Материалдар / М. Шаханов өлеңі

М. Шаханов өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
М. Шахановтың өлеңдер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2019
604
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Мен саған ғашық едім Өлеңді жазған: Мұхтар Шаханов 2008-11-06 Қалайша жүрегіме бойламадың, Өзіңмен бірге талай тойға бардым. М

1 слайд
Мен саған ғашық едім Өлеңді жазған: Мұхтар Шаханов 2008-11-06 Қалайша жүрегіме бойламадың, Өзіңмен бірге талай тойға бардым. Мен саған ғашық едім, амалым не, Сен мені бақытым деп ойламадың. Сезбедің, ұға алмадың сырларымды, Өзіңе арнап жазған жырларымды. Сезбедің ұзақ түндер сені ойлаумен, Сыртыңда терезеңнің тұрғанымды. Қайтейін, сен ажарсыз еттің мені, Сол жазда жиделер де көп гүлдеді. Сол жазда көрші ауылдың баласына Мәңгіге айырбастап кеттің мені. Өзгертті жылдар солай шешіміңді, Сүйген жан әрқашанда кешірімді. Мен қайтіп ұмытайын, жүрегіме Өшпестей жазып кеттің есіміңді.

Ғашықтық ғаламаты Өлеңді жазған: Мұхтар Шаханов 2009-02-18 Күдіс пейіл кедергіден қайтқанымен меселі, Ғашық жүрек өз тағдырын ө

2 слайд
Ғашықтық ғаламаты Өлеңді жазған: Мұхтар Шаханов 2009-02-18 Күдіс пейіл кедергіден қайтқанымен меселі, Ғашық жүрек өз тағдырын өзі ғана шешеді. Жыға алмайды оны жұрттың өсегі. Бұған дәлел - құдіретті Қорлан әні кешегі. Қасіретті сәт соққанда әбден меңдеп кеселі, Қайран Естай қимас досын шақырып, Былай депті деседі: - Ей, Нұрлыбек, еренім! Жетпіс екі жасымда Тіршілікте аз созбап ең қол ұшын, Өлген соң да қажет боп тұр көмегің. Дәл өзіңдей қайдан ұқсын қайғымды ел, Ғашық көңіл - мәңгі жасыл айдын көл. Ғашықтықпен өткен күндер ғана - өмір, Ал қалғаны - жай күндер. Көлмен көлдей, таумен таудай теңдесе, Белдесуге талап қылдым мен неше. Елу бір жыл ғашық болдым Қорланға, Елу бір жыл өмір сүрдім, ендеше. Қорланды ойлап қиял қостым таңдарға, Қорланды ойлап шықтым қанша заңғарға. Сірә, мендей ғашықтықтан бақ тауып, Сірә, мендей мұңға батқан жан бар ма? Дүниенің өзге бақыт, шаттығын Менсінбеген менің мұңым - тәтті мұң. Тәтті емей не? Он сегізге ой салып, Жиырма бесті таңдандырса қарттығым ?! Әттең, тағдыр қоса алмадым, Сорым ба? Заман - жылан, Жатып алды-ау жолымда. Бірақ менің бақытым да, барым да - Қорлан берген алтын жүзік жарқырап,

Елу бір жыл сәуле шашты қолымда. Өр толқынға қарсы жүзген өр кеме Мен болыппын. ОҺо, қандай мәртебе! Бұл жүзікке елу бір жыл

3 слайд
Елу бір жыл сәуле шашты қолымда. Өр толқынға қарсы жүзген өр кеме Мен болыппын. ОҺо, қандай мәртебе! Бұл жүзікке елу бір жыл әйелім Қызғанышпен қарап келді өртене. Десе дағы ел дәстүрі ерге сын, Қарттарға ескерт, Қарсыласа көрмесін. Қорланымның көзі болған жүзікті, Өтінемін, Өзіммен бір жерлесін! Серт пен сөзге ұмытшақтау өлкеде Ғашық болып өлу - қандай мәртебе! Тірлігіме шабыт берген бұл жүзік Жарық беріп жатсын маған көрде де! Шаршатпаған арман, шіркін, арман ба? . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Әне солай қайсар ақын көз жұмды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Естай, Естай бола ма?! Онсыз дағы жаны сұлу балаңа Сұлу өлім сыйлапсың-ау, Жер - ана! - Деп жылапты кемпір байғұс еңкілдеп, Ақ жаулығы ай нұрымен желкілдеп. Нағыз ғашық қарттығыңа көнер ме?! Қорлан өзі кейінірек қылтамақтап өлерде, Әжімді жүзі қуарып, түнеріп, Күйеуін сыртқа шығарып жіберіп, Ақпалап, қозып делебесі де, Бойжетіп қалған немересіне Естайдың әнін салдырып, Жанарын шоқтай жандырып, Бақыттымын, бақыттымын , - депті де, Көз жұмыпты мәңгілік. Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы.

Адам азса, ғашықтың жоқтығынан азады. Ғашық жыры - тіршіліктің көкейтесті өлеңі. Ешбір геометриямен Өлшенбейтін көлемі. Бұл

4 слайд
Адам азса, ғашықтың жоқтығынан азады. Ғашық жыры - тіршіліктің көкейтесті өлеңі. Ешбір геометриямен Өлшенбейтін көлемі. Бұл көңілдің ұшан-теңіз адамзатқа берері. Ғашық болу келсе кімнің қолынан, Әлем соған сенеді. Құлай сүю - ерлікпен тең себебі! ----------------------------------- ----------------------------------- ------

Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