Мақала жазу үшін

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала жазу үшін

Материал туралы қысқаша түсінік
Презентация
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
Сабақ тақырыбы: Адам-ең жоғары құндылық

#1 слайд
Сабақ тақырыбы: Адам-ең жоғары құндылық

1 слайд

Сабақ тақырыбы: Адам-ең жоғары құндылық

Сабақ мақсаты: Тезистік жоспар құру және жанрлық, стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала құ

#2 слайд
Сабақ мақсаты: Тезистік жоспар құру және жанрлық, стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала құрастырып жазу

2 слайд

Мақала – публицистикалық жанрдың бір түрі. Ол қоғамда болып жатқан оқиғаларға, ғылымға, мәдениетке, әлеуметтік мәселелерге бай

#3 слайд
Мақала – публицистикалық жанрдың бір түрі. Ол қоғамда болып жатқан оқиғаларға, ғылымға, мәдениетке, әлеуметтік мәселелерге байланысты автордың көзқарасын білдіретін, оқырманға ой салып, пікір тудыратын шығарма. Мақаланың негізгі белгілері: 1.Белгілі бір тақырыпқа арналады; 2.Оқырманға ақпарат береді, талдайды, түсіндіреді; 3.Автордың көзқарасы, ой-пікірі айқын көрінеді; 4.Оқырманды ойландыруға, әрекет етуге шақырады; 5.Тілі жеңіл, көпшілікке түсінікті болады. Мақала – тек ақпарат беріп қана қоймай, сол мәселе жайлы ойландыратын, пікір білдіретін жазба.

3 слайд

Мақаланың түрлері: •Ғылыми мақала – ғылым саласына қатысты, деректер мен дәлелдерге сүйеніп жазылады. •Публицистикалық мақала –

#4 слайд
Мақаланың түрлері: •Ғылыми мақала – ғылым саласына қатысты, деректер мен дәлелдерге сүйеніп жазылады. •Публицистикалық мақала – қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғайды. •Көркем мақала – әдеби тілмен, бейнелі сөздермен жазылады.

4 слайд

Мақала құрылымы: •1. Кіріспе. •Тақырыпты таныстыру •Неге маңызды екенін айту •Оқырманды қызықтырып, назарын аудару •2. Негізгі б

#5 слайд
Мақала құрылымы: •1. Кіріспе. •Тақырыпты таныстыру •Неге маңызды екенін айту •Оқырманды қызықтырып, назарын аудару •2. Негізгі бөлім •Негізгі ойды ашу •Дәлелдер, мысалдар келтіру •Талдау жасау •Қоғамдық мәнін көрсету •3. Қорытынды •Негізгі ойды түйіндеу •Автордың көзқарасын білдіру •Оқырманға ой тастау, кеңес беру

5 слайд

1-тапсырма. Мақаланы оқып, құрылымын анықтап, жоспарын құрыңыз. ФБ-3 б. •Кіріспе: •Негізгі: •Қорытынды: Әрбір адамның өмірінде

#6 слайд
1-тапсырма. Мақаланы оқып, құрылымын анықтап, жоспарын құрыңыз. ФБ-3 б. •Кіріспе: •Негізгі: •Қорытынды: Әрбір адамның өмірінде бағалы нәрселер болады. Біз оларды құндылықтар деп атаймыз. Адам бойындағы құндылықтар сан алуан. Жасампаздық қасиетке ие құндылықтар – адам өмірінің басты өлшемі. Кіріспе. Құндылық ұғымына жалпы түсінік. Құндылықтың адам өміріндегі рөлі. Негізгі бөлім. Адам бойындағы құндылықтардың алуан түрлілігі. Отбасы мен бала, денсаулық, білім, еңбек,туған жер, ел, ұлтқа сүйіспеншілік. Құндылықтарға тіл тигізудің әсері.Құндылықтарды бағалау және рухани дамудың қажеттілігі Құндылық – адам өмірінің басты өлшемі.Құндылықтарды сақтау – болашақтың кепілі. ЖОСПАР:

6 слайд

•Тезистік жоспар — бұл белгілі бір тақырыпқа жазылатын мақала немесе баяндамаға арналған негізгі ойлар мен тұжырымдарды қысқаш

#7 слайд
•Тезистік жоспар — бұл белгілі бір тақырыпқа жазылатын мақала немесе баяндамаға арналған негізгі ойлар мен тұжырымдарды қысқаша, тармақтап көрсету түрі. Тезистік жоспардың ерекшелігі: Әр тармақ бір негізгі ойды білдіреді; Толық сөйлеммен немесе қысқа тұжырыммен жазылады; Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды құрылымын сақтайды; Оқырман тезистерді оқи отырып, мәтіннің мазмұнын бірден түсіне алады.

7 слайд

Мысалы: Тақырып: Отан – адам баласының ең маңызды құндылығы •Тезистік жоспар: •Отан – әр адамның жүрегіндегі ең қасиетті ұғым.

#8 слайд
Мысалы: Тақырып: Отан – адам баласының ең маңызды құндылығы •Тезистік жоспар: •Отан – әр адамның жүрегіндегі ең қасиетті ұғым. •Туған жер мен ел – адам өмірінің тірегі. •Отанды сүю – азаматтық борыш. •Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. •Өз Отанына адал адам – елінің мақтанышы.

8 слайд

•Отан – адам баласының ең маңызды құндылығы Отан – әр адамның жүрегінде ең қасиетті орын алатын ұғым. Адам өмірінде туған жерді

#9 слайд
•Отан – адам баласының ең маңызды құндылығы Отан – әр адамның жүрегінде ең қасиетті орын алатын ұғым. Адам өмірінде туған жердің, елдің маңызы ерекше, өйткені ол – біздің тамырымыз, өсіп-өнген ордамыз. Туған елін сүйген адам ғана өз өмірінің мәнін терең түсінеді. Отанды сүю – әр азаматтың борышы мен парызы. Бұл сезім отбасынан, ата-ананың тәрбиесінен бастау алады. Мектепте, қоғамда осы сүйіспеншілікті арттыру арқылы нағыз елжанды ұрпақ қалыптасады. Әрбір адам өз Отанының дамуына біліммен, еңбекпен үлес қосуы керек. Өз елін, жерін құрметтеп, қорғаған адам – елінің мақтанышы. Отанға деген адалдық пен сүйіспеншілік – адам бойындағы ең жоғары құндылықтардың бірі. Сондықтан әрқайсымыз туған еліміздің амандығы мен өркендеуі үшін аянбай еңбек етуіміз қажет.

9 слайд

Құндылық – адам өмірінің өлшемі Әр адамның өмірінде аса бағалы, қымбат дүниелер болады. Оны құндылық дейміз. Құндылық – адамны

#10 слайд
Құндылық – адам өмірінің өлшемі Әр адамның өмірінде аса бағалы, қымбат дүниелер болады. Оны құндылық дейміз. Құндылық – адамның өмірін мәнді ететін, оны алға жетелейтін басты рухани және материалдық байлық. Қазіргі заманда құндылықтарды тану мен бағалау – әрбір адамның маңызды міндеті. Адам бойындағы құндылықтар сан алуан. Біреулер үшін басты құндылық – отбасы мен бала-шаға, ал екіншісі үшін – білім мен еңбек, үшіншісі үшін – денсаулық пен сымбаттылық. Сондай-ақ туған жерді, еліңді, ұлтыңды сүю де – ерекше құндылықтардың бірі. Ата-ана үшін баласы ең үлкен қазына болса, ел үшін жастардың білімі мен тәрбиесі құнды. Құндылықтарға қол сұғылғанда, адам ренжиді, көңілі қалады. Бұл – біздің ішкі жан дүниеміздегі қасиетті дүниелердің маңызын көрсетеді. Дегенмен, тек ренжіп қана қоймай, әркім өз құндылықтарының жақсы әрі әлсіз жақтарын да анықтап, рухани дамуға талпынуы керек. Өйткені адам құндылықтарын дұрыс бағалап, соларға сүйенгенде ғана қоғам да дамиды. Жасампаздық қасиетке ие құндылықтар – адам өмірінің басты өлшемі. Әрбір адам өз құндылықтарын бағалай білсе, өзінің де, қоғамының да болашағы жарқын болмақ. Сондықтан бізге ең әуелі құндылықтарымызды танып, оларды сақтау маңызды.

10 слайд

Мәтіннің тезистік жоспары: •Құндылық ұғымы – адамның өмірін мәнді ететін рухани және материалдық байлық. •Құндылықтарды тану ме

#11 слайд
Мәтіннің тезистік жоспары: •Құндылық ұғымы – адамның өмірін мәнді ететін рухани және материалдық байлық. •Құндылықтарды тану мен бағалау – қазіргі адам үшін маңызды міндет. •Адам құндылықтарының әртүрлілігі – әркім үшін отбасы, білім, денсаулық, Отан сүйгіштік секілді құндылықтар маңызды болуы мүмкін. •Ата-ана мен қоғам үшін құндылықтар – бала және жастар тәрбиесі. •Құндылықтарға нұқсан келсе, адам ренжиді – бұл олардың рухани маңызын көрсетеді. •Құндылықтардың жақсы және әлсіз тұстарын түсіну – рухани дамуға бастайды. •Қоғамның дамуы құндылықтарды дұрыс бағалауға байланысты. •Құндылықтарды сақтау – жарқын болашақтың кепілі.

11 слайд

2-тапсырма. Берілген абзацтарды ретімен дұрыс орналастырып,"Адам-ең жоғары құндылық" тақырыбында мақала құрастырыңыз.

#12 слайд
2-тапсырма. Берілген абзацтарды ретімен дұрыс орналастырып,"Адам-ең жоғары құндылық" тақырыбында мақала құрастырыңыз. Әдетте құндылық деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Әрине, құнды заттар, құнды ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз құндылықтарымызға,жан дүниеміздің құндылықтарына назар аудара бермейміз. Ойланып көріңізші, сіздің қандай құндылықтарыңыз бар? Сіздің үйіңіз, материалды жағдайыңыз, жұмысыңыз, айналысатын ісіңіз, хоббиіңіз, шығармашылығыңыз да құндылықтар қатарында.Тіпті болмысыңыз бен пішініңіз, сұлулығыңыз, сымбаттылығыңыз да - құндылықтың бір түрі.Сіз ата-анаңызды, туыстарыңызды, достарыңызды, туған жеріңізді, еліңізді, ұлтыңызды шексіз сүюіңіз мүмкін. Бұл да -адамның ерекше жақсы көретін құндылықтары. Ата-ана үшін баласы үлкен құндылық. Сол себепті баласы жайлы жаман сөз естісе, ескерту алса, ата-ананың жүрегі жараланады, ашуға салынады, айтқан адамға ренжіп те қалады.Негізінде осы эмоциялар басқаның біздің құндылықтарымызға тіл тигізгенінен болады екен. Адам бойында мыңдаған құндылық бар. Бірақ біреу менің құндылығыма тиісті деп ренжіп жүре беруге болмайды. Құндылығыңыздың кем-кетік тұстарын анықтаңыз, рухани жетілу жолында ізденіңіз.

12 слайд

Адам-ең жоғары құндылық Әдетте құндылық деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Әрине, құнды заттар, құнды ақпарат, басқа ад

#13 слайд
Адам-ең жоғары құндылық Әдетте құндылық деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Әрине, құнды заттар, құнды ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз құндылықтарымызға,жан дүниеміздің құндылықтарына  назар аудара бермейміз. Ойланып көріңізші, сіздің қандай құндылықтарыңыз бар? Сіздің үйіңіз, материалды жағдайыңыз, жұмысыңыз, айналысатын ісіңіз, хоббиіңіз, шығармашылығыңыз да құндылықтар қатарында. Тіпті  болмысыңыз бен пішініңіз, сұлулығыңыз, сымбаттылығыңыз  да - құндылықтың бір түрі.Сіз ата-анаңызды, туыстарыңызды, достарыңызды, туған жеріңізді, еліңізді, ұлтыңызды шексіз сүюіңіз мүмкін. Бұл да - адамның ерекше жақсы көретін құндылықтары.   Ата-ана үшін баласы үлкен құндылық. Сол себепті баласы жайлы жаман сөз естісе, ескерту алса, ата-ананың жүрегі жараланады, ашуға салынады, айтқан адамға ренжіп те қалады.Негізінде осы эмоциялар басқаның біздің құндылықтарымызға тіл тигізгенінен болады екен. Адам бойында мыңдаған құндылық бар. Бірақ біреу менің құндылығыма тиісті деп ренжіп жүре беруге болмайды. Құндылығыңыздың кем-кетік тұстарын анықтаңыз, рухани жетілу жолында ізденіңіз. Дұрыс нұсқа,жауап. ФБ-5 балл.

13 слайд

Негізгі: Адам бойында мыңдаған құндылық бар. Әркімнің құндылықтары әртүрлі болады: отбасы, достар, еңбек, туған жер, денсаулық

#14 слайд
Негізгі: Адам бойында мыңдаған құндылық бар. Әркімнің құндылықтары әртүрлі болады: отбасы, достар, еңбек, туған жер, денсаулық, сұлулық т.б. Кіріспе: «Әдетте құндылық деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді?» Қорытынды: Құндылықтарыңызды бағалай біліңіз, рухани жетілуге ұмтылыңыз.

14 слайд

«Құндылық – адам өмірінің өлшемі» мақаласына аннотация жазыңыз Бұл мақалада құндылықтар адам өміріне мән беріп, жан дүниеміз

#15 слайд
«Құндылық – адам өмірінің өлшемі» мақаласына аннотация жазыңыз Бұл мақалада құндылықтар адам өміріне мән беріп, жан дүниемізді байытатыны туралы айтылған. Автор отбасы, білім, денсаулық, туған жер, ұлт сынды құндылықтардың әркім үшін ерекше орын алатынына тоқталып, құндылықтарды дұрыс бағалай білу рухани жетілу мен қоғамның дамуына ықпал етеді деп жазады. Аннотация

15 слайд

Үй жұмысы : • «Білім мен тәрбие-ең басты құндылық» тақырыбында мақала жазу үшін тезистік жоспар құраңыз.

#16 слайд

16 слайд

•Тақырып: Білім мен тәрбие – ең басты құндылық •Тезистік жоспар: •Білім мен тәрбие – адамның өмірін айқындайтын басты рухани ба

#17 слайд
•Тақырып: Білім мен тәрбие – ең басты құндылық •Тезистік жоспар: •Білім мен тәрбие – адамның өмірін айқындайтын басты рухани байлық. •Білім арқылы адам ой-өрісін кеңейтіп, қоғамның дамуына үлес қосады. •Тәрбие адамды адамгершілікке, мәдениеттілікке баулиды. •Білім мен тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты және бірінсіз бірі толық болмайды. •Білімді де тәрбиелі ұрпақ – ел болашағының кепілі.

17 слайд

Мақала үлгісі (150-170 сөз) •Білім мен тәрбие – ең басты құндылық •Білім мен тәрбие – адамның өміріндегі ең басты рухани байлық.

#18 слайд
Мақала үлгісі (150-170 сөз) •Білім мен тәрбие – ең басты құндылық •Білім мен тәрбие – адамның өміріндегі ең басты рухани байлық. Адамның тұлға ретінде қалыптасуы мен жетістікке жетуінің негізінде осы екі ұғым жатыр. Білім арқылы адам өз ойын дамытып, дүниетанымын кеңейтеді, қоғамның дамуына өз үлесін қосады. Қазіргі заманда ғылым мен техниканың қарыштап дамуы білімді адамның маңызын бұрынғыдан да арттырды. •Ал тәрбие – адам бойындағы адамгершілік, мәдениет, имандылық сияқты қасиеттердің қайнар көзі. Тәрбиелі адам – елдің тірегі, қоғамның абыройы. Тәрбиесіз білімнің пайдасы шамалы, себебі нағыз білімді адам ең алдымен өз ісіне, сөзіне, қоғамға жауапкершілікпен қарайды. •Сондықтан білім мен тәрбие – бірін-бірі толықтыратын егіз құндылық. Екеуін қатар дамыту арқылы ғана саналы, парасатты ұрпақ тәрбиелеуге болады. Білімді де тәрбиелі жас ұрпақ – еліміздің жарқын болашағының кепілі.

18 слайд

«Білім мен тәрбие – ең басты құндылық» мақала жазу жоспары •Тезистік жоспар1. Кіріспе бөлімҚоғам дамуының негізі – сапалы білім

#19 слайд
«Білім мен тәрбие – ең басты құндылық» мақала жазу жоспары •Тезистік жоспар1. Кіріспе бөлімҚоғам дамуының негізі – сапалы білім мен саналы тәрбие.Білім мен тәрбиенің өзара байланысы: бірін-бірі толықтыратын егіз ұғым.ХХІ ғасырда адам капиталының басты көрсеткіші – білімді де тәрбиелі тұлға.2. Негізгі бөліма) Білім – тұлғаның рухани және зияткерлік дамуының іргетасы.Заманауи технологиялар мен инновация дәуірінде білімнің маңызы артып отыр.Білім арқылы адам өмірін жақсартып, қоғамға пайдасын тигізеді.ә) Тәрбие – адамгершілік пен мәдениеттің өлшемі.Тәрбиелі адам – елдің тірегі, ұлттың айнасы.Отбасындағы, мектептегі және қоғамдағы тәрбие бірлігі – маңызды фактор.б) Білім мен тәрбиенің үйлесуі – ұлттық құндылықтардың сақталуының кепілі.Ұлттық рух пен жалпыадамзаттық құндылықтардың сабақтастығы.Мұғалім мен ата-ананың бірлескен еңбегі – нәтижелі тұлға қалыптастырудың негізі.3. Қорытынды бөлімБілім мен тәрбие – елдің болашағын айқындайтын қос қанат.Білімді, тәрбиелі ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі.Әрбір азамат осы құндылықтарды өмірлік ұстанымына айналдыруы қажет.

19 слайд

Файл форматы:
pptx
07.11.2025
72
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі