Материалдар / Қолөнер мен кәсіп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қолөнер мен кәсіп

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырып бойынша мәлімет толық қамтылған. Оқу мақсатына сәйкес құрастырылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қырқүйек 2024
303
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
§3–4. Қолөнер мен кәсіп Оқу мақсаты: - этнографиялық материалдардан қазақтарда қолөнер мен кәсіптердің дамуын сип

1 слайд
§3–4. Қолөнер мен кәсіп Оқу мақсаты: - этнографиялық материалдардан қазақтарда қолөнер мен кәсіптердің дамуын сипаттау. Автохтонды – белгілі бір аймақтың ежелгі жергілікті халқы. Қалау – тұрмыстық салт, өзіне ұнаған затты, бұйымды үй иесінен сұрап алу.

1. Қазақ қолөнері мен кәсібінің бастаулары Қазақтар көне дәуірден Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпалар (сақ

2 слайд
1. Қазақ қолөнері мен кәсібінің бастаулары Қазақтар көне дәуірден Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпалар (сақтар, ғұндар, ортағасырлық түркілер, қыпшақтар т.б.) рухани материалдық мәдениетінің тікелей мұрагері. Антрополог, академик О. Смағұлов дәлелдегендей, Қазақстан жеріндегі тұрғындардың негізгі бөлігі төрт мың жыл бойы автохтонды түрде өлкені тұрақты мекендеп келді. 1969 жылы белгілі археолог К. Ақышев ашқан Есік қорғанындағы қару-жарақтар мен күміс тостаған, ағаш ыдыстар және қыш құмыраларды кейінгі кезеңдегі тұрғындардың күнделікті өмірінен байқай аламыз. Сонау сақ заманынан бері қазақ халқы киіз үй жасауды білді.  Академик Ә. Марғұлан тапқан Жезқазған маңындағы кен орындары бұл аумақтың көне металлургия орталықтарының бірі болғанын айғақтайды. Қазақтардың темір ұсталары мен қолөнершілері металл өңдеудің тәсілдерін ежелгі заманнан берік сақтап, дамытып келеді.

2. Жаңа замандағы үй кәсібі мен қолөнердің жағдайы. Қазақ қоғамында, негізінен, малшаруашылығы шикізаттарын өңде

3 слайд
  2. Жаңа замандағы үй кәсібі мен қолөнердің жағдайы. Қазақ қоғамында, негізінен, малшаруашылығы шикізаттарын өңдеп, тұрмысқа қажетті бұйымдар, киім, сәндік әшекейлер жасады. Көшпелілер тұрмысындағы малдың маңызын Ш. Уәлиханов дәл сипаттайды: «Көшпеліні ішіп-жегізетін де, киіндіретін де мал, ол үшін малының аман болғаны қымбат. Қазақтардың амандасуы «мал-жан аман ба?» деуден басталады». Малдың етін азық етсе, терісінен киім, аяқкиім, әшекейлер, ыдыс-аяқ жасады. Сүйек пен мүйізден халық шеберлері түрлі қобдишалар, музыкалық аспаптар мен үй жиһаздарын көмкерді. Мал жүнінен және киізден киімнің сан алуан түрін, аяқкиімдер мен тұрмыстық заттарды әзірледі. Үй және жабайы жануарлардың мүйізінен тарақтар жасап, жылқы жалынан мықты берік арқандар ескен. Төрт түлік сүйектерінен жоғары сапалы қара сабын қайнатылды. Жақсы сұрыпты жүннен кілем мен киіз (сырмақ, текемет, аяққап, тұскиіз, алаша т.б.) дайындалды.

Қазақ халқының қолөнер бұйымдары Сырмақ Аяққап

4 слайд

3. Ерлер кәсібі мен қолөнері Ерлер кәсібі ұсталық, зергерлік, ағаш, сүйек, тас өңдеу шеберлігін қамтыды. Қазақ ау

5 слайд
3. Ерлер кәсібі мен қолөнері Ерлер кәсібі ұсталық, зергерлік, ағаш, сүйек, тас өңдеу шеберлігін қамтыды. Қазақ ауылдарында ерте замандағы шеберлердің дәстүрлерін жалғастырған зергер- ұсталар алтын және күмістен түрлі бұйымдар жасаумен айналысты. Зергерлер сырға, білезік, түйреуіштер, шашбау, шолпы т.б. әшекей бұйымдарын жасады. Ұста өзінің немесе тапсырыс берушінің үйінде жеке-дара жұмыс істеген.   ХІХ ғасырдың соңында ел арасында темір ұсталары үлкен абыройға ие болды. Олар темірден таға, үзеңгі, пышақ, самаурын кернейі, қайшы, орақ, кетпен сияқты құрал- саймандар соқты. Зерттеуші И.Я. Словцов: «Темір ұсталары балта, үзеңгі, ер-тұрман, пышақ жасады… Бұл заттардың сапасы біздегі Ресей бұйымдарынан кем түспейді», – деп қазақ ұсталарының жасаған бұйымдарына жоғары баға берген. Сүйек ұқсататын шеберлерді халық ерекше құрметтеді. Олар тұрмыстық бұйымдарды әсемдеуге мал сүйектерін ( жауырын, қабырға) пайдаланған. Үй жануары мен жабайы аңдар мүйізінен қанжар, қамшы, пышақтың сабы жасалды. Насыбай сақтайтын шақшаға қой мүйізі, ожаудың сабы, тарақ сияқты заттарға ірі қараның сүйегі қолданылған. Төсағаш, асадал, адалбақан, сандық, кебеже сияқты үй жиһаздары түрлі ою-өрнекпен безендірілді.   Тері және былғарыдан жасалған бұйымдар қазақ өмірінде ежелден маңызды орын алды. Теріден киім, аяқкиім, ыдыстар, ат әбзелдері т.б. заттар дайындалды. Бұл кәсіппен, негізінен, ерлер айналысты. Әйелдер мал терісімен қатар, аң терілерінен де түрлі киімдер мен баскиімдерді оюлап, кесте тікті. Жабайы аң терісінен тон (ішік) пішілді. Үй малы терісінен жасалған саба, торсық, мес сияқты ыдыстар күнделікті өмірде кеңінен қолданылды.   Тас қашаушылардың шеберлігі қабір үстінде құлпытастар тұрғызуда көрініс тапты. Бұл өнердің кең таралған аймағы – Батыс Қазақстан өңірі. Аталған аймақта оңай өңделетін тау жыныстарының молынан кездесуі тас өңдеу кәсібінің дамуына әсер етті.   Ағаш өңдеуді кәсіп еткен ұсталар аса жоғары бағаланды. Ағаш ұсталары ер-тоқым, жерағаш, келі-келсап тағы басқа да малшаруашылығы, егіншілікпен айналысқан қазақ қауымының күнделікті тұрмысына қажетті ағаш бұйымдар түрлерін жа- сай білді. Олар ағаштан дөңгелек, арба, шана, шығыр, ыдыстардың түрлерін (күбі, астау, шара, тегене, тостаған, ожау т.б.) және үй жиһаздарын жасауға маманданды. Ағаштан жасалған бұйымдарға ұсталар сүйек пен күмістен өрнектеп ою салды. Қайың, қараағаш, үйеңкі ағашынан айыр, тырма, күрек сияқты құрал- саймандар дайындалды.   Қазақтың ыдыс-аяғы көші-қон салтына ыңғайлы, жеңіл, сынбайтын етіп тері және ағаштан әзірленетінін білеміз. Теріден бие саууға арналған ыдыс көнек жасалды. Ағаштан шабылған тегене, шара, ожау, астау сияқты ыдыс түрлері кең тарады.

Қазақ халқының қолөнер бұйымдары Сандық Сандық –Сандық (құрал) – бұл ішіне заттар сақтайтын жәшік немесе қорап.

6 слайд
Қазақ халқының қолөнер бұйымдары Сандық Сандық –Сандық (құрал) – бұл ішіне заттар сақтайтын жәшік немесе қорап. Қазақстанда және басқа түркі тілдес халықтарда сандық – ежелден бері қолданылатын тұрмыстық құрал. Көбінесе киім-кешек, әшекейлер және тұрмыстық заттарды сақтауға арналған. Сандықтар ағаштан жасалып, оларды әшекейлеп, ою- өрнектермен безендірген. Ол үй шаруашылығында маңызды рөл атқарып, заттарды сақтаудың дәстүрлі құралдарының бірі болған. Тері торсық пен тостақ  Тері торсық — бұл қазақ халқының дәстүрлі тұрмыстық ыдысы, арнайы түрде өңделген теріден жасалатын су, қымыз, шұбат сияқты сұйықтықтарды сақтауға және тасымалдауға арналған қап. Торсық көшпелі өмір салтында кеңінен қолданылған және оның маңызы зор болған.

Ертұрман — бұл қазақ халқының дәстүрлі ат әбзелдерінің бірі, яғни атқа ер салып мінуге арналған құрал. Ертұрман а

7 слайд
Ертұрман — бұл қазақ халқының дәстүрлі ат әбзелдерінің бірі, яғни атқа ер салып мінуге арналған құрал. Ертұрман атқа мінушінің жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және әртүрлі құрамдас бөліктерден тұрады. Оның жасалуы мен қолданылуы байырғы көшпелі өмір салтының маңызды элементі болған. Ертұрманның негізгі бөліктері: 1.Ер — атқа мінушінің отыратын орны, ең негізгі бөлігі. Ер әдетте ағаштан жасалып, терімен немесе киізбен қапталады. Оны қолдану барысында шабандоздың ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін арнайы қалыпта жасалады. 2.Құйысқан — ердің артқы жағын аттың беліне бекітетін белдік. Ол ердің аттың үстінен тайып кетпеуін қамтамасыз етеді. 3.Жүген — атты басқаруға арналған құрал. Жүген аттың басына салынып, шабандозға атты басқаруға көмектеседі. 4.Өмілдірік — ерді аттың алдына қарай сырғып кетпеуден сақтайтын құрал. Ол аттың төсін бойлап бекітіледі. 5.Үзеңгі — шабандоздың аяғын салатын жері. Үзеңгі атқа мінуді жеңілдетеді және шабандоздың ат үстінде теңселмеуін қамтамасыз етеді.

4. Әйелдер қолөнері Жаңа заманда әйелдер кәсібі мен қолөнері кеңінен дамыды. Қазақтар қыздарына жастайынан киім,

8 слайд
4. Әйелдер қолөнері Жаңа заманда әйелдер кәсібі мен қолөнері кеңінен дамыды. Қазақтар қыздарына жастайынан киім, аяқкиім тігуді, кілем және алаша, кесте тоқуды үйретті. Әрбір қазақ әйелі үй кәсіптерінің барлық түрін толық меңгерген. Бұл туралы Құсмұрын округінің аға сұлтаны Шыңғыс Уәлиханов: «Жейде, шапан, тон аң терісінен тігіледі. Малақай, шалбар, бешпент, қамзол, тақия – осының барлығын әйелдер өздері дайындайды, сатып алмайды», – деп жазған. Киім, аяқкиім, үй тұрмыстық заттары әрбір отбасында қажетіне қарай әзірленді. Әйелдер сырмақ, тұскиіз, текемет, кілем түрлерін киізден жасады.   Қазақ кілемдері тоқылу ерекшелігіне қарай түкті және тақыр деп аталды. Кілем тоқуға түйе немесе қой жүні қолданылды.  Кілемді жерге төседі немесе қабырғаға ілді. Сыйлы қонақ күткенде жаңа әдемі кілемдер төселді. Қазақ халқы кілемді сыйға беріп, бәйге жеңімпаздарына тарту етеді. Кілемді кейде қалау дәстүрі бойынша да беретін болған. Бұл халық өмірінде кілемнің маңызы мен бағалылығын көрсетеді.   Кілем тоқу оңай шаруа болмағандықтан, оны бірнеше әйел, қыз-келіншектер бірігіп тоқыған. Ежелгі дәстүр бойынша кілемасар салтын өткізген.

Кілем тоқу Кілем тоқуға қойдың, түйенің көктемде қырқылған жабағы жүні (өлі жүн) немесе мақта (оңтүстік өңірлер

9 слайд
Кілем тоқу Кілем тоқуға қойдың, түйенің көктемде қырқылған жабағы жүні (өлі жүн) немесе мақта (оңтүстік өңірлерде) таңдалады. Кілем тоқу ісі басталмас бұрын көп сатылардан тұратын дайындық жұмыстарынан басталады. Ол  қой қырқу, жүн түту, жіп иіру, жіп бояу, өрмек құру сияқты машақаты көп іс-әрекеттердн тұрады.

5. Қазақтардың ою-өрнегі Зооморфтық ою-өрнектер. Қазақстанның кейбір аймақтарында әсіресе Батыс Қазақстанда, қабі

10 слайд
5. Қазақтардың ою-өрнегі Зооморфтық ою-өрнектер. Қазақстанның кейбір аймақтарында әсіресе Батыс Қазақстанда, қабір үстіндегі құлпытастар бетіне де зооморфтық ою-өрнектер қашалған. Оның бірнеше түрлері – мүйіз, қосмүйіз, сынықмүйіз, сыңармүйіз кең таралған. Үй малына байланысты табан, түйемойын, қазмойын, өркеш т.б. өрнектер ұшырасады. Өсімдік тектес: ағаш, жапырақ, үшжапырақ, шиыршық, гүл, жауқазын бейнелері бар ою-өрнектер бірлік пен келісім ұғымдарын білдіреді. Космогониялық: күн, ай, жұлдыз тәрізді аспан әлемін білдіретін ою үлгілері. Геометриялық ою-өрнек: сүйірбұрыш, төртбұрыш, үшбұрыш, айқышты, сопақша түрлері де кеңінен таралған.  

1-тапсырма. Ерлер кәсібі мен әйелдер кәсібіне сипаттама беріп, талдау жасаңыз! Ерлер кәсібі мен қолөнеріӘйелдер кә

11 слайд
1-тапсырма. Ерлер кәсібі мен әйелдер кәсібіне сипаттама беріп, талдау жасаңыз! Ерлер кәсібі мен қолөнеріӘйелдер кәсібі мен қолөнері Қорытынды талдау:

2-тапсырма. Мәтіндегі ақпаратты пайдаланып контексттік тест сұрақтарын дайындаңыз!  Кілем тоқу – қолмен және ма

12 слайд
2-тапсырма. Мәтіндегі ақпаратты пайдаланып контексттік тест сұрақтарын дайындаңыз!   Кілем тоқу – қолмен және машинамен тоқу болып екіге бөлінеді. Қолдан тоқылған кілем тоқыма станоктарында өндіріледі. Мұндай кілем өте берік келеді, күтіп ұстағанда ондаған жылдар бойы, кейде жүз жылдан астам уақыт пайдалануға болады. Қолдан тоқылған түкті кілемді тоқуға жүн (қой, ешкі, түйе жүні), мақта мата, жібек, зығыр, кендір жіптері пайдаланылады. Қолмен тоқылатын кілемнің түгі әртүрлі бояулы жіптерді әрбір екі өріс жібіне шалу арқылы жасалады. Майда өрнек қажет болғанда бір ғана өріс жібіне түйіледі. Олар көбіне қос шалымды, кейде бір жарым шалымды тұзақша түрінде болады да, ұшы бетіне шығарылып, қырқылып тасталады. Бірыңғай қатар жатқан тұзақшалардан кейін арқау жібін жүргізіп, алдыңғыларына қарай тарақпен нығыздай қағып отырады. Түк үшін жүннен иірілген жіп (кейде жібек жіп), ал өріс және арқау үшін мақта жіп қолданылады. Кілем тоқу халықтың өте ертеден келе жатқан қолөнері». Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. – Алматы, 2003, 5-том, 149–150-беттер.

Үй тапсырмасы Тақырыпты оқып, мазмұндау Тақырыптың соңындағы сұрақтарға жазбаша жауап беру.

13 слайд