Қазіргі уақытта қоғам дос па, адам дос па?
Қазіргі уақытта қоғам дос па, адам дос па?

#1 слайд
Қатысушы: ҒСн-25-1к тобының 1 курс студенті
Жүсіп Дамир Берікұлы
Ғылыми жетекшісі: Қазақстан тарихы пәні оқытушысы,
Досыбай Нұрлыбек Жолдасбекұлы
1 слайд
Қатысушы: ҒСн-25-1к тобының 1 курс студенті Жүсіп Дамир Берікұлы Ғылыми жетекшісі: Қазақстан тарихы пәні оқытушысы, Досыбай Нұрлыбек Жолдасбекұлы
#2 слайд
Жоспар:
1.Достық туралы.
2. Достықтың қасиеті.
3. Дос қандай болады?
4. Достық ережесі.
2 слайд
Жоспар: 1.Достық туралы. 2. Достықтың қасиеті. 3. Дос қандай болады? 4. Достық ережесі.
#3 слайд
3 слайд
#4 слайд
ДОСТЫҚ МАҢЫЗЫДОСТЫҚ МАҢЫЗЫ
Адам баласы өмірге жалғыз келіп, жалғыз
кетеді. Бір адамдар жалғыздықты ұнатса, енді
бірі көпшілік қауымның ортасында өзінің
жалғыз емес екенін сезінгісі келеді. Жалғыздық
–қорқынышты. Өмірден дос іздеу, жолдас іздеу –
міндетіміз. Жалғыз рет берілетін ғұмырымызда
доссыз жүру қасірет пе? Жалғанды жалпағынан
кешіп жүрген әрбір пенде баласы өмірде
қиналғанда қасынан табылатын, қысылғанда
демейтін, барын асырып, жоғын жасыратын
адал досы болғанын қалайтыны анық. «Жүз
теңгең болғанша, жүз досың болсын» деп
тегіннен тегін айтылмаса керек-ті. Достық
жайлы ұғымыңыз қандай? Ал, сіз, бүгінгі таңда
достықтың бар екеніне сенесіз бе?
4 слайд
ДОСТЫҚ МАҢЫЗЫДОСТЫҚ МАҢЫЗЫ Адам баласы өмірге жалғыз келіп, жалғыз кетеді. Бір адамдар жалғыздықты ұнатса, енді бірі көпшілік қауымның ортасында өзінің жалғыз емес екенін сезінгісі келеді. Жалғыздық –қорқынышты. Өмірден дос іздеу, жолдас іздеу – міндетіміз. Жалғыз рет берілетін ғұмырымызда доссыз жүру қасірет пе? Жалғанды жалпағынан кешіп жүрген әрбір пенде баласы өмірде қиналғанда қасынан табылатын, қысылғанда демейтін, барын асырып, жоғын жасыратын адал досы болғанын қалайтыны анық. «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын» деп тегіннен тегін айтылмаса керек-ті. Достық жайлы ұғымыңыз қандай? Ал, сіз, бүгінгі таңда достықтың бар екеніне сенесіз бе?
#5 слайд
Достық— адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі,
ортақ көзқараста болатын қасиеті. Ұлы әлемнің екінші ұстазы атанған
Әль-Фараби бабамыз өмірдегі достықтың екі түрін ажыратып атап
өткен. Олар:
1.Адал дос-бұл достың асыл қасиеті, қиыншылығың мен
қызықшылығының ортасында жүреді.Басыңа қиын-қыстау заман туса
әр уақытта көмек беруге дайын.
2.Адамшы, амал дос-әр уақытта қиыншылықпен келеңсіздік туындаса,
кінәні өзіңе тағып, өзін судан ақ сүттен таза етіп, үнемі алдап,
арбап,керек кезде пайдаланып, билікпен мансапқорлыққа жақын болып
келеді деген екен.
5 слайд
Достық— адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Ұлы әлемнің екінші ұстазы атанған Әль-Фараби бабамыз өмірдегі достықтың екі түрін ажыратып атап өткен. Олар: 1.Адал дос-бұл достың асыл қасиеті, қиыншылығың мен қызықшылығының ортасында жүреді.Басыңа қиын-қыстау заман туса әр уақытта көмек беруге дайын. 2.Адамшы, амал дос-әр уақытта қиыншылықпен келеңсіздік туындаса, кінәні өзіңе тағып, өзін судан ақ сүттен таза етіп, үнемі алдап, арбап,керек кезде пайдаланып, билікпен мансапқорлыққа жақын болып келеді деген екен.
#6 слайд
6 слайд
#7 слайд
Дос қандай болады?
Жан дос дегеніміз – ол сенің қасында
болатын адам .
Ал амал дос дегеніміз-керегін алып
кететін адам.
7 слайд
Дос қандай болады? Жан дос дегеніміз – ол сенің қасында болатын адам . Ал амал дос дегеніміз-керегін алып кететін адам.
#8 слайд
Достық өзара жауапкершілік пен
қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі.
Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде
кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа
түскен қайғы мен қиыншылықты бірге
көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың
мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы,
біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде
тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар
достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз
достық осындай кемшіліктерден арылуға
көмектеседі.
8 слайд
Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі.
#9 слайд
Сатқындық, екі жүзділік,
өтірікшілік, өзімшілдік достықпен
сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі
әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл
бөлінеді. Халық арасында достық
туралы мақал-мәтелдер жеткілікті:
“Дос жылатып, дұшпан күлдіріп
айтады”, “Досы жақсының, өзі де
жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз
қалғаны — өлгені, қайғының бәрі
соның басында”. Достыққа қарама-
қарсы ұғым — қастық пен
күншілдік. Мұндай сезімге ерік
алдырғандар басқаның қуаныш-
қызығын, ырыс-бағын көтере
алмайды, дос дегеннің не екендігін
білмейді. Дұрыс дос таңдай білу —
өмірлік мақсаттардың бірі;
Саясаттанудағы Достық ұғымы
мемлекеттер арасындағы саяси,
экономикалық, мәдени мүдде
тұрғысынан ынтымақтастық орнату
шараларын бейнелеу үшін
қолданылып жүр.
9 слайд
Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама- қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш- қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.
#10 слайд
Қазіргілердің көзқарасы
бойынша адамдар бір-біріне
сенуден қалған. Сенгісі келсе де,
ішінде бір күмән тұрады. Сол
себепті де, достық ұғымының
ауқымы тарылған деседі. Қалай
десек те, достыққа берік, досы
көп жандар да бар. Ұзақ достық
қалай басталады дегенге келер
болсақ, ол бала кезден басталады
десек қателеспейміз. Ескі доспен
кездескен кезіңізде, есіңіз шығып
қуанатыныңызды еске түсіріп
көріңіз. Расында, ескі достар, сол
бала кезде бірге ойнап, бір күлген
бал күндердегі жолдасыңыз. Ескі
дос һәм жаңа дос деп бөлуіміздің
өзінде күдік жатқан жоқ па?
10 слайд
Қазіргілердің көзқарасы бойынша адамдар бір-біріне сенуден қалған. Сенгісі келсе де, ішінде бір күмән тұрады. Сол себепті де, достық ұғымының ауқымы тарылған деседі. Қалай десек те, достыққа берік, досы көп жандар да бар. Ұзақ достық қалай басталады дегенге келер болсақ, ол бала кезден басталады десек қателеспейміз. Ескі доспен кездескен кезіңізде, есіңіз шығып қуанатыныңызды еске түсіріп көріңіз. Расында, ескі достар, сол бала кезде бірге ойнап, бір күлген бал күндердегі жолдасыңыз. Ескі дос һәм жаңа дос деп бөлуіміздің өзінде күдік жатқан жоқ па?
#11 слайд
Қазақ халқы "Досы көппен сыйлас, досы азбен
сырлас" немесе "Ақылды дұшпаннан қорықпа, ақымақ достан
қорық"деу арқылы да өмірде достықтың қаншалықты
маңызды екенін айтқан. Досыңыз көп пе, жолдасыңыз ба?
Жолдастық пен достықтың аражігін ажырата алмауымыздан
оның бағасын төмендетіп аламыз. Достыққа адалдық керек.
Оған адал болам десеңіз, өзіңіз дос бола біліңіз. Ең бастысы –
сенім. Досыңызға өзіңізге сенгендей сеніңіз. Сыйлы болыңыз.
Жақсы көріңіз. Сенім бар жерде ұлы достық бар. Оның арты
өмірлік сыйластыққа ұласады.
11 слайд
Қазақ халқы "Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас" немесе "Ақылды дұшпаннан қорықпа, ақымақ достан қорық"деу арқылы да өмірде достықтың қаншалықты маңызды екенін айтқан. Досыңыз көп пе, жолдасыңыз ба? Жолдастық пен достықтың аражігін ажырата алмауымыздан оның бағасын төмендетіп аламыз. Достыққа адалдық керек. Оған адал болам десеңіз, өзіңіз дос бола біліңіз. Ең бастысы – сенім. Досыңызға өзіңізге сенгендей сеніңіз. Сыйлы болыңыз. Жақсы көріңіз. Сенім бар жерде ұлы достық бар. Оның арты өмірлік сыйластыққа ұласады.
#12 слайд
Достық ұғымын қазақ, Қазақстан
жағдайына аударсақ,шынында
біздің досымыз кім?Бізде достық
жоғары тұру керек пе,әлде мүдде
ме? Қазақ елі өткен ғасырда 70
жыл бойы қызыл тудың астына
біріккен одақтас мемлекеттерді
дос тұтып келді.Ал,тәуелсіздік
алғаннан кейін түркі тілдес
мемлекеттер мен Орталық Азия
елдерін өзімізге дос
тұтамыз.Экономикалық
тұрғыдан Ресей мен Белоруссия
секілді одақтастарымыз бен өзге
дестратегиялық әріптестеріміз
бар.
12 слайд
Достық ұғымын қазақ, Қазақстан жағдайына аударсақ,шынында біздің досымыз кім?Бізде достық жоғары тұру керек пе,әлде мүдде ме? Қазақ елі өткен ғасырда 70 жыл бойы қызыл тудың астына біріккен одақтас мемлекеттерді дос тұтып келді.Ал,тәуелсіздік алғаннан кейін түркі тілдес мемлекеттер мен Орталық Азия елдерін өзімізге дос тұтамыз.Экономикалық тұрғыдан Ресей мен Белоруссия секілді одақтастарымыз бен өзге дестратегиялық әріптестеріміз бар.
#13 слайд
«Дос – екі денеде өмір сүретін бір жан» деп Аристотель
қалай əдемі тұжырымдаған десеңізші. Иә, достық
дегеніміз адамдардың бір-біріне адалдық танытып,
қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын
ерекше қарым-қатынас. Ол – өзара жауапкершілік пен
қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз
достық, риясыз пейіл шабыт беріп, өмірде кездесетін
түрлі сəтсіздікке мойымауға, басқа түскен қайғы мен
қиыншылықты бірге көтеруге жəрдемдеседі.
Достықтың классикалық анықтамасы да осындай.
13 слайд
«Дос – екі денеде өмір сүретін бір жан» деп Аристотель қалай əдемі тұжырымдаған десеңізші. Иә, достық дегеніміз адамдардың бір-біріне адалдық танытып, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын ерекше қарым-қатынас. Ол – өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық, риясыз пейіл шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сəтсіздікке мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жəрдемдеседі. Достықтың классикалық анықтамасы да осындай.
#14 слайд
14 слайд
#15 слайд
15 слайд
шағым қалдыра аласыз













