Қазақ тілін оқытудағы психологиялық және мотивациялық аспектілер
Қазақ тілін оқытудағы психологиялық және мотивациялық аспектілер

#1 слайд
Қазақ тілін оқытудағы
психологиялық және
мотивациялық аспектілер
1 слайд
Қазақ тілін оқытудағы психологиялық және мотивациялық аспектілер
#2 слайд
Қазақ тілін оқыту үрдісінде оқушылардың психологиялық
ерекшеліктерін ескеріп, оқу мотивациясын арттыру – білім
сапасын көтерудің басты шарттарының бірі. Бұл тақырыптың
өзектілігі - қазақ тілі сабақтарында қолайлы
психологиялық орта қалыптастыра отырып,
оқушылардың тілге деген қызығушылығы мен ынтасын
ояту қажеттігінде.
Тақырыптың өзектілігі
2 слайд
Қазақ тілін оқыту үрдісінде оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, оқу мотивациясын арттыру – білім сапасын көтерудің басты шарттарының бірі. Бұл тақырыптың өзектілігі - қазақ тілі сабақтарында қолайлы психологиялық орта қалыптастыра отырып, оқушылардың тілге деген қызығушылығы мен ынтасын ояту қажеттігінде. Тақырыптың өзектілігі
#3 слайд
Психологиялық аспектілер
-Сенім және қорқыныш: жаңа тіл үйренушілер жиі қателік жасауға қорқады,
сондықтан олар тіл үйренуге деген сенімділікке ие болмауы мүмкін.
-Өзін-өзі бағалау: оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейі тіл үйренуде үлкен рөл
атқарады. Жоғары өзін-өзі бағалау тіл үйренуге деген құштарлықты арттырып,
оқушының табысқа жетуіне мүмкіндік береді.
-Эмоционалдық тұрақтылық: тіл үйрену барысында стресс, алаңдаушылық
немесе қорқыныш болуы мүмкін. Оқушыға эмоционалдық қолдау көрсету, оларды
үнемі ынталандырып отыру өте маңызды.
-Шыдамдылық: тіл үйрену – ұзақ әрі қиын процесс, сондықтан оқушыларға
шыдамдылық пен табандылық таныту қажет.
3 слайд
Психологиялық аспектілер -Сенім және қорқыныш: жаңа тіл үйренушілер жиі қателік жасауға қорқады, сондықтан олар тіл үйренуге деген сенімділікке ие болмауы мүмкін. -Өзін-өзі бағалау: оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейі тіл үйренуде үлкен рөл атқарады. Жоғары өзін-өзі бағалау тіл үйренуге деген құштарлықты арттырып, оқушының табысқа жетуіне мүмкіндік береді. -Эмоционалдық тұрақтылық: тіл үйрену барысында стресс, алаңдаушылық немесе қорқыныш болуы мүмкін. Оқушыға эмоционалдық қолдау көрсету, оларды үнемі ынталандырып отыру өте маңызды. -Шыдамдылық: тіл үйрену – ұзақ әрі қиын процесс, сондықтан оқушыларға шыдамдылық пен табандылық таныту қажет.
#4 слайд
Мотивациялық аспектілер
Ішкі мотивация: тіл үйренушінің жеке қызығушылығы мен тіл үйренуге
деген ішкі құштарлығы маңызды. Егер оқушы қазақ тілін үйренуге жеке
қызығушылық танытса, онда ол өздігінен белсенді түрде тіл үйренуге
тырысады.
Сыртқы мотивация қоғамдағы тілдің қажеттілігімен байланысты. Мысалы,
жұмыс, білім алу немесе басқа да әлеуметтік байланыстар үшін қазақ тілін
білу қажет болуы мүмкін.
Мақсаттар мен жетістіктер – тілді үйренушілердің нақты мақсаттар қоюы
олардың мотивациясын арттыра алады
Қызықты әдістемелер мен материалдар: оқушылардың мотивациясын
арттыру үшін әртүрлі қызықты және шығармашылық әдістерді қолдану
маңызды.
4 слайд
Мотивациялық аспектілер Ішкі мотивация: тіл үйренушінің жеке қызығушылығы мен тіл үйренуге деген ішкі құштарлығы маңызды. Егер оқушы қазақ тілін үйренуге жеке қызығушылық танытса, онда ол өздігінен белсенді түрде тіл үйренуге тырысады. Сыртқы мотивация қоғамдағы тілдің қажеттілігімен байланысты. Мысалы, жұмыс, білім алу немесе басқа да әлеуметтік байланыстар үшін қазақ тілін білу қажет болуы мүмкін. Мақсаттар мен жетістіктер – тілді үйренушілердің нақты мақсаттар қоюы олардың мотивациясын арттыра алады Қызықты әдістемелер мен материалдар: оқушылардың мотивациясын арттыру үшін әртүрлі қызықты және шығармашылық әдістерді қолдану маңызды.
#5 слайд
Мотивацияны арттыру жолдары
1. Оқу процесін қызықты ету;
2. Оқушылардың қызығушылығын ескеру;
3. Оқушылардың жетістіктерін мойындау;
4. Қызықты мақсаттар қою;
5. Қарым-қатынас пен ынтымақтастық;
6. Оқушыға жауапкершілік беру;
7. Жайлы, шығармашылық орта қалыптастыру.
5 слайд
Мотивацияны арттыру жолдары 1. Оқу процесін қызықты ету; 2. Оқушылардың қызығушылығын ескеру; 3. Оқушылардың жетістіктерін мойындау; 4. Қызықты мақсаттар қою; 5. Қарым-қатынас пен ынтымақтастық; 6. Оқушыға жауапкершілік беру; 7. Жайлы, шығармашылық орта қалыптастыру.
#6 слайд
Мәдени компонентті қолдану жолдару
- Әдеби шығармалар – қазақ жазушылары мен ақындарының
шығармаларын оқыту арқылы тіл үйренушілер қазақ мәдениетін тереңірек
таниды.
- Фольклор мен дәстүрлер – ертегілер, аңыздар, салт-дәстүрлерді
таныстыру тілді табиғи ортада меңгеруге көмектеседі.
- Мультимедиалық ресурстар – қазақ фильмдері, әндері, ұлттық
ойындары арқылы тілді қызықты әрі тиімді түрде үйретуге болады.
- Тілдік жағдаяттар – қонақ күту, наурыз тойлау сияқты қазақ
мәдениетіне тән жағдайларды рөлдік ойындар арқылы үйрету.
6 слайд
Мәдени компонентті қолдану жолдару - Әдеби шығармалар – қазақ жазушылары мен ақындарының шығармаларын оқыту арқылы тіл үйренушілер қазақ мәдениетін тереңірек таниды. - Фольклор мен дәстүрлер – ертегілер, аңыздар, салт-дәстүрлерді таныстыру тілді табиғи ортада меңгеруге көмектеседі. - Мультимедиалық ресурстар – қазақ фильмдері, әндері, ұлттық ойындары арқылы тілді қызықты әрі тиімді түрде үйретуге болады. - Тілдік жағдаяттар – қонақ күту, наурыз тойлау сияқты қазақ мәдениетіне тән жағдайларды рөлдік ойындар арқылы үйрету.
#7 слайд
ҚОРЫТЫНДЫ
-Мұғалімдер сабақта қолайлы психологиялық ахуал жасап, әр
оқушыға қолдау көрсете бастаса, онда оқушылардың
бойындағы қорқыныш, қысылушылық сезімдері азайып,
сабаққа белсенді қатысуы күшейеді.
- Оқушылар өз ойын қазақ тілінде еркін жеткізуге ұмтылып,
тілдік ортада өзін сенімдірек сезінетін болады.
-- Мотивациялық әдістердің арқасында оқушылардың оқу
үлгерімі жақсарады.
-Оқушылардың оқу мотивациясының тұрақтануы және ішкі
қажеттілікке айналуы.
7 слайд
ҚОРЫТЫНДЫ -Мұғалімдер сабақта қолайлы психологиялық ахуал жасап, әр оқушыға қолдау көрсете бастаса, онда оқушылардың бойындағы қорқыныш, қысылушылық сезімдері азайып, сабаққа белсенді қатысуы күшейеді. - Оқушылар өз ойын қазақ тілінде еркін жеткізуге ұмтылып, тілдік ортада өзін сенімдірек сезінетін болады. -- Мотивациялық әдістердің арқасында оқушылардың оқу үлгерімі жақсарады. -Оқушылардың оқу мотивациясының тұрақтануы және ішкі қажеттілікке айналуы.
#8 слайд
Сабақ барысында жиі қолданылатын әдіс-тәсілдер:
І-тоқсан ІІ-тоқсан ІІІ-тоқсан
5
4
.
6
5
8
.
0
1
6
1
.
2
«Блиц-сұрақтар», «Сұхбат», «комикс», «Кім көп оқыды?». «Ойлан, тап», «Тізбек», «Анықтама бюросы», «10 сөз
әдісі»
8 слайд
Сабақ барысында жиі қолданылатын әдіс-тәсілдер: І-тоқсан ІІ-тоқсан ІІІ-тоқсан 5 4 . 6 5 8 . 0 1 6 1 . 2 «Блиц-сұрақтар», «Сұхбат», «комикс», «Кім көп оқыды?». «Ойлан, тап», «Тізбек», «Анықтама бюросы», «10 сөз әдісі»
#9 слайд
Орыс ғалымдары адамның бойында пайда болатын тілдік барьердегі психологиялық
қорқыныш түрлерін төмендегідей жіктеп көрсетеді:
- Қате сөйлеуге ыңғайсыздану;
- Акцентпен сөйлеуге ұялу;
- Баяу сөйлеуден қашу;
- Әңгімелесушінің түсінбей қалуынан қорқу;
- Сөздік қорының жеткіліксіз болуы;
- Грамматиканы білмеу;
- Практиканың болмауы
Қазақ тіліндегі тілдік барьерді қалай жеңуге болады?
- Сабырлы бол;
- Сөйлеу барысында өзіне қателесуге рұқсат ет;
- Сөзді қате айтудан қорықпа;
- Сөздің мәнін түсінуге тырыс;
- Сөздерді үнемі қайталап отыр;
- Түсінбеген сөзді қайталап сұра;
- Сөздік қорыңды байытып отыр;
- Аудиоматериалдарды жиі тыңда;
- Әңгімелесетін адам табу қажет;
9 слайд
Орыс ғалымдары адамның бойында пайда болатын тілдік барьердегі психологиялық қорқыныш түрлерін төмендегідей жіктеп көрсетеді: - Қате сөйлеуге ыңғайсыздану; - Акцентпен сөйлеуге ұялу; - Баяу сөйлеуден қашу; - Әңгімелесушінің түсінбей қалуынан қорқу; - Сөздік қорының жеткіліксіз болуы; - Грамматиканы білмеу; - Практиканың болмауы Қазақ тіліндегі тілдік барьерді қалай жеңуге болады? - Сабырлы бол; - Сөйлеу барысында өзіне қателесуге рұқсат ет; - Сөзді қате айтудан қорықпа; - Сөздің мәнін түсінуге тырыс; - Сөздерді үнемі қайталап отыр; - Түсінбеген сөзді қайталап сұра; - Сөздік қорыңды байытып отыр; - Аудиоматериалдарды жиі тыңда; - Әңгімелесетін адам табу қажет;
шағым қалдыра аласыз













