1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өзін-өзі тану пәнімен математиканы кіріктіре оқыту. Презентация

#1 слайд
Әлия Молдағұлова атындағы № 173 орта мектеп
тәрбиеБілім
Өзін-өзі тану пәнін математика пәнімен
ықпалдастырудың тиімді жолдары
Математика пәні мұғалімі Алтаева Қ.А.
Қызылорда қаласы
1 слайд
Әлия Молдағұлова атындағы № 173 орта мектеп тәрбиеБілім Өзін-өзі тану пәнін математика пәнімен ықпалдастырудың тиімді жолдары Математика пәні мұғалімі Алтаева Қ.А. Қызылорда қаласы
#2 слайд
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
атты бағдарламалық мақаласында «Табысты болудың ең іргелі, басты
факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық
беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы
шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт
қана табысқа жетеді» деді. Сонымен қатар елбасының білімді, кәсіби
даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық
саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға
қабілетті, рухани және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға
қалыптастыру болып табылады» деп атап көрсетті. Бұл сөздер еліміздің
өркендеуі үшін білім мен тәрбиенің егіз жүру қажеттілігін астын сызып
тұрып көрсетті.
Рухани жаңғыруды жүзеге асыру мақсатында мектеп
оқушыларының адамгершіліктің рухани құндылықтарын дамыту мен
қалыптастыру ісінде өзін-өзі тану пәнін барлық пәндермен кіріктірудің
ерекше орын алатыны дәлелденді.
2 слайд
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деді. Сонымен қатар елбасының білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады» деп атап көрсетті. Бұл сөздер еліміздің өркендеуі үшін білім мен тәрбиенің егіз жүру қажеттілігін астын сызып тұрып көрсетті. Рухани жаңғыруды жүзеге асыру мақсатында мектеп оқушыларының адамгершіліктің рухани құндылықтарын дамыту мен қалыптастыру ісінде өзін-өзі тану пәнін барлық пәндермен кіріктірудің ерекше орын алатыны дәлелденді.
#3 слайд
1. Ақиқат
2. Дұрыс әрекет
3. Ішкі тыныштық
4. Сүйіспеншілік
5. Қиянат жасамау
Бестік теориясы.
Ақиқат түсінігі шындық, туралық, түзулік, әділдікке әкеп тіреледі. Дұрыс
әрекет-бұл дұрыс ата-ана, дұрыс күн тәртібі, дұрыс төсек, дұрыс тамақ,
дұрыс талап, дұрыс дағды, дұрыс әдет, дұрыс мінезден қалыптасады. Жан
дүние тазалығы адамның ішкі әлемінің тыныштығын қалыптастырады.
Адамның дүниетанымы кеңейіп, көзқарасы қалыптасып, туралыққа
жаны жадырайтын болады.Бұның барлығы ақ ниеттен, ақ көңілден, кек
сақтамаудан, бай пейілден, жомарттықтан, қарапайымдылықтан
қалыптасады. Табиғатты сүю, қоршаған ортаға сүйіспеншілік, адамға
мейірім бәрі-бәрі адамның биікке ұмтылысын білдіреді.Аманат сенім
арқылы орын алады. Аманатқа қиянат жасамау азаматтық қасиеттің
биік көрінісі. Міне осы бес құндылық қазіргі оқушының мектептен
алатын білімі мен қатар жүретін күнделікті азығына айналуы қажет.
3 слайд
1. Ақиқат 2. Дұрыс әрекет 3. Ішкі тыныштық 4. Сүйіспеншілік 5. Қиянат жасамау Бестік теориясы. Ақиқат түсінігі шындық, туралық, түзулік, әділдікке әкеп тіреледі. Дұрыс әрекет-бұл дұрыс ата-ана, дұрыс күн тәртібі, дұрыс төсек, дұрыс тамақ, дұрыс талап, дұрыс дағды, дұрыс әдет, дұрыс мінезден қалыптасады. Жан дүние тазалығы адамның ішкі әлемінің тыныштығын қалыптастырады. Адамның дүниетанымы кеңейіп, көзқарасы қалыптасып, туралыққа жаны жадырайтын болады.Бұның барлығы ақ ниеттен, ақ көңілден, кек сақтамаудан, бай пейілден, жомарттықтан, қарапайымдылықтан қалыптасады. Табиғатты сүю, қоршаған ортаға сүйіспеншілік, адамға мейірім бәрі-бәрі адамның биікке ұмтылысын білдіреді.Аманат сенім арқылы орын алады. Аманатқа қиянат жасамау азаматтық қасиеттің биік көрінісі. Міне осы бес құндылық қазіргі оқушының мектептен алатын білімі мен қатар жүретін күнделікті азығына айналуы қажет.
#4 слайд
Геометриялық ұғымдардың белгіленуі:
1. Нүкте-геометриядағы негізгі ұғымдардың бірі . Кез-келген екі нүкте
арқылы түзу жүргізуге болады. Түзу және онда жатпайтын нүкте
арқылы жазықтық жүргізуге болады, т.с.с. . Яғни, нүкте –геометрияның
бастауы. Сондықтан да нүктені латынның бас әріптерімен белгілейміз.
Ал кез-келген адамзаттың бастауы- дүниеге әкеліп, өмір аксиомалары мен
теоремаларын қолданып мәпелеп өсірген анасы. Айтпай ма әке-асқар
тау, ана-кәусар бұлақ деп. Бұлақтың көзін ашсаң сарқырап ағып, қанша
жерді құнарландырып, қанша жерді гүлдендіреді. Сол сияқты ананың да
көңілін тауып, оның жадырап жүруіне жағдай жасасақ, оның алмайтын
қамалы, аспайтын белесі жоқ. Анамыздың есімі еш ойланбастан
жүрегіміздегі бас әріппен жазылады. Анаға деген мейірімділік,
сүйінпеншілік, сыйластығымызбен барлық тіршілігімізді өлшеп
салмақтауға болады. Анамызды құрметтей алу-игі істердің алғашқысы.
4 слайд
Геометриялық ұғымдардың белгіленуі: 1. Нүкте-геометриядағы негізгі ұғымдардың бірі . Кез-келген екі нүкте арқылы түзу жүргізуге болады. Түзу және онда жатпайтын нүкте арқылы жазықтық жүргізуге болады, т.с.с. . Яғни, нүкте –геометрияның бастауы. Сондықтан да нүктені латынның бас әріптерімен белгілейміз. Ал кез-келген адамзаттың бастауы- дүниеге әкеліп, өмір аксиомалары мен теоремаларын қолданып мәпелеп өсірген анасы. Айтпай ма әке-асқар тау, ана-кәусар бұлақ деп. Бұлақтың көзін ашсаң сарқырап ағып, қанша жерді құнарландырып, қанша жерді гүлдендіреді. Сол сияқты ананың да көңілін тауып, оның жадырап жүруіне жағдай жасасақ, оның алмайтын қамалы, аспайтын белесі жоқ. Анамыздың есімі еш ойланбастан жүрегіміздегі бас әріппен жазылады. Анаға деген мейірімділік, сүйінпеншілік, сыйластығымызбен барлық тіршілігімізді өлшеп салмақтауға болады. Анамызды құрметтей алу-игі істердің алғашқысы.
#5 слайд
2. Түзу шексіз көп нүктелердің жиынтығы . Түзу латынның кіші (a,b,c,d)
әріптерімен немесе латынның екі үлкен әріптерімен (AB, SL, HT)
белгіленеді. Яғни бір түзуді екі түрлі әдіспен белгілей алады екенбіз. Бұл
өмірдегі адамдардың парасаттылығы мен қарапайымдылығына ұқсайтын
әрекет секілді. Түзу шексіз бола тұра латынның кіші бір ғана әрпіне
қанағаттанып, қарапайымды бола алатыны секілді, биік тұлға бола тұра
қарапайым, халықтың арасында біте қайнасып жүретін зиялы
ағаларымыздың қаншамасын мысалға алуымызға болады.
31 жыл халқымызды басқарып, халқының суығына тонып,
ыстығына күйген көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР
Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының доктары
Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев атамыздың мына сөздері оған дәлел бола
алады: « Мен қанша биікке көтерілсем де, халқымнан төмен екенімді
ешқашан ұмытқаным жоқ»
5 слайд
2. Түзу шексіз көп нүктелердің жиынтығы . Түзу латынның кіші (a,b,c,d) әріптерімен немесе латынның екі үлкен әріптерімен (AB, SL, HT) белгіленеді. Яғни бір түзуді екі түрлі әдіспен белгілей алады екенбіз. Бұл өмірдегі адамдардың парасаттылығы мен қарапайымдылығына ұқсайтын әрекет секілді. Түзу шексіз бола тұра латынның кіші бір ғана әрпіне қанағаттанып, қарапайымды бола алатыны секілді, биік тұлға бола тұра қарапайым, халықтың арасында біте қайнасып жүретін зиялы ағаларымыздың қаншамасын мысалға алуымызға болады. 31 жыл халқымызды басқарып, халқының суығына тонып, ыстығына күйген көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының доктары Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев атамыздың мына сөздері оған дәлел бола алады: « Мен қанша биікке көтерілсем де, халқымнан төмен екенімді ешқашан ұмытқаным жоқ»
#6 слайд
3. Кесіндінің белгіленуі түзуге ұқсайды. Дегенмен кесінді түзудің белгілі-бір
бөлігі ғана. Сөйтсе де латынның екі үлкен әрпін меншіктеп ала алады. Ия
бұл да біздің қоғамда бар жайттардың бірі. Кішкентай қызметке қолы
жеткенді пайдаланып, жақындары мен достарын танымай, өз
пайдасына қызмет ететіндер қаншама.
«Ұлық болсаң –кішік бол» дегенді
ұмытпауымыз керек.
6 слайд
3. Кесіндінің белгіленуі түзуге ұқсайды. Дегенмен кесінді түзудің белгілі-бір бөлігі ғана. Сөйтсе де латынның екі үлкен әрпін меншіктеп ала алады. Ия бұл да біздің қоғамда бар жайттардың бірі. Кішкентай қызметке қолы жеткенді пайдаланып, жақындары мен достарын танымай, өз пайдасына қызмет ететіндер қаншама. «Ұлық болсаң –кішік бол» дегенді ұмытпауымыз керек.
#7 слайд
4. Сандар жиыны.
Натурал сандар жиыны деп бір және әр келесісі бірге артып отыратын
сандарды айтамыз. Бүтін сандар жиыны деп натурал сандар, нөл және
натурал сандарға қарама-қарсы сандарды айтамыз. Рационал сандардың
құрамына натурал сандар, бүтін сандар және бөлшек сандар кіреді.
Сонымен қатар мүлдем өзге шексіз периодты емес ондық бөлшек
иррационал сандары бар. Рационал мен иррационал сандарды біріктіретін
нақты сандар жиыны бар. Түрлі жиындарда амалдар да түрліше
орындалады. Ереже қасиеттері де өзгеше болуы мүмкін. Бұл әлемдік
шеңберге сай талаптар үдесінен шығу арқылы жүзеге асып отыратын
бүкіл әлемдік процесс секілді. Өз амалдары мен заңдылықтары бар.
Қазақстан республикасы әлемдегі түрлі мақсаттағы өз талаптары бар
ұйымдарға, одақтарға, қауымдастықтарға мүше. Ортақ мақсат дамыған
отыз елдің қатарында болу. Халықтың әл-ауқатын дамыту. Натурал
сандар қарапайым бола тұра иррационал сандар жиынынан өзге барлық
сандар жиынында орналасқан. Кез-келген сандар жиынында менмін деп
орын ала алады. Өзге сандар жиынымен терезесі тең.
7 слайд
4. Сандар жиыны. Натурал сандар жиыны деп бір және әр келесісі бірге артып отыратын сандарды айтамыз. Бүтін сандар жиыны деп натурал сандар, нөл және натурал сандарға қарама-қарсы сандарды айтамыз. Рационал сандардың құрамына натурал сандар, бүтін сандар және бөлшек сандар кіреді. Сонымен қатар мүлдем өзге шексіз периодты емес ондық бөлшек иррационал сандары бар. Рационал мен иррационал сандарды біріктіретін нақты сандар жиыны бар. Түрлі жиындарда амалдар да түрліше орындалады. Ереже қасиеттері де өзгеше болуы мүмкін. Бұл әлемдік шеңберге сай талаптар үдесінен шығу арқылы жүзеге асып отыратын бүкіл әлемдік процесс секілді. Өз амалдары мен заңдылықтары бар. Қазақстан республикасы әлемдегі түрлі мақсаттағы өз талаптары бар ұйымдарға, одақтарға, қауымдастықтарға мүше. Ортақ мақсат дамыған отыз елдің қатарында болу. Халықтың әл-ауқатын дамыту. Натурал сандар қарапайым бола тұра иррационал сандар жиынынан өзге барлық сандар жиынында орналасқан. Кез-келген сандар жиынында менмін деп орын ала алады. Өзге сандар жиынымен терезесі тең.
#8 слайд
5. Үлестірімділік қасиеті: a(b+c+d)=ab+ac+ad
а ауылдан келген әженің құрты. b мен c,d жан-жақта үй болып отырған
балаларының отбасылары. Әжесі арнайы дайындаған дәмді құрттарын
екі немесе одан да көп балаларынан тараған немерелеріне ауырған аяғына
қарамастан үлестіріп жеткізеді. Әжелердің ықыластарынан айналдым.
Ендеше осындай керемет миссиясы бар а ны жақшаның ішіндегі өрнектің
әрбір мүшесімен көбейтіп қосуды ұмытпайық.
8 слайд
5. Үлестірімділік қасиеті: a(b+c+d)=ab+ac+ad а ауылдан келген әженің құрты. b мен c,d жан-жақта үй болып отырған балаларының отбасылары. Әжесі арнайы дайындаған дәмді құрттарын екі немесе одан да көп балаларынан тараған немерелеріне ауырған аяғына қарамастан үлестіріп жеткізеді. Әжелердің ықыластарынан айналдым. Ендеше осындай керемет миссиясы бар а ны жақшаның ішіндегі өрнектің әрбір мүшесімен көбейтіп қосуды ұмытпайық.
#9 слайд
6. Функцияның анықталу облысы.
Функцияның анықталу облысы деп айнымалының өзгеру облысын айтамыз.
Қарапайым тілде аргументтің қабылдай алатын мәндерін анықталу облысы дейміз.
Бұл тақырып алтыншы сыныптың математикасынан бастап көрініс табады. Жоғары
сыныптарда функция түріне байланысты күрделене түседі. Мысалы кері
пропорционалдық функцияда бөлшектің бөлімі нөлге айналмауы шарт, сондықтан
бөлімді нөлге айналдыратын мәннен өзге сандарды қабылдаймыз. Иррационал функция
болса жұп дәрежелі түбірдің астындағы өрнектің мәні нақты сандар жиынында теріс
болмау қажеттігін алға тартып, түбір астындағы өрнекті нөлден үлкен не тең деп
шешеміз, т.с.с. Функция бірнеше функциялардың қосындысы ретінде берілуі мүмкін.
Бұл жағдайда бірнеше шарттарды бір уақытта қанағаттандырып, жүйеде берілген
теңдеу, теңсіздіктерінің қиылысуы ғана алынады. Аргумент тәуелсіз болғанымен
функция түріне сәйкес оның қабылдай алатын мәндері де түрліше. Ал енді өмірдегі
аргументті баламен теңестіруге болады. Аргумент қаншалықты тәуелсізбін дегенімен
уақыт келе жауапкершіліктер күрделене түседі. Тәуелсізбін деген аргументтің
қабылдай алатын мәндері шектеле түседі. Әрине санды нөлге бөлуге болмайды деген
математиканың заңдылығы секілді, өмірдің де өз шарттары, заңдылығы бар. Шартты
орындап дұрыс бағытты ұстансаң аргументтің үлкен мәніне сәйкес функцияның, яғни
ата-ананың еңбегінің жемісі де жоғарылай түсетіні анық .
9 слайд
6. Функцияның анықталу облысы. Функцияның анықталу облысы деп айнымалының өзгеру облысын айтамыз. Қарапайым тілде аргументтің қабылдай алатын мәндерін анықталу облысы дейміз. Бұл тақырып алтыншы сыныптың математикасынан бастап көрініс табады. Жоғары сыныптарда функция түріне байланысты күрделене түседі. Мысалы кері пропорционалдық функцияда бөлшектің бөлімі нөлге айналмауы шарт, сондықтан бөлімді нөлге айналдыратын мәннен өзге сандарды қабылдаймыз. Иррационал функция болса жұп дәрежелі түбірдің астындағы өрнектің мәні нақты сандар жиынында теріс болмау қажеттігін алға тартып, түбір астындағы өрнекті нөлден үлкен не тең деп шешеміз, т.с.с. Функция бірнеше функциялардың қосындысы ретінде берілуі мүмкін. Бұл жағдайда бірнеше шарттарды бір уақытта қанағаттандырып, жүйеде берілген теңдеу, теңсіздіктерінің қиылысуы ғана алынады. Аргумент тәуелсіз болғанымен функция түріне сәйкес оның қабылдай алатын мәндері де түрліше. Ал енді өмірдегі аргументті баламен теңестіруге болады. Аргумент қаншалықты тәуелсізбін дегенімен уақыт келе жауапкершіліктер күрделене түседі. Тәуелсізбін деген аргументтің қабылдай алатын мәндері шектеле түседі. Әрине санды нөлге бөлуге болмайды деген математиканың заңдылығы секілді, өмірдің де өз шарттары, заңдылығы бар. Шартты орындап дұрыс бағытты ұстансаң аргументтің үлкен мәніне сәйкес функцияның, яғни ата-ананың еңбегінің жемісі де жоғарылай түсетіні анық .
#10 слайд
Жас ерекшелігіне сәйкес балаға рұқсат етілген іс-әрекеттердің
анықталу облысы немесе орындалуы қажет негізгі шарттары бар. Қыз
баланы тәрбиелеудің 3 сатысы:
1. Шектеу-дағдысы.
2. Тиым сөздер мәнін ұғу
3. Қызға қырық үйден тыю, қала берді қара құлдан тыю.
Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білік» еңбегінде «Қызға үлгі көрсет, ерлік
ізгілікті басшылыққа ала отырып, әдеп пен инабаттылыққа үйрет деген
екен.
Ер баланың да өсіп жетілуінде өз анықталу облысы бар. «Ер баланы беске
келгенше хандай көр, сыйла. Он беске дейін құлдай жұмса, еңбекке тәрбиеле.
Он бестен кейін досыңдай көр» деген қағидаларын ұстанып тәрбиелеудеміз.
10 слайд
Жас ерекшелігіне сәйкес балаға рұқсат етілген іс-әрекеттердің анықталу облысы немесе орындалуы қажет негізгі шарттары бар. Қыз баланы тәрбиелеудің 3 сатысы: 1. Шектеу-дағдысы. 2. Тиым сөздер мәнін ұғу 3. Қызға қырық үйден тыю, қала берді қара құлдан тыю. Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білік» еңбегінде «Қызға үлгі көрсет, ерлік ізгілікті басшылыққа ала отырып, әдеп пен инабаттылыққа үйрет деген екен. Ер баланың да өсіп жетілуінде өз анықталу облысы бар. «Ер баланы беске келгенше хандай көр, сыйла. Он беске дейін құлдай жұмса, еңбекке тәрбиеле. Он бестен кейін досыңдай көр» деген қағидаларын ұстанып тәрбиелеудеміз.
#11 слайд
7.Тізбектер . Тізбектің бірсарынды өспелі, бірсарынды кемімелі, тұрақты, рекурентті
т.б түрлері бар. Өспелі не кемімелі тізбектер бірсарынды деп аталады. Өспелі тізбекке
тұрақты бір санға не бірнеше есе артып отырады, кемімелі керісінше тұрақты бір
санға не бірнеше есе кеміп отырады.
Бір ғана саннан ғана құралған тізбек тұрақты тізбек деп аталады. Рекурентті тізбек
кейінгі мүшесі алдыңғы екі мүшесінің түрінде берілуі мүмкін. Әрқайсысын жекелей
алсақ да болады. Біріктіре интеграцияласақ та болады.
Жан дүние тазалығы ақ ниеттен, ақ көңілден, кек сақтамаудан, бай пейілден,
жомарттықтан, қарапайымдылықтан қалыптасады дедік. Табиғатты сүю, қоршаған
ортаға сүйіспеншілік, адамға мейірім бәрі-бәрі адамның биікке ұмтылысын білдіреді.
Міне, бұл тұста осы сөздерді жандандыруға болады. Мысалы 12, 17, 22, 27 ... бұл
бірсарынды өспелі тізбек. Айырымы 5-ке тең. Яғни оң шама. Оның әрбір келесі мүшесін
арттырып отырған да осы оң сан, оң қасиеттер, Абай атамыздың «Ғылым таппай
мақтанба» өлеңіндегі бес жақсы іс болсын делік. Талап, еңбек, терең ой, қанағат,
рақым осы бестікті қатар алып жүре алсақ алар асуларымыз да алыс емес. Жан
дүниеміз кең болып, жан-жағымызға мейірімді болсақ күнбе күн сіздің қоршаған
ортаңызда өмірге деген, табиғатқа деген, кез-келген тіршілік иесіне деген
сүйіспеншілігі мол адамдар арта түседі. Сіздің болашағыңызға қызығып, үлгі тұтып
қарайтындар көбейеді.
11 слайд
7.Тізбектер . Тізбектің бірсарынды өспелі, бірсарынды кемімелі, тұрақты, рекурентті т.б түрлері бар. Өспелі не кемімелі тізбектер бірсарынды деп аталады. Өспелі тізбекке тұрақты бір санға не бірнеше есе артып отырады, кемімелі керісінше тұрақты бір санға не бірнеше есе кеміп отырады. Бір ғана саннан ғана құралған тізбек тұрақты тізбек деп аталады. Рекурентті тізбек кейінгі мүшесі алдыңғы екі мүшесінің түрінде берілуі мүмкін. Әрқайсысын жекелей алсақ да болады. Біріктіре интеграцияласақ та болады. Жан дүние тазалығы ақ ниеттен, ақ көңілден, кек сақтамаудан, бай пейілден, жомарттықтан, қарапайымдылықтан қалыптасады дедік. Табиғатты сүю, қоршаған ортаға сүйіспеншілік, адамға мейірім бәрі-бәрі адамның биікке ұмтылысын білдіреді. Міне, бұл тұста осы сөздерді жандандыруға болады. Мысалы 12, 17, 22, 27 ... бұл бірсарынды өспелі тізбек. Айырымы 5-ке тең. Яғни оң шама. Оның әрбір келесі мүшесін арттырып отырған да осы оң сан, оң қасиеттер, Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі бес жақсы іс болсын делік. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым осы бестікті қатар алып жүре алсақ алар асуларымыз да алыс емес. Жан дүниеміз кең болып, жан-жағымызға мейірімді болсақ күнбе күн сіздің қоршаған ортаңызда өмірге деген, табиғатқа деген, кез-келген тіршілік иесіне деген сүйіспеншілігі мол адамдар арта түседі. Сіздің болашағыңызға қызығып, үлгі тұтып қарайтындар көбейеді.
#12 слайд
Тұрақты тізбек бір ғана саннан құралған. Тіршілікте тек өз қамын
ойлап, мен өз-өзіме ғана жауап беремін, қалғанында шаруам жоқ деп,
немқұрайлық танытатындар да болады. Олардың болашағы өзгелерге анық
көрініп тұрады. Себебі ол тұрақты тізбек. Тек 10-нан не тек 23-тен тұрады.
Әрине уақыт келе «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» дегендей
жалғыздықтың қиындығын түсінеді. Көпшіл болу қазаққа тән қасиет. Бір
атадан тараған ағайындылардың бір-біріне жәрдемдескен берекелі
тіршіліктерінің өзі қандай керемет.
Өмірдегі рекурентті тізбек адам баласының әрбір ісін жеті рет өлшеп, бір рет
кесуді талап етеді. Себебі әрбір келесі мүшесі алдыңғы мүшелеріне тәуелді болады.
Бұл жерде ата-ананың келер ұрпақтың алдында ісімен, сөзімен, өз
дүниетанымымен жауапты екендігін айтуымызға болады. «Шешеге қарап қыз
өсер, әкеге қарап ұл өсер» деген. Бала ата-анаға қарап бой түзейді. Балаға үлгі
оның ата-анасы . Бала ата-ананың болашақ айнасы.
12 слайд
Тұрақты тізбек бір ғана саннан құралған. Тіршілікте тек өз қамын ойлап, мен өз-өзіме ғана жауап беремін, қалғанында шаруам жоқ деп, немқұрайлық танытатындар да болады. Олардың болашағы өзгелерге анық көрініп тұрады. Себебі ол тұрақты тізбек. Тек 10-нан не тек 23-тен тұрады. Әрине уақыт келе «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» дегендей жалғыздықтың қиындығын түсінеді. Көпшіл болу қазаққа тән қасиет. Бір атадан тараған ағайындылардың бір-біріне жәрдемдескен берекелі тіршіліктерінің өзі қандай керемет. Өмірдегі рекурентті тізбек адам баласының әрбір ісін жеті рет өлшеп, бір рет кесуді талап етеді. Себебі әрбір келесі мүшесі алдыңғы мүшелеріне тәуелді болады. Бұл жерде ата-ананың келер ұрпақтың алдында ісімен, сөзімен, өз дүниетанымымен жауапты екендігін айтуымызға болады. «Шешеге қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер» деген. Бала ата-анаға қарап бой түзейді. Балаға үлгі оның ата-анасы . Бала ата-ананың болашақ айнасы.
#13 слайд
Біліммен алдыңдағы шәкіртті
тыңдата алсаң, оның санасындағы әлемді
де жарқырату ұстаздың қолынан келетін
керемет қасиеттің бірі . «Ұстазы жақсының
ұстанымы жақсы»
13 слайд
Біліммен алдыңдағы шәкіртті тыңдата алсаң, оның санасындағы әлемді де жарқырату ұстаздың қолынан келетін керемет қасиеттің бірі . «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген