Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқынаэолдауы.

#1 слайд
Түркістан облысы Жтісай ауданы Абай ауыл округі Халықтар
Достығы елді мекені “№72 жалпы орта мектебі” коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің математика пәні мұғалімі:
Жаксыбекова Бибиайша Торехановна
1 слайд
Түркістан облысы Жтісай ауданы Абай ауыл округі Халықтар Достығы елді мекені “№72 жалпы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика пәні мұғалімі: Жаксыбекова Бибиайша Торехановна
#2 слайд
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы. 2020 жылғы 1 қыркүйек
Мақсаты: Оқушылар арасында 2020 жылғы Президент жолдауын насихаттау.
Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Оқушы бойында елін,жерін
қадірлеуге деген патриоттық сезім қалыптастыру.
Түрі: Баяндама.
Әдісі: Пікіралмасу.Ойбөлісу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер.Мемлекеттік нышандар.Слайд .
2 слайд
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2020 жылғы 1 қыркүйек Мақсаты: Оқушылар арасында 2020 жылғы Президент жолдауын насихаттау. Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Оқушы бойында елін,жерін қадірлеуге деген патриоттық сезім қалыптастыру. Түрі: Баяндама. Әдісі: Пікіралмасу.Ойбөлісу. Көрнекілігі: Нақыл сөздер.Мемлекеттік нышандар.Слайд .
#3 слайд
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
2020 жылғы 1 қыркүйек
3 слайд
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2020 жылғы 1 қыркүйек
#4 слайд
ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ
4 слайд
ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ
#5 слайд
5 слайд
#6 слайд
Парламенттің кезекті сессиясының жұмысы күрделі кезеңде басталып
отыр.
Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де
жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар
күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан
халқымыз жұдырықтай жұмылды.
Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге
асты. Өзгеге қолұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы
тұру маңызды екені анық байқалды.
Дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери
қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай шақта бейжай
қалмаған барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтамын. Сіздер
айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін
көрсеттіңіздер.
Бұл Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі деп санаймын. Құрметті Парламент палаталарының
төрағалары, депутаттар, Үкімет мүшелері!
6 слайд
Парламенттің кезекті сессиясының жұмысы күрделі кезеңде басталып отыр. Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды. Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қолұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды. Дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай шақта бейжай қалмаған барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтамын. Сіздер айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер. Бұл Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі деп санаймын. Құрметті Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар, Үкімет мүшелері!
#7 слайд
Ендеше, іс-қимыл жоспары қандай болмақ?
I. Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі
ІІ. Жаңа жағдайдағы экономикалық даму
III. Теңгерімді аумақтық даму
IV. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – басты басымдық
V. Қолжетімді әрі сапалы білім
VI. Денсаулық сақтау саласын дамыту
VII. Экология және биологиялық әркелкілікті қорғау
VIII. Әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында
IX. Цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі
Х. Азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы
ХI. Ұлттың жаңа болмысы
7 слайд
Ендеше, іс-қимыл жоспары қандай болмақ? I. Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі ІІ. Жаңа жағдайдағы экономикалық даму III. Теңгерімді аумақтық даму IV. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – басты басымдық V. Қолжетімді әрі сапалы білім VI. Денсаулық сақтау саласын дамыту VII. Экология және биологиялық әркелкілікті қорғау VIII. Әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында IX. Цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі Х. Азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы ХI. Ұлттың жаңа болмысы
#8 слайд
Коронавирус індетінің салдарынан дүниежүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым
көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде.
Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын
айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн-платформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата-
аналар күндіз-түні «WhatsApp»-тан бас көтермейтін болды. Толыққанды оқу үдерісі үшін
қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу
қажет.
Дегенмен, сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және
сыныптастармен араласудың орны бөлек. Сондықтан санитарлық талаптарды сақтай отырып,
білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеген жөн. Бұл, әсіресе,
мектептер үшін маңызды.
Күнделікті мәселелерді шешумен қатар, балалардың бәріне бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі
шаралар қабылдау қажет. Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім
алуы керек.
Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан
орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет.
«Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірген жөн. Онда жастарымыз қолөнердің және
шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысар еді. V. Қолжетімді әрі сапалы білім
8 слайд
Коронавирус індетінің салдарынан дүниежүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде. Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн-платформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата- аналар күндіз-түні «WhatsApp»-тан бас көтермейтін болды. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет. Дегенмен, сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек. Сондықтан санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеген жөн. Бұл, әсіресе, мектептер үшін маңызды. Күнделікті мәселелерді шешумен қатар, балалардың бәріне бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек. Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет. «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірген жөн. Онда жастарымыз қолөнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысар еді. V. Қолжетімді әрі сапалы білім
#9 слайд
Балалар үшін қатерлі бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда олардың күш-жігері мен қызығушылығын
дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды. Балалар мемлекетіміздің болашағы емес пе?! Әкімдердің
жұмысын осы өлшем бойынша да бағалаймыз.
Білім беру сапасы туралы бірер сөз. Былтыр мен дипломды оңды-солды үлестірумен айналысатын
білім меке мелерін жабуды тапсырған болатынмын.
Білім беруді табысты бизнеске айнал
дырған ықпалды адамдардың қарсы лығынан бұл жұмыс баяу
жүруде. Бірақ проблеманы шешу керек. Премьер-Министр бұл мәселені ерекше бақылауға алуға
тиіс.
Ғылым саласын дамыту туралы да айтқым келеді.
Бұл мәселе бойынша бізге тың көзқарас пен жаңа тәсілдер керек, сондай-ақ халықаралық
тәжірибеге арқа сүйеуіміз қажет.
Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан
өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000
грант бөлуді тапсырамын.
Ғылымды қаржыландырудың және қол
даудың маңызды көзі – ірі кәсіп орындардың, әсіресе
шикізат саласын
дағы компаниялардың қаражаты.
Тапқан табыстың 1 пайызын ғылым мен технологияны дамытуға беру туралы қолданыстағы
норма талаптары сақталмай отыр. Көп жағдайда бұл қаражат компаниялардың ішінде бөлініске
түсіп кетеді. Үкіметке осы қаражатты жинақтау ісін орталықтандыруды және оның бюджет
арқылы жалпыұлттық ғылыми басымдыққа сай бөлінуін қамтамасыз етуді тапсырамын.
Ірі бизнес өкілдері өңірлік университеттердің ғылыми қызметін қамқорлыққа алса, нұр үстіне нұр
болар еді.
Бізге елімізді ғылыми-технологиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі арнаулы бағдарламалық құжат
қажет. Оның басты міндеті ұлттық деңгейдегі нақты мәселелерді шешуге ғылымның әлеуетін
пайдалану болмақ.
9 слайд
Балалар үшін қатерлі бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды. Балалар мемлекетіміздің болашағы емес пе?! Әкімдердің жұмысын осы өлшем бойынша да бағалаймыз. Білім беру сапасы туралы бірер сөз. Былтыр мен дипломды оңды-солды үлестірумен айналысатын білім меке мелерін жабуды тапсырған болатынмын. Білім беруді табысты бизнеске айнал дырған ықпалды адамдардың қарсы лығынан бұл жұмыс баяу жүруде. Бірақ проблеманы шешу керек. Премьер-Министр бұл мәселені ерекше бақылауға алуға тиіс. Ғылым саласын дамыту туралы да айтқым келеді. Бұл мәселе бойынша бізге тың көзқарас пен жаңа тәсілдер керек, сондай-ақ халықаралық тәжірибеге арқа сүйеуіміз қажет. Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырамын. Ғылымды қаржыландырудың және қол даудың маңызды көзі – ірі кәсіп орындардың, әсіресе шикізат саласын дағы компаниялардың қаражаты. Тапқан табыстың 1 пайызын ғылым мен технологияны дамытуға беру туралы қолданыстағы норма талаптары сақталмай отыр. Көп жағдайда бұл қаражат компаниялардың ішінде бөлініске түсіп кетеді. Үкіметке осы қаражатты жинақтау ісін орталықтандыруды және оның бюджет арқылы жалпыұлттық ғылыми басымдыққа сай бөлінуін қамтамасыз етуді тапсырамын. Ірі бизнес өкілдері өңірлік университеттердің ғылыми қызметін қамқорлыққа алса, нұр үстіне нұр болар еді. Бізге елімізді ғылыми-технологиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі арнаулы бағдарламалық құжат қажет. Оның басты міндеті ұлттық деңгейдегі нақты мәселелерді шешуге ғылымның әлеуетін пайдалану болмақ.
#10 слайд
Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе.
Бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бізге де мұндай жаппай үрдістен
шет қалуға болмайды.
Бірқатар қордаланған проблемаларды шешуге жол ашатын жаңа Экологиялық кодекстің жобасы
әзірленді. Парламенттің бұл маңызды құжатты жыл аяғына дейін қарап, қабылдауын сұраймын
Үкіметке экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шараларды нақты жүзеге асыруға кірісуді
тапсырамын. Биологиялық әркелкілікті сақтау және тиімді пайдалану жөніндегі ұзақ мерзімді
жоспарларды бекіткен жөн.
Бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылатын
болады. Бұл еліміздегі көгалдандыру ауқымын кеңейтуге септігін тигізеді.
Елорданың айналасындағы жасыл желектің ауқымын ұлғайту мәселесі өте маңызды.
Қазақстанның ұлттық саябақтары мен басқа да табиғат байлықтарын заңдық және
нормативтік тұрғыдан қорғап, бұл салада құқық бұзған азаматтарды қылмыстық және
әкімшілік жауапқа тарту тәртібін қатайту керек.
Мек тептер мен жоғары оқу орындарында өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру ісіне
жеткілікті назар аудару қажет. Қоғамда экологиялық құнды
лық тарды орнықтыруға үндейтін
«Birge – taza Qazaqstan» экологиялық акциясын жүйелі түрде өткізіп тұрған жөн.
Ел ішіндегі экологиялық туризм мә
де ниетін белсенді дамыту – маңызды міндетіміз.
Орта мерзімді кезеңде экономиканың өсімі мейлінше «жасыл экономика» жағдайында ілгерілеуге
тиіс. Сондықтан қазірдің өзінде көміртегінің үлесін барынша азайтуға бағыт ұстаған жөн.
Үкіметке ғылыми қауыммен және жеке сектормен бірлесіп, «жасыл өсім» жөніндегі ұсыныстар
жиынтығын әзірлеуді тапсырамын.
Үкімет азаматтық сектормен бірлесіп, «Жануарларды қорғау туралы» заң жобасын әзірлеуі
қажет. Жануарларға көз
қарас кез келген мемлекеттің өркениеттілігінің өлшемі. Ал бұл жағынан
біздің жағдайымыз мәз емес.
VII. Экология және биологиялық әркелкілікті қорғау
10 слайд
Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе. Бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайды. Бірқатар қордаланған проблемаларды шешуге жол ашатын жаңа Экологиялық кодекстің жобасы әзірленді. Парламенттің бұл маңызды құжатты жыл аяғына дейін қарап, қабылдауын сұраймын Үкіметке экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шараларды нақты жүзеге асыруға кірісуді тапсырамын. Биологиялық әркелкілікті сақтау және тиімді пайдалану жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарларды бекіткен жөн. Бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылатын болады. Бұл еліміздегі көгалдандыру ауқымын кеңейтуге септігін тигізеді. Елорданың айналасындағы жасыл желектің ауқымын ұлғайту мәселесі өте маңызды. Қазақстанның ұлттық саябақтары мен басқа да табиғат байлықтарын заңдық және нормативтік тұрғыдан қорғап, бұл салада құқық бұзған азаматтарды қылмыстық және әкімшілік жауапқа тарту тәртібін қатайту керек. Мек тептер мен жоғары оқу орындарында өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру ісіне жеткілікті назар аудару қажет. Қоғамда экологиялық құнды лық тарды орнықтыруға үндейтін «Birge – taza Qazaqstan» экологиялық акциясын жүйелі түрде өткізіп тұрған жөн. Ел ішіндегі экологиялық туризм мә де ниетін белсенді дамыту – маңызды міндетіміз. Орта мерзімді кезеңде экономиканың өсімі мейлінше «жасыл экономика» жағдайында ілгерілеуге тиіс. Сондықтан қазірдің өзінде көміртегінің үлесін барынша азайтуға бағыт ұстаған жөн. Үкіметке ғылыми қауыммен және жеке сектормен бірлесіп, «жасыл өсім» жөніндегі ұсыныстар жиынтығын әзірлеуді тапсырамын. Үкімет азаматтық сектормен бірлесіп, «Жануарларды қорғау туралы» заң жобасын әзірлеуі қажет. Жануарларға көз қарас кез келген мемлекеттің өркениеттілігінің өлшемі. Ал бұл жағынан біздің жағдайымыз мәз емес. VII. Экология және биологиялық әркелкілікті қорғау
#11 слайд
Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру.
Адамды және қоғамды уақыт талабына сай жетілдіру қажеттігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Жаңарған ұлт қана жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныта алады.
Мен халқымыздың әлем үлгі тұтарлық жақсы қасиеттерінің көбірек болғанын қалаймын.
Ұлтымыз жаңа сапаға көшуі үшін біздің күнделікті өмірлік ұстанымдарымыз да өзгеруі керек.
Қазақ қоғамында жаңа қағидаттар және жаңа бағдарлар салтанат құруға тиіс.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға
бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» дейді.
Бұл көзқарас бүгінгі күні өте маңызды.
Біріншіден, ХХІ ғасырдың ұрпағы терең білімді болғаны жөн.
Екіншіден, жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу қажет.
Үшіншіден, кез келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асырған дұрыс.
Төртіншіден, темірдей тәртіп және жоғары жауапкершілік баршамыздың бойымызда болуы
керек. ХI. Ұлттың жаңа болмысы
11 слайд
Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру. Адамды және қоғамды уақыт талабына сай жетілдіру қажеттігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Жаңарған ұлт қана жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныта алады. Мен халқымыздың әлем үлгі тұтарлық жақсы қасиеттерінің көбірек болғанын қалаймын. Ұлтымыз жаңа сапаға көшуі үшін біздің күнделікті өмірлік ұстанымдарымыз да өзгеруі керек. Қазақ қоғамында жаңа қағидаттар және жаңа бағдарлар салтанат құруға тиіс. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» дейді. Бұл көзқарас бүгінгі күні өте маңызды. Біріншіден, ХХІ ғасырдың ұрпағы терең білімді болғаны жөн. Екіншіден, жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу қажет. Үшіншіден, кез келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асырған дұрыс. Төртіншіден, темірдей тәртіп және жоғары жауапкершілік баршамыздың бойымызда болуы керек. ХI. Ұлттың жаңа болмысы
#12 слайд
Бесіншіден, әділдіктен айнымаған жөн. Әділдік – қоғам дамуының маңызды шарты.
Әділеттілік – әсіресе ел-жұрттың тағдырын шешу үшін аса қажет қасиет.
Алтыншыдан, бізге керегі – адалдық, ұқыптылық, тиянақтылық. Бәріміз нағыз қазақты дәл
осындай кейіпте көргіміз келеді. Біз сонда ғана бәсекеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт
қалыптастыра аламыз.
Қазақ зиялыларының жаңа кезеңдегі міндеті – ұлт болмысының жаңа қағидаттарын
орнықтыру. Сондай-ақ ұлт сапасын арттыруға атсалысу.
Жаңғырған қоғам жат әдеттерден біртіндеп арылуы керек.
Ысырапшылдық пен даңғазалық қоғамның да, адамның да абыройын төгеді. Жауапсыздық,
немқұрайдылық бүкіл елді қасіретке ұшыратады. Ал бос сөзділік пен бөспелік,
мақтаншақтық қоғамның дамуын тежейді. Бұл туралы ұлы Абай «Өңкей жалған
мақтанмен, шынның бетін бояйды» деп ашық айтқан. Бұл мәселе бүгінгі күні де өзекті
болып отыр.
Биік мұратқа жетелейтін еңбек деген ұлы ұғымды әр азаматтың санасына сіңіргеніміз
жөн.
Біздің елімізде «Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» жүйесі берік
орнығуы керек.
12 слайд
Бесіншіден, әділдіктен айнымаған жөн. Әділдік – қоғам дамуының маңызды шарты. Әділеттілік – әсіресе ел-жұрттың тағдырын шешу үшін аса қажет қасиет. Алтыншыдан, бізге керегі – адалдық, ұқыптылық, тиянақтылық. Бәріміз нағыз қазақты дәл осындай кейіпте көргіміз келеді. Біз сонда ғана бәсекеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт қалыптастыра аламыз. Қазақ зиялыларының жаңа кезеңдегі міндеті – ұлт болмысының жаңа қағидаттарын орнықтыру. Сондай-ақ ұлт сапасын арттыруға атсалысу. Жаңғырған қоғам жат әдеттерден біртіндеп арылуы керек. Ысырапшылдық пен даңғазалық қоғамның да, адамның да абыройын төгеді. Жауапсыздық, немқұрайдылық бүкіл елді қасіретке ұшыратады. Ал бос сөзділік пен бөспелік, мақтаншақтық қоғамның дамуын тежейді. Бұл туралы ұлы Абай «Өңкей жалған мақтанмен, шынның бетін бояйды» деп ашық айтқан. Бұл мәселе бүгінгі күні де өзекті болып отыр. Биік мұратқа жетелейтін еңбек деген ұлы ұғымды әр азаматтың санасына сіңіргеніміз жөн. Біздің елімізде «Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» жүйесі берік орнығуы керек.
#13 слайд
Алдымызда ауқымды әрі күрделі міндеттер тұр. Соларды табысты жүзеге асыру үшін тың тәсіл,
жаңаша ойлау, жалпы ұлттық ынтымақ және өзара қолдау қажет.
Біздің стратегиялық бағытымыз – айқын. Түйткілді тұстарымыз бен кемшіліктерімізді жақсы
білеміз.
Бүгін мен бүкіл қоғам алдында дағда рыс жағдайында атқарылатын іс-шаралардың жоспарын
баяндадым. Оның жемісті жүзеге асуы әрқайсымызға байланысты.
Баршамыз өз-өзімізді дамытуға күш салуымыз керек. Замана сынағы бізден үздіксіз қозғалысты,
мықты күш-жігерді және табанды еңбекті талап етіп отыр.
Сондықтан еліміздің бақытты әрі жарқын келешегі әр азаматтың қажырлы қызметіне
байланысты болмақ.
Әр буынның маңдайына түрлі сынақ жазылған.
Біз төл тарихымызда тағдырдың түрлі сынынан әрдайым сүрінбей өттік. Еліміз ең күрделі деген
міндеттерді шеше алады. Біз бұған дайынбыз.
Біз – халқымыздың тәуелсіздік жо
лындағы сан ғасырлық арман-тілегіне қол жеткізген ұрпақпыз.
Келер жылы тәуелсіздігімізге 30 жыл болады. Бұл мерейлі дата – Егемен еліміз үшін аса маңызды
меже. Бұл – жаңа тарихи кезеңнің басы.
Бізге мемлекеттің болашағы үшін зор жауапкершілік жүктеліп отыр.
Бірлігіміз бен ынтымағымыз мығым болса, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз.
Бұл біздің қолымыздан келеді.
Мен бұған кәміл сенемін.
Еліміз әрқашан аман болсын!
Құрметті отандастар!
13 слайд
Алдымызда ауқымды әрі күрделі міндеттер тұр. Соларды табысты жүзеге асыру үшін тың тәсіл, жаңаша ойлау, жалпы ұлттық ынтымақ және өзара қолдау қажет. Біздің стратегиялық бағытымыз – айқын. Түйткілді тұстарымыз бен кемшіліктерімізді жақсы білеміз. Бүгін мен бүкіл қоғам алдында дағда рыс жағдайында атқарылатын іс-шаралардың жоспарын баяндадым. Оның жемісті жүзеге асуы әрқайсымызға байланысты. Баршамыз өз-өзімізді дамытуға күш салуымыз керек. Замана сынағы бізден үздіксіз қозғалысты, мықты күш-жігерді және табанды еңбекті талап етіп отыр. Сондықтан еліміздің бақытты әрі жарқын келешегі әр азаматтың қажырлы қызметіне байланысты болмақ. Әр буынның маңдайына түрлі сынақ жазылған. Біз төл тарихымызда тағдырдың түрлі сынынан әрдайым сүрінбей өттік. Еліміз ең күрделі деген міндеттерді шеше алады. Біз бұған дайынбыз. Біз – халқымыздың тәуелсіздік жо лындағы сан ғасырлық арман-тілегіне қол жеткізген ұрпақпыз. Келер жылы тәуелсіздігімізге 30 жыл болады. Бұл мерейлі дата – Егемен еліміз үшін аса маңызды меже. Бұл – жаңа тарихи кезеңнің басы. Бізге мемлекеттің болашағы үшін зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Бірлігіміз бен ынтымағымыз мығым болса, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз. Бұл біздің қолымыздан келеді. Мен бұған кәміл сенемін. Еліміз әрқашан аман болсын! Құрметті отандастар!
#14 слайд
14 слайд
#15 слайд
15 слайд
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген