Қазақ халқының салт дәстүрлері

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ халқының салт дәстүрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Салт дәстүрлер
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
Тақырыбы: Қазақ халқының салт - дәстүрлері

#1 слайд
Тақырыбы: Қазақ халқының салт - дәстүрлері

1 слайд

Тақырыбы: Қазақ халқының салт - дәстүрлері

Мақсаты: Балаларға, ұлттық салт-дәстүр туралы түсінік беру,ұлттық мақтаныш сезімін ояту.бата айтқызып үйрету,ұлтымыздың мер

#2 слайд
Мақсаты: Балаларға, ұлттық салт-дәстүр туралы түсінік беру,ұлттық мақтаныш сезімін ояту.бата айтқызып үйрету,ұлтымыздың мерекелерін құрметтеуге,салт-дәстүрді ұстай, қастерлей білуге тәрбиелеу. Міндеттері:1. Ұлттық салт-дәстүрді ажырата білу 2.Балалардың патриоттық сезімін ояту. 3Салт-дәстүрді сақтай ,құрметтей білу.

2 слайд

Ең алдымен салт – дәстүр дегеніміз не? Салт – әр ұлттың , халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс – тіршілігіне, құрылым ерекшеліг

#3 слайд
Ең алдымен салт – дәстүр дегеніміз не? Салт – әр ұлттың , халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс – тіршілігіне, құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. Дәстүр-халықтың атадан балаға көшіп,жалғасын және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени- тұрмыстық, кәсіптік, салт- сана, әдет-ғұрып,мінез- құлық,тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі. салт – дәстүр

3 слайд

Салт – дәстүр түрлері Сүйінші Сәлемдеме Көрімдік Базарлық Жеті ата Қыз ұзату Тұсау кесер Сүндет той Бесікке салу

#4 слайд

4 слайд

Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші - сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді.

#5 слайд
 Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші - сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ. Сүйінші

5 слайд

Сәлемдеме (дәстүр) – адамдардың бір- біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Олар көптен көрмей сағынысқан

#6 слайд
 Сәлемдеме (дәстүр) – адамдардың бір- біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Олар көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір-біріне жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік тамағы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат бағалы болуы шарт емес. Сәлемдеме келген адам жіберген адамға ақ батасын, шын ризалығын білдіріп, қатты қуанады.  

6 слайд

Жаңа туған балаға, жас келінге, тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маң

#7 слайд
Жаңа туған балаға, жас келінге, тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып,беруде ғана емес жақын- жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады.  Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады. Көрімдік Базарлық

7 слайд

Бесікке салу Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, ж

#8 слайд
Бесікке салу Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері  шашуын,  жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі  ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек,  жаулық  сияқты  сый  тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді. Және  Бесік жыры айтылады:

8 слайд

Айыр қалпақ киісіп, Ақырып жауға тиісіп, Батыр болар ма екенсің? Бармақтарың майысып, Түрлі ою ойысып, Шебер болар ма екенсің? Т

#9 слайд
Айыр қалпақ киісіп, Ақырып жауға тиісіп, Батыр болар ма екенсің? Бармақтарың майысып, Түрлі ою ойысып, Шебер болар ма екенсің? Таңдайларың тақылдап, Сөзіңді жұрт мақұлдап, Шешен болар ма екенсің?

9 слайд

Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайы

#10 слайд
Тұсаукесер  – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді. Тұсаукесер

10 слайд

«Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» ата ананың тілегі әрі парызы. Соның ішінде қыз ұзату үлкен той, думан әрі қызық. Бұл күні ат

#11 слайд
«Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» ата ананың тілегі әрі парызы. Соның ішінде қыз ұзату үлкен той, думан әрі қызық. Бұл күні ата ана қуанады, әрі жылайды. Қуанатыны қыз өсірді және оны құтты жеріне қондыруы, жылайтыны әрине қимастық көңілі. Құдалар әдетте кешкілік баруы керек. Мұнда ойын сауық, құдалық рәсімдер мен кәде жоралар жасалады. Жақын адамдар құданы үйіне шақырады. Ұзатылатын қызды дәстүр бойынша таң ата, күн шыға жөнелтеді. Оның алдында қыз «Қоштасу жырын», жастар «Жар жар», «Ау жар», «Аушадияр» айтылады Қыз ұзату

11 слайд

#12 слайд

12 слайд

Ислам денінің жол – жосығы бойынша қазақтар ұл баланы бес жаста яки жеті жаста сүндетке отырғызады. Осыған байланысты той жас

#13 слайд
Ислам денінің жол – жосығы бойынша қазақтар ұл баланы бес жаста яки жеті жаста сүндетке отырғызады. Осыған байланысты той жасалады. Той қарсаңында сүндеттелетін баланы басына және екі иығына үкі тағып атқа мінгізіп, жақын туыстары мен жұрағаттарын аралатады. Барған жеріндегі туыстары шашу шашып құттықтайды. Балаға үкі қадайды, кепеш кигізеді, әл – ауқатына сай лақ, қозы, құлын сияқты жас төлдің бірін ен салып береді. Қазақ арасындағы бала сүннеттеу ісін осы кәсіппен шұғылданатын «қожалар» жүргізеді. Бұл қожаларды қазақ қауымы «Мұхаммед пайғамбардың әулеті» деп ардақтайды. Баланың сүндет тойын, халық іс жүзінде оның қара құлақ болып, қатарға қосылуының алғашқы бір белесін тойлау деп санаған. Сүндет той

13 слайд

Шаттық шеңберіСергіту сәті

#14 слайд
Шаттық шеңберіСергіту сәті

14 слайд

Шаттық шеңберіСергіту сәті

Шаттық шеңберіБейнеролик тамашалайық...

#15 слайд
Шаттық шеңберіБейнеролик тамашалайық...

15 слайд

Шаттық шеңберіБейнеролик тамашалайық...

#16 слайд

16 слайд

Шаттық шеңберіКөрініс «Тұсау кесу» салты

#17 слайд
Шаттық шеңберіКөрініс «Тұсау кесу» салты

17 слайд

Шаттық шеңберіКөрініс «Тұсау кесу» салты

Қорыта келгенде, оқушыларға қазақ халқының ата – бабамыздан ұрпақтан –ұрпаққа келе жатқан салт- дәстүрімізді таныстыру және

#18 слайд
Қорыта келгенде, оқушыларға қазақ халқының ата – бабамыздан ұрпақтан –ұрпаққа келе жатқан салт- дәстүрімізді таныстыру және соны дәріптеу .Бүгінгі жұмысымның барысында «сәлемдеме» , «сүйінші» , «көрімдік», «базарлық» , «қыз ұзату» , «сүндет той» , «бесікке салу» т.б салт – дәстүрлерді қарастырған болатынбыз. Сондықтан ұлттық құндылықтарымызды, мұраларымызды ешқашан естен шығармауымыз керек.

18 слайд

Назарларыңызға рахмет!!!

#19 слайд
Назарларыңызға рахмет!!!

19 слайд

Назарларыңызға рахмет!!!

Файл форматы:
pptx
30.11.2025
11
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі