Сабақ жоспары Адамның адамгершілік қасиеттері 9 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Сабақтың тақырыбы: АДАМНЫҢ
АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІ
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер : шынайылық; адамдарға
риясыз қызмет ету; жанашырлық.
1 слайд
Сабақтың тақырыбы: АДАМНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІ Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер : шынайылық; адамдарға риясыз қызмет ету; жанашырлық.
2 слайд
Сабақтың мақсаты: Жаратылыстағының барлығын
өзіңдей жақсы көріп сүйіспеншілігімізді арнағанда
үйлесімді қарым-қатынас болатынын түсіндіру.
Міндеттері:
Білімділік: - адамдарға риясыз қызмет ету
керектігін үйрету;
Дамытшылық: - айналамен қарым-қатынаста
шынайылықта болуға шақыру;
Тәрбиелік: - жанашырлыққа тәрбиелеу
2 слайд
Сабақтың мақсаты: Жаратылыстағының барлығын өзіңдей жақсы көріп сүйіспеншілігімізді арнағанда үйлесімді қарым-қатынас болатынын түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: - адамдарға риясыз қызмет ету керектігін үйрету; Дамытшылық: - айналамен қарым-қатынаста шынайылықта болуға шақыру; Тәрбиелік: - жанашырлыққа тәрбиелеу
3 слайд
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
3 слайд
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
4 слайд
Тыныштық сәті:
4 слайд
Тыныштық сәті:
5 слайд
Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге
немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл
түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр
сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды
қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді
және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық
жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды
құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті,
көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек
ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы
нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша
түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның
барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем
қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
5 слайд
Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
6 слайд
Дәйексөз
« Адамның адамшылығы
ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы
ана, жақсы құрбы, жақсы
ұстаздан болады.»
Абай
- Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп
алыңыздар
6 слайд
Дәйексөз « Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.» Абай - Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп алыңыздар
7 слайд
Әңгімелеу
Менің досым Бейбіт Қойшыбаев
1.Әженің әңгімелері адамды қандай әрекеттерге жетелейді деп ойлайсыздар? Олардан
жалпыадамзаттық қандай құндылықтарды байқауға болады?
2. «Ол Русланды аяйтын көрінеді. Естимісіз, аяйды! Ал, ендеше! Руслан мұны шыбын құрлы
көрмейді, ал ол... Күлемісіз, күлмеймісіз?!» деген жолдардан Көбей мен Русланның қандай
қасиеттерін көресіздер?
3. Әңгіме кейіпкерінің «... робот адамгершілік сабағына мұқтаж емес... Қажет нәрсенің бәрі
бағдарламаланған...» деген ойын тарқатып түсіндіріп беріңіздер.
4. Әженің аңыздарын қайта оқып шығуға Көбейде қандай қажеттілік болды деп санайсыздар?
5. Адам бойындағы қандай қасиеттер оның жеке басын сыйлы етеді? Неліктен?
6. Адамның өзін және өзгелерді сыйлауының мәні неде деп ойлайсыз?
7. Өзіңіз көпшілік алдында қандай қасиеттеріңізбен сыйлы болып жүрсіз? Қандай қасиеттеріңізден
арылғыңыз келеді?
7 слайд
Әңгімелеу Менің досым Бейбіт Қойшыбаев 1.Әженің әңгімелері адамды қандай әрекеттерге жетелейді деп ойлайсыздар? Олардан жалпыадамзаттық қандай құндылықтарды байқауға болады? 2. «Ол Русланды аяйтын көрінеді. Естимісіз, аяйды! Ал, ендеше! Руслан мұны шыбын құрлы көрмейді, ал ол... Күлемісіз, күлмеймісіз?!» деген жолдардан Көбей мен Русланның қандай қасиеттерін көресіздер? 3. Әңгіме кейіпкерінің «... робот адамгершілік сабағына мұқтаж емес... Қажет нәрсенің бәрі бағдарламаланған...» деген ойын тарқатып түсіндіріп беріңіздер. 4. Әженің аңыздарын қайта оқып шығуға Көбейде қандай қажеттілік болды деп санайсыздар? 5. Адам бойындағы қандай қасиеттер оның жеке басын сыйлы етеді? Неліктен? 6. Адамның өзін және өзгелерді сыйлауының мәні неде деп ойлайсыз? 7. Өзіңіз көпшілік алдында қандай қасиеттеріңізбен сыйлы болып жүрсіз? Қандай қасиеттеріңізден арылғыңыз келеді?
8 слайд
Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма: Төменде берілген қанатты сөздерді
мұқият оқып шығып, ой-пікірлеріңізді ортаға
салыңыздар. Өзіңіз үшін қандай қасиеттерді
иемденгіңіз келеді? Неліктен?
• Конфуций : «Адамгершіл кісіде мына бес қасиет
болуы керек: кісіге шын құрмет, кеңпейілділік,
шыншылдық, зеректік, мейірбандық. Біріншісі –
жарамсақтануға жол бермейді; Екіншісі – барлығын
бағындырады; Үшіншісі – адамдардың көңіліне сенім
ұялатады; Төртіншісі – жеңіске жетуге мүмкіндік
береді; Бесіншісі – адамдарды басқаруға мүмкіндік
туғызады».
8 слайд
Шығармашылық жұмыс 1-тапсырма: Төменде берілген қанатты сөздерді мұқият оқып шығып, ой-пікірлеріңізді ортаға салыңыздар. Өзіңіз үшін қандай қасиеттерді иемденгіңіз келеді? Неліктен? • Конфуций : «Адамгершіл кісіде мына бес қасиет болуы керек: кісіге шын құрмет, кеңпейілділік, шыншылдық, зеректік, мейірбандық. Біріншісі – жарамсақтануға жол бермейді; Екіншісі – барлығын бағындырады; Үшіншісі – адамдардың көңіліне сенім ұялатады; Төртіншісі – жеңіске жетуге мүмкіндік береді; Бесіншісі – адамдарды басқаруға мүмкіндік туғызады».
9 слайд
• Ахмет Ясауи : «Адамға ащы татпай тәтті қайда? Тер
төгіп тапқан абзал адал пайда. Әркімді жаратпаған тәңір
жайға Өлшемі адамшылық, туралықта!»
• М. Пришвин : «Асқан ұлы бақыт –
өзін ерекше санамай, барлық адамдар
сияқты болу».
• Т. Фонтане: «Қарапайымдылық – ең тәуір нәрсе ғана
емес, сонымен бірге ең ізгі нәрсе де».
9 слайд
• Ахмет Ясауи : «Адамға ащы татпай тәтті қайда? Тер төгіп тапқан абзал адал пайда. Әркімді жаратпаған тәңір жайға Өлшемі адамшылық, туралықта!» • М. Пришвин : «Асқан ұлы бақыт – өзін ерекше санамай, барлық адамдар сияқты болу». • Т. Фонтане: «Қарапайымдылық – ең тәуір нәрсе ғана емес, сонымен бірге ең ізгі нәрсе де».
10 слайд
2 -тапсырма: Кестеде берілген ұғымдар мен олардың
анықтамаларын салыстырып, әрбір ұғымның өзіне сәйкес келетін
анықтамасын табыңыздар.
3-тапсырма: «Қарапайымдылық дегеніміз – өзінің адамдық
қадірқасиетін түсіну» (П. Буаст) деген қанатты сөзді «көзқарас – себеп
– мысал – қорытындылау» әдісімен талқылап, мәнін түсіндіріңіздер.
4-тапсырма: Берілген жағдаятпен танысып шығып, сұрақтарға
жауап беріңіздер. Өзіңіздің ой-тұжырымдарыңызды «Менің
құрдастарым» жобасының күнделігіне толтырып жазыңыз.
10 слайд
2 -тапсырма: Кестеде берілген ұғымдар мен олардың анықтамаларын салыстырып, әрбір ұғымның өзіне сәйкес келетін анықтамасын табыңыздар. 3-тапсырма: «Қарапайымдылық дегеніміз – өзінің адамдық қадірқасиетін түсіну» (П. Буаст) деген қанатты сөзді «көзқарас – себеп – мысал – қорытындылау» әдісімен талқылап, мәнін түсіндіріңіздер. 4-тапсырма: Берілген жағдаятпен танысып шығып, сұрақтарға жауап беріңіздер. Өзіңіздің ой-тұжырымдарыңызды «Менің құрдастарым» жобасының күнделігіне толтырып жазыңыз.
11 слайд
5-тапсырма: Мақалдарды аяқтап жазыңыздар және оларды
біріктіретін идеяны табыңыздар
• Адамның ұяты бетінде , ... .
• Қайырымдылық жасасаң, ... .
• Адамгершілік болмай, ... .
• Айырылмастай досыңа, ... .
• Өзіңді өзің сыйламасаң, ... .
• «Сіз» деген – әдеп, ... .
• Ұлық болсаң, ... .
• Кішіпейілділік – ... .
11 слайд
5-тапсырма: Мақалдарды аяқтап жазыңыздар және оларды біріктіретін идеяны табыңыздар • Адамның ұяты бетінде , ... . • Қайырымдылық жасасаң, ... . • Адамгершілік болмай, ... . • Айырылмастай досыңа, ... . • Өзіңді өзің сыйламасаң, ... . • «Сіз» деген – әдеп, ... . • Ұлық болсаң, ... . • Кішіпейілділік – ... .
12 слайд
Топпен ән айту
«Сен маған сүюді үйреттің» Әні-Ербол Байырбеков,
Сөзі-Ақмарал Леубаева)
Сен маған сүюді үйреттің,
Ұмытып кеткен едім.
Басымды июді үйреттің,
Тәкаппар өктем едім ...
Шынайы күлуді үйреттің,
Нөсерлі көктем едім.
Өмірді сүруді үйреттің,
Ұстазсыз мектеп едім.
Қ-сы: Сен маған ұшқанды үйреттің,
Тордағы бұлбұл едім.
Сезіммен құшқанды үйреттің,
Күдікшіл құмбыл едім. (2 рет)
12 слайд
Топпен ән айту «Сен маған сүюді үйреттің» Әні-Ербол Байырбеков, Сөзі-Ақмарал Леубаева) Сен маған сүюді үйреттің, Ұмытып кеткен едім. Басымды июді үйреттің, Тәкаппар өктем едім ... Шынайы күлуді үйреттің, Нөсерлі көктем едім. Өмірді сүруді үйреттің, Ұстазсыз мектеп едім. Қ-сы: Сен маған ұшқанды үйреттің, Тордағы бұлбұл едім. Сезіммен құшқанды үйреттің, Күдікшіл құмбыл едім. (2 рет)
13 слайд
Үй тапсырмасы.
1. «Әйелдің жүрегі – әлемнің
тірегі» тақырыбында эссе
жазыңыздар.
13 слайд
Үй тапсырмасы. 1. «Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі» тақырыбында эссе жазыңыздар.
14 слайд
14 слайд