1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Презентация: Ш.Уалихановтың экспедициясы

#1 слайд
ТАҚЫРЫБЫ: “ШОҚАН
УАЛИХАНОВТЫҢ
ЭКСПЕДИЦИЯСЫ”
СЛАЙД ҚҰРАСТЫРУШЫ: БАҚЫТХАНОВ .Е.Ф
5 “Г” СЫНЫП
2018 ЖЫЛ.
1 слайд
ТАҚЫРЫБЫ: “ШОҚАН УАЛИХАНОВТЫҢ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ” СЛАЙД ҚҰРАСТЫРУШЫ: БАҚЫТХАНОВ .Е.Ф 5 “Г” СЫНЫП 2018 ЖЫЛ.
#2 слайд
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын
есіміМұхаммед Қанафия; 1835 —1865)
— қазақтың ұлы ғалымы, XIX
ғасырдың екінші жартысында
Қазақстанда туған демократтық,
ағартушылық мәдениеттің тұңғыш
өкілдерінің бірі,
шығыстанушы,тарихшы, фольклоршы,
этнограф, географ,ағартушы. Әжесі
бала күнінде «Шоқаным» деп
еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып
кеткен. Өмірбаяны Шоқан 1835
жылдың қараша айында Құсмұрын
бекетінде қазіргі Қостанай облысы
Сарыкөл ауданындағы Күнтимес
ордасында (қыстауында) атақты аға
сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында
дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс
Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай
дуанының (орталығы Қараоба мекені)
аға сұлтаны болған.
2 слайд
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есіміМұхаммед Қанафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы,тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ,ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен. Өмірбаяны Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған.
#3 слайд
1856 жылғы шілдеде Шоқан Құлжа
қаласына аттанады. Сапардың негізгі
мақсаты — Қытаймен сауда
қатынастарын жолға қою туралы
қытай өкімет орындарымен келіссөз
жүргізу еді. Өйткені Шүгішектегі
орыстың сауда-саттық орны өртеніп
кеткеннен кейін екі арадағы қарым-
қатынас үзіліп қалған-ды.
Уәлихановтың алдында даулы шекара
мәселелерін шешумен байланысты к үрделі
дипломатиялық мисси яны атқару міндеті
тұрды. Ол осынау бір маңызды тапсырманы
ойдағыдай орындап шықты. Құлжа өлкесінде; үш
айға жуық болған Шоқан аймақтың физикалық-
географиялық жағдайларымен, халықтың
өмірімен және тарихымен танысты.
3 слайд
1856 жылғы шілдеде Шоқан Құлжа қаласына аттанады. Сапардың негізгі мақсаты — Қытаймен сауда қатынастарын жолға қою туралы қытай өкімет орындарымен келіссөз жүргізу еді. Өйткені Шүгішектегі орыстың сауда-саттық орны өртеніп кеткеннен кейін екі арадағы қарым- қатынас үзіліп қалған-ды. Уәлихановтың алдында даулы шекара мәселелерін шешумен байланысты к үрделі дипломатиялық мисси яны атқару міндеті тұрды. Ол осынау бір маңызды тапсырманы ойдағыдай орындап шықты. Құлжа өлкесінде; үш айға жуық болған Шоқан аймақтың физикалық- географиялық жағдайларымен, халықтың өмірімен және тарихымен танысты.
#4 слайд
Ш.Ш.Уәлихановтың 1856—1857 жылдардағы
саяхаттарының ғылыми нәтижелері оның
«Ыстықкөлге сапар күнделіктері», «Іленің арғы
бетіндегі өлкенің географиялық очеркі», Қытай
империясының батыс провинциясы және Құлжа
қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» және
басқа еңбектерінде жүйелі түрде баяндалған. Сол
бір шыгармаларының өзінде-ақ 21—22-ге жаңа
толған жас Шоқан өзін Тянь-Шань мен Жетісудың
географиясын, сол аймақтарды мекендейтін
халықтардың тарихын бес саусағындай тамаша
білетін байқампаз да дарынды ғалым ретінде
танытты.
Шоқан Уәлихановтың зерттеулері П.П.Семенов-
Тян-Шанский арқылы Петербургтың ғылыми
топтарына мәлім бола бастады. Ал көрнекті орыс
ғалымының өзі Е.Ламанскиймен бірлесіп Шоқан
Уалихановтың еңбектері туралы пікірлерін жазып,
ұсыныс жасады. Сол пікірдің тұжырымды
протоколдық жазбасында былай делінген: «Шоқан
Уәлиханов Ыстықкөлдің шығыс жағалауына сапар
шегіп, Қырғыз даласы хақында аса бай
географиялық, этнографиялық және тарихи
материалдар жинады. Жас ғалым сол деректерді
мәлімдеуге әзір».
4 слайд
Ш.Ш.Уәлихановтың 1856—1857 жылдардағы саяхаттарының ғылыми нәтижелері оның «Ыстықкөлге сапар күнделіктері», «Іленің арғы бетіндегі өлкенің географиялық очеркі», Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» және басқа еңбектерінде жүйелі түрде баяндалған. Сол бір шыгармаларының өзінде-ақ 21—22-ге жаңа толған жас Шоқан өзін Тянь-Шань мен Жетісудың географиясын, сол аймақтарды мекендейтін халықтардың тарихын бес саусағындай тамаша білетін байқампаз да дарынды ғалым ретінде танытты. Шоқан Уәлихановтың зерттеулері П.П.Семенов- Тян-Шанский арқылы Петербургтың ғылыми топтарына мәлім бола бастады. Ал көрнекті орыс ғалымының өзі Е.Ламанскиймен бірлесіп Шоқан Уалихановтың еңбектері туралы пікірлерін жазып, ұсыныс жасады. Сол пікірдің тұжырымды протоколдық жазбасында былай делінген: «Шоқан Уәлиханов Ыстықкөлдің шығыс жағалауына сапар шегіп, Қырғыз даласы хақында аса бай географиялық, этнографиялық және тарихи материалдар жинады. Жас ғалым сол деректерді мәлімдеуге әзір».
#5 слайд
1856 жылы Шоқан Шыңғысұлы
Уәлиханов Ыстықкөл, Құлжа
саяхатына, ол кезде бүкіл Алатау
алқабын, Жетісу өлкесін билейтін
полковник Хоментовскийдің әскери-
ғылыми экспедициясынын, құрамында
шықты. Хоментовский Ыстықкөлді
топографиялық картаға түсіре
бастағанда Шоқан одан бөлініп кетіп,
қырғыз халқының тарихын, ауыз
әдебиетін, ән-күйін, салт-сана, әдет-
ғұрыпын беріле зерттеді.
Бұдан кейін ол Россия империясының,
оның ішінде сыртқы істер
министрлігінің арнайы шығарған
жарлығымен осы жылдың август
айында Қытай шекарасынан өтіп,
Құлжаға елші болып барды.
5 слайд
1856 жылы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов Ыстықкөл, Құлжа саяхатына, ол кезде бүкіл Алатау алқабын, Жетісу өлкесін билейтін полковник Хоментовскийдің әскери- ғылыми экспедициясынын, құрамында шықты. Хоментовский Ыстықкөлді топографиялық картаға түсіре бастағанда Шоқан одан бөлініп кетіп, қырғыз халқының тарихын, ауыз әдебиетін, ән-күйін, салт-сана, әдет- ғұрыпын беріле зерттеді. Бұдан кейін ол Россия империясының, оның ішінде сыртқы істер министрлігінің арнайы шығарған жарлығымен осы жылдың август айында Қытай шекарасынан өтіп, Құлжаға елші болып барды.
#6 слайд
6 слайд
#7 слайд
7 слайд
#8 слайд
Шоқанның Ыстықкөл, Құлжа саяхаты зор табыспен аяқталды. Атап
айтқанда ғалым саяхаты бұрын дүниежүзі ғылымына беймәлім қырғыз
халқы туралы бай материал берді. Бұл халықтың, XVII ғасырға дейін
Енисейден бастап Саян, Алтай таулары арқылы Тянь-Шаньға дейін көшіп
жүргенін, онан соң жолды ойраттар басып алып, өткізбеген соң сол тауда
мекендеп қалғанын анықтады. Сондай-ақ атақты «Манас» жырын жазып
алып, үзінділерін орысшаға аударып жариялады, Шоқан зерттеуіне дейін
қырғыз, қазақ халқын ешбір айырмай бәрін де «қырғыз» деп келсе ғалым:
«Бұл екі халықтың тіл жағынан да, үрім-бұтақ, әдет-ғұрып жағынан да
айырмасы бар» деп атап көрсетті. Ш.Уәлихановтын, Ыстықкөл, Құлжа
саяхатының материалдары негізінде жазған «Ыстықкел саяхаты», «Қытай
империясының батыс провинциясы Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы»,
тағы басқа еңбектері бізге қолжазба түрінде жетіп, совет дәуірінде ғана
кең жарияланды. Ш. Уәлихановтың үшінші саяхаты. 1858-1859 жылдары
Шоқанның, жасырын түрде барып, европалықтарға қақпасы жабық болған
Қытайдың батыс провинциясы «Алты шаһарды»— алты қаланы зерттеп
қайтуының дүниежүзілік маңызы болды. Өйткені бұл өңір бұрын ғылымға
беймәлім еді. Шоқанға дейін онда тек қана кезінде Марко Поло, Иезуит
Гассен және неміс ғалымы Шлагинвейттер болған-ды. Бірақ бұлардың
бірде-бірі «Алты шаһар» туралы ешбір елеулі ғылыми деректер бере
алмады.
Шоқан аса жауапты әрі қауіпті іске Азияны зерттеуге бел байлады.
«Әлімбай» деген лақап атпен Семей саудагері Мұсабайға еріп, Батыс
Түркістанға жол тартты. Қашқарияда болған кезде Шоқан халық өмірімен
танысып, дүние жүзіне беймәлім болып келген алты шаһарды («Кіші
Бұхараны»): Яркент пен Қашқарды, Янги-Гисар мен Котанды, Ақсу
мен Турфанды ашты.
8 слайд
Шоқанның Ыстықкөл, Құлжа саяхаты зор табыспен аяқталды. Атап айтқанда ғалым саяхаты бұрын дүниежүзі ғылымына беймәлім қырғыз халқы туралы бай материал берді. Бұл халықтың, XVII ғасырға дейін Енисейден бастап Саян, Алтай таулары арқылы Тянь-Шаньға дейін көшіп жүргенін, онан соң жолды ойраттар басып алып, өткізбеген соң сол тауда мекендеп қалғанын анықтады. Сондай-ақ атақты «Манас» жырын жазып алып, үзінділерін орысшаға аударып жариялады, Шоқан зерттеуіне дейін қырғыз, қазақ халқын ешбір айырмай бәрін де «қырғыз» деп келсе ғалым: «Бұл екі халықтың тіл жағынан да, үрім-бұтақ, әдет-ғұрып жағынан да айырмасы бар» деп атап көрсетті. Ш.Уәлихановтын, Ыстықкөл, Құлжа саяхатының материалдары негізінде жазған «Ыстықкел саяхаты», «Қытай империясының батыс провинциясы Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы», тағы басқа еңбектері бізге қолжазба түрінде жетіп, совет дәуірінде ғана кең жарияланды. Ш. Уәлихановтың үшінші саяхаты. 1858-1859 жылдары Шоқанның, жасырын түрде барып, европалықтарға қақпасы жабық болған Қытайдың батыс провинциясы «Алты шаһарды»— алты қаланы зерттеп қайтуының дүниежүзілік маңызы болды. Өйткені бұл өңір бұрын ғылымға беймәлім еді. Шоқанға дейін онда тек қана кезінде Марко Поло, Иезуит Гассен және неміс ғалымы Шлагинвейттер болған-ды. Бірақ бұлардың бірде-бірі «Алты шаһар» туралы ешбір елеулі ғылыми деректер бере алмады. Шоқан аса жауапты әрі қауіпті іске Азияны зерттеуге бел байлады. «Әлімбай» деген лақап атпен Семей саудагері Мұсабайға еріп, Батыс Түркістанға жол тартты. Қашқарияда болған кезде Шоқан халық өмірімен танысып, дүние жүзіне беймәлім болып келген алты шаһарды («Кіші Бұхараны»): Яркент пен Қашқарды, Янги-Гисар мен Котанды, Ақсу мен Турфанды ашты.
#9 слайд
Ақпараттық қор тізімі:
Әлеуметтік желісі,
“Жаратылыстану” 5 –
сынып.
9 слайд
Ақпараттық қор тізімі: Әлеуметтік желісі, “Жаратылыстану” 5 – сынып.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген