1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Менің отбасым - сыйластық орнаған ортам» Ата - аналарға

#1 слайд
Ата-аналар жиналысына хош келдіңіздер!
«Менің отбасым -
сыйластық орнаған ортам»
“№123 жалпы орта мектебі” коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Әлеуметтік педагог: Ж. Нусерова
1 слайд
Ата-аналар жиналысына хош келдіңіздер! «Менің отбасым - сыйластық орнаған ортам» “№123 жалпы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі Әлеуметтік педагог: Ж. Нусерова
#2 слайд
- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата –
аналар,оқушылар,ұстаздар!
Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған
тренингтің тақырыбы: «Менің отбасым-
сыйластық,жарастық
орнаған ортам» деп аталады. Тренингіміздің ерекшелігі
сол,тәрбие процесіндегі
қиындықтарды сіз болып,біз болып пікірлесе
отырып,ойымызды түйіндеп,өмір
жолында пайдалану.
Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі.
Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары
жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы
болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны.
Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды.
Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық
отбасы болып
саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты
– қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж
етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен
жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле
алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады,
қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны
іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала
отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар
баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді,
еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы ,
жақсы климаттың болуына байланысты. Баламыз
өмірден өз орнын
тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне
көңіл
бөлуді ешқашан естен шығармайық.
2 слайд
- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар,оқушылар,ұстаздар! Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тренингтің тақырыбы: «Менің отбасым- сыйластық,жарастық орнаған ортам» деп аталады. Тренингіміздің ерекшелігі сол,тәрбие процесіндегі қиындықтарды сіз болып,біз болып пікірлесе отырып,ойымызды түйіндеп,өмір жолында пайдалану. Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы болып саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы , жақсы климаттың болуына байланысты. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.
#3 слайд
Мақсаты:
Отбасы
тәрбиесіндегі
ата – ананың
балаға тәрбиелік
ықпалын
арттыру.
Тәрбиенің ең
тамаша жері
отбасы екенін,
олардың бала
тәрбиесіндегі
мүмкіндіктері
жоғары екенін
ұғындыру,
баламен қарым
– қатынасты
жақсарту.
Бала тәрбиесіне көп
көңіл бөлудің
маңыздылығын
дәлелдеу.
3 слайд
Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктері жоғары екенін ұғындыру, баламен қарым – қатынасты жақсарту. Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.
#4 слайд
Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі.
Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында
ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы -
адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.Бала қанша
білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп
бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді.
Ал ата – аналар , өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды
әрқашан естен шығармаңыз.
Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз
үшін.
Ендеше бүгінгі жиналысымызға қатысып отырған ата - аналарға
әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектепке
келе беріңіздер демекпіз!
4 слайд
Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді. Ал ата – аналар , өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз үшін. Ендеше бүгінгі жиналысымызға қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектепке келе беріңіздер демекпіз!
#5 слайд
•Тал бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі
тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп.
•Болашақ десек те, келешек десе де, бала - ұрпақ деген
мағынаны білдіреді.
•Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге
перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп
тәрбиелеу.
•Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл
қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл
Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге
көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды
болмайды» - демеп пе еді.
•Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек.
Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс -
жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай
ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері
ақиқат.
5 слайд
•Тал бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. •Болашақ десек те, келешек десе де, бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді. •Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу. •Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. •Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
#6 слайд
Осы жиналыстан алған
әсерлеріңізді топпен
ақылдасып қағаз бетіне
түсіріңіздер!!!
6 слайд
Осы жиналыстан алған әсерлеріңізді топпен ақылдасып қағаз бетіне түсіріңіздер!!!
#7 слайд
Ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке,
қайырымдылық - қатыгездікке,
жомарттық - тоғышарлыққа,
адалдық - арамдыққа,
парасаттылық - парықсыздыққа
ауыспасын деген үлкен үміт тұр.
Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы
тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға
жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке
тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе,
ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет. Бала тәрбиесінде
шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере
біліңіздер! Сіз өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып,
қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, біз сіздермен
қоштаспаймыз, келесі кездескенше қош, сау болыңыздар! –
демекпіз.
7 слайд
Ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр. Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіз өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше қош, сау болыңыздар! – демекпіз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген