Презентация Тақырыбы Инклюзивті білім беруге қатысты,фильм немесе мультфильм арқылы түсіндіру




1 слайд
Тақырып
Инклюзивті білім беруге қатысты,фильм
немесе мультфильм арқылы түсіндіру
1 слайд
Тақырып Инклюзивті білім беруге қатысты,фильм немесе мультфильм арқылы түсіндіру

2 слайд
Киноның аты:Әкем(Babam)
Түрік фильмі
Жанр: Драма
2 слайд
Киноның аты:Әкем(Babam) Түрік фильмі Жанр: Драма

3 слайд
Жүсіп Туналы сәбиінің дүниеге келуін ұзақ күтеді. Сәби дүниеге келеді.
Сәби кеш туылған, ауыр психикалық дертке шалдыққан.
Өзін толығымен консерва зауытын дамытуға арнаған әкесін қуанта
қоймады.
Жүсіп Туналы - консервілеу зауытының иесі. Банкроттыққа ұшыраған
фабрикасын құтқаруға тырысқан Жүсіп Туналы әйелі өлгенде ақыл -есі
кем баласы Арифпен жалғыз қалады. Мүгедектігіне байланысты ұлын
жылдар бойы қабылдай алмаған Жүсіп үшін бұл үлкен сынақ болмақ.
Жас мұғалім Фериде, жұмысқа, тағайындала алмаған соң, Жүсіптің
фабрикасында жұмыс істей бастайды. Ариф Фериденің
қызығушылығымен қабығынан шыққан кезде Юсуфтың Арифке деген
көзқарасы өзгереді. Юсуфтың, Фериде мен Арифтің тәжірибелері мен
айналасында болып жатқан оқиғалар осы үш адамды бір -біріне
жақындатады. Фериде мен оның ұлы Арифтің әсерімен Юсуф өзінің
ішінде жасырылған жақсы адамды ашуға кіріседі. Олардың қиындықтары
мен жауапкершілігі Юсуфты таңқаларлық шешімдер қабылдауға
итермелейді.
3 слайд
Жүсіп Туналы сәбиінің дүниеге келуін ұзақ күтеді. Сәби дүниеге келеді. Сәби кеш туылған, ауыр психикалық дертке шалдыққан. Өзін толығымен консерва зауытын дамытуға арнаған әкесін қуанта қоймады. Жүсіп Туналы - консервілеу зауытының иесі. Банкроттыққа ұшыраған фабрикасын құтқаруға тырысқан Жүсіп Туналы әйелі өлгенде ақыл -есі кем баласы Арифпен жалғыз қалады. Мүгедектігіне байланысты ұлын жылдар бойы қабылдай алмаған Жүсіп үшін бұл үлкен сынақ болмақ. Жас мұғалім Фериде, жұмысқа, тағайындала алмаған соң, Жүсіптің фабрикасында жұмыс істей бастайды. Ариф Фериденің қызығушылығымен қабығынан шыққан кезде Юсуфтың Арифке деген көзқарасы өзгереді. Юсуфтың, Фериде мен Арифтің тәжірибелері мен айналасында болып жатқан оқиғалар осы үш адамды бір -біріне жақындатады. Фериде мен оның ұлы Арифтің әсерімен Юсуф өзінің ішінде жасырылған жақсы адамды ашуға кіріседі. Олардың қиындықтары мен жауапкершілігі Юсуфты таңқаларлық шешімдер қабылдауға итермелейді.

4 слайд
Бірақ күтпеген жерден Юсуфтың жолы болды.
Ол кездейсоқ мұғалім болып жұмыс істеген
зауыттың жаңа жұмысшысы Феридемен
танысады. Олардың арасында достық қарым-
қатынас басталады.Фериде Жүсіптің үйіне
қонақ болып барады және Арифпен кездескен
алғашқы күннен бастап онымен тез тіл
табысып кетеді. Бұрынғы мұғалім болып
істеген Фериде баламен бірте-бірте жұмыс
істей бастады. Бұл әрекеттердің керемет
нәтиже беріп жатқанын көрген Жүсіп өмірінің
бірте-бірте жақсаратынына үміттенді.
Соңына қарай әке мен
баланың қарым
қатынасы жақсы
жаққа өзгеріп, өзара
жылы сезімдері пайда
бола бастайды.
4 слайд
Бірақ күтпеген жерден Юсуфтың жолы болды. Ол кездейсоқ мұғалім болып жұмыс істеген зауыттың жаңа жұмысшысы Феридемен танысады. Олардың арасында достық қарым- қатынас басталады.Фериде Жүсіптің үйіне қонақ болып барады және Арифпен кездескен алғашқы күннен бастап онымен тез тіл табысып кетеді. Бұрынғы мұғалім болып істеген Фериде баламен бірте-бірте жұмыс істей бастады. Бұл әрекеттердің керемет нәтиже беріп жатқанын көрген Жүсіп өмірінің бірте-бірте жақсаратынына үміттенді. Соңына қарай әке мен баланың қарым қатынасы жақсы жаққа өзгеріп, өзара жылы сезімдері пайда бола бастайды.

5 слайд
Ерекше жағдайдағы балаларға қолдау көрсету қашанда маңызды. Осы
орайда шаһарымызда сауықтыру орталықтары жұмыстарын қарқынды
жүргізіп отыр. Мүгедектігі бар балалардың көпшілік ортада болып, басқа
балғындармен араласуына мүмкіндік жасауда, оларға моральдық,
материалдық тұрғыда қолдау көрсетуде қоғамдық бірлестік пен үкіметтік
емес ұйымдардың үлесі зор.«Баламның табанына кірген шөңге менің
маңдайыма кірсін» деп перзенті үшін ішкен асын жерге қоятын халықтың
қатарынанбыз. Шынында, бала Тәңірдің үлкен бір сыйы деуге болады. Ал
осының ішінде ерекше күтімді қажет етер балаларды, ерекше бір
жаратылыс иелері деп айтқаным дұрыс болар. Осы орайда біздің тұлға
ретіндегі басты міндетіміз – ерекше жағдайдағы азаматтар мен балаларға
қолдау көрсету. Ерекше бала тәрбиелеп отырған әрбір ата-ананың асыл
арманы қайтсе де періштесін аяққа тұрғызу, өмірге бейімдеу, ешкімнен кем
қылмай тәрбие беру екені анық. Алайда бір жанға батары қаламызда
ерекше балалардың қатары артып келеді. Осы орайда тауы шағылып, еңсесі
түскен отбасылар да көптеп кездеседі.
5 слайд
Ерекше жағдайдағы балаларға қолдау көрсету қашанда маңызды. Осы орайда шаһарымызда сауықтыру орталықтары жұмыстарын қарқынды жүргізіп отыр. Мүгедектігі бар балалардың көпшілік ортада болып, басқа балғындармен араласуына мүмкіндік жасауда, оларға моральдық, материалдық тұрғыда қолдау көрсетуде қоғамдық бірлестік пен үкіметтік емес ұйымдардың үлесі зор.«Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп перзенті үшін ішкен асын жерге қоятын халықтың қатарынанбыз. Шынында, бала Тәңірдің үлкен бір сыйы деуге болады. Ал осының ішінде ерекше күтімді қажет етер балаларды, ерекше бір жаратылыс иелері деп айтқаным дұрыс болар. Осы орайда біздің тұлға ретіндегі басты міндетіміз – ерекше жағдайдағы азаматтар мен балаларға қолдау көрсету. Ерекше бала тәрбиелеп отырған әрбір ата-ананың асыл арманы қайтсе де періштесін аяққа тұрғызу, өмірге бейімдеу, ешкімнен кем қылмай тәрбие беру екені анық. Алайда бір жанға батары қаламызда ерекше балалардың қатары артып келеді. Осы орайда тауы шағылып, еңсесі түскен отбасылар да көптеп кездеседі.

6 слайд
Қоғамның кеміс балаларды қабылдауға даярлығы деңгейіне
байланысты,өкінішке орай ,қоғам бұған әлі дайын емес.Қоғам,қоғам
болғалы,дені сау адамдар мен даму мүмкіндігі шектеулі адамдар
арсында болатын,психологиялық кедергі әлі жоғалған жоқ. Бұл
жағдайда кеміс балалар ғана емес, қоғамның өзі зардап шегеді, себебі
адамдар моральді қатыгездігі арта түседі,өзге адамдардың
бақытсыздығы мен қасіретіне деген сезімталдық жоғалады.
Ата аналар сау баланың дүниеге келуін күткендіктен,кеміс баланы
қабылдауға даяр болмайды,оны тәрбиелеуді ұйымдастыру
бағыттарымен мүлдем таныс болмайды.Даму мүмкіндігі шектеулі
балалары бар отбасыларының проблемаларымен кезігетін
қиындықтары бірдей.Отбасы,бала үшін маңызды әлеуметтендіруші
фактор,оның ықпалы өзге қоғамдық орталардың ықпалынан
анағұрлым күшті.
Отбасында бала ережелермен тәртіп жүйесін меңгереді,қоғамдық
мәдениет пен дәстүрге сәйкес білімдерді құндылықтарды
игереді,өмірлік тәжірибеде қолданады.
6 слайд
Қоғамның кеміс балаларды қабылдауға даярлығы деңгейіне байланысты,өкінішке орай ,қоғам бұған әлі дайын емес.Қоғам,қоғам болғалы,дені сау адамдар мен даму мүмкіндігі шектеулі адамдар арсында болатын,психологиялық кедергі әлі жоғалған жоқ. Бұл жағдайда кеміс балалар ғана емес, қоғамның өзі зардап шегеді, себебі адамдар моральді қатыгездігі арта түседі,өзге адамдардың бақытсыздығы мен қасіретіне деген сезімталдық жоғалады. Ата аналар сау баланың дүниеге келуін күткендіктен,кеміс баланы қабылдауға даяр болмайды,оны тәрбиелеуді ұйымдастыру бағыттарымен мүлдем таныс болмайды.Даму мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларының проблемаларымен кезігетін қиындықтары бірдей.Отбасы,бала үшін маңызды әлеуметтендіруші фактор,оның ықпалы өзге қоғамдық орталардың ықпалынан анағұрлым күшті. Отбасында бала ережелермен тәртіп жүйесін меңгереді,қоғамдық мәдениет пен дәстүрге сәйкес білімдерді құндылықтарды игереді,өмірлік тәжірибеде қолданады.

7 слайд
Сондықтан шарасыздық шыңырауға құлатып, одағай күйзеліс орға
жықпас үшін әуелі баланы кішкентай кезінен бастап оңалту, бейімдеу
орталықтарына жетелеген жөн деп ойлаймын. «Бала – көңілдің гүлі,
көздің нұры» деген сөз бар қазақта. Әсіресе тумысынан тағдыр азабымен
бетпе-бет келген ерекше балалар қоғамның да, ата-ананың да – басты
назарында.
7 слайд
Сондықтан шарасыздық шыңырауға құлатып, одағай күйзеліс орға жықпас үшін әуелі баланы кішкентай кезінен бастап оңалту, бейімдеу орталықтарына жетелеген жөн деп ойлаймын. «Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры» деген сөз бар қазақта. Әсіресе тумысынан тағдыр азабымен бетпе-бет келген ерекше балалар қоғамның да, ата-ананың да – басты назарында.

8 слайд
Назарларыңызға рақмет!
8 слайд
Назарларыңызға рақмет!