қаңқа сүйектері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

қаңқа сүйектері

Материал туралы қысқаша түсінік
қаңқа сүйектері
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
ПРЕЗЕНТАЦИЯ Қаңқа сүйектерінің ерекшеліктерін жасына байланысты оқып білу

#1 слайд
ПРЕЗЕНТАЦИЯ Қаңқа сүйектерінің ерекшеліктерін жасына байланысты оқып білу

1 слайд

ЖОСПАР I Кіріспе Адам қаңқасы туралы түсінік II Негізгі бөлім 1. Бас сүйектерінің жастық ерекшелігі 2. Омыртқа жотас

#2 слайд
ЖОСПАР I Кіріспе Адам қаңқасы туралы түсінік II Негізгі бөлім 1. Бас сүйектерінің жастық ерекшелігі 2. Омыртқа жотасының жастық ерекшелігі 3. Кеуде торының жастық ерекшелігі 4. Қол сүйектерінің жастық ерекшелігі 5. Аяқ сүйектерінің жастық ерекшелігі . III Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

2 слайд

Қаңқа Адам қаңқасы жұмсақ мүшелердің қорғанышы болып табылатын тірек қимыл мүшелері. Адам қаңқасын 200 жуық тақ және жұп

#3 слайд
Қаңқа Адам қаңқасы жұмсақ мүшелердің қорғанышы болып табылатын тірек қимыл мүшелері. Адам қаңқасын 200 жуық тақ және жұп сүйектер құрайды. Қаңқаны құраушы сүйектер, systema skeleta, топографиялық орналасуына және эмбриондық дамуына, атқаратын қызметіне байланысты : біліктік қаңқаға, skeleton axiale, қосымша қаңқаға,skeleton appendiculareа, бөлінеді.

3 слайд

ҚАҢҚА

#4 слайд
ҚАҢҚА

4 слайд

ҚАҢҚА

СҮЙЕКТІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ Жалпы алғанда сүйектің құрылысына келер болсақ,жас кезде органикалық зат көп болады да, бейоргани

#5 слайд
СҮЙЕКТІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ Жалпы алғанда сүйектің құрылысына келер болсақ,жас кезде органикалық зат көп болады да, бейорганикалық зат аз болады. Мұндағы органикалық заттардың басты қызметі—мықтылық қасиет көрсетуі. Ал қартайғанда бейорганикалық зат көбейіп, морт сынғыш келуінің негізгі себебі болады.

5 слайд

•Сүйектің құрамы атқаратын қызметіне, адамның жасына қарай әртүрлі келеді. Салмақ көп түсетін сүйектерде, мысалы, бел омыртқа

#6 слайд
•Сүйектің құрамы атқаратын қызметіне, адамның жасына қарай әртүрлі келеді. Салмақ көп түсетін сүйектерде, мысалы, бел омыртқа, жамбас, аяқ сүйектерінде минерал заттары көбірек болады. •Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда минерал заттары көбірек болады.

6 слайд

*Омыртқа жотасының жасқа байланысты ерекшелігі Омыртқа бағанасы,соlumna vertebralis, 33-34 омыртқадан тұрады. 7-мойын,v.cerv

#7 слайд
*Омыртқа жотасының жасқа байланысты ерекшелігі Омыртқа бағанасы,соlumna vertebralis, 33-34 омыртқадан тұрады. 7-мойын,v.cervicalis, 12-кеуде,v.thoracicae, 5-бел ,v.lumbales, 5-секізкөз ,os sacrum, 4-5 құйымшақ омыртқасы,os coccyges. Жас ерекшелігіне қарай бірнеше өзгеріске ұшырайды. Омыртқа бағанасында 2 физиологиялық иін бар: лордоз және кифоз. Мойын лордозы 3 айлық нәрестеде; Кеуде кифозы 6-7 айлық кезеңінде; Бел лордозы және оны толықтыратын сегізкөз кифозы 1 жаста байқалады.

7 слайд

Омыртқа жотасының өсуі баланың алғашқы 1 жасында жедел жүреді. Жаңа туған нәрестелердің омыртқаларында алты сүйектену нүктелері

#8 слайд
Омыртқа жотасының өсуі баланың алғашқы 1 жасында жедел жүреді. Жаңа туған нәрестелердің омыртқаларында алты сүйектену нүктелерін көруге болады. Олар 1 жасқа таман біріге бастайды. Омыртқалардың эпифизі алғашқы жылы шеміршек күйінде сақталады. Омыртқа аралығындағы буындардың шеміршектері қалың және серпімді келеді. Сондықтан олардың омыртқа жотасы ересектермен салыстырғанда жеңіл қимылдайды. Жаңа туған сәбидің омыртқа жотасында физиологиялық иілімдері болмайды, 2-3 айда баланың мойыны бекігеннен кейін мойын лордозы, 6 айдан кейін отыра бастағанда кеуде және сегізкөз кифоздары , 1 жасқа жақындап, бала жүре бастағанда бел лордозы пайда болады. 2-3 жаста омыртқа одан әрі қарай сүйектене береді. Бұл мезгілде омыртқаның денесі сүйектен, ал эпифиздері шеміршектен тұрады. Омыртқааралық буын шеміршектері әлі де болса қалыңдау болып, омыртқа жотасы жақсы қимылдайды. Бұл кезде сегізкөз, қүйымшақ омыртқалары біріге бастағанымен аралары толық бітпейді.

8 слайд

4-5 жасқа дейін омыртқалар тез өсіп, иілістері толық қалыптасады. Бұл кезден бастап балалар мен ересек адамдардың омыртқа жота

#9 слайд
4-5 жасқа дейін омыртқалар тез өсіп, иілістері толық қалыптасады. Бұл кезден бастап балалар мен ересек адамдардың омыртқа жотасында физиологиялық қалыпты 2 лордозы (мойын және бел омыртқа), 2 кифозы (кеуде және сегізкөз) иілістері түзіледі. Отырғанда салмақ бел омыртқа иілісіне көбірек түсіп, ол қисаяды, ал жатқанда мойын және бел омыртқаларының иілістері түзеледі. Бала омыртқасының сүйегінің қатаюы жылдам болғанымен, олардың диафиздерінде шеміршек қалың болады және омыртқа аралық шеміршектері биік келеді. Сегізкөз бен қүйымшақ сүйектері біте бастайды. Қыздарда 7-11, ер балаларда 7-13 жас арасында омыртқаның денесі мен эпифиздерінің арасында жұқа болса да, шеміршекті қабаты сақталады. Омыртқа аралық шеміршектер қалың болғандықтан омыртқалар әлі де өседі. Омыртқа эпифиздерінің сүйектенуі 18-20 жаста аяқталады.

9 слайд

Мектеп жасына дейінгі балалардың омыртқалары ұзарып, жуандайды. 5-6 жастағы балалардың омыртқа жотасы тез қисаяды. Омыртқаарал

#10 слайд
Мектеп жасына дейінгі балалардың омыртқалары ұзарып, жуандайды. 5-6 жастағы балалардың омыртқа жотасы тез қисаяды. Омыртқааралық шеміршектердегі заттың алмасуы өте күшті болады. Сондықтан түрлі жағдайлардың әсерінен омыртқаның өсуі тез бұзылып, омыртқа жотасының патологиялық сколиозы (бір жақ бүйіріне қарай қисаю), т. б. өзгерістері пайда болады. Омыртқа жотасының өсуі жігіттік пен бойжеткендік кезеңге дейін байқалғанымен, әр түрлі бөлімдерінің омыртқалары бірдей өспейді. 1,5 жасқа дейін барлық омыртқалар бірдей өседі, 1,5-3 жас арасында мойын және кеуденің жоғарғы омыртқалары нашар өседі.

