1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары

#1 слайд
“Қазақтың ұлттық
зергерлік бұйымдары”
(өзіндік жұмыс)
“Балдырған” балабақшасы
1 слайд
“Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары” (өзіндік жұмыс) “Балдырған” балабақшасы
#2 слайд
Мақсаты: қазақтың ұлттық зергелік әшекей
бұйымдарының атаулары , ерекшеліктерін тәрбиешілерге
түсіндіру. Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған
зергерлік өнерін дамыту және ұлттық өнерге баулу.
Міндеттері:
-Қазақ мәдениетінің қайталанбас өнерің ұлықтау;
-Ұлттық құндылықтардың ұмыт болған әшекейлерін
жаңғырту;
Өзектілігі:
Ұлттық зергерлік бұйымдарды жас ұрпаққа дәріптеу;
2 слайд
Мақсаты: қазақтың ұлттық зергелік әшекей бұйымдарының атаулары , ерекшеліктерін тәрбиешілерге түсіндіру. Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнерін дамыту және ұлттық өнерге баулу. Міндеттері: -Қазақ мәдениетінің қайталанбас өнерің ұлықтау; -Ұлттық құндылықтардың ұмыт болған әшекейлерін жаңғырту; Өзектілігі: Ұлттық зергерлік бұйымдарды жас ұрпаққа дәріптеу;
#3 слайд
Кіріспе
Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік
өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен
тығыз байланыста дамып келеді. Адам баласы ежелден
әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде
санаған. Кез келген қыз-келіншектің зергерлік
бұйымдары, асыл тастары, оларға бейнеленген ою-
өрнектері олардың әсем келбетіне әдемі үн қосып,
сымбатын одан әрі ажарландырып, тартымдылығын
арттыра түседі. Ұлттық мәдениетіміздің қолданбалы
дәстүрлі өнері халқымыздың тарихымен,
дүниетанымымен үндесе дамып келеді. Тамырын
тереңнен алатын қолданбалы өнердің көрікті де көрнекті
саласы ұлттық зергерлік өнері - атадан-балаға, ұстаздан
шәкіртке ауысып отыратын өнер.
3 слайд
Кіріспе Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. Адам баласы ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған. Кез келген қыз-келіншектің зергерлік бұйымдары, асыл тастары, оларға бейнеленген ою- өрнектері олардың әсем келбетіне әдемі үн қосып, сымбатын одан әрі ажарландырып, тартымдылығын арттыра түседі. Ұлттық мәдениетіміздің қолданбалы дәстүрлі өнері халқымыздың тарихымен, дүниетанымымен үндесе дамып келеді. Тамырын тереңнен алатын қолданбалы өнердің көрікті де көрнекті саласы ұлттық зергерлік өнері - атадан-балаға, ұстаздан шәкіртке ауысып отыратын өнер.
#4 слайд
Сырға – құлаққа тағатын сәнді асыл бұйым.
Қыздардың әсем келбетінің қалыптасуына әсер
етеді. Оның сапасына, құрамына сай көптеген
түрлері болады: ай сырға, тас көзді сырға, күмбез
сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға, шашақты
сырға т.б.
Жүзік – қымбат тастардан көз орнатылған жалпақ
сақина түрі. Оның еркектер де, әйелдер де салатын
түрлері болады. Отау жүзік, құдағи жүзік, қарала
жүзік, ақық жүзік деген атаулары бар.
Алқа – омырауға тағатын, көбіне күмістен
соғылатын әйелдердің сән, әсемдік, көркемдік
бұйымы.
4 слайд
Сырға – құлаққа тағатын сәнді асыл бұйым. Қыздардың әсем келбетінің қалыптасуына әсер етеді. Оның сапасына, құрамына сай көптеген түрлері болады: ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға, шашақты сырға т.б. Жүзік – қымбат тастардан көз орнатылған жалпақ сақина түрі. Оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады. Отау жүзік, құдағи жүзік, қарала жүзік, ақық жүзік деген атаулары бар. Алқа – омырауға тағатын, көбіне күмістен соғылатын әйелдердің сән, әсемдік, көркемдік бұйымы.
#5 слайд
Құлаққа тағатын әшекей атаулары
•Сіркелеп соғылған айшықты күміс сырға
•Салпыншақ қозалы сырға
•Жұлдыз сырға
5 слайд
Құлаққа тағатын әшекей атаулары •Сіркелеп соғылған айшықты күміс сырға •Салпыншақ қозалы сырға •Жұлдыз сырға
#6 слайд
Үкі аяқ қозалы сырға
Сирақты күміс сырға
6 слайд
Үкі аяқ қозалы сырға Сирақты күміс сырға
#7 слайд
•Білек толған білезік – сақина
•құсмұрын жүзік
7 слайд
•Білек толған білезік – сақина •құсмұрын жүзік
#8 слайд
Мойынға тағатын әшекей атаулары
Зер шашақты алқа Бойтұмар Алтын тұмар
8 слайд
Мойынға тағатын әшекей атаулары Зер шашақты алқа Бойтұмар Алтын тұмар
#9 слайд
Шолпы – шашқа тағатын, қымбат бағалы,
сылдырмақты бұрым сәнін келтіретін алтын, күміс
тағым. Түрлі сәндік салпыншақтармен әсемделген
құрылымы күрделі бөлшектер күрделі пішіндегі
жалпақ тастарға қондырылады.
Шашбау – қыздар шашымен қоса өрілетін
моншақты, зерлі, күміс шынжырлы әсемдік тағым.
Ұзындығымен ерекшеленеді. Кейде қара баудан
жасалып, шашты ұзын және қалың етіп көрсету
үшін қолданылады.
Шашқап – шашты күннен, шаң-тозаңнан
қорғайтын қымбат матадан жасалып, сырты түрлі
моншақ, жапсырмалармен безеңдерілген, екі өрімді
шаштарға арналған бұйым.
9 слайд
Шолпы – шашқа тағатын, қымбат бағалы, сылдырмақты бұрым сәнін келтіретін алтын, күміс тағым. Түрлі сәндік салпыншақтармен әсемделген құрылымы күрделі бөлшектер күрделі пішіндегі жалпақ тастарға қондырылады. Шашбау – қыздар шашымен қоса өрілетін моншақты, зерлі, күміс шынжырлы әсемдік тағым. Ұзындығымен ерекшеленеді. Кейде қара баудан жасалып, шашты ұзын және қалың етіп көрсету үшін қолданылады. Шашқап – шашты күннен, шаң-тозаңнан қорғайтын қымбат матадан жасалып, сырты түрлі моншақ, жапсырмалармен безеңдерілген, екі өрімді шаштарға арналған бұйым.
#10 слайд
Шашқа тағатын зергерлік әшекей
атаулары
Шашқап Шолпы Шашбау
10 слайд
Шашқа тағатын зергерлік әшекей атаулары Шашқап Шолпы Шашбау
#11 слайд
Білезік – күмістен, алтыннан соғылатын, білекке
салатын әйел бұйымы. Жасалуына қарайалтын
білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік,
топсалы білезік, бұрама білезік, қос білезік т.б.
түрлері бар.
Кемер белбеу - негізі былғарыдан тігіліп, алтын,
күміс әшекейлермен шектелген аса қымбат белбеу.
Үш білезік – алтын, күмістен, асыл тастардан көз
орнатылған күміс шынжыр арқылы үш сақина
бекітілген аса қымбат білезік.
11 слайд
Білезік – күмістен, алтыннан соғылатын, білекке салатын әйел бұйымы. Жасалуына қарайалтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, қос білезік т.б. түрлері бар. Кемер белбеу - негізі былғарыдан тігіліп, алтын, күміс әшекейлермен шектелген аса қымбат белбеу. Үш білезік – алтын, күмістен, асыл тастардан көз орнатылған күміс шынжыр арқылы үш сақина бекітілген аса қымбат білезік.
#12 слайд
Әшекей – бұйым
атаулары
Күміс балдақ, тасты білезік, алтын білезік
12 слайд
Әшекей – бұйым атаулары Күміс балдақ, тасты білезік, алтын білезік
#13 слайд
Белбеулер
13 слайд
Белбеулер
#14 слайд
Үш білезік
14 слайд
Үш білезік
#15 слайд
АМАНАТ
Халқымыздың дәстүрлі төл өнерін ,
Кәсібім – атамұра қолөнері .
Жинадым әдет – ғұрып , салт - дәстүрін ,
Елімнің көзге ыстық көнелері .
Жиналған талай жылғы коллекциям ,
Тыңдаған қарттарымнан өлмес күй , ән .
Көненің көзіндей бұл мұрағаттан ,
Дер едім , келер ұрпақ көрмес зиян .
Сенемін келер ұрпақ көрмес зиян ,
Өнерім , өлеңімді дербес қоям .
Қабылда аманатты туған елім ,-
Алтын бесік алауы сөнбес ұям .
Д. Шоқпарұлы .
Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдардың асқан шеберлікпен,
зор талғаммен жасалған зат атауларының қайта
жаңғыруына үлес қосуды міндет тұттым .
15 слайд
АМАНАТ Халқымыздың дәстүрлі төл өнерін , Кәсібім – атамұра қолөнері . Жинадым әдет – ғұрып , салт - дәстүрін , Елімнің көзге ыстық көнелері . Жиналған талай жылғы коллекциям , Тыңдаған қарттарымнан өлмес күй , ән . Көненің көзіндей бұл мұрағаттан , Дер едім , келер ұрпақ көрмес зиян . Сенемін келер ұрпақ көрмес зиян , Өнерім , өлеңімді дербес қоям . Қабылда аманатты туған елім ,- Алтын бесік алауы сөнбес ұям . Д. Шоқпарұлы . Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдардың асқан шеберлікпен, зор талғаммен жасалған зат атауларының қайта жаңғыруына үлес қосуды міндет тұттым .

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген