Материалдар / Қашықтықтан сабақ. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қашықтықтан сабақ. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал тарих пәнінің ұстаздарына арналған. Презентация түрінде жасалған дайын қашықтықтан оқыту сабағының жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Мамыр 2020
699
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Тарих-құқық пәнінің мұғалімі Сабдалиева Назгул Сламжанқызы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қазатком ауылы Қазатком орталау мек

1 слайд
Тарих-құқық пәнінің мұғалімі Сабдалиева Назгул Сламжанқызы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қазатком ауылы Қазатком орталау мектебі 6-сынып Қазақстан тарихы

Бұл кім болуы мүмкін? Бұл адам қандай тұлға болуы мүмкін?

2 слайд
Бұл кім болуы мүмкін? Бұл адам қандай тұлға болуы мүмкін?

Зерттеу сұрағы: Не себепті Қадырғали Жалайыр: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді...» деп жа

3 слайд
Зерттеу сұрағы: Не себепті Қадырғали Жалайыр: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді...» деп жазды? Сабақтың тақырыбы: Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі

Сабақтың мақсаты:  қазақ хандарының бірі Қасым ханның мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтаймыз;  қазақ хандарының бірі Қасым

4 слайд
Сабақтың мақсаты:  қазақ хандарының бірі Қасым ханның мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтаймыз;  қазақ хандарының бірі Қасым ханның жүргізген сыртқы саясатын талдаймыз

 Қасым - Жәнібек ханның ұлы. ХV ғ соңы-ХVІ ғ басында Қазақ хандығы өмірінде қасым ханның орын ерекше. Қасым

5 слайд
 Қасым - Жәнібек ханның ұлы. ХV ғ соңы-ХVІ ғ басында Қазақ хандығы өмірінде қасым ханның орын ерекше. Қасым хан Қазақ мемлекетін нығайту кезеңінде билік еткен. «Даланың нағыз ұлы ретінде үлкенді сыйлау дәстүрін ұстанған Қасым сұлтан бастапқыда Бұрындық ханға барлық жағынан бағынды», - деп жазады Мұхаммед Хайдар Дулати. Қасым сұлтан деректерде алғашында Бұрындық ханның «белгілі сұлтаны, атты әскербасшысының бірі» ретінде айтылады.  1511 жылы қартайған Бұрындықты Самарқанға шығарып салғаннан кейін ғана Қасым мемлекетті басқару міндеті мен хан лауазымын қолына алады. «Тарих-и- Рашидиде» айтылғандай, «Қасым хан Жошы ханнан кейін ешкім жете алмаған бүкіл Дешті Қыпшақтағы қуатты әміршіге айналып, даңқы мен құдіретті артты».  Сол уақыттан бастап ХІХ ғасырда хандық билік жойылғанға дейін Қазақ даласындағы билік Жәнібек ұрпақтарының қолында болды.  Деректерге сүйенсек Қазақ хандығы аумағын Қасым хан қарулы күреспен де, саяси жолмен де шешті. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы мен Мәскеу мемлекеті арасында алғашқы байланыстар орнатылды. Осы кезде қазақтар тұңғыш рет Батыс Еуропаға белгілі болды. Қазақтар туралы деректер ХVІ ғасырдың бірінші жартысындағы неміс дипломаты жазбаларында кездеседі.  Қасым хан хандық билікті нығайтуда, салт-дәстүр мен заңдылықты сақтауда ірі табыстарға жетті. Қасым ханның қоластындағы халық саны М.Х. Дулати деректеріне сәйкес 1 млн адамнан асты. Ол 300 мың адамға дейін қарулы жауынгер шығара алды. Мемлекетті нығайту үшін Қасаым хан заң шығарды. Ол халық жадында «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен сақталып қалды.  Мұхаммед Хайдар Дулатидің деректеріне сүйенсек, Қасым хан 1518 жылы Сарайшық қаласында дүние салып, сонда жерленді.

Қасым хан туралы видеоматериал https://www.youtube.com/ watch?v=EnTcgJszvAw Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста хандықтың шекар

6 слайд
Қасым хан туралы видеоматериал https://www.youtube.com/ watch?v=EnTcgJszvAw Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста хандықтың шекаралары Сырдарияның сол жағалауы мен Жетісудің біраз бөлігін қамтыды, солтүстік-шығысында Ертіске дейін жетті. Қасым Жәнібекұлы. (1511-1518 жж, кейбір деректерде 1523 ж)

7 слайд

Тарихи даталарды есте сақтайық Қазақ халқы - ХІV-ХV ғғ Қазақ хандығы- 1465 ж Керей- 1465-1474 жж Жәнібек-1474-1480 жж Бұрындық 1

8 слайд
Тарихи даталарды есте сақтайық Қазақ халқы - ХІV-ХV ғғ Қазақ хандығы- 1465 ж Керей- 1465-1474 жж Жәнібек-1474-1480 жж Бұрындық 1480(1474)-1511 жж Қасым- 1511-1518 (1521)жж

№ Сұрақ Жауабы 1 Қасым хан билік құрған жылдары? 2 М.Х.Дулатидың көрсетуі бойынша Қасым ханның қол астында қанша әскер болды?

9 слайд
№ Сұрақ Жауабы 1 Қасым хан билік құрған жылдары?   2 М.Х.Дулатидың көрсетуі бойынша Қасым ханның қол астында қанша әскер болды?   3 Қасым ханның заңдар жиғаны қалай аталынды?   4 Қасым хан Шайбани Мұхаммедпен қандай қалалар үшін шайқасты?   5 М.Х. Дулатидың дерегі бойынша Қасым хан тұсында Қазақ хандығының халық саны қанша адамға жетті?  Тапсырма №1 Дескриптор − Қасым ханның билік құрған жылдарын атайды; − Қасым хан билік құрған жылдардағы әскер санын атайды; − Қасым ханның заңдар жинағын атайды; − Қасым ханның Шайбани Мұхаммедпен қай қалалар үшін шайқасқаның атайды; − Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының халық саның атайды.

Тапсырма №2 Дерек негізінде Қасым хан билігі тұсындағы Қазақ хандығының ішкі,сыртқы саясатына және Қасым ханның саяси тұлғ

10 слайд
Тапсырма №2 Дерек негізінде Қасым хан билігі тұсындағы Қазақ хандығының ішкі,сыртқы саясатына және Қасым ханның саяси тұлғасына баға беріңіз. 34 – тарау. Ханның шайқасынан кейінгі болған оқиғалар туралы Қасым хан таққа отырмай тұрып, Бұрындық ханды ешкім білмейтін. Бұрындық хан Керей ханның ұлы болса, Қасым хан Жәнібек ханның ұлы еді. Бұрындық хан Сарайшық қаласына қоныстанды. Қасым хан Бұрындық ханның сұлтаны қызметін атқарды. Оның ұлысы Моғолстан жақта орналасты. 1512 жылдың көктемінде Шайбан өзбектері Мауреннахрда билік құрды. Өзбектер Шаһибек ханның қол астында еді. Саид хан қыс кезінде көктемдегі жағдайды ойлады. Саид хан Ташкент қаласына қарайтын Ахангаранға жорық жасады. Мен ол жорықта ханның жанында болдым. Сол жорықтан Саид хан олжалы оралды. Ізінше Қасым хан Ташкентке Сүйініш ханға шабуыл жасады деген хабар келді. Саид хан тездетіп Ташкентке бет алды. Кендірлік асуына жеткенде, Қасым хан қайтып кеткені туралы хабар жетті. Саид хан осыдан кейін қазақтарға бет алды. Ондағы ойы Ташкентті алуға тағы да қазақтарды көтеру болатын. Қасым хан жасы ұлғайғандықтан, Саид ханды қарсы ала алмайтынын айтып, кешірім сұрайды. Жошы әулиетінің жасы елу мен алпысқа толған отыз-қырық сұлтанды жіберіп, тізе бүгіп қарсы алсын деп бұйырады. Соның ішінде Жаныш хан мен Таныш хан жас жағынан Саид ханнан көп үлкен еді. Олар тізе бүккенде, хан орнынан тұрды. Қалған сұлтандардың бәрі тізе бүккенде, хан орнына отырды. Олардың сәлемін қабылдады. Қасым хан Саид хан алдына келгенде, жылы жүздесіп, құрметтегені сондай хан өмірінің соңына дейін, оның кішіпейілдігін ұмытқан емес. Мұхаммед Хайдар Дулат. «Тарихи Рашиди». 1543 Дескриптор − Қасым ханның сыртқы саясатта жүргізген саясатын атайды; − Қасым ханның Қазақ хандығының дамуына қосқан үлесін анықтайды

Үйге тапсырма: §42-43 оқу, Қасым хан тұсындағы хандық шекарасын кескін картада көрсету,

11 слайд
Үйге тапсырма: §42-43 оқу, Қасым хан тұсындағы хандық шекарасын кескін картада көрсету,