Материалдар / Презентация «Бабалар сөзі –даналық көзі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Презентация «Бабалар сөзі –даналық көзі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақта оқушылар әр түрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына алады, мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Наурыз 2024
550
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Қазақ тілі 1 1 -сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт) “Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік

1 слайд
Қазақ тілі 1 1 -сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт) “Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер” бөлімі 3-сабақ. Тақырыбы: «Бабалар сөзі –даналық көзі» Құрастырған: Муханбетова Айгүл Ораққызы. А.Тайманов атындағы № 34 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Сабақ тақырыбы: «Бабалар сөзі –даналық көзі». “ Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер” бө

2 слайд
Сабақ тақырыбы: «Бабалар сөзі –даналық көзі». “ Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер” бөлімі.

Сабақ мақсатына сай сіздің меңгеретініңіз:  әр түрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық

3 слайд
Сабақ мақсатына сай сіздің меңгеретініңіз:  әр түрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу;  мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.

Берілген сөздерді өзара байланыстырып, сабағымыздың тақырыбын ашатындай қандай сызба дайындар едіңіз? Бабалар сөзі Мәдени мұр

4 слайд
Берілген сөздерді өзара байланыстырып, сабағымыздың тақырыбын ашатындай қандай сызба дайындар едіңіз? Бабалар сөзі Мәдени мұра Фольклор Айтыс Ер Тарғын Қозы Көрпеш - Баян сұлуБатырлар жыры Жиренше шешен Құндылық

Фольклор Қозы Көрпеш - Баян сұлу Даналық құндылық Ертегілер Жиренше шешен Ер Тарғын Айтыс Мәдени мұра Бабалар сөзі

5 слайд

Шешендік сөз Шешендік өнер мен шешендік сөз ұғымдары өзара тығыз байланысты болғанымен, әртүрлі түсінік атаулары болып табылад

6 слайд
Шешендік сөз Шешендік өнер мен шешендік сөз ұғымдары өзара тығыз байланысты болғанымен, әртүрлі түсінік атаулары болып табылады. Шешендік өнер - шешен сөйлеу сияқты іс-әрекеттің атауы. Шешендік сөз - осы әрекеттің қолданыстағы көрінісі, яғни мазмұны терең, тілі көркем сөз. Шешендік сөздерге белгілі бір оқиғаға байланысты тапқыр, көркем тілмен айтылып, жұртшылық ойына қозғау салатын үлгілі ой тұжырымдар жатады.

Шешендік сөздің сипаты Ғибратқа толы нақыл сөз Таңдай қақтыратын білгір сөзА л ғы р с ө зТауып айтылған тапқыр сөз Ақыл

7 слайд
Шешендік сөздің сипаты Ғибратқа толы нақыл сөз Таңдай қақтыратын білгір сөзА л ғы р с ө зТауып айтылған тапқыр сөз Ақылға қозғау салатын даналық сөз Терең мағыналы түйінді сөз Әсерлі сөз

1- тапсырма: Мәтінде көтерілген тақырыпқа қатысты көркемдегіш құралдарды табыңыз. ... Осы жолы да Ә

8 слайд
1- тапсырма: Мәтінде көтерілген тақырыпқа қатысты көркемдегіш құралдарды табыңыз. ... Осы жолы да Әз Тәукені күллі қазаққа ортақ хан сайлап, Сұпы Әжіні күллі қазаққа пір сайлап, Жеті жарғының жосығын қабылдаған ұлы жиын аяқталса да жиылған жұрт: “Ертең елге барғанда айта баралық Үш би бізге не дейді екен? Соны естіп кеткіміз келеді”,- деп тырп етпей тұрып алған-ды. - Сонда үш биден не сұрайсыздар?–деген-ді Хан Тәуке. - Үш би бізге кәрілік пен жастық қақында не мәслихат қосады екен? - деген жиылған көп. - Үй сыртында төбең болса, ерттеулі тұрған атың ғой, ел ішінде карияң болса, жазулы тұрған хатың ғой, - деген-ді Төле. - Жылтылдайды екен деп жастықты сөкпе, бәрінің шыққан тегің сол; қалтылдайды екен деп қарттықты сөкпе, ертеңгі жетер шегің сол! –деген Қазыбек. - Ар сатып алған атақтан тер сатып алған мал артық, сақалын тосқан кәріден еңбегін тосқан бала артық! –деген екен Әйтеке. (Ә.Кекілбаев «Үркер» романынан)Дескриптор:  мәтінді оқиды; көтерілген тақырыпты табады; көркемдегіш құралдарды анықтайды.

Мәтінде көтерілген тақырып – жастық пен кәрілік. Эпитет Адамның не заттың өзгеше белгілерін көрсету үшін қолданылатын көркем сө

9 слайд
Мәтінде көтерілген тақырып – жастық пен кәрілік. Эпитет Адамның не заттың өзгеше белгілерін көрсету үшін қолданылатын көркем сөздердің бір түрі (қандай? деген сұраққа жауап береді) Ұлғайған эпитет бірнеше эпитеттер қатар келсе, оны эпитеттің күрделі түрі не эпитеттің ұлғайған түрі дейді. Күрделі эпитетті метафора бір жолында әрі эпитет, әрі метафора кездессе және эпитет метафораны айқындап тұрса, онда оны эпитетті метафора дейді .

... Осы жолы да Әз Тәукені күллі қазаққа ортақ хан сайлап, Сұпы Әжіні күллі қазаққа пір сайлап, Жеті жарғының жосығын қабылдаға

10 слайд
... Осы жолы да Әз Тәукені күллі қазаққа ортақ хан сайлап, Сұпы Әжіні күллі қазаққа пір сайлап, Жеті жарғының жосығын қабылдаған ұлы жиын аяқталса да жиылған жұрт: “Ертең елге барғанда айта баралық Үш би бізге не дейді екен? Соны естіп кеткіміз келеді”,- деп тырп етпей тұрып алған-ды. - Сонда үш биден не сұрайсыздар?–деген-ді Хан Тәуке. - Үш би бізге кәрілік пен жастық қақында не мәслихат қосады екен? - деген жиылған көп. - Үй сыртында төбең болса, ерттеулі тұрған атың ғой, ел ішінде карияң болса, жазулы тұрған хатың ғой, - деген-ді Төле. - Жылтылдайды екен деп жастықты сөкпе , бәрінің шыққан тегің сол; қалтылдайды екен деп қарттықты сөкпе , ертеңгі жетер шегің сол! –деген Қазыбек. - Ар сатып алған атақтан тер сатып алған мал артық, сақалын тосқан кәріден еңбегін тосқан бала артық! –деген екен Әйтеке. (Ә.Кекілбаев «Үркер» романынан)

Көркемдегіш құралдар Мысалдар: Эпитет жылтылдаған жастық, қалтылдаған кәрілік. Күрделі эпиттеті метафора Үй сыртында төбе

11 слайд
Көркемдегіш құралдар Мысалдар: Эпитет жылтылдаған жастық, қалтылдаған кәрілік. Күрделі эпиттеті метафора Үй сыртында төбең болса , ерттеулі тұрған атың ғой, ел ішінде карияң болса , жазулы тұрған хатың ғой Ұлғайған эпитет Ар сатып алған атақтан тер сатып алған мал артық, сақалын тосқан кәріден еңбегін тосқан бала артық!

2- тапсырма: Ұсынылған көркемдегіш құралдарды қолданып, жастық және кәрілік тақырыбында өлең жазыңыз. Жастық шақ туралы Арғыма

12 слайд
2- тапсырма: Ұсынылған көркемдегіш құралдарды қолданып, жастық және кәрілік тақырыбында өлең жазыңыз. Жастық шақ туралы Арғымақтай аңқылдар, Ақ алмастай жарқылдар, Тау қырандай қалықтар, Жақсылыққа сүйсініп, Жамандыққа күйініп. Дескриптор:  көркемдегіш құралдарды тиімді қолданады;  өлең құрастырады. Кәрілік туралы даладай дархан, өнеге болар өмірі, қалмасын бізден көңілі.

Жалынды жастық шақ Арғымақтай аңқылдар, Ақ алмастай жарқылдар, Жастық деген кез екен, Тау қырандай қалықтар, Жақсылыққа сүйсіні

13 слайд
Жалынды жастық шақ Арғымақтай аңқылдар, Ақ алмастай жарқылдар, Жастық деген кез екен, Тау қырандай қалықтар, Жақсылыққа сүйсініп, Жамандыққа күйініп, Жастық шақта білім ал, Кітаптарға шүйлігіп. Карттарым - асыл қазынам Даладай дархан көңілі, Өнеге болар өмірі. Сыйлайықшы қарттарды, Қалмасын бізден көңілі.

3- тапсырма: Көп нүктенің орнына қажетті демеулікті қойып, мәтінді көшіріп жазыңыз. Дала, рақмет саған, Асырдың… даңқымды,

14 слайд
3- тапсырма: Көп нүктенің орнына қажетті демеулікті қойып, мәтінді көшіріп жазыңыз. Дала, рақмет саған, Асырдың… даңқымды, Қуанттың… халқымды, Алып төсіңе алып қазан орнатып, Сапырдың… алтынды. Пай-пай, неткен маңғаз едің Білмейтұғын шалқуды. Тұрсаңшы, Билесеңші бізбенен. О, менің Жерұйығым. Асан атам іздеген! Білемін ғой, сүймейсің босқа шуды. (Есімде, даурықпадан жалыққаның) Қан токпей… тер төгіп достасуды, Ұлы Далам, тағы да анықтадың. (М.Мақатаев “Рақмет, дала”)Дескриптор:  мәнмәтін бойынша қажетті тілдік бірліктерді анықтайды;  орфографиялық нормаға сай жазады.

Есте сақта! -Ақ, - ау, - ай, - мыс, - міс, - ды, - ді шылаулары өздері байланысып

15 слайд
Есте сақта! -Ақ, - ау, - ай, - мыс, - міс, - ды, - ді шылаулары өздері байланысып тұрған сөздерден бөлек, дефис арқылы жазылады. Мысалы: сен-ақ, келмейді-ау, әдемісің-ай, барыпты-мыс, көретін-ді. Дала, рақмет саған, Асырдың-ау даңқымды, Қуанттың-ау халқымды, Алып төсіңе алып қазан орнатып, Сапырдың-ау алтынды. Пай-пай, неткен маңғаз едің Білмейтұғын шалқуды. Тұрсаңшы, Билесеңші бізбенен. О, менің Жерұйығым. Асан атам іздеген! Білемін ғой, сүймейсің босқа шуды. (Есімде, даурықпадан жалыққаның) Қан төкпей-ақ тер төгіп достасуды, Ұлы Далам, тағы да анықтадың.

Герольд Карлович Бельгер - жазушы, сыншы, аудармашы, публицист, әдебиет зерттеушісі және қоғам қайраткері. Ол үш тілді (қаза

16 слайд
Герольд Карлович Бельгер - жазушы, сыншы, аудармашы, публицист, әдебиет зерттеушісі және қоғам қайраткері. Ол үш тілді (қазақ, орыс, неміс) еркін меңгерді, үш тілде жазды, үш ұлттың өкілі бола білді. Естелік– әдеби шығарма, мемуар жанрының бір түрі. Естелік — өмірде шынайы болған ірі тұлғалар мен ел тарихында өткен елеулі оқиғалар жайында көзбен көріп, куәгер болған адамдардың сол өткенді еске түсіріп, өз атынан баяндап беруі. Өзіндік жұмыс: Г.Бельгердің естеліктерімен таныса отырып, “Ұлттық келбет” тақырыбында шығарма жазыңыз.

«... Өмірімнің 43 жылын қазақтардың арасында, қазақ тіліне құлағымның құрышын қандырумен келген екенмін. Менің ұғым-түйсігімде

17 слайд
«... Өмірімнің 43 жылын қазақтардың арасында, қазақ тіліне құлағымның құрышын қандырумен келген екенмін. Менің ұғым-түйсігімде қазақ тілі құдды қазақтың осынау кеңпейіл, мейірбан даласы сияқты ғажайып ұша н - теңіз бай, шешен де көркем тіл.» «Қазақ, қанша тырыссаң да, американдық бола алмайсың. Қазақ болып қал. Сені құтқаратын - осы». «Мен Қазақстанда мемлекеттік тіл қазақ тілі болуы керек деп ойлаймын. Мен бұл маңызды мәселені талқылауға қатыстым әрі осы идеяның алғашқы авторларының бірімін. Ақыры сен Қазақстанда тұрасың ба, оның мәдениетін мойындауың керек және оны бар жан-тәніңмен қабылдай білуге тиіссің».

Кері байланыс “Блоб” ағашы Сіз өзіңіздің бүгінгі сабақтағы іс - әрекетіңізді қалай бағалайсыз? “Блоб” ағашынан

18 слайд
Кері байланыс “Блоб” ағашы Сіз өзіңіздің бүгінгі сабақтағы іс - әрекетіңізді қалай бағалайсыз? “Блоб” ағашынан өзіңізді таңдап белгілеңіз.

Оқушылар, біз бүгінгі сабағымызда әр түрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар

19 слайд
Оқушылар, біз бүгінгі сабағымызда әр түрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар ұсына алдық, мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазуға бағытталған тапсырмалар орындадық.