10 слайд

*Омыртқа жотасының жасқа байланысты ерекшелігі Омыртқа жотасының иілімдері 6-7 жаста қалыптасуы аяқталып,14-17 жаста толығыме

#11 слайд
*Омыртқа жотасының жасқа байланысты ерекшелігі Омыртқа жотасының иілімдері 6-7 жаста қалыптасуы аяқталып,14-17 жаста толығымен жетіледі. Ал омыртқа аралық дикілер жас балаларда ересектерге қарағанды үлкендеу. Ауыз омыртқа мен біліктік омыртқа 4-5 жаста бірігеді. Сегізкөз омыртқаларының сүйектенуі кештеу.18-25 жас аралығы. Құйымшақ омыртқалары эмбриондық дамудың 2 айының соңында: бір сүйектік нүкте денесінде , екінші сүйектік нүкте доғасында пайда болады. Оның сүйектенуі 7 жастық кезеңде сегізкөз омыртқаларында аяқталады. Олардың бір-бірімен бірігіп сүйектенуі 30 жаста бітеді.

11 слайд

Кеуде торының жасқа байланысты ерекшелігі Кеуде торы,thorax, төс пен қабырғалардан тұрады. Қабырғалар құрсақтық дамудың 2 а

#12 слайд
Кеуде торының жасқа байланысты ерекшелігі Кеуде торы,thorax, төс пен қабырғалардан тұрады. Қабырғалар құрсақтық дамудың 2 айында VI-VII қабырғаларда басталады. 3-4 жасқа келгенде қабырғаның ортасы мен бұрышында ғана тығыз сүйектері болады, яғни қабырғаның 40%-ында ғана остеондық құрылысы болады, 6-7 жаста қабырғаның алдыңғы жағы толық сүйекке айналады.

12 слайд

•Ал төстің сүйектенуі денесінде,тұтқасында орналасқан алғашқы сүйектік нүктелерден дамиды. Оның бұғаналық тілігі мен семсерлік

#13 слайд
•Ал төстің сүйектенуі денесінде,тұтқасында орналасқан алғашқы сүйектік нүктелерден дамиды. Оның бұғаналық тілігі мен семсерлік ұшы екінші кезектегі сүйектік нүктеден дамиды. •Төс сүйегінің бөлімдерінің арасындағы шеміршек 30 жасқа дейін болады. Төстің төменгі жағының шеміршектері 15-16 жаста, жоғарғы жағының шеміршектері 21-25 жаста сүйекке айналып, төс сүйегінің бөліктері жалғасып, арасы бітіп кетеді, ал семсершенің сүйектенуі 30 жасқа дейін созылады.

13 слайд

• Омыртқа сүйектері мен XII қос қабырғалар және төс сүйегі көкірек қуысын қүрайды. Адамның көкірек қуысы жұмыртқа пішіндес бо

#14 слайд
• Омыртқа сүйектері мен XII қос қабырғалар және төс сүйегі көкірек қуысын қүрайды. Адамның көкірек қуысы жұмыртқа пішіндес болады, бірақ жасына, еңбегіне, ауруға байланысты өзгеруі мүмкін. • 1 жастағы баланың көкірек қуысы екі бүйірінен қысылған конус тәрізді, 12-13 жаста ғана ересек адамның көкірек қуысындай болады. Көкірек қуысы жүрек, қолқа және үлкен өкпе артериялары, өкпе, бауырды қорғайды. Сонымен қатар, тыныс мүшелерінің еттерінің және қол еттерінің бекіген жері. Осы сүйектерің қозғалмалы байланыста болуы арқасында адам тыныс алуғамүмкіншілік алады. • Ауыр жұмыстың әсерінен дене шынықтыруға байланысты кокірек қуысының көлемі кішірейеді. • Партада отыру ережесін дұрыс орындамай, үстелдің шетіне ұзақ уақыт кеудесімен тіреліп отырған баланың төс сүйегі ішіне қарай майысады және көкірек қуысы тарылады да, өкпе мен жүректің дамуы нашарлайды.

14 слайд

КЕУДЕ ТОРЫНЫҢ ЖАСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ЕРЕКШЕЛІГІ  1–құрсақтық дамудың төртінші аптасындағы шеміршекті кеуде торы 2- бес апталық 

#15 слайд
КЕУДЕ ТОРЫНЫҢ ЖАСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ЕРЕКШЕЛІГІ  1–құрсақтық дамудың төртінші аптасындағы шеміршекті кеуде торы 2- бес апталық 3 –алты апталық; 4-жаңа туылған нәрестеде

15 слайд

Қол сүйектерінің жасқа байланысты ерекшелігі  Ж а у ы р ы н — жалпақ қос сүйек, ол омыртқа және қабырға сүйектерімен бұлшық

#16 слайд
Қол сүйектерінің жасқа байланысты ерекшелігі  Ж а у ы р ы н — жалпақ қос сүйек, ол омыртқа және қабырға сүйектерімен бұлшық ет арқылы жалғасқан. Жаңа туған сәбидің жауырын сүйегінің иық, құс тұмсық өсінділерінде, буын бетінде, омыртқа жақ шетінде, жоғарғы жәңе төменгі бұрыш тарында шеміршектер болады. Жауырын сүйектері жігіттерде 19-20, қыздарда 18 жаста қатады.  Жауырын сүйегі алғашқыда 1, кейін 8-9 сүйектен дамиды. Құрсақтық дамудың 2 айлығында басталған даму 25 жас араларында толығымен сүйектеніп бітеді.  Бұғана сүйегі сүйектену құрсақтық дамудың 6-7 аптада басталады. Төстік ұштағы сүйектік нүктеде 16-18 жаста ұштасып,20-25 толық аяқталады.  Бұғана бала туар алдында оның төс жақ ұшынан басқа жері сүйекке айналып үлгереді. Ал төс жақ үшының сүйектенуі жігіттерде 24, қыздарда 23 жаста аяқталады.

16 слайд

Қол сүйектерінің жасқа байланысты ерекшелігі Тоқпан жілік,, оның проксимальді ұшы 3 с.н дамиды.1 жаста басындағы,2-3 жаста үл

#17 слайд
Қол сүйектерінің жасқа байланысты ерекшелігі Тоқпан жілік,, оның проксимальді ұшы 3 с.н дамиды.1 жаста басындағы,2-3 жаста үлкен төмпешіктегі,3-4 жаста кіші төмпешіктегі сүйектік нүктелерден дамиды. 6 жаста ғана бірігіп,сүйектенеді.20-24 жаста проксимальді ұшы мен денесі бірігеді. Дистальді эпифизінің сүйектенуі: 2-3 жаста кіші басы,4-6 жаста латеральді айдаршық үсті өсіндісі ,11-13 жаста медиальді айдаршық үсті өсіндісі. Өзара бірігуі 15-18 жаста.

17 слайд

•Шынтақ жілік сүйегі,osulna, сүйектену процесі:проксимальді ұшында 8-10 жаста дистальді эпифизіндегі басы мен біз тәрізді өсін

#18 слайд
•Шынтақ жілік сүйегі,osulna, сүйектену процесі:проксимальді ұшында 8-10 жаста дистальді эпифизіндегі басы мен біз тәрізді өсіндісі, 4-8 жаста және ол 16-18 жаста денесімен біріксе, дистальдық ұшы мен денесі 20-24 жаста бірігеді. •Кәрі жіліктің қатуы 20-25 жаста жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады.

18 слайд

Қол сүйектерінің жасқа байланысты ерекшелігі  Білезік сүйектері,ossacarpi, ілмек тәрізі 1-2 жаста, үш қырлы сүйек 3 жаста, ж

#19 слайд
Қол сүйектерінің жасқа байланысты ерекшелігі  Білезік сүйектері,ossacarpi, ілмек тәрізі 1-2 жаста, үш қырлы сүйек 3 жаста, жарты ай тәрізді сүйек, қайықша тәрізді 5 жаста, трапеция және трапеция тәрізді сүйек 6-7 жаста, бұршақ тәрізді сүйек 8-15 жаста сүйектену процесі жүреді.  Б і л е з і к сүйектерінің қатуы 14-16 жаста аяқталуға жақын болады. Ең алдымен Ш-ші, ең соңында І-ші және V-ші сүйектері қатады.

19 слайд

•Алақан ойығы жаңа туған нәрестеде қалыптаса бастап, 10-13 жаста толық аяқталады. Осы мерзімде саусақ сүйектерінің қатуы да ая

#20 слайд
•Алақан ойығы жаңа туған нәрестеде қалыптаса бастап, 10-13 жаста толық аяқталады. Осы мерзімде саусақ сүйектерінің қатуы да аяқталады. Сондықтан мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының сурет салуы, жазуы өте баяу болады. Ұзақ уақыт жаттықтырса, саусаққа күш түсуіне байланысты оның сүйектері тез қатады да, ұзын болып өседі. Мысалы, күйшілердің саусақтарын айтуға болады. •С а у с а қ сүйектері 16-18 жаста қатып аяқталады.

20 слайд

Аяқ сүйектерінің жасқа байланысты ерекшелігі Жамбас сүйегі,os coxae, шеміршектік бөлігі бастапқы 3 сүйектік және бірнеше

#21 слайд
Аяқ сүйектерінің жасқа байланысты ерекшелігі Жамбас сүйегі,os coxae, шеміршектік бөлігі бастапқы 3 сүйектік және бірнеше қосымша сүйектік нүктелерден тұрады. Бастапқы сүйектік нүктелерден:құрсақтық дамудың 3 айлығында мықын сүйегі, 4 айлығында шонданай, 5 айлығында шат сүйегі дамиды. Олар алғашқыда шеміршек арқылы бірігеді. 16-18 жаста жамбас ойығы,оның жиегі, мықын-шат көтеріңкісі дамиды. Толық сүйектену 20-25 жаста аяқталады. Ал жыныстық ерекшеліктер 8-10 жаста байқалады. Адамның жамбас сүйектері кең тостақан тәрізді қуыс жасайды. Себебі адамның тік жүруіне байланысты ішек-қарынның салмағы осы жамбас сүйектеріне түседі.

21 слайд

 Ортан жілік,osfemur, 5-ші сүйектік нүктеден дамиды. Өзара сүйектену 16-20 жаста бітеді.  Бала туғаннан кейін алғашқы 5 жыл

#22 слайд
 Ортан жілік,osfemur, 5-ші сүйектік нүктеден дамиды. Өзара сүйектену 16-20 жаста бітеді.  Бала туғаннан кейін алғашқы 5 жылда ортан жілік тез өседі де, 5-9 жас арасында қыздардың ортан жілігі жылдан жылға баяулап, ер баланың жілігі бір қалыпта баяу өседі. Жілік басы мен мойыны 14-20 жаста бірігіп кетеді. Осы мерзімде ұршықтары, мойыны, денесі бір-бірімен жалғасады. Ортан жілік 18-20 жаста өсуін тоқтатады.

22 слайд

 Асықты жілік шыбығы,os fibulae, сүйектенуі 3 сүйектік нүктеден дамиды. Құрсақтық дамудың 2 айлық кезінде денесі мен эпифиз

#23 слайд
 Асықты жілік шыбығы,os fibulae, сүйектенуі 3 сүйектік нүктеден дамиды. Құрсақтық дамудың 2 айлық кезінде денесі мен эпифизінің бөліктері,2 кезектегі сүйектік нүктеден жоғарғы эпифиздер бөлігі 2 жаста дамиды. 19-21 жаста сүйектену аяқталады.  Асықты жілік,os tibiai,шеміршек ткань негізінде: құрсақтық дамудың 2 айлық кезінде денесінде; үш сүйектік нүктесі 9 айлығында,1 жаста дистальді эфифизінде байқалады. Жалпы сүйектену кезеңі 18-24 жас аралығы.  Асықты жілік пен оның шыбығының сүйектері қыздарда 16-18, жігіттерде 19-20 жасқа дейін өсіп, одан әрі қарай өсуін тоқтатады. Олар төмен қарай өседі, яғни үзарады. Асықты жіліктің шеміршектері бала неғүрлым тез жүріп кетсе, соғүрлым тез өседі.

23 слайд

Аяқ сүйектерінің жасқа байланысты ерекшелігі  Тізе тобығы,patelle,ер балаларда 2 жаста, қыздарда 4 жаста сүйектенеді. 

#24 слайд
Аяқ сүйектерінің жасқа байланысты ерекшелігі  Тізе тобығы,patelle,ер балаларда 2 жаста, қыздарда 4 жаста сүйектенеді.  Бақайшақтар бес ұсақ жұмыр пішінді әртүрлі сүйектерден тұрады. Қыздарда — 17, жігіттерде — 20 жасқа дейін өседі.  Бес саусақ сүйектерінің төртеуі 3 сүйектен, ал бас бармағы 2 сүйектен қүралған, бір-бірімен буындасқан сүйектерден тұрады. Ең алдымен І-саусақтардың сүйектері осе бастайды да кейіннен IV-V саусақтар сүйектері жетіледі. Барлығының өсуі 15-20 жаста аяқталады.

24 слайд

Аяқ сүйектерінің жасқа байланысты ерекшелігі  Табан сүйектері өкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының сүйектерінен қүралған.

#25 слайд
Аяқ сүйектерінің жасқа байланысты ерекшелігі  Табан сүйектері өкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының сүйектерінен қүралған. Өкше сүйектеріне нағыз өкше сүйегі, тепкіш, қайық , сына, куб тәрізді сүйектер жатады. Бұлардың өсуі бойжеткендерде 16-18, жігіттерде 18-20 жасқа дейін байқалады.  Өкше сүйегі,os calcaneus, 2 сүйектік нүктеден басталады: құрсақтық дамудың алғашқы 6 айлығында,екіншісі құрсақтық дамудың соңғы айымен 8 жас аралығында қалыптасады.  Қайықша тәрізді,os naviculares, 1 сүйектік нүктеден 3-5 жаста дамиды.  Сына тәрізді, ossa cuneiforme, 1 жаста-латеральді,3жаста –аралық, 4 жаста – медиальді сына тәрізді сүйек сүйектенеді.  Текше сүйек,ossa cubeideum, 3-4 жаста сүйектенеді.  Табан сүйектері ,ossa metatarsalia, сүйектенуі 5 сүйектік нүктеден дамиды.17-20 жаста толық аяқталады.  Башпай сүйектері,phalanges, 2 сүйектік нүктеден дамиды. 15-20 жаста толық сүйектенеді.

25 слайд

 Табан сүйектері бір-бірімен буын арқылы күмбезденіп қосылған. Табан күмбезі баланың аяғын басу барысында толық қалыптасады

#26 слайд
 Табан сүйектері бір-бірімен буын арқылы күмбезденіп қосылған. Табан күмбезі баланың аяғын басу барысында толық қалыптасады. Табан күмбезінің дұрыс қалыптасуына тар аяқ киім, ауыр жүк тасу, ұзақ уақыт табанға күш түсіріп, кішкентай баланың түрегеліп тұруы, сол сияқты мешел ауруында да кері әсер етеді. Мұндай да жалпақ табан пайда болады. Жалпақ табанда баланың сымбаты бұзылады, қан айналысы нашарлап аяқ тез шаршайды. Жалаңаяқ жер басып жүру, бұлшық еттерді күшейтетін түрлі жаттығу...

26 слайд

Файл форматы:
pptx
12.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі