400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қиянат жасамау

Материал туралы қысқаша түсінік
презентация ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Слайдтың жеке беттері
Қиянат жасамау адамгершілік құндылық ретінде

#1 слайд
Қиянат жасамау адамгершілік құндылық ретінде

1 слайд

Қиянат жасамау адамгершілік құндылық ретінде

Қазақстан Республикасының Конституциясында Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайд

#2 слайд
Қазақстан Республикасының Конституциясында Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды (27-бап)  ешкімді азаптауға, оған зорлық- зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамның қадір- қасиетін қорлайтындай  жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар (18-бап)

2 слайд

Қиянат жасамау – ақиқатпен өмір сүру, мінез-құлық және жан тыныштығы да сүйісп

#3 слайд
Қиянат жасамау – ақиқатпен өмір сүру, мінез-құлық және жан тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған, яғни тәтті жеміс.

3 слайд

Адамдық борышың Халқыңа еңбек қыл, Ақ жолдан айнымай, Ар сақта, оны біл. Шәк

#4 слайд
Адамдық борышың  Халқыңа еңбек қыл,  Ақ жолдан айнымай,  Ар сақта, оны біл.  Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) Кел жастар, біз бір түрлі жол табалық,      Арам айла, зорлықсыз мал табалық,      Өтпес өмір, таусылмас мал берелік,      Бір білімді данышпан жан табалық…

4 слайд

Шәкәрім Құдайбердіұлы Мейірім, ынсап, ақ пейіл, ад

#5 слайд
Шәкәрім Құдайбердіұлы Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек – осы төртеуі кімнің бойында болса, сол шын АДАМ болады.

5 слайд

Шәкәрім Құдайбердіұлы Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға, нег

#6 слайд
Шәкәрім Құдайбердіұлы Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға, негізгісі – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныш өмір сүруге мүмкіндік жоқ...  Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады.  Ал арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді.  Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен бірі тату тұруында сөз жоқ.

6 слайд

Күш көрсету, зорлық – зомбылық, сөзбен немесе іспен зиян келтiру: Махаббаттан ад

#7 слайд
Күш көрсету, зорлық – зомбылық, сөзбен немесе іспен зиян келтiру: Махаббаттан ада; Рухани жұтаң; Имансыз; Менмен; Арсыз; Тас жүректердің ісі.

7 слайд

•Зорлық және қиянат жасамау ұғымы бұл тек әдеп категориясы ғана емес, қазіргі

#8 слайд
•Зорлық және қиянат жасамау ұғымы бұл тек әдеп категориясы ғана емес, қазіргі қоғамда орын алған адамдар арасындағы қатынастың мәні ретінде ашылып қарастырылатын әлеуметтік-психологиялық маңызды түсінік; •Қиянат жасамауды - cүйіспеншілік деп ұғыну; •Барлық заттардың бірлікте болуын табиғатқа қиянат жасамау деп ұғыну; •Қиянат жасамау – адамгершіліктің жемісі;

8 слайд

Егер адам баласы бір- біріне зорлық жасамай, барлық адам бір-біріне бір бауырдай б

#9 слайд
Егер адам баласы бір- біріне зорлық жасамай, барлық адам бір-біріне бір бауырдай болып, өнер- білімімен, таза еңбекпен табиғаттың байлығынан пайдаланып отырса, дүние бейіс болуында сөз жоқ. Шәкәрім Құдайбердіұлы

9 слайд

- Қай жерде саған қайшы келетіндей талас туындаса да, сен оған сүйіспеншілікп е

#10 слайд
- Қай жерде саған қайшы келетіндей талас туындаса да, сен оған сүйіспеншілікп ен жауап қайтар. - Қиянат жасамау күші табиғи материалдық күшке қарағанда анағұрлым шексіз нәзік және ғажайып дүние. Махатма ГАНДИ

10 слайд

Махатма Ганди Егер бүкіл әлемде нағыз тыныштық заман болсын десек, онда

#11 слайд
Махатма Ганди Егер бүкіл әлемде нағыз тыныштық заман болсын десек, онда балалардан бастау керек.

11 слайд

Махатма Ганди Бізді құртатын – ұстанымсыз саясат, ар- ұждансыз ләззат

#12 слайд
Махатма Ганди Бізді құртатын – ұстанымсыз саясат, ар- ұждансыз ләззат, еңбексіз байлық, сипатсыз білім, имансыз бизнес, адамгершіліксіз ғылым және құрбансыз дұға.

12 слайд

Қиянат жасамаудың сипаттамалық ерекшеліктері -Бәрінің бірлікте болуының мәнін же

#13 слайд
Қиянат жасамаудың сипаттамалық ерекшеліктері -Бәрінің бірлікте болуының мәнін жете түсіну; -Қиянат жасамау барлық заттарға сүйіспеншілікпен қарауды қажет етеді; -Қиянат жасамау барлық адамгершілік істерді өзіне қосып алады; -Қиянат жасамау тек қатыгездік жасамауды ғана білдірмейді, сонымен қатар басқа адамдардың қайғысын жеңілдету үшін де әрекет етеді; -Қиянат жасамау шексіз сүйіспеншілікті білдіреді.

13 слайд

Барлық кезде махаббатпен, сүйіспеншілік болған кезде: жан дүниесі тазарып, мі

#14 слайд
Барлық кезде махаббатпен, сүйіспеншілік болған кезде: жан дүниесі тазарып, мінез құлқы түзеліп, іс әрекеті дұрысталады. Алайда, мұның барлығы тек егер адамның негізінде ұяты болса ғана жүзеге асады. Демек, иманды адам ұятын көзінің қарашығындай қорғаштауы қажет.

14 слайд

Руханилық сыртқы көзден жасырын тұрады.  Руханилық – ізгі ақылдың шешімі, ізгі

#15 слайд
Руханилық сыртқы көзден жасырын тұрады.  Руханилық – ізгі ақылдың шешімі, ізгі жүрек әмірі, ізгі сезім, махаббат пен жанашырлықтың саналы және санадан тыс әрекетттерден көрінуі.  Руханилық – жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ұят, ар, өзін-өзі адамгершілік бақылау мен бағалау жүзеге асырылады.

15 слайд

Қиянат жасаудың туындау себептері: -Сүйіспеншіліктің жетіспеуі; -Рухани-адамгершілі

#16 слайд
Қиянат жасаудың туындау себептері: -Сүйіспеншіліктің жетіспеуі; -Рухани-адамгершілік білімнің жетіспеуі; -Арсыз, имансыз іс-әрекетке бару және т.б.

16 слайд

Махаббатпен жаратқан адамзатты. Абай

#17 слайд
Махаббатпен жаратқан адамзатты. Абай

17 слайд

Махаббатпен жаратқан адамзатты. Абай

Әділеттілік пен мейірбандық бір-бірімен тығыз байланысты егіз ұғымдар. Барлық і

#18 слайд
Әділеттілік пен мейірбандық бір-бірімен тығыз байланысты егіз ұғымдар. Барлық істе әділетке жүгінген адам ешқашан зорлық- зомбылыққа жол бермейді, мейірбандық борышын ұмытпайды. Абай

18 слайд

Абай “Рақымдылық, мейірбандық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне

#19 слайд
Абай “Рақымдылық, мейірбандық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойланғандай оларға да болса игі еді демек, бұлар- жүрек ісі. Асықтық та – жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.

19 слайд

Қиянат жасамау практикасы Қиянат жасамаудың теориясы мен практикасында адамның жа

#20 слайд
Қиянат жасамау практикасы Қиянат жасамаудың теориясы мен практикасында адамның жақсылыққа ұмтылуына айрықша назар аударылады. Қоғамдағы адамдардың өзара қарым- қатынасындағы әділеттілік үшін күресте өзіне зорлық және қиянат жасамаудың түрлі жолдарын ұсынады: -Басқарушы іс-әрекетте қиянат жасамау; -Шынайы білімді таратуға қиянат жасамау; -Әрекет етпеуге қиянат жасамау; -Еркіндікке бақталастықпен қиянат жасамау; -Өзің турасында қиянат жасамау; -Ешкімге қиындық келтірмеуге талпыну; -Агрессивті көңіл-күйдің туындауына бақылау және т.б.

20 слайд

Жүректен шыққан жылы сөздер -Жақсы сөз- жарым ырыс дейді халқымыз. -Жақсы сөз есті

#21 слайд
Жүректен шыққан жылы сөздер -Жақсы сөз- жарым ырыс дейді халқымыз. -Жақсы сөз естісең, жаның жадырап сала береді. -Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады, қуанышқа бөлейді. -Жылы сөз, адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға септігін тигізеді. -Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан қолдан келгенше бір- біріне жылы сөз, жақсы тілек айтудың өзі адамға жақсылық жасау екенін ұмытпайық.

21 слайд

А қ и қ а т С ү й і с п е н ш і л і к П а р ы з Т ы н ы ш т ы қ ¿ Қ и я н а т ж а с

#22 слайд
А қ и қ а т С ү й і с п е н ш і л і к П а р ы з Т ы н ы ш т ы қ ¿ Қ и я н а т ж а с а м а у Егер жүрегімізде АҚИҚАТ болса Оны СҮЙІСПЕНШІЛІК -пен нәрлендіре білсек Ол біздің ПАРЫЗЫМЫЗ Сонда жанымызда ТЫНЫШТЫҚ болады Әлемде ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ орнайды.

22 слайд

Ғабиден Құлахмет Ізгілік пен зұлымдық туралы баллада Қаз қалпында сақталған, бәрі

#23 слайд
Ғабиден Құлахмет Ізгілік пен зұлымдық туралы баллада Қаз қалпында сақталған, бәрі есімде, Ұмытқам жоқ оларды... сенесің бе?! Бір батып, бір шығып жүр екі бейне, Қайран бала күнімнің елесінде. II Зәбірі жоқ, зорлығы жоқ басқаға, Бізбен көрші үйде тұрды жас бала. Тағдыр оның жүрегіне от беріп, Есесіне тілін буып тастаған. Бұлқынса да бейкүнә өмір нешеме, Маңдайына тиіпті осы пешене. Өгей әке қаһары ма... қой оны, «Мама» деп те айта алмады шешеге. Ауыр сырқат қойса-дағы кәріп қып, Жалғыз ұлға қамқор еді жарықтық. «Алыс жаққа» жолаушылап кеткенде, Ойын қуған мына біздер қамықтық. Өгей әке, бала қоңыр күйге енді, Елеуғазы көп ұзамай үйленді. Күлкісі емес, қарғысы көп жеңгейге  Ауылдағы барлық адам үйренді.  Қоштассақ та сәбилікпен ақ уыз,  Ессіздікке көп барамыз әлі біз.  Өзі үндемес, өзі қорқақ баланы  Жәбірлеуге құмар едік бәріміз.  Бәрімізге...  бастан шертпек беретін,  Сансыз саусақ маңдайына төнетін,  Шекесі ісіп, жыларман боп кетсе де  Ертеңіне ол және қайтып келетін.  Кез болады, ойын еңсе басатын,  ұтылғандар жазалаудан қашатын.  Сондай кезде тайсақтасақ...  біз үшін  Үндемес кеп тақыр басын тосатын!  Көк шыбықтай болсақтағы орманбыз,  Ойхой, қалай дәу жігіт боп қалғанбыз!  Сол бір күзде біз мектепке бардық та,  Жаутаң қағып қалып қойды ол жалғыз.  Бір мезгілде бізбен үйден шығатын,  Кайтқан кезде... жолда тосып тұратын.  Үндемес деп жүруші едік бар бала,  Кейін білдік Достық деген шын атын.

23 слайд

 «Бақ онанда өз үйіңнің көк атын», - деп Елекең сабап-сабап алатын. Күндіз көзг

#24 слайд
 «Бақ онанда өз үйіңнің көк атын», - деп Елекең сабап-сабап алатын. Күндіз көзге көрінуді қойса да, Іңір түсе бізді тауып алатын. Досқа деген ықыласын білсек те, - Ортаға кел, бері отыр,- деп жүрсек те, Қошеметті көпсіне ме, қол сілтеп Қызараңдап отыратын бір шетте. Қашты ма екен, мылқау ұлды бағудан, Жеңгей ме әлде төркіндерін сағынған, Шөпке кеткен Үндеместі қалдырып, Елеуғазы көшіп кетті ауылдан. Кісәпірдің мейірімсізі-ай, қаталы-ай, Қол сілтесіп қойған едік,.. О, тоба-ай, Болса да өгей, сүйеді екен әкесін, Зар иледі бейбақ жетім ботадай. Ақсақалдар: «Ортамызда бол», - депті, Оған, бірақ мылқау бала көнбепті. Шешесінің суретін сап қойнына, Тастап қашқан әке артынан ол кетті. Өз дауысы, айтар әні болғасын, Тапты кейін жас толқындар арнасын. Өмір жайлы оқылмаған бір өлең, Сияқты боп кете барды сол досым. III Тау менен тау кездеспеген... Ал, адам мәңгі-бақи кездесуге жаралған. Жалғыздықтан ауыр айып болмайды, Адам болып туғандарға Анадан. Өткеніңнің өлшеп, дұрыс, қатесін, Өмір болса кәрілікке жетесің. Кездестік біз... келе жатыр сол досым Арқалап ап баяғы өгей әкесін. Бет-ауызын ісік алған көлкілдеп, Елеуғазы шал болыпты елпілдек. Жауар бұлттай түнеретін қабақ жоқ, Нұрсыз көзде тамшы жас тұр мөлтілдеп. - Жағдай осы... Өзің көрген хал бүгін, Бәліністен үйге сұрап алды ұлым, Немерем бар... Достықжаным үйленген, - Жуып-шайып жатыр енді барлығын. IV Күзгі бақтың жапырағын жел тонап, Сағыныштан сарғайғанда шартарап. Көңілімде өксіп тұрып алатын, Түйнегі көк тілсіз қалған махаббат?! Түйнегі көк, тілсіз қалған махаббат, Кұрды бүгін көз алдымда салтанат. Жүр екен ғой жер бетінде ізгілік,  Зұлымдардың ар-ұятын арқалап!

24 слайд

Асығыс үкім Бір кісі үйінің төменгі қабатында ағаш шеберлігімен айналысады ек

#25 слайд
Асығыс үкім       Бір кісі үйінің төменгі қабатында ағаш шеберлігімен айналысады екен. Есік пен терезе жасап күнелтеді. Бір күні жұмыс істеп жатқанында электр қуаты өшеді. Ұзақ уақыт бойы күтсе де келмейді. Қасарысқандай сол кеште тапсыруы керек болған бірнеше терезе бар еді. Біраз демалу үшін үйіне көтеріліп бара жатып сақтандырғышқа көзі түседі. Біреу сақтандырғышты өшіріп қойған екен.        Ажыратқышты (рубильник) қосқанда цех жарық болады. Болжамдары дұрыс шыққан екен, бірақ мұның мәнісін түсіне алмайды. Жұмысқа қайта кіріскенінде сол нәрсе тағы қайталанады. Бірақ бұл жолы кінәлі адамды көрді. Баласы үй мен цех арасындағы сатыдан дыбыссыз, ақырын түсіп, сақтандырғышты өшіріп жатқан кезінде әкесін дәл алдында көреді. Адам он жасқа енді толған баласының мұндай опасыздығын кешіре алмайды. Бүкіл күні оның кесірінен жоғалған еді. Бір рет қана істеген болса бәлкім үн қатпас еді. Шаштарынан ұстап шапалақпен тартып жібереді. Бәлкім бұл ұрған шапалағы енді қайта опасыздық етуіне кедергі болар. Баласының көз жастарына қарамастан үйіне кіріп, әйеліне бөксіп былай дейді: -Мына баланың мектепте кімдермен жүргенін білуіміз керек!.. Егер бос жіберетін болсақ, басымызға бәле болуы мүмкін!..  Кейін ең оңай жолын табады. Баласының еш қалдырмай ұстап жүретін күнделігінде достарына қатысты мәлімет болса керекті.  Баласы күнделігін көрсеткісі келмесе де оны тыңдамай, күнделігін оқи бастайды. Баласының ең соңғы бетте былай жазғанын көреді: «Бүгін түнде жаман түс көрдім!.. Цехта жұмыс істеп жатқан кезде әкемді тоқ ұрған екен. Аллаһым оны сақтай гөр!.. Мен қолымнан келгенін істеймін!..»

25 слайд

Алғашқы жаңбырға дейiн Таня мен Маша өте жақсы дос болатын. Сондықтан мектепке бi

#26 слайд
Алғашқы жаңбырға дейiн   Таня мен Маша өте жақсы дос болатын. Сондықтан мектепке бiрге баратын. Бiрде Маша Таняға келсе, бiрде Таня Машаның үйiне баратын. Бiр жолы қыздар далада келе жатқан кезде жаңбыр жауып кетедi. Машаның үстiнде плащ, ал Таняның үстiнде көйлек қана. Жаңбырдан қашқан қыздар, мектепке қарай жүгiредi. – Плащыңды шешшi, жамылып алайық, – дейдi Таня. – Менiң үстi-басым су болады ғой, – деп жауап бередi Маша. Мектепке келген мұғалiм апай: – Мiне қызық, Машаның көйлегi құрғақ, ал сенiң, Таня үстi-басың малмандай су. Бұл қалай? Сендер бiрге келдiңдер ғой? – деп таңданады. – Машаның плащы болды. Сондықтан оның киiмi су болған жоқ, – дейдi Таня. – Сендердiң бiр плащты жамылып, бiрге келулерiңе болатын едi ғой. Машаға қарап, басын шайқап: – “Сендердiң достықтарың алғашқы жауынға дейiн болып шықты ғой!” – дедi. Екi қыз да қызарып, ұялып отырып қалды. Маша өзi үшiн ұялса, Таня – Машаның iсiне ұялды.

26 слайд

Қанағат Бір данышпан жан-жануарлардың, құрт- құмырсқаның тілін біледі екен. Бір күні

#27 слайд
Қанағат Бір данышпан жан-жануарлардың, құрт- құмырсқаның тілін біледі екен. Бір күні құмырсқаның дән тасып жүргенін көреді. Қане, құмырсқа, айтшы, дәнді қайда алып барасың? – деп сұрайды. Илеуіме апарамын, – дейді құмырсқа. – Жаздай еңбек-теніп жейтін азығымды жинаймын. Қыстыгүні қаннен-қаперсіз ұйықтаймын. Басың неге үлкен? Аз сөйлеп, көп ойлаймын. Белің неге қылдырықтай? Қомағай емеспін. Жылына қанша дән жейсің? Бір дән жеймін. Соған қанағат етесің бе? Одан көп жей берсем, жер бетіндегі басқа құмырсқалар аш қалады. Қанағат керек. Данышпан оны сынап көрмек болады. Қорапқа қамап, алдына бір дән салады. Қорапты су тимейтін бір жайлы жерге орналастырады. – Бір жылдан кейін келемін. Дәнің бар жейтін, қамсыз жата бер, – дейді данышпан.

27 слайд

Бір жыл өткен соң, уәде бойынша данышпан құмырсқаға келеді. Құмырсқа тірі екен. Жа

#28 слайд
Бір жыл өткен соң, уәде бойынша данышпан құмырсқаға келеді. Құмырсқа тірі екен. Жалғыз дәннің жартысын ғана жепті. Бұған таңданған данышпан: – Сен жылына бір дән жеймін деп едің ғой, – депті. – Дәнді неге түгел жемей, жартысын ғана қалдырдың? Сонда құмырсқа былай депті: – Айтқаның дұрыс, мен жылына бір ...

28 слайд

Материалды PowerPoint форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
461
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі