Қоғамдағы тұлға және оның құндылықтары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қоғамдағы тұлға және оның құндылықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Құндылық туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФИЗИКА – МАТЕМАТИКА МЕКТЕБІ Авторлық бағдарлама «ҚОҒАМДАҒЫ ТҰЛҒА ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» 8-сынып оқушыларына арнал

#1 слайд
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФИЗИКА – МАТЕМАТИКА МЕКТЕБІ Авторлық бағдарлама «ҚОҒАМДАҒЫ ТҰЛҒА ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» 8-сынып оқушыларына арналған Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат Жазған: Калдыбаев Ербол Омарович, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші  

1 слайд

Бағдарлама мақсаты: Оқушылардың рухани-адамгершілік, мәдени және азаматтық қасиеттерін қалыптастыру, қоғамдағы өз орнын түсіне

#2 слайд
Бағдарлама мақсаты: Оқушылардың рухани-адамгершілік, мәдени және азаматтық қасиеттерін қалыптастыру, қоғамдағы өз орнын түсіне білуге, өз құндылықтарын айқындауға және тұлға ретінде дамуға бағыттау Бағдарлама міндеттері: 1.Тұлға ұғымын түсіндіру, оның қоғамдағы рөлін айқындау; 2.Рухани-адамгершілік құндылықтарды танып, өмірде қолдануға дағдыландыру; 3.Қазақ әдебиетінің тұлғалық бейнелері арқылы ізгілік, әділдік, еңбексүйгіштік, отансүйгіштік қасиеттерді дәріптеу; 4.Әдеби және публицистикалық мәтіндер арқылы тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым дағдыларын дамыту; 5.Өз ойын дәлелдеп айту, пікірталас жүргізу, эссе жазу мәдениетін жетілдіру; 6.Оқушыларды мақсат қоя білуге, өзін-өзі бағалауға және жетілдіруге баулу, қоғамдық жауапкершілік пен азаматтық сана қалыптастыру.

2 слайд

Бағдарлама жаңашылдығы : бағдарлама дәстүрлі тілдік және әдеби мазмұнды рухани, әлеуметтік және тұлғалық даму бағыттарымен ұшт

#3 слайд
Бағдарлама жаңашылдығы : бағдарлама дәстүрлі тілдік және әдеби мазмұнды рухани, әлеуметтік және тұлғалық даму бағыттарымен ұштастырады; Әдебиет пен өмірлік тәжірибені біріктіре отырып, «адамтану» және «құндылықтар педагогикасы» идеясына сүйенеді; коммуникативтік және құндылықтық бағыттағы оқыту әдістері (дебат, жобалау, кейс-талдау, шығармашылық тапсырмалар, эссе) қолданылады; Мәтіндік талдау мен сыни ойлау стратегиялары біріктіріліп, оқушының шығармашылық және зерттеушілік қабілетін дамытады; бағдарлама тапсырмалар оқушылардың өмірлік дағдыларын, тұлғалық рефлексиясын және жауапкершілік сезімін арттыруға бағытталған. Бағдарлама өзектілігі: Қазіргі жаһандану дәуірінде жеке тұлғаның қоғамдағы орнын дұрыс айқындауы, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйене отырып өмір сүруі – ең маңызды әлеуметтік және тәрбиелік мәселе болып табылады.

3 слайд

Күтілетін нәтижелер: 1.Тұлға, қоғам және құндылық ұғымдарының мәнін түсінеді; 2.Әдеби және өмірлік мысалдар арқылы тұлғалық қаси

#4 слайд
Күтілетін нәтижелер: 1.Тұлға, қоғам және құндылық ұғымдарының мәнін түсінеді; 2.Әдеби және өмірлік мысалдар арқылы тұлғалық қасиеттерді талдай алады; 3.Рухани-адамгершілік, ұлттық және азаматтық құндылықтарды өмірде қолдануға үйренеді; 4.Өз көзқарасын дәлелдеп, мәдениетті түрде пікір білдіреді; 5.Қазақ тілі арқылы қарым-қатынас мәдениетін дамытады; 6.Эссе, ойтолғау, пікір, хат, сұхбат түрінде өз ойын сауатты жаза алады; 7.Мақсат қоя білу, өзін-өзі жетілдіру және болашаққа бағдар жасау дағдыларын меңгереді.

4 слайд

(МАЗМҰНДЫҚ) БӨЛІМ I тоқсан (8 сағат) Бөлім: «Мен және менің ортам» II тоқсан (8 сағат) Бөлім: «Адамгершіл

#5 слайд
(МАЗМҰНДЫҚ) БӨЛІМ I тоқсан (8 сағат) Бөлім: «Мен және менің ортам» II тоқсан (8 сағат) Бөлім: «Адамгершілік пен рухани құндылықтар» III тоқсан (10 сағат) Бөлім: «Қоғам және тұлғаның әлеуметтік рөлі» IV тоқсан (8 сағат) Бөлім: «Болашаққа бағдар: тұлғалық даму»

5 слайд

Қолданылатын оқыту әдістері. Бағдарламада қазіргі білім берудің тиімді әдістері пайдаланылады: Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы

#6 слайд
Қолданылатын оқыту әдістері. Бағдарламада қазіргі білім берудің тиімді әдістері пайдаланылады: Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы (INSERT, Венн диаграммасы, Блум таксономиясы); Коммуникативтік әдіс – тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым дағдыларын дамыту; Жобалық оқыту – шағын зерттеу немесе әлеуметтік жоба дайындау; Кейс әдісі – өмірлік жағдайды талдау арқылы шешім табу; Пікірталас және дебат әдісі – дәлелді сөйлеу және өз көзқарасын қорғау қабілеті; Тренингтік элементтер – өзін-өзі тану мен топтық өзара әрекетке үйрету; АКТ интеграциясы – интерактивті тақта, Padlet, Kahoot, Mentimeter, Canva құралдарын қолдану. Бағалау критерийлері: Мазмұнның тереңдігі мен тақырыпқа сәйкестігі; әлел мен мысал келтіру деңгейі; Тілдік сауаттылық пен стильдің сақталуы; Шығармашылық көзқарас, өзіндік пікір; Топтық және жеке жауапкершілік.

6 слайд

«Қоғамдағы тұлға және оның құндылықтары» Бағдарлама ақпараттық-әдістемелік бөлімі – оқушылардың

#7 слайд
«Қоғамдағы тұлға және оның құндылықтары» Бағдарлама ақпараттық-әдістемелік бөлімі – оқушылардың тұлғалық, рухани және мәдени дамуын қамтамасыз ететін педагогикалық тұрғыдан негізделген, заманауи білім беру талабына сай бағдарлама. Бұл бағдарлама арқылы оқушылар: өз болмысын тани алады; қоғаммен үйлесімді өмір сүрудің маңызын түсінеді; өз көзқарасын мәдениетті жеткізе біледі; рухани-адамгершілік құндылықтарды өмірлік ұстанымға айналдырады. Бағдарлама мектептің тәрбие жүйесін байытып, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мазмұнын тұлғалық және құндылықтық деңгейде тереңдетуге нақты үлес қосады.

7 слайд

ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР «Қоғамдағы тұлға және оның құндылықтары» элективті курсы – тұлғаның рухани, әлеум

#8 слайд
ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР «Қоғамдағы тұлға және оның құндылықтары» элективті курсы – тұлғаның рухани, әлеуметтік және мәдени дамуын қамтамасыз ететін пәндік-бағытталған, тәрбиелік мәні зор бағдарлама. Бағдарламаның басты ерекшелігі – құндылыққа негізделген оқыту, тұлғалық даму, және практикалық бағыттылық.

8 слайд

Өмірмен байланыс: Оқушылар өз отбасындағы,

#9 слайд
Өмірмен байланыс: Оқушылар өз отбасындағы, мектептегі, қоғамдағы құндылықтар мен тұлғалық мәселелерді талқылайды, әлеуметтік белсенділікке үйренеді және болашаққа бағдар қалыптастырады. Қауіпсіздік, этикалық және психологиялық талаптар Сабақ барысында әр оқушының жеке пікірін құрметтеу; Сезімтал тақырыптарды қозғағанда этикалық шектеуді сақтау; Топтық пікірталаста дау емес, мәдени диалог жүргізу; Құпия немесе жеке тәжірибеге қатысты ақпаратты жария етпеу; Интернет пен әлеуметтік желілерде ақпаратты қауіпсіз және жауапты қолдануға үйрету.

9 слайд

Қорытынды ұсынымдар: Сабақта ақпараттық месс, тәрбиелік және дамытушылық бағыт басым болсын; Әр сабақ соңында оқушылардың рух

#10 слайд
Қорытынды ұсынымдар: Сабақта ақпараттық месс, тәрбиелік және дамытушылық бағыт басым болсын; Әр сабақ соңында оқушылардың рухани өсу динамикасын бақылап, талдап отыру; Оқушылардың жетістігін тек академиялық тұрғыдан емес, тұлғалық жетістік ретінде бағалау; Әрбір тақырыпты өмірлік тәжірибемен ұштастырып, нәтижесін шығармашылық жұмыс арқылы бекіту; Мұғалім мен оқушы арасындағы өзара сенім мен қолдау – бағдарлама табысының басты шарты.

10 слайд

ҚОРЫТЫНДЫ «Қоғамдағы тұлға және оның құндылықтары» бағдарлама оқушылардың адамгершілік, азаматтық және әлеуметтік құндылықтарын

#11 слайд
ҚОРЫТЫНДЫ «Қоғамдағы тұлға және оның құндылықтары» бағдарлама оқушылардың адамгершілік, азаматтық және әлеуметтік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған тиімді инновациялық тәжірибе болып табылады. Бағдарлама барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, қоғамдағы өз рөлін түсініп, құндылықтарға негізделген шешім қабылдауға үйренеді. Интерактивті және цифрлық әдістерді қолдану оқыту сапасын арттырып, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайтаты. Жалпы алғанда, бұл тәжірибе тұлғаның үйлесімді дамуына, құндылықтық сана мен азаматтық белсенділікті тәрбиелеуге ықпал етеді.

11 слайд

Назарларыңызға рахмет!

#12 слайд
Назарларыңызға рахмет!

12 слайд

Назарларыңызға рахмет!

Файл форматы:
pptx
28.11.2025
17
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі