1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
презентация

#1 слайд
Ересек «Айгөлек» тобы (4 жастан бастап)
«Денсаулық»
білім беру саласы
Бөлімі:
дене шынықтыру
1 слайд
Ересек «Айгөлек» тобы (4 жастан бастап) «Денсаулық» білім беру саласы Бөлімі: дене шынықтыру
#2 слайд
Мақсаты:
•
баланың денсаулығын сақтау және нығайту,
дене шынықтыруға қызығушылығын
арттыру, денсаулық сақтау технологиясын
пайдалана отырып, қозғалыс біліктері мен
дағдыларын қолдануға баулу болып
табылады.
2 слайд
Мақсаты: • баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене шынықтыруға қызығушылығын арттыру, денсаулық сақтау технологиясын пайдалана отырып, қозғалыс біліктері мен дағдыларын қолдануға баулу болып табылады.
#3 слайд
Міндеттері:
•
балалардың қимыл әрекеттерін ұйымдастырудың түрлі
нысандарында қимылдарды дұрыс орындау біліктері мен
дағдыларын қалыптастыру;
•
дене қасиеттерін қалыптастыру: ептілік, қозғалыстарды үйлестіру,
шыдамдылық, тепе-теңдікті сақтау, икемділік;
•
түрлі қимыл біліктері мен дағдылары арқылы тәрбиеленушілердің
шығармашылық қабілеттерін дамыту;
•
жүру мен жүгіруде, секіру мен лақтыруда, қағып алуда, еңбектеу
мен өрмелеуде негізгі қимыл түрлерін, жеке гигиена дағдыларын
және денсаулықты сақтау негіздерін жетілдіру;
•
дене шынықтыру жаттығуларын орындауға қызығушылықты,
салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу,
•
түрлі ұлттық қимылды ойындарды, жарыс сипатындағы
ойындарды өткізу.
3 слайд
Міндеттері: • балалардың қимыл әрекеттерін ұйымдастырудың түрлі нысандарында қимылдарды дұрыс орындау біліктері мен дағдыларын қалыптастыру; • дене қасиеттерін қалыптастыру: ептілік, қозғалыстарды үйлестіру, шыдамдылық, тепе-теңдікті сақтау, икемділік; • түрлі қимыл біліктері мен дағдылары арқылы тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту; • жүру мен жүгіруде, секіру мен лақтыруда, қағып алуда, еңбектеу мен өрмелеуде негізгі қимыл түрлерін, жеке гигиена дағдыларын және денсаулықты сақтау негіздерін жетілдіру; • дене шынықтыру жаттығуларын орындауға қызығушылықты, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, • түрлі ұлттық қимылды ойындарды, жарыс сипатындағы ойындарды өткізу.
#4 слайд
Дене шынықтыру
•
Жалпы дамытушы жаттығулар. Қолды
алға, екі жаққа, жоғары көтеру, тұрған
қалыпта қолдарын арқасына апару;
саусақтарын бүгіп, қолдарын
айналдыра қимылдауды орындау. Екі
қол белде, кезекпен екі жаққа
бұрылғанда екі қолды екі жаққа жіберу.
Оңға, солға иілу, еңкею, шалқаю; алға
еңкею, қолдың ұшын аяқтың ұшына
жеткізу. Екі қолды белге қойып, екі
жаққа иілу. Отырған және тізерлеп
тұрған күйі допты өз айналасында
домалату. Аяқтың ұшымен көтерілу; екі
аяқты кезекпен алға өкшемен, содан
кейін ұшымен қою, топылдату.
Қатарынан (4–5 рет) жүрелеп, екі қол
белде, екі қолды алдыңғы жақ пен екі
тұсқа көтеріп, отыру; аяқтың ұшын
созу, табанды бүгу.
4 слайд
Дене шынықтыру • Жалпы дамытушы жаттығулар. Қолды алға, екі жаққа, жоғары көтеру, тұрған қалыпта қолдарын арқасына апару; саусақтарын бүгіп, қолдарын айналдыра қимылдауды орындау. Екі қол белде, кезекпен екі жаққа бұрылғанда екі қолды екі жаққа жіберу. Оңға, солға иілу, еңкею, шалқаю; алға еңкею, қолдың ұшын аяқтың ұшына жеткізу. Екі қолды белге қойып, екі жаққа иілу. Отырған және тізерлеп тұрған күйі допты өз айналасында домалату. Аяқтың ұшымен көтерілу; екі аяқты кезекпен алға өкшемен, содан кейін ұшымен қою, топылдату. Қатарынан (4–5 рет) жүрелеп, екі қол белде, екі қолды алдыңғы жақ пен екі тұсқа көтеріп, отыру; аяқтың ұшын созу, табанды бүгу.
#5 слайд
Негізгі қимылдар:
•
1) жүру. Сапта бір-бірлеп жүру, жүруді жүгірумен, секірумен, басқа қимылдармен кезектестіру, қол мен аяқ қимылын
үйлестіру, бой түзулігін дұрыс сақтау;
•
2) жүгіру. Бірқалыпты, аяқтың ұшымен,тізені жоғары көтеріп жүгіру, кіші және үлкен қадаммен жүгіру, сапта бір-
бірлеп, түрлі бағытта жүгіру. Түрлі тапсырмалармен жүгіру: шапшаң және баяу қарқынмен, жетекшімен ауыса
отырып жүгіру. 1–1,5 минут ішінде баяу қарқынмен үздіксіз жүгіру; орта жылдамдықпен жүруді кезектестіре
отырып, 40–50 метрге жүгіру;
•
3) секіру. Бір орында тұрып, екі аяқпен секіру (2–3 рет жүрумен кезектестіре отырып, 10 рет секіру), 2–3 метрлік
қашықтықта алға ұмтыла қос аяқпен секіру; бір орында оңға, солға бұрылып секіру, баланың қолын көтергендегі
биіктіктен жоғары ілінген нәрсеге орнынан секіру арқылы затты жанап өту, 4–5 сызық арқылы орнынан ұзындыққа
секіру (сызықтардың арақашықтығы 40–50 см), 20–25 см биіктікке секіру; бір аяқпен секіру (шамамен 4–5 рет оң
және сол аяқпен). Қысқа секіртпемен секіру (демалу үзілістері бар 2–3 реттен 10 секіру);
•
4) домалату, қағып алу, лақтыру. Заттар арасымен доптарды, құрсауларды домалату. Допты бір-біріне төменнен
лақтыру және қағып алу (1,5 м қашықтықта), допты екі қолымен бастан асыра кедергі арқылы лақтыру (2 м
қашықтықтан). Допты жоғары лақтыру және екі қолымен қағып алу (қатарынан 3–4 рет). Алысқа дәлдеп лақтыру
(3,5–6,5 м кем емес). Оң және сол қолымен көлденең нысанаға (2–2,5 м қашықтықтан), 1,5 м қашықтықтан тігінен
(нысана ортасының биіктігі 1,5 м) нысанаға дәлдеп лақтыру;
•
5) еңбектеу, өрмелеу. 8 м дейінгі қашықтықта заттар арасымен тура бағыт бойынша төрттағандап еңбектеу,
тақтайда, орындықта көлденеңінен еңбектеу. Табан мен алақанға сүйеніп төрт тағандап еңбектеу. 50 см жоғары
көтерілген арқанның астынан оң және сол бүйірмен алға еңбектеп кіру; құрсаудан еңбектеп өту; гимнастикалық
қабырға бойынша жоғары-төмен кезектескен қадаммен өрмелеу, аралықтан аралыққа, оңға, солға ауысу;
•
6) тепе-теңдікті сақтау. Сызықтар арасымен (15 см арақашықтық), сызықпен, арқанмен, тақтаймен,
гимнастикалық орындықпен, бөренемен жүру. Басқа қап киіп, заттарды аттап өту, бұрылу. Тепе-теңдікті сақтау:
қолын жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұру; қолын беліне қойып, бір аяқпен тұру; қолын беліне қойып, екі жаққа
айналу. Ойлы-қырлы тақтаймен жүру, көлбеу тақтаймен (ені 2 см, биіктігі 30-35 см) жоғары және төмен жүру мен
жүгіру. Еденнен 20–25 см көтерілген баспалдақ тақтайдан, қолдың түрлі қалпымен үрленген доптан (бір-бірінен
қашық қойылған 5–6 доп арқылы кезекпен) аттап өту;
•
7) сапқа тұру, сапқа құрылымын өзгертіп қайта тұру. Қатарға бір- бірден сапқа тұру. Қатарға екеуден, үшеуден
тұрып, сапты қайтадан құру, бағдар бойынша түзелу.
5 слайд
Негізгі қимылдар: • 1) жүру. Сапта бір-бірлеп жүру, жүруді жүгірумен, секірумен, басқа қимылдармен кезектестіру, қол мен аяқ қимылын үйлестіру, бой түзулігін дұрыс сақтау; • 2) жүгіру. Бірқалыпты, аяқтың ұшымен,тізені жоғары көтеріп жүгіру, кіші және үлкен қадаммен жүгіру, сапта бір- бірлеп, түрлі бағытта жүгіру. Түрлі тапсырмалармен жүгіру: шапшаң және баяу қарқынмен, жетекшімен ауыса отырып жүгіру. 1–1,5 минут ішінде баяу қарқынмен үздіксіз жүгіру; орта жылдамдықпен жүруді кезектестіре отырып, 40–50 метрге жүгіру; • 3) секіру. Бір орында тұрып, екі аяқпен секіру (2–3 рет жүрумен кезектестіре отырып, 10 рет секіру), 2–3 метрлік қашықтықта алға ұмтыла қос аяқпен секіру; бір орында оңға, солға бұрылып секіру, баланың қолын көтергендегі биіктіктен жоғары ілінген нәрсеге орнынан секіру арқылы затты жанап өту, 4–5 сызық арқылы орнынан ұзындыққа секіру (сызықтардың арақашықтығы 40–50 см), 20–25 см биіктікке секіру; бір аяқпен секіру (шамамен 4–5 рет оң және сол аяқпен). Қысқа секіртпемен секіру (демалу үзілістері бар 2–3 реттен 10 секіру); • 4) домалату, қағып алу, лақтыру. Заттар арасымен доптарды, құрсауларды домалату. Допты бір-біріне төменнен лақтыру және қағып алу (1,5 м қашықтықта), допты екі қолымен бастан асыра кедергі арқылы лақтыру (2 м қашықтықтан). Допты жоғары лақтыру және екі қолымен қағып алу (қатарынан 3–4 рет). Алысқа дәлдеп лақтыру (3,5–6,5 м кем емес). Оң және сол қолымен көлденең нысанаға (2–2,5 м қашықтықтан), 1,5 м қашықтықтан тігінен (нысана ортасының биіктігі 1,5 м) нысанаға дәлдеп лақтыру; • 5) еңбектеу, өрмелеу. 8 м дейінгі қашықтықта заттар арасымен тура бағыт бойынша төрттағандап еңбектеу, тақтайда, орындықта көлденеңінен еңбектеу. Табан мен алақанға сүйеніп төрт тағандап еңбектеу. 50 см жоғары көтерілген арқанның астынан оң және сол бүйірмен алға еңбектеп кіру; құрсаудан еңбектеп өту; гимнастикалық қабырға бойынша жоғары-төмен кезектескен қадаммен өрмелеу, аралықтан аралыққа, оңға, солға ауысу; • 6) тепе-теңдікті сақтау. Сызықтар арасымен (15 см арақашықтық), сызықпен, арқанмен, тақтаймен, гимнастикалық орындықпен, бөренемен жүру. Басқа қап киіп, заттарды аттап өту, бұрылу. Тепе-теңдікті сақтау: қолын жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұру; қолын беліне қойып, бір аяқпен тұру; қолын беліне қойып, екі жаққа айналу. Ойлы-қырлы тақтаймен жүру, көлбеу тақтаймен (ені 2 см, биіктігі 30-35 см) жоғары және төмен жүру мен жүгіру. Еденнен 20–25 см көтерілген баспалдақ тақтайдан, қолдың түрлі қалпымен үрленген доптан (бір-бірінен қашық қойылған 5–6 доп арқылы кезекпен) аттап өту; • 7) сапқа тұру, сапқа құрылымын өзгертіп қайта тұру. Қатарға бір- бірден сапқа тұру. Қатарға екеуден, үшеуден тұрып, сапты қайтадан құру, бағдар бойынша түзелу.
#6 слайд
6 слайд
#7 слайд
Музыкалық-ырғақтық
жаттығулар.
•
Музыкалық сүйемелдеуге сәйкес түрлі қарқында
таныс дене жаттығуларын орындау.
7 слайд
Музыкалық-ырғақтық жаттығулар. • Музыкалық сүйемелдеуге сәйкес түрлі қарқында таныс дене жаттығуларын орындау.
#8 слайд
Спорттық жаттығулар
1) шанамен сырғанау. Төбешіктен сырғанау; бір-бірін сырғанату,
шаналармен төбешікке көтерілу, төбешіктен түскенде тежеуге, мұзды
жолдармен өздігінен сырға нау;
2) щаңғымен жүру. Шаңғымен бірінің артынан бірі сырғымалы
қадаммен жүру. Төбешікке қосалқы қадаммен, қырымен көтерілу.
Ересектердің көмегімен шаңғыны киіп, шешеді;
3) велосипед, самокат тебу. Үш дөңгелекті және екі дөңгелекті
велосипед тебу. Оңға, солға бұрылыстарды орындау
Спорттық ойын элементтері:
1) кегль ойындарына үйрету. Бастапқы қалыпта дұрыс тұрып, допты
лақтыру. 1,5-2 метр арақашықтықтан кегльдерді қағып түсіру;
2) футбол. Берілген бағытта допты домалату. Допты аяқтарымен бір-
біріне домалату
8 слайд
Спорттық жаттығулар 1) шанамен сырғанау. Төбешіктен сырғанау; бір-бірін сырғанату, шаналармен төбешікке көтерілу, төбешіктен түскенде тежеуге, мұзды жолдармен өздігінен сырға нау; 2) щаңғымен жүру. Шаңғымен бірінің артынан бірі сырғымалы қадаммен жүру. Төбешікке қосалқы қадаммен, қырымен көтерілу. Ересектердің көмегімен шаңғыны киіп, шешеді; 3) велосипед, самокат тебу. Үш дөңгелекті және екі дөңгелекті велосипед тебу. Оңға, солға бұрылыстарды орындау Спорттық ойын элементтері: 1) кегль ойындарына үйрету. Бастапқы қалыпта дұрыс тұрып, допты лақтыру. 1,5-2 метр арақашықтықтан кегльдерді қағып түсіру; 2) футбол. Берілген бағытта допты домалату. Допты аяқтарымен бір- біріне домалату
#9 слайд
Дене шынықтыру ойын-сауығы 2 айда 1 рет өткізіледі,
ұзақтығы - 20 минут.
Дене шынықтыру мерекесі жылына 2 рет (жазда және
қыста) өткізіледі, ұзақтығы - 45 минут.
Денсаулық күні 2 айда 1 рет өткізіледі, ұзақтығы - 30 минут.
9 слайд
Дене шынықтыру ойын-сауығы 2 айда 1 рет өткізіледі, ұзақтығы - 20 минут. Дене шынықтыру мерекесі жылына 2 рет (жазда және қыста) өткізіледі, ұзақтығы - 45 минут. Денсаулық күні 2 айда 1 рет өткізіледі, ұзақтығы - 30 минут.
#10 слайд
Дербес қимыл белсенділігі.
•
Балалардың доптармен
ойындарын жетілдіру,
денешынықтыру құралдарын,
спорттық және қимылды
ойындар үшін атрибуттарды
пайдалануға ынталандыру.
Балаларды педагогпен бірге
жаттығуларды орындауға,
қимылды ойындарға қатысуға
ынталандыру. Ауа райының
жағдайын ескере отырып,
балалардың таза ауадағы
қимыл белсенділігі үшін
жағдайлар жасау.
10 слайд
Дербес қимыл белсенділігі. • Балалардың доптармен ойындарын жетілдіру, денешынықтыру құралдарын, спорттық және қимылды ойындар үшін атрибуттарды пайдалануға ынталандыру. Балаларды педагогпен бірге жаттығуларды орындауға, қимылды ойындарға қатысуға ынталандыру. Ауа райының жағдайын ескере отырып, балалардың таза ауадағы қимыл белсенділігі үшін жағдайлар жасау.
#11 слайд
Сауықтыру-шынықтыру шаралары .
•
Шынықтырудың барлық түрлерін жалғастыру. Жалпы
және жергілікті су шараларын жүргізуді жалғастыру.
Тыныс алу жолдарын шынықтыру, жалаң аяқ жүру.
Мәдени- гигиеналық дағдылар:
•
1) бұрын игерген біліктерін бекіту және олардың
орындалу сапасын жоғарылату;
•
2) ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын
қолдануды жетілдіру. Гигиеналық шараларды орындау:
жуыну, шашын тарау, қолды сабынмен жуу, қол орамалды
қолдану.
11 слайд
Сауықтыру-шынықтыру шаралары . • Шынықтырудың барлық түрлерін жалғастыру. Жалпы және жергілікті су шараларын жүргізуді жалғастыру. Тыныс алу жолдарын шынықтыру, жалаң аяқ жүру. Мәдени- гигиеналық дағдылар: • 1) бұрын игерген біліктерін бекіту және олардың орындалу сапасын жоғарылату; • 2) ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдануды жетілдіру. Гигиеналық шараларды орындау: жуыну, шашын тарау, қолды сабынмен жуу, қол орамалды қолдану.
#12 слайд
Күтілетін нәтижелер:
•
қимылды ойындардың ережелерін орындайды;
•
түрлі тапсырмалар орындап, бір-бірден сапта жүреді;
•
екеуден, үшеуден қатарға қайта тұрады;
•
спорттық ойындар мен жаттығулардың бастапқы техникасын
игерген;
•
жеке бас гигиенасының бастапқы дағдыларын сақтайды.
•
дене жаттығуларын орындауға қызығушылық танытады
Дайындаған тәрбиеші М.А.Самойлова
Қараша 2021 жыл
12 слайд
Күтілетін нәтижелер: • қимылды ойындардың ережелерін орындайды; • түрлі тапсырмалар орындап, бір-бірден сапта жүреді; • екеуден, үшеуден қатарға қайта тұрады; • спорттық ойындар мен жаттығулардың бастапқы техникасын игерген; • жеке бас гигиенасының бастапқы дағдыларын сақтайды. • дене жаттығуларын орындауға қызығушылық танытады Дайындаған тәрбиеші М.А.Самойлова Қараша 2021 жыл

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген