1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мектептегі кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысы

#1 слайд
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық
университеті
Мектептегі кәсіби
бағыт-бағдар беру жұмысы
Орындаған: Усипбекова Айжан Суттибековна
2019-2020 оқу жылы
1 слайд
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университеті Мектептегі кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысы Орындаған: Усипбекова Айжан Суттибековна 2019-2020 оқу жылы
#2 слайд
“ Елдің ертеңі – өресі биік, дүниетанымы кең, кемел
ойлы азаматтар тәрбиелеу үшін бүгінгі ұрпаққа
сапалы білім мен саналы тәрбие беру әрбір мұғалімнің
алдында үлкен жауапкершілікті жүктейді”
Н.Ә.Назарбаев
2 слайд
“ Елдің ертеңі – өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтар тәрбиелеу үшін бүгінгі ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әрбір мұғалімнің алдында үлкен жауапкершілікті жүктейді” Н.Ә.Назарбаев
#3 слайд
Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты
өзіне ұнаған тиісті мамандықты
саналы талдап алуға дайындауға
бағытталған іс-әрекеті.
3 слайд
Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті.
#4 слайд
Мектеп – оқушыларға кәсіптік бағдар
беру жұмысын ұйымдастырушы және
үйлестіруші орталық. Ал мектепте кәсіптік
бағдар беру жұмысын негізінен іске
асыратын мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек
сабағының оқытушысы, сыныптан және
мектептен тыс тәрбие жұмысын
ұйымдастырушы, яғни бүкіл педагогикалық
ұжым болып саналады.Мұғалім
оқушыларға терең білімді береді, оны
кәсіптік бағдар беру жұмысымен
байланыстырады, мамандықты таңдауда
оларға көмектеседі, әрбір мектеп бітіруші
оқушының тағдырына жауап береді, сынып
жетекшілеріне, ата-аналарға көмек
көрсетеді.
4 слайд
Мектеп – оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Ал мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын негізінен іске асыратын мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни бүкіл педагогикалық ұжым болып саналады.Мұғалім оқушыларға терең білімді береді, оны кәсіптік бағдар беру жұмысымен байланыстырады, мамандықты таңдауда оларға көмектеседі, әрбір мектеп бітіруші оқушының тағдырына жауап береді, сынып жетекшілеріне, ата-аналарға көмек көрсетеді.
#5 слайд
Сынып жетекшісі сыныптағы барлық
бағдар беру жұмысын басқарады.
Оқушыларды белгілі мамандықты таңдауға
даярлайды. Сынып жетекшісі кәсіптік бағдар
беру жүйесінің компоненттеріне сүйеніп, оқу-
тәрбие жұмысы жоспарында негізгі
бағыттарды белгілейді. Мысалы, кәсіптік
ақпаратты ұйымдастыру, кәсіптік кеңестер
беруге көмектесу, мектеп бітірушілерді
жұмысқа орнату т.б
5 слайд
Сынып жетекшісі сыныптағы барлық бағдар беру жұмысын басқарады. Оқушыларды белгілі мамандықты таңдауға даярлайды. Сынып жетекшісі кәсіптік бағдар беру жүйесінің компоненттеріне сүйеніп, оқу- тәрбие жұмысы жоспарында негізгі бағыттарды белгілейді. Мысалы, кәсіптік ақпаратты ұйымдастыру, кәсіптік кеңестер беруге көмектесу, мектеп бітірушілерді жұмысқа орнату т.б
#6 слайд
Кәсіби бағыт бағдар беру міндеттері:
оқушыларғаа мамандықтар әлемі туралы
біртұтас мағлұмат беру
оқушылардың өз қызығушылығын, бейінін,
қабілетін анықтауы үшін арнайы сауалнамалар
жүргізу,
кәсіптер бойынша адам қасиеттерінің
ерекшілігімен таныстыру,
оқушының өзінің танымдық және жеке
бас ерекшеліктері мен таңдаған кәсіптік
саласына қажет кәсіби сипаттамаларды
ұштастыра отырып, кәсіби жолын
анықтауына жағдай туғызу;
6 слайд
Кәсіби бағыт бағдар беру міндеттері: оқушыларғаа мамандықтар әлемі туралы біртұтас мағлұмат беру оқушылардың өз қызығушылығын, бейінін, қабілетін анықтауы үшін арнайы сауалнамалар жүргізу, кәсіптер бойынша адам қасиеттерінің ерекшілігімен таныстыру, оқушының өзінің танымдық және жеке бас ерекшеліктері мен таңдаған кәсіптік саласына қажет кәсіби сипаттамаларды ұштастыра отырып, кәсіби жолын анықтауына жағдай туғызу;
#7 слайд
Мамандық таңдау, кәсіпке бағдарлану, адамның өзін –
өзі тәрбиелеу мәселелері – психологияның өзекті
проблемалары болып саналады.
Мектеп оқушыларына осындай бағыт – бағдар
мектеп қабырғасында екі кезеңде іске асыруы қажет:
біріншісі 5 – 9 сыныптарда кәсіпке бағдарлау болса,
екіншісі 10 – 11 сыныпта кәсіпке оқыту болмақ.
7 слайд
Мамандық таңдау, кәсіпке бағдарлану, адамның өзін – өзі тәрбиелеу мәселелері – психологияның өзекті проблемалары болып саналады. Мектеп оқушыларына осындай бағыт – бағдар мектеп қабырғасында екі кезеңде іске асыруы қажет: біріншісі 5 – 9 сыныптарда кәсіпке бағдарлау болса, екіншісі 10 – 11 сыныпта кәсіпке оқыту болмақ.
#8 слайд
Кәсіби бағдар берудің негізгі
мақсаты жас ұрпақты саналы түрде
мамандық таңдауға дайындау, үйрету
екендігі белгілі. Ол үшін мына
нәрселер қажет:
— оқушылардың бойында ішкі психологиялық
— әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет
түрлерін тәрбиелеу;
— түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық
қатынастарын тәрбиелеу;
— кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке
қасиеттерін есепке ала отырып орындау
бағытын жетілдіріп, тәрбиелеу.
8 слайд
Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Ол үшін мына нәрселер қажет: — оқушылардың бойында ішкі психологиялық — әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу; — түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу; — кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып орындау бағытын жетілдіріп, тәрбиелеу.
#9 слайд
Кәсіби бағдар-дың мақсаты мен мазмұны оны
біртұтас жүйе ретінде қарауға мүмкіндік береді. Бұл
жүйе өзара әрекеттес тармақтардан тұрады: кәсіби
хабар, кәсіби кеңес (консультация), кәсіби іріктеу,
кәсіби бейімдеу
Оқушының мүддесіне, қабілетіне, дене күйіне
және қоғам сұранысына сай келетін ең
қолайлы кәсіптер туралы жан-жақты
негізделген кеңес беретін кәсіптік бағдардың
аса маңызды, жауапты кезеңі – кәсіби кеңес
(консультация). Консультация оқушының жеке
басының физиологиялық-психологиялық
ерекшеліктерін, оның ұжымдағы орнын
белгілейді.
9 слайд
Кәсіби бағдар-дың мақсаты мен мазмұны оны біртұтас жүйе ретінде қарауға мүмкіндік береді. Бұл жүйе өзара әрекеттес тармақтардан тұрады: кәсіби хабар, кәсіби кеңес (консультация), кәсіби іріктеу, кәсіби бейімдеу Оқушының мүддесіне, қабілетіне, дене күйіне және қоғам сұранысына сай келетін ең қолайлы кәсіптер туралы жан-жақты негізделген кеңес беретін кәсіптік бағдардың аса маңызды, жауапты кезеңі – кәсіби кеңес (консультация). Консультация оқушының жеке басының физиологиялық-психологиялық ерекшеліктерін, оның ұжымдағы орнын белгілейді.
#10 слайд
Консультацияның үш түрі бар:
Анықтамалық-ұйымдық - оқушылар мен олардың ата-
аналарының жұмысқа орналасуы, әр түрлі оқу
орындарына қабылдау шарты, кәсіби мамандардың
адамға қоятын талабы, нақты экономикалық аудандағы
кадрларға сұраныс туралы сұрақтарына жауап беру.
Медициналық алдын-алу консультациясының мақсаты
- оқушылардың психологиялық-физиологиялық және
медициналық-биологиялық ерекшеліктерінің, таңдаған
мамандыққа сәйкес келетіндігін анықтау және оқушының
таңдаған мамандығына жарамдылығы туралы
қорытынды беру (мектеп дәрігерлерімен бірге).
Психологиялық-педагогикалық
консультация оқушының ынта-ықыласына, қабілетіне,
ерекшелігіне қарай мамандық таңдауына көмектеседі.
10 слайд
Консультацияның үш түрі бар: Анықтамалық-ұйымдық - оқушылар мен олардың ата- аналарының жұмысқа орналасуы, әр түрлі оқу орындарына қабылдау шарты, кәсіби мамандардың адамға қоятын талабы, нақты экономикалық аудандағы кадрларға сұраныс туралы сұрақтарына жауап беру. Медициналық алдын-алу консультациясының мақсаты - оқушылардың психологиялық-физиологиялық және медициналық-биологиялық ерекшеліктерінің, таңдаған мамандыққа сәйкес келетіндігін анықтау және оқушының таңдаған мамандығына жарамдылығы туралы қорытынды беру (мектеп дәрігерлерімен бірге). Психологиялық-педагогикалық консультация оқушының ынта-ықыласына, қабілетіне, ерекшелігіне қарай мамандық таңдауына көмектеседі.
#11 слайд
Оқушыға мамандық таңдауда әсер ететін ең маңызды факторлар
Мамандық
таңдауАта-ананың,
отбасының
көзқарасы Мұғалімдердің
көзқарасы
Оқушының өз
қызығушылығы
мен бейімділігі
Сыртқы
бейнесінің
сырттай
ұнауы
Құрбы-
достарының
көзқарасы Тәжірибенің
болуы
Жұмыстың
жақын
орналасуыОқиғаның
әсері
11 слайд
Оқушыға мамандық таңдауда әсер ететін ең маңызды факторлар Мамандық таңдауАта-ананың, отбасының көзқарасы Мұғалімдердің көзқарасы Оқушының өз қызығушылығы мен бейімділігі Сыртқы бейнесінің сырттай ұнауы Құрбы- достарының көзқарасы Тәжірибенің болуы Жұмыстың жақын орналасуыОқиғаның әсері
#12 слайд
“ Мамандық таңдау бойынша ата-аналарға арналған жадынама”
1 . Балаңыздың болашақ мамандығын өзі таңдауына мүмкіндік беріңіз.
2. Оның таңдаған мамандығына деген қарсылық пен қолдауды бірге отырып
талқылаңыз.
3. Мамандық таңдар кезінде тек материалдық пайданы ғана ойламай, балаңыздың
рухани қанағаттанудың да естен шығармаңыз.
4. Болашақ мамандық таңдар кезде балаңыздың сол кәсіпке деген жарамдылығын да
байқаңыз.
5. Егер мамандық таңдау барысында қарама-қайшылық туындап жатса, кеңесші
мамандармен ақылдасыңыз.
6. Мамандық таңдауда балаңызды қыспалай бермеңіз, әйтпесе бұл жанжалға әкеп
соқтыруы мүмкін.
7. Балаңыздың арманы орындалу үшін оған барынша қолдау көрсетуге тырысыңыз.
8. Егер балаңыз мамандық таңдауда қателескен болса, ол үшін кінәламаңыз, оны
жөндеуге болады.
9. Егер балаңыз қандай да бір мамандыққа ертеден әуестене бастаса оған үйірмелер,
әдебиеттер әр түрлі сабақтардың көмегімен осы қызы-
ғушылығын сақтауға мүмкіншілік беріңіз.
10 . Балалар өз ата-аналарының мамандығына қатысты маман таңдауы
да мүмкін екенін есіңізге алыңыз.
12 слайд
“ Мамандық таңдау бойынша ата-аналарға арналған жадынама” 1 . Балаңыздың болашақ мамандығын өзі таңдауына мүмкіндік беріңіз. 2. Оның таңдаған мамандығына деген қарсылық пен қолдауды бірге отырып талқылаңыз. 3. Мамандық таңдар кезінде тек материалдық пайданы ғана ойламай, балаңыздың рухани қанағаттанудың да естен шығармаңыз. 4. Болашақ мамандық таңдар кезде балаңыздың сол кәсіпке деген жарамдылығын да байқаңыз. 5. Егер мамандық таңдау барысында қарама-қайшылық туындап жатса, кеңесші мамандармен ақылдасыңыз. 6. Мамандық таңдауда балаңызды қыспалай бермеңіз, әйтпесе бұл жанжалға әкеп соқтыруы мүмкін. 7. Балаңыздың арманы орындалу үшін оған барынша қолдау көрсетуге тырысыңыз. 8. Егер балаңыз мамандық таңдауда қателескен болса, ол үшін кінәламаңыз, оны жөндеуге болады. 9. Егер балаңыз қандай да бір мамандыққа ертеден әуестене бастаса оған үйірмелер, әдебиеттер әр түрлі сабақтардың көмегімен осы қызы- ғушылығын сақтауға мүмкіншілік беріңіз. 10 . Балалар өз ата-аналарының мамандығына қатысты маман таңдауы да мүмкін екенін есіңізге алыңыз.
#13 слайд
Өз болашағыңды анықтауда мынадай ережелерді ұстан:
1. Алдағы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шетел тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игергенің
аса пайдалы. Бұларды кез-келген мамандықта қажетті болары сөзсіз!
2. Мамандық таңдауға байланысты сені, сенің қалаған мамандығыңды толық білмейтін адамдардың ақыл-
кеңесіне құлақ салудың қажеті шамалы.
3. Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне, көңілге қонымды жақтарына ғана назар аударудың қажеті
жоқ, мүмкіндігінше қалаған мамандығыңның жұмыс мазмұны жөнінде көбірек білуге тырыс.
4. Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.
5. Саған қолыңнан келетін істі мамандық етіп таңдаған пайдалырақ болмақ. Әйтсе де бұл сөз қарапайым
естілгенімен, көбінесе назардан тыс қалып жатады.
6. “Жақсы адам”- бұл мамандық емес. Егер саған адам ұнаса, оның меңгерген мамандығын мен де
таңдауым керек деп жаңсақ қорытынды жасауға болмайды.
7. Сән қуып, мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Сен оқуыңды тәмамдап, жұмыс істегенше, ол мамандық
сәннен шығып қалуы да мүмкін.
8. Мүмкіндігінше өзің таңдаған мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін-келмейтіндігі
жөнінде дәрігерден кеңес алғаның жөн.
9. Заманауи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр.
Сондықтан кез-келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандығың болуы қажет.
10. Өзің таңдаған мамандығынның мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу
мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алмағанда ғана сенің мамандық таңдаудағы ой-ниетің
салмақтана түспек.
11. Өзіңмен алдын-ала психологиялық жұмыс жүргізбей-ақ, нық қадам жасай беруге болатын бірде-бір
мамандықтың жоқ екендігін есіңде сақта!
13 слайд
Өз болашағыңды анықтауда мынадай ережелерді ұстан: 1. Алдағы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шетел тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игергенің аса пайдалы. Бұларды кез-келген мамандықта қажетті болары сөзсіз! 2. Мамандық таңдауға байланысты сені, сенің қалаған мамандығыңды толық білмейтін адамдардың ақыл- кеңесіне құлақ салудың қажеті шамалы. 3. Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне, көңілге қонымды жақтарына ғана назар аударудың қажеті жоқ, мүмкіндігінше қалаған мамандығыңның жұмыс мазмұны жөнінде көбірек білуге тырыс. 4. Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды. 5. Саған қолыңнан келетін істі мамандық етіп таңдаған пайдалырақ болмақ. Әйтсе де бұл сөз қарапайым естілгенімен, көбінесе назардан тыс қалып жатады. 6. “Жақсы адам”- бұл мамандық емес. Егер саған адам ұнаса, оның меңгерген мамандығын мен де таңдауым керек деп жаңсақ қорытынды жасауға болмайды. 7. Сән қуып, мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Сен оқуыңды тәмамдап, жұмыс істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы да мүмкін. 8. Мүмкіндігінше өзің таңдаған мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін-келмейтіндігі жөнінде дәрігерден кеңес алғаның жөн. 9. Заманауи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез-келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандығың болуы қажет. 10. Өзің таңдаған мамандығынның мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алмағанда ғана сенің мамандық таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек. 11. Өзіңмен алдын-ала психологиялық жұмыс жүргізбей-ақ, нық қадам жасай беруге болатын бірде-бір мамандықтың жоқ екендігін есіңде сақта!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген