Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ хандығының құрылуы 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ хандығының құрылуы слайд
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
Сабақтың тақырыбы: ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

#1 слайд
Сабақтың тақырыбы: ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

1 слайд

Сабақтың тақырыбы: ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

Сабақтың мақсаты: • Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау; • М.Х. Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңызын түсіндір

#2 слайд
Сабақтың мақсаты: • Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау; • М.Х. Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңызын түсіндіру. Оқу мақсаты: 6.3.1.9 – Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау; 6.2.3.4 – М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын түсіндіру;

2 слайд

Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары Қазақ мемлекетi шығу тегi, өмiр сүру салты және мәдениетi жағынан ұқсас түркi тілдес тай

#3 слайд
Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары Қазақ мемлекетi шығу тегi, өмiр сүру салты және мәдениетi жағынан ұқсас түркi тілдес тайпалардың бірігуі нәтижесінде құрылды. Қазақ халқы мемлекеттiлiгiнің дамуында Ақ Орда, Моғолстан, Әбiлқайыр хандығы, Ноғай Ордасының құрылуы маңызды кезең болды.

3 слайд

Бұл мемлекеттерде ұлыстық жүйе, хандық билiк, қарулы күштердi құру мен салық жүйесi бірдей болды. Қазақ хандығының құрылуы Х

#4 слайд
Бұл мемлекеттерде ұлыстық жүйе, хандық билiк, қарулы күштердi құру мен салық жүйесi бірдей болды. Қазақ хандығының құрылуы ХV ғасырдың екiншi жартысында құлдыраған екі мемлекет Әбiлқайыр хандығы Моғолста н мемлекеттерінің iшкi саяси жағдайымен байланысты болды.

4 слайд

Қазақ хандығының қалыптасуы Шығыс Дештi Қыпшақ, Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан аумағындағы экономикалық және саяси үдерісте

#5 слайд
Қазақ хандығының қалыптасуы Шығыс Дештi Қыпшақ, Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан аумағындағы экономикалық және саяси үдерістердiң заңды нәтижесi саналады. Қазақ мемлекетінiң құрылуы Керей мен Жәнібек сұлтандардың есiмдерiмен байланысты.

5 слайд

Әбiлқайыр хан билiгiнiң құлдырауына және Керей мен Жәнiбектiң көшiп кетуiне не себеп болды? 1457 жылы Сығанақ маңында Әбiлқай

#6 слайд
Әбiлқайыр хан билiгiнiң құлдырауына және Керей мен Жәнiбектiң көшiп кетуiне не себеп болды? 1457 жылы Сығанақ маңында Әбiлқайыр ойраттардан жеңiлдi. Осыдан кейiн оның беделi мүлдем түстi. Хан ойраттардың баса көктеп кiруiнен зардап шеккен иелiктерiн ретке келтiру үшін алым-салықты өсірді. Бұл қоластындағылардың қарсылығын тудырып, мемлекеттiң құлауына әкелдi. Хан саясатына қарсы ру-тайпалардың басында Керей мен Жәнібек тұрды. Халықтың басым бөлігі Керей, Жәнібекпен бірге Батыс Жетісуға көшіп кетті.

6 слайд

Моғолстан ханы Есенбұғаның сұлтандарға достық көзқарасының себептері: Бірiншiден, Есенбұғаның сол кезде солтүстiк көршiлерiнiң

#7 слайд
Моғолстан ханы Есенбұғаның сұлтандарға достық көзқарасының себептері: Бірiншiден, Есенбұғаның сол кезде солтүстiк көршiлерiнiң жылжуына қарсы тұрарлықтай мүмкiндiгi болмады. Үшiншiден, Есенбұға өз билiгiн нығайту мақсатында Керей мен Жәнiбектің келуiн жақсылыққа жорыды. Екiншiден, Есенбұға өзiнiң иелiктерiн қазақ сұлтандарының Әбiлқайыр ханнан және ойраттардан қорғай алатынына сендi.

7 слайд

Шу мен Талас алқаптарында 1465 жылы Қазақ хандығы жарияланды. Оның алғашқы ханы Керей, ордасы Қозыбасы болды. Жамбыл облысы

#8 слайд
Шу мен Талас алқаптарында 1465 жылы Қазақ хандығы жарияланды. Оның алғашқы ханы Керей, ордасы Қозыбасы болды. Жамбыл облысы Қозыбасы тауы

8 слайд

2015 жылы Ұлы далада құрылған Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтіліп, оны бабалар рухының қайта түлеп, жаңғыруы деп қабылдад

#9 слайд
2015 жылы Ұлы далада құрылған Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтіліп, оны бабалар рухының қайта түлеп, жаңғыруы деп қабылдадық. Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі – мемлекетіміздің ерекше қуаты мен еркіндігінің, абырой-беделінің, азат рухының нышаны.

9 слайд

«Көп әскер жиналғаны соншалық, бүкiл дала салт аттылардың мұндай санына таршылық еткендей болды. Әскер Жетiқұдық мекенiне келi

#10 слайд
«Көп әскер жиналғаны соншалық, бүкiл дала салт аттылардың мұндай санына таршылық еткендей болды. Әскер Жетiқұдық мекенiне келiп тоқтаған кезде нөсер жауын құйып, қалың қар түстi, оның соңы қатты аязға ұласып, Әбілқайыр әскерінің iс-қимылын тежедi. 1468 жылы Әбiлқайыр ауырып, қайтыс болды». Өз алдына дербес хандық құрған Керей мен Жәнiбектiң күшеюi Әбiлқайырды қауiптендiрдi. Бұл туралы Махмұд ибн Уәлидiң шығармасында айтылған.

10 слайд

«Әбiлқайыр өлiмiнен кейiн Көшпелi өзбектер мемлекетiндегi саяси дағдарыс ерекше шиеленiстi. Өзбек хандарының иелiктерiнде б

#11 слайд
«Әбiлқайыр өлiмiнен кейiн Көшпелi өзбектер мемлекетiндегi саяси дағдарыс ерекше шиеленiстi. Өзбек хандарының иелiктерiнде берекесіздік пайда болды», – деп жазады Ибн Рузбихан. Әбiлқайыр хан

11 слайд

Ұлы даладағы саяси билік 1469-1470 жылдары Керей мен Жәнiбек өздерiнiң қазақтарымен бiрге Моғолстаннан Дештi Қыпшаққа оралып,

#12 слайд
Ұлы даладағы саяси билік 1469-1470 жылдары Керей мен Жәнiбек өздерiнiң қазақтарымен бiрге Моғолстаннан Дештi Қыпшаққа оралып, Ұлы даладағы саяси билік үшiн күресті бастады. Әбілқайыр хан мұрагерлері бұл соғыста толық жеңілді. Қазақ хандығы дербес мемлекет ретiнде саяси сахнаға шықты.

12 слайд

Шығыс Дештi Қыпшақтағы билiк Ұрұс хан ұрпақтарының қолына өттi. Осы уақыттан бастап «қазақ» сөзi толықтай қазiргi қазақ х

#13 слайд
Шығыс Дештi Қыпшақтағы билiк Ұрұс хан ұрпақтарының қолына өттi. Осы уақыттан бастап «қазақ» сөзi толықтай қазiргi қазақ халқының атауына айналды. Керей мен Жәнiбек негiзiн қалаған Қазақ хандығы осылай құрылды.

13 слайд

Сырдария қалалары үшiн күрес Сырдария бойындағы қалалар үшiн Мұхаммед Шайбанимен, маңғыт әмiрлерi және ортаазиялық билеушiлер

#14 слайд
Сырдария қалалары үшiн күрес Сырдария бойындағы қалалар үшiн Мұхаммед Шайбанимен, маңғыт әмiрлерi және ортаазиялық билеушiлермен кескілескен күрес жүргiздi.

14 слайд

Керей мен Жәнібектің жүргiзген белсендi саясаты нәтижесінде Қазақ хандығының жер аумағы бiршама кеңейдi. Өзiнiң құрамына Орта

#15 слайд
Керей мен Жәнібектің жүргiзген белсендi саясаты нәтижесінде Қазақ хандығының жер аумағы бiршама кеңейдi. Өзiнiң құрамына Орталық Қазақстан аймақтарын, Батыс Жетiсу аумағын, Сырдарияның төменгi ағысын қосып алды.

15 слайд

Оқиға куәгерлерi мен тарихшылардың деректерi Мұхаммед Хайдар Дулати «Ол кезде Дештi Қыпшақта Әбiлқайыр хан билiк еттi. Жәнібе

#16 слайд
Оқиға куәгерлерi мен тарихшылардың деректерi Мұхаммед Хайдар Дулати «Ол кезде Дештi Қыпшақта Әбiлқайыр хан билiк еттi. Жәнібек пен Керей одан кетіп, Моғолстанға келдi. Есенбұға хан шын көңiлмен қарсы алып, оларға Шу мен Қозыбасы аумағын бердi. Олар осында болған кезде Өзбек ұлысы Әбiлқайыр хан өлгеннен кейiн әбігерге түстi. Онда үлкен қырқыстар басталды. Әбiлқайыр ханның қоластындағы адамдардың үлкен бөлiгi Керей мен Жәнiбек хандарға қосылды. Осылайша олардың маңына жиналған адамдар саны екi жүз мыңға жеттi. Олар өзбек-қазақтар деп аталды. Қазақ сұлтандарының билiгi сегiз жүз жетпiсiншi жылдан (яғни1465 жыл) басталады».

16 слайд

«Жәнібек пен Керей хандар сол аумақта (яғни Моғолстанда) ұзақ тоқтаған кезде Әбiлқайыр ханды ұнатпаған адамдардың қай-қайсысы

#17 слайд
«Жәнібек пен Керей хандар сол аумақта (яғни Моғолстанда) ұзақ тоқтаған кезде Әбiлқайыр ханды ұнатпаған адамдардың қай-қайсысы болсын олардан пана тапты». Махмұд ибн Уәли

17 слайд

Қазақ хандығы құрылуының алғышарттарын көрсетіңіз. 1-тапсырма 3балл Дескриптор Қазақ хандығы құрылуының бірнеше алғышарттарын

#18 слайд
Қазақ хандығы құрылуының алғышарттарын көрсетіңіз. 1-тапсырма 3балл Дескриптор Қазақ хандығы құрылуының бірнеше алғышарттарын көрсетеді.

18 слайд

●Қазақ мемлекетi шығу тегi, өмiр сүру салты және мәдениетi жағынан ұқсас түркi тілдес тайпалардың бірігуі нәтижесінде құрылды.

#19 слайд
●Қазақ мемлекетi шығу тегi, өмiр сүру салты және мәдениетi жағынан ұқсас түркi тілдес тайпалардың бірігуі нәтижесінде құрылды. ● Қазақ халқы мемлекеттiлiгiнің дамуында Ақ Орда, Моғолстан, Әбiлқайыр хандығы, Ноғай Ордасының құрылуы маңызды кезең болды. Жауабы:

19 слайд

Дұрыс нұсқамен сәйкестендіріңіз. Қазақ хандығының құрылуы кезінде ХV ғасырдың екiншi жартысында құлдырауды бастан кешiрген е

#20 слайд
Дұрыс нұсқамен сәйкестендіріңіз. Қазақ хандығының құрылуы кезінде ХV ғасырдың екiншi жартысында құлдырауды бастан кешiрген екi мемлекет? 1457 жылы Сығанақ маңында Әбiлқайырдың ойраттардан жеңiлуі Қазақ мемлекетінiң құрылуы қандай сұлтандардың есiмдерiмен байланысты? Әбiлқайыр хандығы мен Моғолстан Әбiлқайыр хан билiгiнiң құлдырауына және Керей мен Жәнiбектiң көшiп кетуiне не себеп болды? Шу мен Талас алқаптарында 1465 жылы Қазақ хандығы қай өңірде жарияланды? Керей мен Жәнібек 1-тапсырма

20 слайд

Дескриптор 1.Қазақ хандығының құрылуы кезінде ХV ғасырдың екiншi жартысында құлдырауды бастан кешiрген екi мемлекетті атайды.

#21 слайд
Дескриптор 1.Қазақ хандығының құрылуы кезінде ХV ғасырдың екiншi жартысында құлдырауды бастан кешiрген екi мемлекетті атайды. 2. Қазақ мемлекетінiң құрылуы қандай сұлтандардың есiмдерiмен байланысты екенін сәйкестендіреді. 3. Әбiлқайыр хан билiгiнiң құлдырауына және Керей мен Жәнiбектiң көшiп кетуiнің себептерін сәйкестендіреді. 4.1465 жылы Қазақ хандығы қай өңірде жарияланғанын сәйкестендіреді.

21 слайд

Қазақ хандығының құрылуы кезінде ХV ғасырдың екiншi жартысында құлдырауды бастан кешiрген екi мемлекет? 1457 жылы Сығанақ м

#22 слайд
Қазақ хандығының құрылуы кезінде ХV ғасырдың екiншi жартысында құлдырауды бастан кешiрген екi мемлекет? 1457 жылы Сығанақ маңында Әбiлқайырдың ойраттардан жеңiлуі Қазақ мемлекетінiң құрылуы қандай сұлтандардың есiмдерiмен байланысты? Әбiлқайыр хандығы мен Моғолстан Әбiлқайыр хан билiгiнiң құлдырауына және Керей мен Жәнiбектiң көшiп кетуiне не себеп болды? Шу мен Талас алқаптарында 1465 жылы Қазақ хандығы қай өңірде жарияланды? Керей мен Жәнібек Жауабы:

22 слайд

Оқиға куәгерлерi мен тарихшылардың деректерiн анықтаңыз 1-тапсырма Мұхаммед Хайдар Дулати Махмұд ибн Уәли Ибн Рузбихан Дескрипт

#23 слайд
Оқиға куәгерлерi мен тарихшылардың деректерiн анықтаңыз 1-тапсырма Мұхаммед Хайдар Дулати Махмұд ибн Уәли Ибн Рузбихан Дескриптор Ғұламалардың еңбектерін анықтайды

23 слайд

Жауабы: Мұхаммед Хайдар Дулати «Ол кезде Дештi Қыпшақта Әбiлқайыр хан билiк еттi. Жәнібек пен Керей одан кетіп, Моғолстанға кел

#24 слайд
Жауабы: Мұхаммед Хайдар Дулати «Ол кезде Дештi Қыпшақта Әбiлқайыр хан билiк еттi. Жәнібек пен Керей одан кетіп, Моғолстанға келдi. Есенбұға хан шын көңiлмен қарсы алып, оларға Шу мен Қозыбасы аумағын бердi Махмұд ибн Уәли «Жәнібек пен Керей хандар сол аумақта (яғни Моғолстанда) ұзақ тоқтаған кезде Әбiлқайыр ханды ұнатпаған адамдардың қай-қайсысы болсын олардан пана тапты». Ибн Рузбихан «Әбiлқайыр өлiмiнен кейiн Көшпелi өзбектер мемлекетiндегi саяси дағдарыс ерекше шиеленiстi. Өзбек хандарының иелiктерiнде берекесіздік пайда болды», – деп жазады Ибн Рузбихан.

24 слайд

Қасым- Жомарт Тоқаев 3 балл Дескриптор: 1-топ Керей мен Жәнібек пен Қасы Жомарт Тоқаевтың ел басқарудағы айырмашылығы мен ұқс

#25 слайд
Қасым- Жомарт Тоқаев 3 балл Дескриптор: 1-топ Керей мен Жәнібек пен Қасы Жомарт Тоқаевтың ел басқарудағы айырмашылығы мен ұқсастықтарын анықтайды. 2-топ.Қазақ хандығы мен ҚР-ның аумағы мен халқының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.

25 слайд

«Кім жылдам»? Дескриптор:Сұрақтарға жауап беру арқылы Қазақ хандығына дейінгі оқиғаларды анықтайды.

#26 слайд

26 слайд

1.728*2+9=1465 2.546*2+446=1538 3.479+2200:2=1579 4. 100=1000000 5.3800: 2+91=1991 Тарихи матиматика ойыны: 4-тапсырма 3 балл Де

#27 слайд
1.728*2+9=1465 2.546*2+446=1538 3.479+2200:2=1579 4. 100=1000000 5.3800: 2+91=1991 Тарихи матиматика ойыны: 4-тапсырма 3 балл Дескриптор:Есепті шеш отырып ,жылдар бойынша оқиғаларды анықтайды.

27 слайд

Жауабы: 1.728*2+9= 2.546*2+446= 3.479+2200:2= 4. 100= 5.3800: 2+91=

#28 слайд
Жауабы: 1.728*2+9= 2.546*2+446= 3.479+2200:2= 4. 100= 5.3800: 2+91=

28 слайд

Жауабы: 1.728*2+9= 2.546*2+446= 3.479+2200:2= 4. 100= 5.3800: 2+91=

Қорытынды Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтадыңыз. М.Х. Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңызын түсіндіңіз.

#29 слайд

29 слайд

Файл форматы:
pptx
06.01.2025
342
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12