Сабақ жоспары"Менің талпыныстарым" 5сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Тақырып: Менің
талпыныстарым.
1 слайд
Тақырып: Менің талпыныстарым.
2 слайд
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: білім іздеу, жақсыдан
жаманды ажырата білу, ойдың, сөздің
және істің бірлігі.
2 слайд
Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: білім іздеу, жақсыдан жаманды ажырата білу, ойдың, сөздің және істің бірлігі.
3 слайд
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адамның мақсатына
талпынысының маңыздылығын ұғындыру арқылы ақиқат
құндылығының мәнін ашу.
Білімділік: оқушыларға адамның мақсатына талпыныс
жасауда білім іздеудің маңыздылығын түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың жақсыдан жаманды
ажырата білу қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды ойдың, сөздің және істің
бірлігіне тәрбиелеу
3 слайд
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адамның мақсатына талпынысының маңыздылығын ұғындыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу. Білімділік: оқушыларға адамның мақсатына талпыныс жасауда білім іздеудің маңыздылығын түсіндіру. Дамытушылық: оқушылардың жақсыдан жаманды ажырата білу қасиеттерін дамыту. Тәрбиелік: оқушыларды ойдың, сөздің және істің бірлігіне тәрбиелеу
4 слайд
4 слайд
5 слайд
Жағымды күйге келу.
«Нұрға бөлену»
5 слайд
Жағымды күйге келу. «Нұрға бөлену»
6 слайд
Үй тапсырмасын тексеру.
1. №3 - сабақ. «Менің арманым» тақырыбында эссе жазу.
2. Келесі сабақ. №4, Василий Сухомлинскийдің «Өмірдегі басты нәрсе
не?» мәтінін оқып келу.
Сұрақтар:
1. Адамның өмірдегі басты мақсаты не деп ойлайсыңдар?
2. Өз ісіңе адал болу дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Адам бақытқа қол жеткізу үшін не істеуі керек?
4. Сен үшін басты нәрсе не?
6 слайд
Үй тапсырмасын тексеру. 1. №3 - сабақ. «Менің арманым» тақырыбында эссе жазу. 2. Келесі сабақ. №4, Василий Сухомлинскийдің «Өмірдегі басты нәрсе не?» мәтінін оқып келу. Сұрақтар: 1. Адамның өмірдегі басты мақсаты не деп ойлайсыңдар? 2. Өз ісіңе адал болу дегенді қалай түсінесіңдер? 3. Адам бақытқа қол жеткізу үшін не істеуі керек? 4. Сен үшін басты нәрсе не?
7 слайд
Сабақтың дәйексөзі.
Тағы бір күн – тағы бір мүмкіндік.
Ник Вуйчич.
Ақын, ағартушы, философ, композитор, саяси қайраткер
Сұрақтар:
1. Өз мүмкіндіктеріңізді пайдаланып жүрсіздер ме?
2. Қиындыққа бой ұсынбау үшін адам бойында қандай қасиет болу керек
деп ойлайсыңдар?
3. Өздеріңде ізденіске түскен сәттерің болды ма?
4. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
7 слайд
Сабақтың дәйексөзі. Тағы бір күн – тағы бір мүмкіндік. Ник Вуйчич. Ақын, ағартушы, философ, композитор, саяси қайраткер Сұрақтар: 1. Өз мүмкіндіктеріңізді пайдаланып жүрсіздер ме? 2. Қиындыққа бой ұсынбау үшін адам бойында қандай қасиет болу керек деп ойлайсыңдар? 3. Өздеріңде ізденіске түскен сәттерің болды ма? 4. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
8 слайд
Мұғалім сыйы
Бір жұлдызды құтқару (аңыз)
Кіріспе: Ер жігіт көлді қотарып, тауды қопарып тастамағанмен,
жұрттың жағдайын жақсарту үшін қарлығаштың қанатымен су
сепкеніндей сеп бола алса, тамшының тасты тескені емес пе?
Аңыз: Теңіз жағасын жағалап келе жатқан бір кісі бір нәрселерді
жерден алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді.
Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз
жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке
дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ
қалған екен.
-Сен не істеп жатырсың?-деп сұрайды әлгі кісі.
-Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады
ғой,-дейді бала таңырқап.
-Бұл ақымақтық қой!,-дейді қызбаланып әлгі адам, -қарашы олар
қаншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. Бір өзің ештеңе
өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма?
Бала жерден келесі теңіз жұлдызын қолына алып, шамалы
ойланып тұрып, былай депті:
-Менің жасаған тірлігімнің мәні мен маңызы өте зор, әсіресе
… мына бір теңіз жұлдызы үшін.
Түйін: Халық айтқандай, төбе түйірден, теңіз тамшыдан
құралады. Өзгелер үшін жақсы нәрсенің бәрін бірден жасау
мүмкіндігін күткен адам ештеңе жасамайды, өйткені ондай
мүмкіндік сирек кездеседі.
8 слайд
Мұғалім сыйы Бір жұлдызды құтқару (аңыз) Кіріспе: Ер жігіт көлді қотарып, тауды қопарып тастамағанмен, жұрттың жағдайын жақсарту үшін қарлығаштың қанатымен су сепкеніндей сеп бола алса, тамшының тасты тескені емес пе? Аңыз: Теңіз жағасын жағалап келе жатқан бір кісі бір нәрселерді жерден алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен. -Сен не істеп жатырсың?-деп сұрайды әлгі кісі. -Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой,-дейді бала таңырқап. -Бұл ақымақтық қой!,-дейді қызбаланып әлгі адам, -қарашы олар қаншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма? Бала жерден келесі теңіз жұлдызын қолына алып, шамалы ойланып тұрып, былай депті: -Менің жасаған тірлігімнің мәні мен маңызы өте зор, әсіресе … мына бір теңіз жұлдызы үшін. Түйін: Халық айтқандай, төбе түйірден, теңіз тамшыдан құралады. Өзгелер үшін жақсы нәрсенің бәрін бірден жасау мүмкіндігін күткен адам ештеңе жасамайды, өйткені ондай мүмкіндік сирек кездеседі.
9 слайд
Сұрақтар:
1. Аңыз ұнады ма?
2. Теңіз жағасындағы кісі кімді көреді?
3. Бала не істеп жатыр еді?
4. Кісінің сұрағына бала не деп жауап береді?
5. Баланың іс-әрекеті туралы не деуге болады?
6. Әңгіме қай құндылық туралы айтылған?
7. Әңгімеден не түсіндіңіздер?
9 слайд
Сұрақтар: 1. Аңыз ұнады ма? 2. Теңіз жағасындағы кісі кімді көреді? 3. Бала не істеп жатыр еді? 4. Кісінің сұрағына бала не деп жауап береді? 5. Баланың іс-әрекеті туралы не деуге болады? 6. Әңгіме қай құндылық туралы айтылған? 7. Әңгімеден не түсіндіңіздер?
10 слайд
Шығармашылық жұмыс, топтық тапсырма.
1 – топ: «Еңбекқорлық»
2 – топ: «Қабілеттілік»
3 – топ: «Дарындылық»
4 – топ: «Табандылық»
Тапсырма: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»
тақырыбына сурет салу.
10 слайд
Шығармашылық жұмыс, топтық тапсырма. 1 – топ: «Еңбекқорлық» 2 – топ: «Қабілеттілік» 3 – топ: «Дарындылық» 4 – топ: «Табандылық» Тапсырма: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» тақырыбына сурет салу.
11 слайд
«Сенім»
1.Сездірмей жүрген,
Тек өзім білген.
Бір сенім бар,
Жоғалмас мүлдем.
Сол сенім бар да,
Асығам алға,
Ақ тілегім, биікке самға.
Қ-сы
Тағдыр жолы көп торабы,
Ақ пен қара жолағы.
Сенім – маған серік болады.
Ақ таңдарды мен көремін,
Дауылды да жеңемін.
Жүрегіммен сенемін.
2. Жылуын берер,
Шапағат төгер,
Махаббатым адаспай.
Асқардай биік,
Армандар жиып,
Мен өтемін
Өмірді сүйіп.
11 слайд
«Сенім» 1.Сездірмей жүрген, Тек өзім білген. Бір сенім бар, Жоғалмас мүлдем. Сол сенім бар да, Асығам алға, Ақ тілегім, биікке самға. Қ-сы Тағдыр жолы көп торабы, Ақ пен қара жолағы. Сенім – маған серік болады. Ақ таңдарды мен көремін, Дауылды да жеңемін. Жүрегіммен сенемін. 2. Жылуын берер, Шапағат төгер, Махаббатым адаспай. Асқардай биік, Армандар жиып, Мен өтемін Өмірді сүйіп.
12 слайд
Үйге тапсырма.
1. №4 - сабақ. Жоба тапсырмасы
Сұрақтарға жауаптарыңды, бақылауларыңды, ойларыңды дәптерде
берілген жоба күнделігіне жазып толтыр.
Менің қандай қабілеттерім бар?
Мен достаса аламын ба?
Мен достарыммен бірге не істегенді ұнатамын?
2. Келесі сабақ. №5, «Қожа Ахмет Йассауи» аңызын оқып келу.
12 слайд
Үйге тапсырма. 1. №4 - сабақ. Жоба тапсырмасы Сұрақтарға жауаптарыңды, бақылауларыңды, ойларыңды дәптерде берілген жоба күнделігіне жазып толтыр. Менің қандай қабілеттерім бар? Мен достаса аламын ба? Мен достарыммен бірге не істегенді ұнатамын? 2. Келесі сабақ. №5, «Қожа Ахмет Йассауи» аңызын оқып келу.
13 слайд
Сабақтың қорытынды сәті.
Тыныс алуға зейін қою.
Баяу музыка қойылады.
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды
өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін
қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде
тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде
өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды
тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].
Рахмет!
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге
сақтайық.
13 слайд
Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.