Презентация "Бірыңғай мүшелер"

#1 слайд
Сөйлемнің бірыңғай
мүшелері
1 слайд
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
#2 слайд
Бірдей сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана
мүшесімен байланысып тұрған сөздерді сөйлемнің
бірыңғай мүшелері дейміз.
Мысалы: Ермек пен Едіге Өнербектің үйіне
асыға кіріп барды.
Салтанат оған бір қарады да, шығып кетті.
Ол жүзім сатуға, сауда жасауға дайындалып
жатты.
Шөлде киік, бөкен, қоян, түлкі, қасқыр, саршұнақ
және жыртқыш құстар тіршілік етеді.
2 слайд
Бірдей сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысып тұрған сөздерді сөйлемнің бірыңғай мүшелері дейміз. Мысалы: Ермек пен Едіге Өнербектің үйіне асыға кіріп барды. Салтанат оған бір қарады да, шығып кетті. Ол жүзім сатуға, сауда жасауға дайындалып жатты. Шөлде киік, бөкен, қоян, түлкі, қасқыр, саршұнақ және жыртқыш құстар тіршілік етеді.
#3 слайд
Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері
Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз келіп,
дауыс ырғағы арқылы байланысып тұрса,
олардың арасына үтір қойылады.
Мысалы: Топтың алдындағы қатарда Абай,
Көкбай, Шұбар – үшеуі оңаша әңгімелесіп
келеді.
3 слайд
Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз келіп, дауыс ырғағы арқылы байланысып тұрса, олардың арасына үтір қойылады. Мысалы: Топтың алдындағы қатарда Абай, Көкбай, Шұбар – үшеуі оңаша әңгімелесіп келеді.
#4 слайд
Бірыңғай мүшелердің арасы қайталанып
айтылатын да, де, та, те, әрі, бірде, кейде,
біресе, не жалғаулықтары арқылы
байланысып, бұл жалғаулықтар қайталанып
тұрса олардың арасына үтір қойылады.
Мысалы: Қайырбек те, Серік те аттарын
бәйгеге қосып жіберді.
4 слайд
Бірыңғай мүшелердің арасы қайталанып айтылатын да, де, та, те, әрі, бірде, кейде, біресе, не жалғаулықтары арқылы байланысып, бұл жалғаулықтар қайталанып тұрса олардың арасына үтір қойылады. Мысалы: Қайырбек те, Серік те аттарын бәйгеге қосып жіберді.
#5 слайд
Не, немесе, яки жалғаулықтары сөйлемде
қайталанбай, бір-ақ рет айтылып, бірыңғай
мүшелердің арасын байланыстырып тұрса,
бірыңғай мүшелердің арасына үтір
қойылмайды.
Мысалы: Машинамен немесе трактормен
келгендердің жолдарына қарауыл қойылды.
5 слайд
Не, немесе, яки жалғаулықтары сөйлемде қайталанбай, бір-ақ рет айтылып, бірыңғай мүшелердің арасын байланыстырып тұрса, бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылмайды. Мысалы: Машинамен немесе трактормен келгендердің жолдарына қарауыл қойылды.
#6 слайд
Бірыңғай мүшелердің арасы
қайталанылмайтын мен, бен, пен, және
жалғаулықтары арқылы байланысса, бірыңғай
мүшелердің арасына үтір қойылмайды.
Мысалы: Қарлығаш ауа райы ашық және
құрғақ болардың алдында биік ұшады.
6 слайд
Бірыңғай мүшелердің арасы қайталанылмайтын мен, бен, пен, және жалғаулықтары арқылы байланысса, бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылмайды. Мысалы: Қарлығаш ауа райы ашық және құрғақ болардың алдында биік ұшады.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген