Салалас құрмалас сөйлем

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Салалас құрмалас сөйлем

Материал туралы қысқаша түсінік
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері және жасалу жолдары
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
Салалас құрмалас сөйлем

#1 слайд
Салалас құрмалас сөйлем

1 слайд

Салалас құрмалас сөйлем

1. Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ой мен екіншісіндегі ой мезгілдес, бағыттас, ы

#2 слайд
1. Ыңғайлас салаластың  құрамындағы жай сөйлемдердің  бірінде айтылған ой  мен  екіншісіндегі ой мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас  мәнде айтылады. Мысалы:  Төлеутай әскерге кетті де, содан қайтып оралмады . Ыңғайлас  с алалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер  да, де, та, те, және, әрі  деген  ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар  арқылы байланысса,  жалғаулықты ыңғайлас салалас  деп аталады. Мысалы:  Жанай балуан қайратты  әрі  үнемі қол бастайтын болат жүректі адам еді .  Өзі ешкімге соқтықпайды  және  ит баласына жібімейді. Бір мезгілде қу шөмшектер дыбысы келді  де,  бірдеме қасына тасырлатып жетіп келді.   Ыңғайлас салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер  бір мезгілде қатар болатын  не  болған істі білдіріп, баяндауыштары бір шақта  айтылса,  жалғаулықсыз ыңғайлас салалас  деп аталады. Мысалы:  Ертеңіне жат иістер шықты, алыстан әлдеқандай дабырлаған дауыстар естілді.Бір күні ауданнан қос ат жеккен шана келді, Мыңбұлақтың сақшысындай болып тұрған Байшынарға қарай беттеді.   Әрі  шылауы  ыңғайлас салаластың  әрқайсысымен  қайталанып  келгенде, жай сөйлемдердің арасына  үтір   қойылады . Мысалы:  Әншінің  әрі  дауысы да жағымды,  әрі  әні де сазды екен.  Ал  қайталанбай бір-ақ рет келсе , жай сөйлемдердің арасына  үтір қойылмайды.  Мысалы:  Құрылыс жұмысы басталды әрі құрылысшыларды орналастыру керек.   Және  жалғаулық шылауымен байланысқан  ыңғайлас  с алаластардың  арасына  үтір   қойылмайды .  Мен өзімді-өзім ұмыттым  және  көңілім шалықтап әлдеқайда алып-ұшып кеткен сияқты.

2 слайд

2. Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының, соңғысы алдыңғысының себебін білдіріп

#3 слайд
2. Себеп-салдар салаластың  құрамындағы жай сөйлемдердің  алдыңғысы соңғысының, соңғысы алдыңғысының себебін  білдіріп тұрады. Мысалы:  Көмекші жігіт қойларды ерте айдап әкеліпті, себебі күннің арты бұзылып келе жатқанын байқайды.   Себеп-салдар салалас  құрмаластар  жалғаулықты  және  жалғаулықсыз  болып бөлінеді. Себеп-салдар салаласты байланыстыратын жалғаулық шылаулар:  себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті, неге десеңіз.     Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің  орындарын ауыстырып  айта беруге болады. Мысалы:  Мен сұлап жатқан орнымнан тұра алмадым, себебі Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді. Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді, сондықтан мен сұлап жатқан орнымнан тұра алмадым. Жалғаулықсыз  себеп мәнді сөйлем салдар мәндіден бұрын тұрса , арасына  үтір  қойылады. Мысалы:  Үлкендер көрші ауылға кеткен еді, сондықтан жастар кешкілік сауық-сайран құрмақ болады. Жалғаулықсыз  салдар мәнді сөйлем себеп мәндіден бұрын тұрса,  арасына  қос нүкте  қойылады. Мысалы:  Жастар кешкілік сауық- сайран құрмақ болады: өйткені үлкендер көрші ауылға кеткен еді.

3 слайд

3. Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс-оқиға екіншісіндегі іс-оқиғаға қарама-қарсы болады

#4 слайд
3. Қарсылықты салаластың  құрамындағы жай сөйлемдердің  біріндегі іс-оқиға екіншісіндегі іс-оқиғаға қарама-қарсы  болады. Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер  бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе  де деген  шылаулар  арқылы байланысса,  жалғаулықты қарсылықты салалас  деп аталады. Мысалы:  Ауырғанда жаным көзіме көрініп барады,  бірақ  анамды қинағым келмейді.  Жалғаулықты салалас құрмаластардың арасына  үтір  қойылады.   Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем жалғаулық шылаусыз  іргелес тұрып  байланысса,  жалғаулықсыз қарсылықты салалас  деп аталады. Мысалы:  Балықшылар ауды бірнеше рет салды , –  балдырдан басқа ештеме ілінбеді.  Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемнің баяндауыштары көбіне  антоним сөздерден  және  болымды- болымсыз формадағы сөздерден  жасалады. Мысалы:  Атаның баласы болма, – адамның баласы бол.  Жалғаулықсыз қарсылықты салаластың аражігі  үтір  мен  сызықша  арқылы ажыратылады. Мысалы:  Көктем шықты, – ауада суық ызғар бар.

4 слайд

4. Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысын нұсқап , ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мағынасын ашып, түсіндіріп

#5 слайд
4.  Құрамындағы жай сөйлемдердің  алдыңғысы соңғысын нұсқап , ал  соңғысы алдыңғы сөйлемнің мағынасын ашып, түсіндіріп  тұратын құрмаластың түрі  түсіндірмелі салалас  деп аталады. Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдер  жалғаулық шылаусыз, іргелес  тұрып байланысады да, арасына  қос нүкте  қойылады. Мысалы:  Ернеудің бір айналма тұсында із екі айырылды: бірі ернеуді бойлап ілгері кетті, екіншісі төмен қарай түскен.   Түсіндірмелі салаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышының құрамына  сол, сонша, соншалық, сондай  деген  сілтеу есімдіктері  қатысса, екі жай сөйлемнің аражігіне  сызықша  қойылады. Мысалы:  Тасқынның қаттылығы сонша – жолындағының бәрін жапырып кетті.

5 слайд

5. Құрамындағы жай сөйлемдерде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана жүзеге асатынын білдіретін саласатың түрі талғаулы салала

#6 слайд
5.  Құрамындағы жай сөйлемдерде айтылған іс-әрекеттің  біреуі ғана жүзеге асатынын білдіретін  саласатың түрі  талғаулы салалас  деп аталады. Талғаулықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер тек  жалғаулықты шылаулар  арқылы байланысады да, арасына  үтір  қойылады. Талғаулықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер  не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, болмаса, әйтпесе, әлде  деген  талғаулық мәнді жалғаулық шылаулар  арқылы байланысады. Мысалы:  Бұл жолы құрбысымен  не  ит жығыс түседі,  не болмаса  оны жеңуге тырысады.6.  Кезектес салаластың  құрамындағы жай сөйлемдері айтылған  іс-әрекеттің   кезектесіп жүзеге асуын  көрсетеді. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер  бірде, біресе, кейде  деген  кезектес мәнді   жалғаулық шылаулар  арқылы тек  салаласа байланысады  да, араларына  үтір  қойылады. Мысалы:  Бірде  желбіреген ақ сәулелі дала кездеседі,  кейде  қызыл бұйра тобылғылы адырлар ұшырасады,  біресе  көкала қамысты көлдер кездеседі.  

6 слайд

#7 слайд

7 слайд

Файл форматы:
pptx
10.03.2024
699
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі