1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Презентация 6 сынып Жасушаның ашылу тарихы және ұлғайтқыш құралдар

#1 слайд
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
университеті
Тақырыбы: Жасушаның ашылу тарихы
және ұлғайтқыш құралдар АШЫҚ САБАҚ
1 слайд
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Тақырыбы: Жасушаның ашылу тарихы және ұлғайтқыш құралдар АШЫҚ САБАҚ
#2 слайд
ЖАСУШАНЫН АШЫЛУ ТАРИХЫ
Жасушаның ашылу тарихы
микроскоптың шығуына
байланысты. 1590 – 1610
жылдары аралығында оптика
шеберлері голландиялық әкелі -
балалы Янсендер жарық
микроскобын ойлап тапты.
2 слайд
ЖАСУШАНЫН АШЫЛУ ТАРИХЫ Жасушаның ашылу тарихы микроскоптың шығуына байланысты. 1590 – 1610 жылдары аралығында оптика шеберлері голландиялық әкелі - балалы Янсендер жарық микроскобын ойлап тапты.
#3 слайд
Микроскоп шыққаннан кейін
өсімдік жасушасын зерттеу
мүмкіндігі туды. 1665 жылы
алғаш рет ағылшын ғалымы
Роберт Гук өсімдік қабығының
жұқа кесіндісін микроскоппен
қараған. Ол майда ұяшықтарды
көріп, оны жасуша деп атаған.
Әдетте біз жасушаны жай көзбен
көре алмаймыз. Оның мөлшері
миллиметрдің мыңнан бір
бөлігімен өлшенеді. Өсімдіктер
мен жануарлар дүниесінде денесі
бір ғана жасушадан тұратын өте
қарапайым ағзаларды
біржасушалылар дейді.
Біржасушалылар көпжасушалы
ағзалар сияқты тіршілік етеді.
3 слайд
Микроскоп шыққаннан кейін өсімдік жасушасын зерттеу мүмкіндігі туды. 1665 жылы алғаш рет ағылшын ғалымы Роберт Гук өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған. Ол майда ұяшықтарды көріп, оны жасуша деп атаған. Әдетте біз жасушаны жай көзбен көре алмаймыз. Оның мөлшері миллиметрдің мыңнан бір бөлігімен өлшенеді. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінде денесі бір ғана жасушадан тұратын өте қарапайым ағзаларды біржасушалылар дейді. Біржасушалылар көпжасушалы ағзалар сияқты тіршілік етеді.
#4 слайд
МИКРОСКОПТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Микроскоп (грекше: «микро»– ұсақ, «скопэ»– қараймын) – өте ұсақ заттарды
100 - ден 2 000 есеге дейін үлкейтіп көрсететін күрделі құрал (1 - сурет).
Микроскоптың негізгі бөлігі – үлкейтіп көрсететін әйнектері бар көру түтігі.
Көру түтігінің жоғары жағына 2 линзасы (әйнек) бар окуляр (латынша:
«окулус»– көз) кигізілген. Төмендегі жағына бірнеше линзасы бар объектив
(латынша: «обьектум» – зат) орналасқан. Көру түтігінің екі жағында бұрандасы
бар. Бұранда арқылы көру түтігі жоғары көтеріп, төмен түсіруге болатын
тұтқаға (штативке) бекітіледі. Көру түтігінің дәл астында ортасы тесік заттық
үстелше орналасады. Заттық үстелшенің астында жарық қабылдайтын
айналмалы айнасы бар. Микроскоптың барлық бөлшектері орнықты тұру үшін
табанға бекітіледі. Затты тек жарықтың көмегімен көретіндіктен жарық
микроскобы деп аталады.
Көретін затты неше есе үлкейтетінін білу үшін окуляр мен объективте
жазылған сандарды бір - біріне көбейтеді. Мысалы, окулярда 15´, ал объективте
40ґ болса, 15ґ40 = 600 есе үлкейтеді.
4 слайд
МИКРОСКОПТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ Микроскоп (грекше: «микро»– ұсақ, «скопэ»– қараймын) – өте ұсақ заттарды 100 - ден 2 000 есеге дейін үлкейтіп көрсететін күрделі құрал (1 - сурет). Микроскоптың негізгі бөлігі – үлкейтіп көрсететін әйнектері бар көру түтігі. Көру түтігінің жоғары жағына 2 линзасы (әйнек) бар окуляр (латынша: «окулус»– көз) кигізілген. Төмендегі жағына бірнеше линзасы бар объектив (латынша: «обьектум» – зат) орналасқан. Көру түтігінің екі жағында бұрандасы бар. Бұранда арқылы көру түтігі жоғары көтеріп, төмен түсіруге болатын тұтқаға (штативке) бекітіледі. Көру түтігінің дәл астында ортасы тесік заттық үстелше орналасады. Заттық үстелшенің астында жарық қабылдайтын айналмалы айнасы бар. Микроскоптың барлық бөлшектері орнықты тұру үшін табанға бекітіледі. Затты тек жарықтың көмегімен көретіндіктен жарық микроскобы деп аталады. Көретін затты неше есе үлкейтетінін білу үшін окуляр мен объективте жазылған сандарды бір - біріне көбейтеді. Мысалы, окулярда 15´, ал объективте 40ґ болса, 15ґ40 = 600 есе үлкейтеді.
#5 слайд
5 слайд
#6 слайд
МИКРОПРЕПАРАТ ДАЙЫНДАУ
Микроскопқа қажетті құрал - жабдықтар: заттық әйнек (заттық
шыны), жабын әйнек, су, сапты ине, тамызғы (пипетка). Кез келген
затты микроскоппен қарау үшін алдымен препарат (микропрепарат)
дайындайды. Ол үшін заттық шыныға тамызғымен 1 - 2 тамшы су
тамызып, оған көретін затты салады. Үстін жабын шынымен жауып,
заттық үстелшеге орналастырады да микроскоппен қарайды. Көретін
затты еш уақытта сусыз қарауға болмайды. Өсімдік жасушасының ішкі
құрылысын микроскоппен қарауға ең ыңғайлысы пияздың мөлдір
қабығы – пияз өңі. Препарат жасауға аршылған пияз аламыз (2 - сурет).
Оның шырынды қабатының дөңес жағынан жұқа мөлдір қабықшасын
сылып аламыз. Препаратты микроскоппен қарағанда, бір - біріне тығыз
орналасқан ұзынша пішінді жасушалар көрінеді. Жасушаның
қабықшасы, цитоплазмасы мен ядросы анық көрінеді. Судың орнына
йодтың судағы әлсіз ерітіндісін тамызса, ядросы қоңыр түсті болып
айқын көрінеді.
6 слайд
МИКРОПРЕПАРАТ ДАЙЫНДАУ Микроскопқа қажетті құрал - жабдықтар: заттық әйнек (заттық шыны), жабын әйнек, су, сапты ине, тамызғы (пипетка). Кез келген затты микроскоппен қарау үшін алдымен препарат (микропрепарат) дайындайды. Ол үшін заттық шыныға тамызғымен 1 - 2 тамшы су тамызып, оған көретін затты салады. Үстін жабын шынымен жауып, заттық үстелшеге орналастырады да микроскоппен қарайды. Көретін затты еш уақытта сусыз қарауға болмайды. Өсімдік жасушасының ішкі құрылысын микроскоппен қарауға ең ыңғайлысы пияздың мөлдір қабығы – пияз өңі. Препарат жасауға аршылған пияз аламыз (2 - сурет). Оның шырынды қабатының дөңес жағынан жұқа мөлдір қабықшасын сылып аламыз. Препаратты микроскоппен қарағанда, бір - біріне тығыз орналасқан ұзынша пішінді жасушалар көрінеді. Жасушаның қабықшасы, цитоплазмасы мен ядросы анық көрінеді. Судың орнына йодтың судағы әлсіз ерітіндісін тамызса, ядросы қоңыр түсті болып айқын көрінеді.
#7 слайд
МИКРОПРЕПАРАТ ДАЙЫНДАУ
7 слайд
МИКРОПРЕПАРАТ ДАЙЫНДАУ
#8 слайд
НАЗАРЛАРЫНЫЗҒА РАХМЕТ !!!
8 слайд
НАЗАРЛАРЫНЫЗҒА РАХМЕТ !!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген