“Қыз - ұлттың ұяты, халықтың шырайы”


1 слайд
Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беретін мектебі
11 А сынып
қыздар жиналысы
тақырыбы:
“Қыз - ұлттың ұяты,
халықтың шырайы”
Өткізген: Тогусбаева Г.А.
Шымкент - 2023
1 слайд
Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беретін мектебі 11 А сынып қыздар жиналысы тақырыбы: “Қыз - ұлттың ұяты, халықтың шырайы” Өткізген: Тогусбаева Г.А. Шымкент - 2023

2 слайд
*
Тақырыбы: Қыз - ұлттың ұяты, халықтың шырайы
Мақсаты: Қыз балаларды жат қылықтардан аулақ болуға, әдептілікке,
инабаттылыққа тәрбиелеу. Қыз бала гигиенасы, татуировканың зияны,
темекінің зияны, ерте жүктіліктің қауіптілігі, т.б. туралы түсіндіру.
Жоспар:
«Қыз - ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында баяндама.
/Баяндамашы Нурмагамбетова М.К./
Қыз бала гигиенасы, татуировканың зияны, темекінің зияны, ерте
жүктіліктің қауіптілігі туралы баяндама. /мектептің мед. қызметкері
Туленова Г./
Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу. Психолог кеңесі /
Айгелдиева Қ /
Жасөспірім және заң (қыздар арасындағы өзара жанжал, төбелес,
әлеуметтік желілердегі Whatsup, ВК-дағы балағат сөздермен қысым
көрсету, т.б.) Ғаламтордағы тыйым салынған сайттардың қадағалауда
екендігін түсіндіру.(Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 442 бабы)
(сынып жетекшілер)
Мектепішілік ережедегі қыздарға арналған бірыңғай форманың (қос
бұрым (2 бантик), тізеден төмен түсетін юбка) (сынып жетекшілер)
2 слайд
* Тақырыбы: Қыз - ұлттың ұяты, халықтың шырайы Мақсаты: Қыз балаларды жат қылықтардан аулақ болуға, әдептілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Қыз бала гигиенасы, татуировканың зияны, темекінің зияны, ерте жүктіліктің қауіптілігі, т.б. туралы түсіндіру. Жоспар: «Қыз - ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында баяндама. /Баяндамашы Нурмагамбетова М.К./ Қыз бала гигиенасы, татуировканың зияны, темекінің зияны, ерте жүктіліктің қауіптілігі туралы баяндама. /мектептің мед. қызметкері Туленова Г./ Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу. Психолог кеңесі / Айгелдиева Қ / Жасөспірім және заң (қыздар арасындағы өзара жанжал, төбелес, әлеуметтік желілердегі Whatsup, ВК-дағы балағат сөздермен қысым көрсету, т.б.) Ғаламтордағы тыйым салынған сайттардың қадағалауда екендігін түсіндіру.(Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 442 бабы) (сынып жетекшілер) Мектепішілік ережедегі қыздарға арналған бірыңғай форманың (қос бұрым (2 бантик), тізеден төмен түсетін юбка) (сынып жетекшілер)

3 слайд
Үкілі кәмшәт, бүрмелі көйлек. Қас-кірпігің қарлығаштың қанатындай қап-қара,
Тұрғандай өзі қимылсыз билеп. Үлбіреген жүзің сенің ақ жібек пе, мақта ма?
Иықтан шашың,төгіліп жерге. Әсем ақсың әп- әдемі мүсініңе шақ қана,
Күмісті шашбау жарасып белге Шиедейін еріндерің қызарып тұр шоқтана.
Қандай әдемі бейне. Тап -таза, тұп- тұнық. Бұл қазақ қыздарының бейнесі.
Қызды сұлу етіп көрсететін ұяңдығы мен нәзіктігі, табиғилығы.
3 слайд
Үкілі кәмшәт, бүрмелі көйлек. Қас-кірпігің қарлығаштың қанатындай қап-қара, Тұрғандай өзі қимылсыз билеп. Үлбіреген жүзің сенің ақ жібек пе, мақта ма? Иықтан шашың,төгіліп жерге. Әсем ақсың әп- әдемі мүсініңе шақ қана, Күмісті шашбау жарасып белге Шиедейін еріндерің қызарып тұр шоқтана. Қандай әдемі бейне. Тап -таза, тұп- тұнық. Бұл қазақ қыздарының бейнесі. Қызды сұлу етіп көрсететін ұяңдығы мен нәзіктігі, табиғилығы.

4 слайд
Қазақ халқы қыз баланы ең сұлу, ең нәзік
нәрселерге теңеген. Бірде құс біткеннің сұлуы
аққуға теңесе,енді бірде нәзік гүлге теңейді.
Қыз балаға ұрпағымызды жалғастыратын
болашақ «ана» деп қараған. Сондықтан да
қыз бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлген.
Қазақта «Қызға қырық үйден тыю, одан
қалса есіктегі күңнен тыю», - деген сөз
бар.Бұл қыз баланың ерсі қылықтарын көрсе,
тіпті есіктегі күң де ақыл айтып жөнге
салуға құқылы деген сөз.
Қыз - ұлттың ұяты,
халықтың шырайы
4 слайд
Қазақ халқы қыз баланы ең сұлу, ең нәзік нәрселерге теңеген. Бірде құс біткеннің сұлуы аққуға теңесе,енді бірде нәзік гүлге теңейді. Қыз балаға ұрпағымызды жалғастыратын болашақ «ана» деп қараған. Сондықтан да қыз бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлген. Қазақта «Қызға қырық үйден тыю, одан қалса есіктегі күңнен тыю», - деген сөз бар.Бұл қыз баланың ерсі қылықтарын көрсе, тіпті есіктегі күң де ақыл айтып жөнге салуға құқылы деген сөз. Қыз - ұлттың ұяты, халықтың шырайы

5 слайд
Алайда қыздарымыз бұны естен шығарғандай. Қазір заман өзгерді,қыздар
заманға сай киініп, заманға сай шашын қиып қалауынша жүре алады.Бірақ кейде
тым шектен шығып, асыра сілтеп жіберетін тәрізді. Беттерін әлем-жәлем бояп,
тұлғасына жараспайтын ашық –шашық киім киіп,қолдарына темекі
қыстырып,орысша-қазақша былапыт сөздерді араластыра сөйлеуді әдетке
айналдырған.
5 слайд
Алайда қыздарымыз бұны естен шығарғандай. Қазір заман өзгерді,қыздар заманға сай киініп, заманға сай шашын қиып қалауынша жүре алады.Бірақ кейде тым шектен шығып, асыра сілтеп жіберетін тәрізді. Беттерін әлем-жәлем бояп, тұлғасына жараспайтын ашық –шашық киім киіп,қолдарына темекі қыстырып,орысша-қазақша былапыт сөздерді араластыра сөйлеуді әдетке айналдырған.

6 слайд
*Тіпті түнгі клубтарда,кафе,
барларда араққа сылқия
тойып алып,көше кезіп
қыдыруды «рахат өмір» деп
ойлайды.
6 слайд
*Тіпті түнгі клубтарда,кафе, барларда араққа сылқия тойып алып,көше кезіп қыдыруды «рахат өмір» деп ойлайды.

7 слайд
Алтын уақыттарын бос сенделумен өткізеді.
Кірпігін көтеріп жат адамға
сөйлемейтін,үлкеннің жолын кеспейтін қазақ
қызы бүгінде,көше-көшені кезіп тәнін
саудалап,көшенің қақ ортасында итше
ырылдасып шаштасып төбелеседі. Одан қалса
туған баласын қоқыс жәшігіне немесе
әжетханаға лақтырып тастап кете барады.
Бұл не масқара? Тура бір жүрген бұралқы ит
тәрізді.
7 слайд
Алтын уақыттарын бос сенделумен өткізеді. Кірпігін көтеріп жат адамға сөйлемейтін,үлкеннің жолын кеспейтін қазақ қызы бүгінде,көше-көшені кезіп тәнін саудалап,көшенің қақ ортасында итше ырылдасып шаштасып төбелеседі. Одан қалса туған баласын қоқыс жәшігіне немесе әжетханаға лақтырып тастап кете барады. Бұл не масқара? Тура бір жүрген бұралқы ит тәрізді.

8 слайд
*Ал уақыт тоқтап тұрмайды
ғой,адам өмірі кері
айналдыра салатын
кинолента емес. Темекі
шегіп қалай болса –солай
жүрген соң беттің әрі тез
кетеді,жиырма беске
толмай –ақ қабақтарының
асты көлкілдеп,әжім түсе
бастайды.Бетіңнің әрі
кеткен соң сен кімге
керексің? Ақырында ішкіліке
салынып немесе ойнап жіріп
от басып түрмеге түседі,не
болмаса көрінген біреудің
етегінен ұстап сәтсіз
отбасы құрады.Міне бұндай
жеңіл жүрістің ақыры өмір
бойы жылап бақытсыз
ғұмыр кешесің.
8 слайд
*Ал уақыт тоқтап тұрмайды ғой,адам өмірі кері айналдыра салатын кинолента емес. Темекі шегіп қалай болса –солай жүрген соң беттің әрі тез кетеді,жиырма беске толмай –ақ қабақтарының асты көлкілдеп,әжім түсе бастайды.Бетіңнің әрі кеткен соң сен кімге керексің? Ақырында ішкіліке салынып немесе ойнап жіріп от басып түрмеге түседі,не болмаса көрінген біреудің етегінен ұстап сәтсіз отбасы құрады.Міне бұндай жеңіл жүрістің ақыры өмір бойы жылап бақытсыз ғұмыр кешесің.

9 слайд
Өмір адамға бірақ рет беріледі емес пе? Ендеше неге дұрыс өмір сүрмеске?Ертеңіңді бүгін ойла
демекші,қолынан бәрі келетін,сұлу жар,әдемі әйел, бақытты әже болуды, әдемі қартаюды алладан тілеп,қазірден
осыны ойлау керек. Осыған жету үшін,қазірден бос уақытты неге тиімді пайдаланбасқа? Қазір елімізде
оқимын,еңбек етемін деген адамға барлық жағдай жасалған.Атап айтар болсақ,сендер үшін тегін үйірмелер
ашылып жатыр.Бұрын қазақтың өңі түгіл түсіне де кірмеген ,бар жағдайы жасалған мектептер салынып
жатыр.Оқимын деген балаға Мемлекет тегін гранттар бөліп жатыр.Бұдан басқа не керек? Неге оқымасқа? Неге
өнер үйренбеске?Адам қалай өмір сүруді өзі таңдайдй. Жаман өмір сүргісі келсе өзі біледі, жақсы өмір сүремін
десе ол да өз қолында.
9 слайд
Өмір адамға бірақ рет беріледі емес пе? Ендеше неге дұрыс өмір сүрмеске?Ертеңіңді бүгін ойла демекші,қолынан бәрі келетін,сұлу жар,әдемі әйел, бақытты әже болуды, әдемі қартаюды алладан тілеп,қазірден осыны ойлау керек. Осыған жету үшін,қазірден бос уақытты неге тиімді пайдаланбасқа? Қазір елімізде оқимын,еңбек етемін деген адамға барлық жағдай жасалған.Атап айтар болсақ,сендер үшін тегін үйірмелер ашылып жатыр.Бұрын қазақтың өңі түгіл түсіне де кірмеген ,бар жағдайы жасалған мектептер салынып жатыр.Оқимын деген балаға Мемлекет тегін гранттар бөліп жатыр.Бұдан басқа не керек? Неге оқымасқа? Неге өнер үйренбеске?Адам қалай өмір сүруді өзі таңдайдй. Жаман өмір сүргісі келсе өзі біледі, жақсы өмір сүремін десе ол да өз қолында.

10 слайд
Мына жалган осылай өтеді екен,
Әр адам өз жолымен кетеді екен.
Сәждеге маңдай күнде тимесе егер,
Жүрек таза, деп ақталу бекер екен.
Біреулерге дүние арман екен,
Жалған дүние бізді де алдармекен,
Лондон, Париж біреуге арман болса,
Соқырларға күнді көру арман екен.
Музыка мыйымызды улар ма екен?
Тот басқан жүрегімді енді не етем?
Шарап тасып жүреміз дүкендерден,
Құдай емес қорқамыз көкелерден,
Болғанымда қайтер ем жүре алмайтын
Аяғы жоқ мүгедек пенделерден.
Алланың берген мүмкіндіктерін бағалай
біл, шүкіршілік ет.Сені адам етіп
жаратты, адамның хайуаннан
айырмашылығы ода сана бар.Оқы,
білім ал, еңбек ет.
10 слайд
Мына жалган осылай өтеді екен, Әр адам өз жолымен кетеді екен. Сәждеге маңдай күнде тимесе егер, Жүрек таза, деп ақталу бекер екен. Біреулерге дүние арман екен, Жалған дүние бізді де алдармекен, Лондон, Париж біреуге арман болса, Соқырларға күнді көру арман екен. Музыка мыйымызды улар ма екен? Тот басқан жүрегімді енді не етем? Шарап тасып жүреміз дүкендерден, Құдай емес қорқамыз көкелерден, Болғанымда қайтер ем жүре алмайтын Аяғы жоқ мүгедек пенделерден. Алланың берген мүмкіндіктерін бағалай біл, шүкіршілік ет.Сені адам етіп жаратты, адамның хайуаннан айырмашылығы ода сана бар.Оқы, білім ал, еңбек ет.

11 слайд
*Тіпті жоғары білім алуға ынтаң болмаса,жәй ғана шаштараз,тігін,қол өнерді де
игеруге болады.Бұрынғыдай емес қазір бұл салалар бойынша да үлкен
жетістіктерге жетуге болады.Мемлекет бұл жағынан да қолдау көрсетіп
отыр.Көптеген азаматтар осы кәсіптермен жеке бизнес ашып шаруаларын
дөңгелетіп жүр.
11 слайд
*Тіпті жоғары білім алуға ынтаң болмаса,жәй ғана шаштараз,тігін,қол өнерді де игеруге болады.Бұрынғыдай емес қазір бұл салалар бойынша да үлкен жетістіктерге жетуге болады.Мемлекет бұл жағынан да қолдау көрсетіп отыр.Көптеген азаматтар осы кәсіптермен жеке бизнес ашып шаруаларын дөңгелетіп жүр.

12 слайд
*Әдемі бой түзеп,білім алып,ақ көйлек киіп ұзатылу, бала сүйіп,жақсы жерге жақсы
келін болу,ата –ананы қуанышқа бөлеу керек.Сен бақытты болсаң ата-анаң да
бақытты.Ал сен бақытсыз болсаң олар қалай тыныш ұйықтайды.Уайымнан бас
көтермей езіліп кетпей ме?Басқа біреудің қызы тұрмысқа шығып,күліп-ойнап
балаларымен келіп –кетіп жатса санің ата-анаң олардың бақытына қызғана,қызыға
қарап,өкініштен өзегі өртенбей ме?
12 слайд
*Әдемі бой түзеп,білім алып,ақ көйлек киіп ұзатылу, бала сүйіп,жақсы жерге жақсы келін болу,ата –ананы қуанышқа бөлеу керек.Сен бақытты болсаң ата-анаң да бақытты.Ал сен бақытсыз болсаң олар қалай тыныш ұйықтайды.Уайымнан бас көтермей езіліп кетпей ме?Басқа біреудің қызы тұрмысқа шығып,күліп-ойнап балаларымен келіп –кетіп жатса санің ата-анаң олардың бақытына қызғана,қызыға қарап,өкініштен өзегі өртенбей ме?

