Материалдар / Қазақ хандығының басқару жүйесі .
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақ хандығының басқару жүйесі .

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ хандығының басқару жүйесі .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2018
1679
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
10 СЫНЫП ТАҚЫРЫБЫ: Қазақ хандығының басқару жүйесі . Қазақстан тарихы

1 слайд
10 СЫНЫП ТАҚЫРЫБЫ: Қазақ хандығының басқару жүйесі . Қазақстан тарихы

МАҚСАТЫ:  Білімділік: IV-IVII ғасырдағы Қазақ хандығының басқару жүйесін,ұлттық құрылымын,әкімшілік құқықтық нормалардың ер

2 слайд
МАҚСАТЫ:  Білімділік:  IV-IVII  ғасырдағы Қазақ хандығының басқару жүйесін,ұлттық құрылымын,әкімшілік құқықтық нормалардың еререкшеліктерін көрсету.  Дамытушылық: Оқушыларды қазақ хандарының билігімен таныстыра отырып, жүйелі ойлау мен талдай білуге, жан – жақты іздене білуге, еркін сөйлеп, ойын жеткізе білуге үйрету.  Тәрбиелік:  Өз елінің тарихын жетік білуге ұмтылу.Оқушылардың бойына ұлтжандылық сезімін қалыптастыру, Отанын қастерлеп, бағалай білуге, құрметпен қарауға, қасиет тұтуға тәрбиелеу

 Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту  Сабақтың типі: Дәстүрлі емес  Сабақтың әдісі: Оқулықпен жұмыс, қосымша әдебиеттерме

3 слайд
 Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту  Сабақтың типі:  Дәстүрлі емес  Сабақтың әдісі:  Оқулықпен жұмыс, қосымша әдебиеттермен жұмыс, ауызша баяндау.  Көрнекілігі:  Слайдтар, кестелер, карточкалар.  Пәнаралық байланыс:  Дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті, құқық

ӨТКЕН ТАҚЫРЫППЕН БАЙЛАНЫС ЖАСАУ . Сұрақтар. 1.Әбілхайыр ханға бас имей қарсылық білдіріп,көшіп кеткен,тұңғыш қазақ хагдығын қ

4 слайд
ӨТКЕН ТАҚЫРЫППЕН БАЙЛАНЫС ЖАСАУ .  Сұрақтар. 1.Әбілхайыр ханға бас имей қарсылық білдіріп,көшіп кеткен,тұңғыш қазақ хагдығын құрған қай сұлтандар? Не себепті? 2.Кімдер дербес қазақ хандығын құруға ұмтылыс жасап Керей мен Жәнібек сұлтандарды паналады? Неліктен? 3.Керей мен Жәнібек сұлтанды құшақ жая қарсы алған қай хан? Оның түпкі ойы неде? 4.М.Х.Дулати еңбегінде Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуға көшіп келген уақыты. 5.Керей мен Жәнібектің Шу бойына келіп орналасқан уақыты. 6.Керей сұлтан хан сайланған уақыт. 7.Керей мен Жәнібектің туыстық жақындығы қандай?        

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНДА15-16 Ғ БАСҚАРУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ҚАЛЫПТАСТЫ.БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕ БҰРЫННАН КЕЛЕ ЖАТҚАН РУ-ТАЙПАЛЫҚ ТӘРТІП БЕРІК

5 слайд
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНДА15-16 Ғ БАСҚАРУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ҚАЛЫПТАСТЫ.БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕ БҰРЫННАН КЕЛЕ ЖАТҚАН РУ-ТАЙПАЛЫҚ ТӘРТІП БЕРІК САҚТАЛДЫ. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖЕТІ САТЫДАН ҚАЛАНДЫ 1. Ауыл 2. Ата аймақ 3. Ру   4. Арыс   5. Ұлыс   6. Жүз   7. Хандық    

 1. Ауыл — қазақ халқының ең бірінші қоғамдық ұйымы.Ол туыстас, қандас жақын адамдардан немесе бірнеше отбасынан құралды.Әрб

6 слайд
 1. Ауыл —  қазақ халқының ең бірінші қоғамдық ұйымы.Ол туыстас, қандас жақын адамдардан немесе бірнеше отбасынан құралды.Әрбір жеке ауылды басқаратын адамды  ауылбасы  деп атады.  2. Ата аймақ —  жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құралды.Ата аймақты басқаратын адамды  ақсақал  деп атады.Ата аймақтағы ауыл адамдары ақсақалдың ақыл – кеңестерін тыңдап, оның шешімін мүлтіксіз орындап отырған.  3. Ру  – негізінен он немесе он бес аймақтан құралатын болған.Руды басқаратын аймақты  рубасы  деп атады.Рубасы көпті көрген,мол тәжірибелі, өте білікті, білгір адам болған

4. Арыс – бірнеше рудан құралды.Осы бірнеше рудан құралған арысты басқаратын адамды би деп атаған.Бүкіл қауым бидің шешімін

7 слайд
4. Арыс  –  бірнеше рудан құралды.Осы бірнеше рудан құралған арысты басқаратын адамды  би  деп атаған.Бүкіл қауым бидің шешімін, оның билігін орындауға міндетті болды. 5. Ұлыс  –  бірнеше арыстаг құралды.Ұлыстың билеушісін  сұлтан  деп атады.Сұлтандар әдетте хандар мен ақсүйектердің әулетінен  шыққандар болды. 6. Жүз  –  бірнеше ұлыстан құралды.Қазақ жүздері ХY – XYI ғасырларда тайпалар одағы негізінде қалыптасты.Жүздің билеушісін  хан  деп атады.Әрбір жүз өзінің ханын сайлайтын.Ұлы жүз құрамына жалайыр,албан, суан, дулат, сарыүйсін, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, шанышқылы және қаңлы тайпалары кіреді. Орта жүз руларына арғын, найман, уақ, керей, қыпшақ, және қоңырат тайпалары кіреді. Кіші жүз құрамына 12 ата Байұлы (адай,алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, масқар, таз, есен-темір, ысық, қызылқұрт, шеркес;),жетіру (табын,тама, кердері, керей, жағалбайлы, телеу, рамадан;),Әлімұлы (қаракесек, қарасақал, төртқара, кете, шөмекей,шекті:) 7. Хандық  – үш жүзден құралды.Хандықтың ең үлкен әміршісі  қаған  деп аталды.Хандарды ақсүйек шонжарлардан сайлау қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ежелгі ата дәстүріне айналған

 4. Арыс – бірнеше рудан құралды.Осы бірнеше рудан құралған арысты басқаратын адамды би деп атаған.Бүкіл қауым бидің шеші

8 слайд
 4. Арыс  –  бірнеше рудан құралды.Осы бірнеше рудан құралған арысты басқаратын адамды  би  деп атаған.Бүкіл қауым бидің шешімін, оның билігін орындауға міндетті болды.  5. Ұлыс  –  бірнеше арыстаг құралды.Ұлыстың билеушісін  сұлтан  деп атады.Сұлтандар әдетте хандар мен ақсүйектердің әулетінен  шыққандар болды.  6. Жүз  –  бірнеше ұлыстан құралды.Қазақ жүздері ХY – XYI ғасырларда тайпалар одағы негізінде қалыптасты.Жүздің билеушісін  хан  деп атады.Әрбір жүз өзінің ханын сайлайтын.Ұлы жүз құрамына жалайыр,албан, суан, дулат, сарыүйсін, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, шанышқылы және қаңлы тайпалары кіреді. Орта жүз руларына арғын, найман, уақ, керей, қыпшақ, және қоңырат тайпалары кіреді. Кіші жүз құрамына 12 ата Байұлы (адай,алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, масқар, таз, есен-темір, ысық, қызылқұрт, шеркес;),жетіру (табын,тама, кердері, керей, жағалбайлы, телеу, рамадан;),Әлімұлы (қаракесек, қарасақал, төртқара, кете, шөмекей,шекті:)  7. Хандық  – үш жүзден құралды.Хандықтың ең үлкен әміршісі  қаған  деп аталды.Хандарды ақсүйек шонжарлардан сайлау қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ежелгі ата дәстүріне айналған

ҚАЗАҚ ХАНЫН САЙЛАУ XYI ғасырдағы қазақ хандары жалпы қазақ халқының қоғамдық әдет — салтына байланысты сайланып қойылатын бо

9 слайд
ҚАЗАҚ ХАНЫН САЙЛАУ XYI ғасырдағы қазақ хандары жалпы қазақ халқының қоғамдық әдет — салтына байланысты  сайланып қойылатын болған.Қазақтың ханын сайлауға барлық рудың атақты, сыйлы шонжарлары қатынасты.Ру басшылары хан болып сайланатын адамды ақ киізге отырғызып көтереді.Осыдан соң хан отырған киізді, ханның хан сайланғанға дейін киген киімдерін жапырақтап кесіп, хан сайлауға қатынасқандықтарының белгісі ретінде үлестіріп алады.Жиналғандар ханның бүкіл малын бөлісіп алып үйлеріне тарайды.Мұндай дәстүр  «ханталапай»   деп аталады…. 15 ғ-ң екінші жартысынан бастап өалыптаса бастаған Қазақ мемлекеттігі Тәуке ханның тұсында өзін басқа көршілеріне мойындатқан Орталық Азиядағы мемлекеттердің біріне айналды.Оның бұл кездегі ішкі құрылымы мен сырқы жағдайынан дербес мемлекеттікке тән негізгі белгілерді анықтауға болады.

Қазақ ханын сайлау XYI – XYII ғасырларда Қазақ хандығында халықтың әлеуметтік құрамы феодалдық қоғамның таптық құрылымын бейне

10 слайд
Қазақ ханын сайлау XYI – XYII ғасырларда Қазақ хандығында халықтың әлеуметтік құрамы феодалдық қоғамның таптық құрылымын бейнеледі.Қазақ хандығы негізгі екі топқа – феодалдар тобы мен қарашаға – қарапайым халыққа бөлінді….    Билер кеңесі. Қазақ хандығында жазалау құқығы ханның және билер мен ру тайпа басшыларының қолында болды.Кейбір істі таларкер мен жауапкер тұратын ауылдың билеушілері шешкен.Куәгерлер болмаған жағдайда ант беру талап етілген

XVII ҒАСЫРДАҒЫ МЕМЛЕКЕТ НЫШАНДАРЫ  Ортаазиялық дәстүрлі түркілер қоғамында тек хандар ғана сайланды . Бұл салт қазақтарға да

11 слайд
XVII ҒАСЫРДАҒЫ МЕМЛЕКЕТ НЫШАНДАРЫ  Ортаазиялық дәстүрлі түркілер қоғамында тек хандар ғана сайланды .  Бұл салт қазақтарға да тән еді, ал хандық билік Шыңғысхан ұрпағы саналатын төре (сұлтан) тұқымына ғана тиесілі болды. Қарадан хан сайланған емес. Хандық билік әкеден балаға мұраға өткен. Қазақ хандығында мемлекеттіктің барлық негізгі белгілері болды. Хан- мемлекет басы, ал оның жанында тұрақты билер кеңес жұмыс жасады. 17 ғ билер институтының белсенділігі өсіп, олар күнделікті құқық, шаруашылық, әскери және идеологиялық істерді жүргізуде маңызды орынды иемденді. Хан сарайы жанында сенімді адамдардан құралған қарулы топ- төлеңгіттер ұсталды. Төлеңгіттер жекелеген ірі сұлтандар жанында да болды. Төлеңгіттер жекеленген ірі сұлтандар ішіндегі ең маңыздысы, әрине, халықтан алым-салық жинау.           «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» атты заңдық ережелер, кейін оларды ауыстырған «Жеті Жарғы» қоғамдық қатынастарды реттеп отыруда жетекші міндет атқарды

«ЖЕТІ ЖАРҒЫ».  Қазақ қоғамындағы түбегейлі әлеуметтік және саяси өзгерістерден заңдық ережелер жинағы «Жеті жарғы» өмірге кел

12 слайд
«ЖЕТІ ЖАРҒЫ».  Қазақ қоғамындағы түбегейлі әлеуметтік және саяси өзгерістерден заңдық ережелер жинағы «Жеті жарғы» өмірге келді.Ереже сол уақыттағы заман талабына бейімделген нұсқасы еді.Онда қоғамдық өмірдің мынандай жеті саласындағы даулы мәселелерді заңдық тұрғыдан шешіп отыруды көздеді.Ережеге құл өмірі құнсыз,ол қожайынның билігінде бап енгізілді

САЛЫҚТАР МЕН МІНДЕТКЕРЛІКТЕР  16-17 ғ-да Қазақ мемлекетінде меншік қатынастары болды.  Қорыта айтқанда, Тәуке хан кезеңі қаза

13 слайд
САЛЫҚТАР МЕН МІНДЕТКЕРЛІКТЕР  16-17 ғ-да Қазақ мемлекетінде меншік қатынастары болды.  Қорыта айтқанда, Тәуке хан кезеңі қазақ қоғамында мемлекеттік басқару жүйесінің біржола қалыптасуымен сипатталады. Тәуке хан қазақ билеушілері арасында өз билігін үш жүзге түгел жая білген хан болды. Сонымен бірге Тәуке ханның өлімінен соң ол мемлекеттік жүйенің әлсіз жақтарында байқалды. Өте қуатты мемлекеттік басқару жүйесінің жоқтығы салдарынан қазақ қоғамы  тағы да феодалдық бытыраңқылық жолына түсті. Бұл жағдай, біріншіден, жоңғарлық басқыншылыққа жол ашса, екіншіден, қазақ жүздерінің біртіндеп Ресей империясының отарлық тәуелділікке ұшырауына алып келді.

.БЕКІТУ СҰРАҚТАР  1.Қазақ хандығының әлеуметтік құрамы неше топқа бөлінеді?  2.Қазақта хан сайлау дәстүрінің ерекше рәсімі қ

14 слайд
.БЕКІТУ СҰРАҚТАР  1.Қазақ хандығының әлеуметтік құрамы неше топқа бөлінеді?  2.Қазақта хан сайлау дәстүрінің ерекше рәсімі қандай?  3.Қазақ хандығының құрылымы неше сатыдан қаланады?  4.Жеті жарғыды қандай нормалар болды?  5.Салықтың қандай түрлері болды?