
I топ. Қазіргі мектепке қандай мұғалім қажет? (Төрт сөйлем әдісі) II топ. ХХІ —ғасырдың мұғалімі қандай болу керек? (Рафт әдісі) IIІ топ. Мінсіз мұғалім (Кластер құру )
#7 слайд
Суретті сөйлету
1-топ
2-топ
3-топ
7 слайд
Суретті сөйлету 1-топ 2-топ 3-топ
#8 слайд
1-тапсырма бойынша: «Ортасында қара ноқаты бар үлкен ақ
кеңістік. Бұл бала алғаш дүниеге келгенде осы ақ қағаздай пәк,
сол қағазға ата-анасымен бірге біздер, яғни ұстаздардың салған
бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен
салыстыруға болады».
2-тапсырма бойынша: «ұлты басқа болғанымен, бұл
балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан да ұлағатты ұстаз
оларға күн сәулесіндей, бірдей мөлшерде мейірім шуағын
төгеді».
3-тапсырма бойынша: «Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда
жымыңдаған жұлдыздар. Түгел ел ұйқыда, бірақ ояу бір кісі бар.
Бұл мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, мектепте де,
үйде де ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып
келеді...»
8 слайд
1-тапсырма бойынша: «Ортасында қара ноқаты бар үлкен ақ кеңістік. Бұл бала алғаш дүниеге келгенде осы ақ қағаздай пәк, сол қағазға ата-анасымен бірге біздер, яғни ұстаздардың салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен салыстыруға болады». 2-тапсырма бойынша: «ұлты басқа болғанымен, бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан да ұлағатты ұстаз оларға күн сәулесіндей, бірдей мөлшерде мейірім шуағын төгеді». 3-тапсырма бойынша: «Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар. Түгел ел ұйқыда, бірақ ояу бір кісі бар. Бұл мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, мектепте де, үйде де ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді...»
#9 слайд
Өлең жолдарын құру
Ұстаздарға .................................... жұмбақ,
Сабақтың .......................................... бұлақ.
Дұрыстап..................................... мазмұны,
Білім................................................. шырақ.
9 слайд
Өлең жолдарын құру Ұстаздарға .................................... жұмбақ, Сабақтың .......................................... бұлақ. Дұрыстап..................................... мазмұны, Білім................................................. шырақ.
#10 слайд
Өлең жолдарын құру
Ұстаздарға сабақтың барысы - жұмбақ,
Сабақтың әр кезеңі - бастау бұлақ.
Дұрыстап құрылған сабақтың мазмұны,
Білім алар оқушыға шам мен шырақ
..................................................... жұмбақ,
......................................................... бұлақ.
................................................... мазмұны,
....................................................... шырақ.
10 слайд
Өлең жолдарын құру Ұстаздарға сабақтың барысы - жұмбақ, Сабақтың әр кезеңі - бастау бұлақ. Дұрыстап құрылған сабақтың мазмұны, Білім алар оқушыға шам мен шырақ ..................................................... жұмбақ, ......................................................... бұлақ. ................................................... мазмұны, ....................................................... шырақ.
#11 слайд
11 слайд
#12 слайд
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады.
12 слайд
Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген