Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру

#1 слайд
Шығармашылық есеп:
Мектеп жасына дейінгі
балалардың сөйлеу дағдысын
қалыптастыру
Тәрбиеші :Есіркепова С
2019-2020 оқу жылы
1 слайд
Шығармашылық есеп: Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру Тәрбиеші :Есіркепова С 2019-2020 оқу жылы
#2 слайд
М. Қашқари « Бастамастан
бұрын мақсатыңды ойла»
демекші менің мақсатым :
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу
дағдысын, ой- қиялын дамытуға, өз ойын
еркін айтуға, сөздік қорын молайтуға, өз
ойына қорытынды жасап, жүйелі сөйлеуін
үйлестіруге және де ізденімпаздыққа баулу.
2 слайд
М. Қашқари « Бастамастан бұрын мақсатыңды ойла» демекші менің мақсатым : Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдысын, ой- қиялын дамытуға, өз ойын еркін айтуға, сөздік қорын молайтуға, өз ойына қорытынды жасап, жүйелі сөйлеуін үйлестіруге және де ізденімпаздыққа баулу.
#3 слайд
•
-Әр баланы ынталандыру, көкірегіне сенім ұялата
білу
•
-Әрбір баланың жеке- дара ерекшелігін ескеру
•
-Мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеттері
мен шығармашылықтарын қалыптастыру
•
-Балалардың тілін дамытып, сөздік қорын молайту
•
-Берілген тапсырманың тәрбиелік мәніне, ол
тапсырманың түсінікті болуын қадағалау. Міндетім:
3 слайд
• -Әр баланы ынталандыру, көкірегіне сенім ұялата білу • -Әрбір баланың жеке- дара ерекшелігін ескеру • -Мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеттері мен шығармашылықтарын қалыптастыру • -Балалардың тілін дамытып, сөздік қорын молайту • -Берілген тапсырманың тәрбиелік мәніне, ол тапсырманың түсінікті болуын қадағалау. Міндетім:
#4 слайд
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік ел»
атты Қазақстан-2050 стратегиясында
«Адамзат үшін 21 ғасыр - жаңа технологиялар
ғасыры болмақ, ал осы жаңа
технологияларды жүзеге асырып, өмірге
енгізу, игеру және жетілдіру бүгінгі жас ұрпақ,
сіздердің еншілеріңіз...Ал жас ұрпақтың
тағдыры - ұстаздардың қолында»-деп
ұстаздар қауымына үлкен міндет жүктеп
отыр.
4 слайд
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік ел» атты Қазақстан-2050 стратегиясында «Адамзат үшін 21 ғасыр - жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз...Ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында»-деп ұстаздар қауымына үлкен міндет жүктеп отыр.
#5 слайд
Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі білім
беру ұйымдарында жаңа өзгерістер мен әлемдік
білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып,
баланың жеке дара тілдік қатынасының дамуын
қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны
іздестіру және қолдануға арналған Қазақстан
Республикасының «Білім туралы Заңында «Әр
баланың қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы,
жеке дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер
мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында
атап көрсетілген. Елбасының сөзі мен осы
ұстанымды басшылыққа ала отырып,
балабақшадағы балалардың сөйлеу дағдысын
қалыптастыру жұмыстарын жүргізіуді жөн көрдім.
5 слайд
Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жаңа өзгерістер мен әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара тілдік қатынасының дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген. Елбасының сөзі мен осы ұстанымды басшылыққа ала отырып, балабақшадағы балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру жұмыстарын жүргізіуді жөн көрдім.
#6 слайд
Білім беру саласы
Қатынас
Шығармашылық Таным
Денсаулық Әлеумет
6 слайд
Білім беру саласы Қатынас Шығармашылық Таным Денсаулық Әлеумет
#7 слайд
Тілдік дағдыларды дамытудың негізгі мазмұны мектепке
дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен оқыту әдістемелік
құралының «Қатынас» білім беру саласында анықталады.
«Қатынас» білім беру саласының мақсаты – үйретілетін
тілдердің ауызша және ауызша емес құралдармен
қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасауға
қабілетті мектеп жасына дейінгі тұлғаны тәрбиелеу болып
табылады.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері бойынша
қойылатын негізгі талаптар: жалпы уақыттың 5–10 минуты
жалпы дамытушы лексикалық түрлерге (сергіту кезеңдері,
санамақтар, дидактикалық ойындар, тілдік және
фонетикалық дайындықтарға, тақпақтар мен
ұйқастырмаларға) бөлінеді.
7 слайд
Тілдік дағдыларды дамытудың негізгі мазмұны мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен оқыту әдістемелік құралының «Қатынас» білім беру саласында анықталады. «Қатынас» білім беру саласының мақсаты – үйретілетін тілдердің ауызша және ауызша емес құралдармен қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері бойынша қойылатын негізгі талаптар: жалпы уақыттың 5–10 минуты жалпы дамытушы лексикалық түрлерге (сергіту кезеңдері, санамақтар, дидактикалық ойындар, тілдік және фонетикалық дайындықтарға, тақпақтар мен ұйқастырмаларға) бөлінеді.
#8 слайд
Кез келген бала-бақшаларда тұлғаны қалыптастыру мектепке дейінгі балалардың
өз ой-пікірін ана тілінде еркін,дұрыс,түсінікті жеткізе білуден басталады.Мектепке
дейінгі бала айтайын деген ойын
екіншіден,сөйлемдерді дұрыс та нақты құрастыра алуы; біріншіден,жасқанбай жеткізе білуі;
үшіншіден, сөйлеу мәдениетінің алғашқы қарапайым бастамасын
меңгеруі
төртіншіден,қоршаған ортаға сай қарым-қатынас жасай білуі тиіс.
Сайып келгенде,осының бәрі,түжырымдамада көрсетілгендей,тілдік қатынастың басты
қағидалары мен ұстанымдарын меңгеруді қажет етеді.Сондықтан бала бақшаларда
балалардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру қазіргі кезде өзекті мәселеге
айналып отыр.
8 слайд
Кез келген бала-бақшаларда тұлғаны қалыптастыру мектепке дейінгі балалардың өз ой-пікірін ана тілінде еркін,дұрыс,түсінікті жеткізе білуден басталады.Мектепке дейінгі бала айтайын деген ойын екіншіден,сөйлемдерді дұрыс та нақты құрастыра алуы; біріншіден,жасқанбай жеткізе білуі; үшіншіден, сөйлеу мәдениетінің алғашқы қарапайым бастамасын меңгеруі төртіншіден,қоршаған ортаға сай қарым-қатынас жасай білуі тиіс. Сайып келгенде,осының бәрі,түжырымдамада көрсетілгендей,тілдік қатынастың басты қағидалары мен ұстанымдарын меңгеруді қажет етеді.Сондықтан бала бақшаларда балалардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру қазіргі кезде өзекті мәселеге айналып отыр.
#9 слайд
Баланың сөзді байланыстыра айта білуі дегеніміз-сөз бен
сөйлемдердің үлесімділігі ғана емес,бұл бір-бірімен
байланыста келген,дұрыс сөйлемдерден құралған бала
ойының сыртқы жаңғырығы.Бала сөйлеу барысында,ойлай
білуге де үйренеді.Одан баланың ойлау логикасын,өзін
қоршаған әлемді қаншалықты қабылдап,сыртқа жаңғырта
білуін байқаймыз.Осындай басты-басты мәселелердің дұрыс
шешілуін,жүзеге асу жолдарын тексеру мақсатында,балалар
психологиясы мен мектепке дейінгі педагогикаға арналған
оқулықтарда айтылғандай,баланың байланысты сөзін дамыту
жолдарын негізгі ала отырып,оның қаншалықты
меңгерілгенін қадағалап,тәжірибелер жасау әрбір тәрбиешінің
атқарар ісі.
9 слайд
Баланың сөзді байланыстыра айта білуі дегеніміз-сөз бен сөйлемдердің үлесімділігі ғана емес,бұл бір-бірімен байланыста келген,дұрыс сөйлемдерден құралған бала ойының сыртқы жаңғырығы.Бала сөйлеу барысында,ойлай білуге де үйренеді.Одан баланың ойлау логикасын,өзін қоршаған әлемді қаншалықты қабылдап,сыртқа жаңғырта білуін байқаймыз.Осындай басты-басты мәселелердің дұрыс шешілуін,жүзеге асу жолдарын тексеру мақсатында,балалар психологиясы мен мектепке дейінгі педагогикаға арналған оқулықтарда айтылғандай,баланың байланысты сөзін дамыту жолдарын негізгі ала отырып,оның қаншалықты меңгерілгенін қадағалап,тәжірибелер жасау әрбір тәрбиешінің атқарар ісі.
#10 слайд
Жалпы бала тілін дамытуда,
байланыстырып сөйлеуде түрлі
ойындардың әсері әлдеқайда басым.Халық
даналығында «Ойнай білмеген,ойлай да
білмейді», «Ойында озған,өмірде де озады»
деген аталы сөздер сырына жүгінсек,
мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға
деген құлқы,қарым-қатынасы,мінез-құлық
көріністері олар өсіп есейгенде де жалғаса
береді.
10 слайд
Жалпы бала тілін дамытуда, байланыстырып сөйлеуде түрлі ойындардың әсері әлдеқайда басым.Халық даналығында «Ойнай білмеген,ойлай да білмейді», «Ойында озған,өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы,қарым-қатынасы,мінез-құлық көріністері олар өсіп есейгенде де жалғаса береді.
#11 слайд
өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін
анықтау, қалыптастыруОйындардың негізгі
мақсаты:
балаларың
ықылас
зейінін байқампаз
дығын,
есте
сақтауын қабылдауын
дамытуға,
икемділікті
арттыруғасөздік
қорын,
11 слайд
өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыруОйындардың негізгі мақсаты: балаларың ықылас зейінін байқампаз дығын, есте сақтауын қабылдауын дамытуға, икемділікті арттыруғасөздік қорын,
#12 слайд
Мектепке дейінге ұйымдағы бала ауызша
сөйлеу кезінде тәрбиеші оның сөйлеу
темпіне басты назар аударып отыру қажет.
Жұрт алдында тым тез сөйлеуге де,тым баяу
айтуға да болмайтынын үнемі есте сақтау
керек.Сөйлеушінің айтпақ ойының
мақсатына, мазмұнына қарай сөз бірде баяу,
бірде жылдам, бірде көтеріңкі айтылуы тиіс.
12 слайд
Мектепке дейінге ұйымдағы бала ауызша сөйлеу кезінде тәрбиеші оның сөйлеу темпіне басты назар аударып отыру қажет. Жұрт алдында тым тез сөйлеуге де,тым баяу айтуға да болмайтынын үнемі есте сақтау керек.Сөйлеушінің айтпақ ойының мақсатына, мазмұнына қарай сөз бірде баяу, бірде жылдам, бірде көтеріңкі айтылуы тиіс.
#13 слайд
Егер де мектеп жасына дейінгі балаларға сөйлеу дағдысы
қалыптастыру әдістемелерін жоспарлы, белгілі бір мақсатқа
негіздеп ұйымдастырса соғұрлым балалардың дұрыс сөйлеу
дағдылары қалыптасып, нәтижелілігі жоғары болмақ.
Ендеше, тәрбиешінің қызметі оның білімінің, шеберлігінің
керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолын
қысқарту үшін,ол жолдан балалар қиналмай оңай үйрену
үшін, баланың тілін сөйлеу барысында дұрыс айтылымын
қайталап, түзеп отыру керек.
13 слайд
Егер де мектеп жасына дейінгі балаларға сөйлеу дағдысы қалыптастыру әдістемелерін жоспарлы, белгілі бір мақсатқа негіздеп ұйымдастырса соғұрлым балалардың дұрыс сөйлеу дағдылары қалыптасып, нәтижелілігі жоғары болмақ. Ендеше, тәрбиешінің қызметі оның білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолын қысқарту үшін,ол жолдан балалар қиналмай оңай үйрену үшін, баланың тілін сөйлеу барысында дұрыс айтылымын қайталап, түзеп отыру керек.
#14 слайд
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдысын
дамыту әдістемесі де, өзге де ғылымдар саласы
сияқты жыл сайын талдаумен, жетіле түсумен келе
жатқан ғылым.Қазір балалар бақшасының қай-
қайсында да сөйлеуге үйренудің әдістері, принциптері
жаңарумен, бүгінгі өмір өзгерістерімен байланысты
жаңа түр, мазмұнға бейімделуімен ерекшелене
бастады. Осыған орай дұрыс сөйлеу, яғни тілді нақты
меңгеру мәселесі бұрынғыдай алдынғы қатарлы
тәрбиешілердің тиімді тәжірибелерін кең
пайдаланумен бірге, шығармашылық ізденістерге
айрықша көңіл аударуды талап етіп отыр.
14 слайд
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдысын дамыту әдістемесі де, өзге де ғылымдар саласы сияқты жыл сайын талдаумен, жетіле түсумен келе жатқан ғылым.Қазір балалар бақшасының қай- қайсында да сөйлеуге үйренудің әдістері, принциптері жаңарумен, бүгінгі өмір өзгерістерімен байланысты жаңа түр, мазмұнға бейімделуімен ерекшелене бастады. Осыған орай дұрыс сөйлеу, яғни тілді нақты меңгеру мәселесі бұрынғыдай алдынғы қатарлы тәрбиешілердің тиімді тәжірибелерін кең пайдаланумен бірге, шығармашылық ізденістерге айрықша көңіл аударуды талап етіп отыр.
#15 слайд
«Отбасы» ойыны.
Мақсаты : Сөздік қорын молайту, балалардың көлемді ойлауын жетілдіру,
сұрақтарға жауап беруге үйрету.
Құралы : Фланелеграф, терезелері бар қатты қағаздан жасалған үйшік, әрбір
терезе алдынан табличка, отбасы мүшелерінің суреттерін қоюға болатындай
тілік жасалынған.
Ойын барысы: Фланелеграфқа терезелері бар қатты қағаздан жасалған үйшік
жапсырылады. Әрбір терезе алдында отбасы атаулары жазылған табличкалар
бекітілген. Педагог балаларға отбасы мүшелері бейнеленген суреттер таратады
және сұрайды: Бұл кім? суретте ата,әже,әке, шеше, қыз,ұл бейнеленген.
Балалар отбасы мүшелерін өз орындарына орналастырып болғанша ойын
жалғаса береді.
15 слайд
«Отбасы» ойыны. Мақсаты : Сөздік қорын молайту, балалардың көлемді ойлауын жетілдіру, сұрақтарға жауап беруге үйрету. Құралы : Фланелеграф, терезелері бар қатты қағаздан жасалған үйшік, әрбір терезе алдынан табличка, отбасы мүшелерінің суреттерін қоюға болатындай тілік жасалынған. Ойын барысы: Фланелеграфқа терезелері бар қатты қағаздан жасалған үйшік жапсырылады. Әрбір терезе алдында отбасы атаулары жазылған табличкалар бекітілген. Педагог балаларға отбасы мүшелері бейнеленген суреттер таратады және сұрайды: Бұл кім? суретте ата,әже,әке, шеше, қыз,ұл бейнеленген. Балалар отбасы мүшелерін өз орындарына орналастырып болғанша ойын жалғаса береді.
#16 слайд
Ойын. Атауларын дұрыс қой.
Немовтың әдістемесі.
Балаларға отбасы мүшелерін қайталап
айтқызу, атаулар орналастыру, содан кейін
оқушылардың көзін жұмғызып, атауларды ауыстырып
қою
16 слайд
Ойын. Атауларын дұрыс қой. Немовтың әдістемесі. Балаларға отбасы мүшелерін қайталап айтқызу, атаулар орналастыру, содан кейін оқушылардың көзін жұмғызып, атауларды ауыстырып қою
#17 слайд
17 слайд
#18 слайд
Ойын: «Апта күндері»
Мақсаты : Апта күндерін атап, есте сақтай
білуге,дұрыс айтуға үйрету.
Көрнекілік : Апта күндерін шартты түрде белгілейтін
1-ден 7-ге дейін дөңгелектермен дайындалған
карточка.
Барысы : Арнайы дайындалған карточканы көрсетіп,
таныстыру. Апта күндерін атату, карточканы таратып
беру. Тақтаға шыққан бала карточкаға сәйкес өз апта
атын білу керек. Тәрбиеші бұйрығымен, «дүйсенбі»
бір адым алдыға десе, тұрып қалмай алдыға шығу
керек. Бұдан соң балалар кезекпен ауысып тақтаға
шығады.
18 слайд
Ойын: «Апта күндері» Мақсаты : Апта күндерін атап, есте сақтай білуге,дұрыс айтуға үйрету. Көрнекілік : Апта күндерін шартты түрде белгілейтін 1-ден 7-ге дейін дөңгелектермен дайындалған карточка. Барысы : Арнайы дайындалған карточканы көрсетіп, таныстыру. Апта күндерін атату, карточканы таратып беру. Тақтаға шыққан бала карточкаға сәйкес өз апта атын білу керек. Тәрбиеші бұйрығымен, «дүйсенбі» бір адым алдыға десе, тұрып қалмай алдыға шығу керек. Бұдан соң балалар кезекпен ауысып тақтаға шығады.
#19 слайд
«Айырмашылығын тап» дидактикалық ойын
Мақсаты : Балаларға екі суреттің немесе заттың
айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл-
ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай
білуге дағдыландыру.
Бұл ойында тәрбиеші сенсориканы, көлемді, кеңістік
қатынасын, санын салыстыру үшін белгілі бір мақсатты
көздейді. Ары қарай салыстыратын заттардың санын арттыра
отырып, бірнеше нұсқаларын қатарынан істеуге болады. Ойын
өткен материалды бекітуге арналған. Тәрбиеші балалардың
сөйлемді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалайды.
Балалар екі сайқымазақты салыстырады. Салыстыруда мына
сөздер пайдаланылады: кең – тар, қалың – жұқа, ұзын – қысқа.
19 слайд
«Айырмашылығын тап» дидактикалық ойын Мақсаты : Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл- ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру. Бұл ойында тәрбиеші сенсориканы, көлемді, кеңістік қатынасын, санын салыстыру үшін белгілі бір мақсатты көздейді. Ары қарай салыстыратын заттардың санын арттыра отырып, бірнеше нұсқаларын қатарынан істеуге болады. Ойын өткен материалды бекітуге арналған. Тәрбиеші балалардың сөйлемді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалайды. Балалар екі сайқымазақты салыстырады. Салыстыруда мына сөздер пайдаланылады: кең – тар, қалың – жұқа, ұзын – қысқа.
#20 слайд
«Ненің баласы?» дидактикалық ойыны
Мақсаты : Балалардың «үлкен», «кіші»
ұғымдары туралы түсініктерін бекіту; жабайы
және үй жануарлары туралы білімдерін
кеңейту.
Мазмұны . Үлкен және кіші ойыншықтар
бөлек тұрады. Бала үлкен ойыншықты таңдап
алады және оған кішкене ойыншықтарды
іріктеп алады (немесе керісінше). Өзінің
таңдап алған жұбын атайды.
Мысалы: ит үлкен, ал күшік кішкентай.
20 слайд
«Ненің баласы?» дидактикалық ойыны Мақсаты : Балалардың «үлкен», «кіші» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту; жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Мазмұны . Үлкен және кіші ойыншықтар бөлек тұрады. Бала үлкен ойыншықты таңдап алады және оған кішкене ойыншықтарды іріктеп алады (немесе керісінше). Өзінің таңдап алған жұбын атайды. Мысалы: ит үлкен, ал күшік кішкентай.
#21 слайд
21 слайд
#22 слайд
22 слайд
#23 слайд
23 слайд
#24 слайд
24 слайд
#25 слайд
25 слайд
#26 слайд
26 слайд
#27 слайд
27 слайд
#28 слайд
28 слайд
#29 слайд
29 слайд
#30 слайд
Қорыта айтқанда балалардың ана тіліндегі дыбыстарды анық айтып,
дұрыс сөйлей білуге балабақшада берілер тәрбиенің ықпалы зор.
Қазіргі заман талабына сай оқу — тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр
баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, мектеп жасына дейінгі
бүлдіршіндерді ойына, бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып
тәрбиелеу, тәрбиешінің алға қойған міндеті. Айналадағы дүниені,
табиғатты бақылап түсіндіріп әрдайым жаңа сөздермен, сөздік қорын
толықтырып отыру қажет деп есептеймін. Жоғарыда айтылған
мүмкіндіктерге сай балалардың сөйлеу қабілеттерін тереңдетіп,
шығармашылық қабілеттерін дамытуда айтқан әңгімесіне, өзі
құрастырған қысқа әңгімелеріне бағыт — бағдар бере отырып, тіл
байлығын, сөздік қорын дамытуды басты назарда ұстау керек деп
ойлаймын. Баланы өз баламыздай жақсы көріп, білгенімізді олардың
санасына құю, жеткізу тәрбиешінің алға қойған мақсаты. Сол мақсатқа
жету үшін талмай, қажымай еңбек етуге міндетіміз.
30 слайд
Қорыта айтқанда балалардың ана тіліндегі дыбыстарды анық айтып, дұрыс сөйлей білуге балабақшада берілер тәрбиенің ықпалы зор. Қазіргі заман талабына сай оқу — тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді ойына, бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу, тәрбиешінің алға қойған міндеті. Айналадағы дүниені, табиғатты бақылап түсіндіріп әрдайым жаңа сөздермен, сөздік қорын толықтырып отыру қажет деп есептеймін. Жоғарыда айтылған мүмкіндіктерге сай балалардың сөйлеу қабілеттерін тереңдетіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуда айтқан әңгімесіне, өзі құрастырған қысқа әңгімелеріне бағыт — бағдар бере отырып, тіл байлығын, сөздік қорын дамытуды басты назарда ұстау керек деп ойлаймын. Баланы өз баламыздай жақсы көріп, білгенімізді олардың санасына құю, жеткізу тәрбиешінің алға қойған мақсаты. Сол мақсатқа жету үшін талмай, қажымай еңбек етуге міндетіміз.
шағым қалдыра аласыз













