Материалдар / Сандар құпиясы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сандар құпиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып мұғалімдеріне көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2018
416
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Сандар құпиясы

1 слайд
Сандар құпиясы

9 01 8 6 7 2 35 4

2 слайд
9 01 8 6 7 2 35 4

Мақсаты: Қазақстан Республикасы президенті Н.Назарбаевтың “Мәдени мұра” бағдарламасында ұлттық құндылықтар мен этникалық ере

3 слайд
Мақсаты: Қазақстан Республикасы президенті Н.Назарбаевтың “Мәдени мұра” бағдарламасында ұлттық құндылықтар мен этникалық ерекшеліктерді қолдау ерекше орын алғандығы белгілі. Осы орайда көшпелі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан сандарға байланысты наным-сенімдерінің құпиясын ашып, сырына қанығу.

«Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің баяндамасында: Көп

4 слайд
«Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің баяндамасында: Көп ғасырлы мәдениеттің тіршілігі топырақта тыныстап жатса, тарихи өткені шырынмен қоректенсе, сонда ғана ұлттық жаңғырту орын алады»-дей келіп, «Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып-бағамдауға болады. Демек, Қазақстанның мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатына екі түрлі міндет жүктелді: бірі: - өзіндік этникалық мәдениетті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін нығайту, екінші жағы – төл мәдениетті оңтайлы өрістете отырып, жалпы адамзат мәдениетіне ену үшін тиімді жағдай жасау

Мазмұны І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1.1. Сандар тарихы 1.2. Сандар сыр шертеді 1.3. Сандар қасиеті 1.4. Зерттеу жұмысымда қол

5 слайд
Мазмұны І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1.1. Сандар тарихы 1.2. Сандар сыр шертеді 1.3. Сандар қасиеті 1.4. Зерттеу жұмысымда қол жеткізген деректерім: Сандар сырының құпиялары ІІІ. Қорытынды Ұсыныстар Пайдаланылған әдебиеттер АннотацияМазмұны І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1.1. Сандар тарихы 1.2. Сандар сыр шертеді 1.3. Сандар қасиеті 1.4. Зерттеу жұмысымда қол жеткізген деректерім: Сандар сырының құпиялары ІІІ. Қорытынды Ұсыныстар Пайдаланылған әдебиеттер Аннотация

Сандар тарихы Күнделікті өмірімізде қолданылатын сандар шамамен бұдан 1500 жыл бұрын Үндістанда пайда болған. Әуелі

6 слайд
Сандар тарихы Күнделікті өмірімізде қолданылатын сандар шамамен бұдан 1500 жыл бұрын Үндістанда пайда болған. Әуелі сандар сызықшамен белгіленген. Кейін қалыптаса келе қазіргі таңдағы біздер қолданып жүрген сандар пайда болды. Адам баласы қазіргі біз түсінетін сандарды үйренуге талай ғасырларды бастан кешірген. әуелі олар табиғи сандарды (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) меңгерсе, нөлдің пайда болуынан сандарға революция жасалған, сөйтіп сандарды игеруде жаңа жүйелерді өмірге әкелді. 0 – «цифр» деген мағынаны береді. Ежелгі Үнді жерінде цифр – «сунья», арабтарда «сифр» сөзімен түсіндіріледі, яғни «бос орын», «түк жоқ» деген мағынаны білдірген. Ғылым мен өнердің қайта өркендеген дәуірінде (ХҮ-ХҮІ ғасырларда) математикалық еңбектер латын тілінен аударылып, «сифр» сөзі сол қалпы қалдырылған. Тек алғашқы әрпі ғана «ц» болып өзгертілген. Нөл таңбасы басқа сандарға елеулі өзгерістер әкеліп, санау, есептеу, сату және уақытты белгілеп берді.

«0» саны Бұл сан абсалюттік символы. Шексіздік белгісі және жаратылмаған әлемнің саны болып табылады. Бұл барлық заттардың б

7 слайд
«0» саны Бұл сан абсалюттік символы. Шексіздік белгісі және жаратылмаған әлемнің саны болып табылады. Бұл барлық заттардың бастамасы. Графикалық жоба бойынша сақина немесе дөңгелек ретінде белгіленеді.

Бір санын қазақ халқының ұғымында Алла жалғыз, Алладан басқа тәңір жоқ. Қай тілде болсын бірлік сөзінің түпкі түбірі санал

8 слайд
Бір санын қазақ халқының ұғымында Алла жалғыз, Алладан басқа тәңір жоқ. Қай тілде болсын бірлік сөзінің түпкі түбірі саналады. Адам өмірін басқаратын, әр пенде ұмтылатын сан болып есептеледі. Даос ілімін ұстанғандар үшін жасампаздық саны. Қандай да бір құбылыстың, тіршіліктің, әлем жаратылысының бастауын білдіреді. Даостық ұғымда да қазақ халқының түсінігімен сәйкес «бірлік тынысы» дегенді білдіреді, сонымен қатар «рух үйі», «барлық тіршіліктің ортасы» мағынасын аңғартады. 1 саны шыршамен теңестіріледі. Баяу болса да басқалардан биік, көркем болып өсіп, ұзақ жыл сақталып, кез келгеннің көзіне жоғарыдан, алыстан-ақ ілінеді. «1» САНЫ

Күні-түні демалмайтын екеу: Қосылу, толықтыру символы. Жақсы мен жаман, ер мен әйел, күн мен түн, ақ пен қара. Екі санына қаз

9 слайд
Күні-түні демалмайтын екеу: Қосылу, толықтыру символы. Жақсы мен жаман, ер мен әйел, күн мен түн, ақ пен қара. Екі санына қазақ халқының көзқарасы міне осындай болып келеді.«2» саны

«2» саны Даостық ұғымда қазақ халқының көзқарасына сай Жер мен Аспан, адамзат ұрпағын жалғастыратын еркек пен әйелдің киелі

10 слайд
«2» саны Даостық ұғымда қазақ халқының көзқарасына сай Жер мен Аспан, адамзат ұрпағын жалғастыратын еркек пен әйелдің киелі одағы, ақ пен қара, жарық пен қараңғылық, күн мен түн, жер шарының тепе-теңдігін сақтап тұратын екі энергия: «инь» мен «янь» ұғымдарын білдіреді. Өсу мен дамудың белгісі. Бамбук ағашына теңеледі. өсу жылдамдығы өте тез, қолданылу мүмкіндігі өте кең. «Оңай» сөзінің омонимі. Пифагорлықтарда екі саны бірліктің жоғалуын білдіреді. Бұл сан махаббат, тұрақсыздық және теңсіздік символы болып табылады. Екі саны жылылық пен суықтық, мейрімділік пен қатыгездік, жарық пен қараңғылықтың, байлық пен жұртшылдықтың арасында жүреді .

«3» саны Үш қуат Үш қасиет Үш жүзАқыл Жүрек Тіл Ақыл Ұят Сабыр Ұлы жүз Орта жүз Кіші жүз

11 слайд
«3» саны Үш қуат Үш қасиет Үш жүзАқыл Жүрек Тіл Ақыл Ұят Сабыр Ұлы жүз Орта жүз Кіші жүз

«3» саны Үш адамның ниеті бұзық Өтірік айтатын Сөзінде тұрмайтын Аманатқа қиянат жасайтын Үш нәрсенің үш нәрсесіз болуы Басы ба

12 слайд
«3» саны Үш адамның ниеті бұзық Өтірік айтатын Сөзінде тұрмайтын Аманатқа қиянат жасайтын Үш нәрсенің үш нәрсесіз болуы Басы бар, ақылы жоқ іс Ғылымы бар, амалы жоқ іс Байлығы бар, қайырсыз іс қылушы

«3» саны Қазақ халқынан өзге де ұлттарда үш саны қасиетті болып саналған. Бір мен екінің қосындысы ретінде қандай да бір істің

13 слайд
«3» саны Қазақ халқынан өзге де ұлттарда үш саны қасиетті болып саналған. Бір мен екінің қосындысы ретінде қандай да бір істің бастамасын да, жалғасын да білдіреді. Қытайларды үш саны біраз құбылыстың символикасы болып табылады. Жарықтың үш көзі – Жұлдыз, Күн, Ай. Үш бастау – Аспан, Жер, Адам. Отбасының үш элементі – еркее, әйел, ұрпақ. Үш саны қытайлардың түсінігінде Марс арқылы басқарылады және жалынға теңеледі. «Өсу» сөзінің синонимі. Пифагорлықта үш санының негізінде жан-жақтылық пен бірліктің үйлесімділігі қалыптасқан. Көптеген халықтарда үш саны есептеудің соңы деп саналады. Оны толықтың, толудың, аяқталудың символы деп есептейді. Ежелгі Грекияда бұл сан – бақыттың саны. Ежелгі Вавилонда үш құдайға: Күн, Ай, Шолпанға табынатын болған. Діни сенім-нанымдарда, ертегілерде үш саны қасиетті сан болып есептелген. Оның сиқырлығы сол ол алдыңғы екі санның қосындысынан тұрады. Үш саны өткеннің, осы шақтың, келешектің символы.Қазақ

«4» саны Табиғаттағы төрт құбылыс Төрт кітап Төрт асылот жер су ауа Таурат Забур Інжіл Құран Иман Намаз Ашу Мейір

14 слайд
«4» саны Табиғаттағы төрт құбылыс Төрт кітап Төрт асылот жер су ауа Таурат Забур Інжіл Құран Иман Намаз Ашу Мейір

«4» саны Төрт саны қытайлардың үрейін ұшыратын сан. Олар төрт саны бар жерге жоламауға тырысады. өйткені қытайларда төрт

15 слайд
«4» саны Төрт саны қытайлардың үрейін ұшыратын сан. Олар төрт саны бар жерге жоламауға тырысады. өйткені қытайларда төрт – «өлім» сөзінің омонимі. Шынымен де қытайлар осы санды көп қолдана бермейді. Тіпті биік ғимараттарда төрт және он төрт нөмірлі қабаттарды таба алмайсың. Сонымен, төрт қасірет саны болып саналады. Дегенмен бұл санның да өзіндік мағынасы зор. Төрт мифологиялық бастаманы білдіреді: Жер, Аспан, Күн және Ай. Төрт мифологиялық жануар: Жалғызмүйіз, Феникс, Панголин және Айдаһар. Қытайларда төрт саны шамға теңелген – бір қалыпты, жарық, ішінде жалын болса да, сырты жайма-шуақ.

«5» саны Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой, Бес асыл іс көнсеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал ш

16 слайд
«5» саны Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой, Бес асыл іс көнсеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ, Бес дұшпанды білсеңіз.

Жеті саны Жеті қазына Жеті ата Жеті қат көк Жеті жұт Жеті жетім Жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанд

17 слайд
Жеті саны Жеті қазына Жеті ата Жеті қат көк Жеті жұт Жеті жетім Жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездік Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене Ай, Меркурий (Ғұтрад), Шолпан (Зуһра), Күн, Марс (Миррих немесе Қызыл жұлдыз), Юпитер (Мүштари), Сатурн (Зұхал). құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс, топан су, зілзала (жер сілкіну) Жерде өлшеу жоқ, аспандай тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллаһта бауыр жоқ, жылқыда өт жоқ

Жеті саны Жеті санына әлем халықтары көзқарасымен қарар болсақ, онда бұл санды Пифагоршылар Афинамен байланыстырған. Ежелгі Ег

18 слайд
Жеті саны Жеті санына әлем халықтары көзқарасымен қарар болсақ, онда бұл санды Пифагоршылар Афинамен байланыстырған. Ежелгі Египет философиясы мен астрономиясында ол өмірлік екі санның үш пен төрттің қосындысы деп қарастырылды. Үш адам - әке, шеше, бала өмірдің негізін қалайды. Ал төрт – бұл жарық, жел, жаңбыр, ылғалдылық жерді жеміс беруге дайындайды. Пифагордың ой қорытуы бойынша, үш пен төрттің қосындысы (үшбұрыш пен төртбұрыш символдары), аяқталғанның, тәмамдалғанның, қорытындының белгісі деп санаған. Сондықтан жеті саны қасиетті сан, өйткені адам баласы қоршаған ортаны (жарықты, дыбысты, иісті, дәмді) басындағы жеті «тесік» (екі көз, екі құлақ, мұрынның екі танауы, аузы) арқылы түйсінген. Жапондарда жеті қайырымды құдай, адам өмірінде жеті рет сәттілік болады. Христиан дінінде жеті саны – сенім, үміт, қайырымдылық, әділеттілік, сабырлық, ақылдылық және рухтың күші. Жеті саны – жалпы жер бетіндегі халықтар ұғымы бойынша қасиетті сан.

Қазақ халқының Аллаһ Тағаланың бұйрығын екі етпей орындайтын тоғыз періштелер: 1. Жәбірейіл – пайғамбарларға Аллаһ Тағаланың с

19 слайд
Қазақ халқының Аллаһ Тағаланың бұйрығын екі етпей орындайтын тоғыз періштелер: 1. Жәбірейіл – пайғамбарларға Аллаһ Тағаланың сөзін хабарлаушы. 2. Мекайіл – барлық адамға, мақұлыққа берілетін ырыстың уәкілі. 3. Әзірейіл – барлық адамның, жан-жануарлардың жанын алатын Құдай уәкілі. 4. Ысырайыл – ақырзаманға дейін сұлыны алып жүретін періште. 5. Дардайыл – ай, күн, жұлдыздардың уәкілі. 6. Ысмайыл – жер бетіндегі киелілердің жебеушісі. 7. Зұлқайыл – қиямет күнінде адамдарды алып баратын періште. 8. Ахрайыл – барлық дария, көл, өзен, бұлақ суларының періштесі. 9. Мәлік – жеті тозақтың уәкілі. Сонымен бірге қазақтарда тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4000 жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең көп тараған ойын болатын.

Қырық санына байланысты оның қасиетін ашатын мағыналы тіркестер көп көлемде таралған. «Қызға қырық үйден тыйым» дегенде ұғатын

20 слайд
Қырық санына байланысты оның қасиетін ашатын мағыналы тіркестер көп көлемде таралған. «Қызға қырық үйден тыйым» дегенде ұғатынымыз қыз әдебіне деген көзқарас. Той жасап, қуаныш қызық болар болса, қазақ елінің бұрыннан қалыптасқан ұғымында «Отыз күн ойын, қырық күн тойын жасады» деген сөз қолданысы бар. Ер азаматтарға байланысты «Отызында орда бұзған, қырқында қыр аспайды» дейді. «Қырықтың бірі - қыдыр» деп үйге келген қонақ өзімен бірге ырыс, үйге құт әкеледі деп түсінген.

Адамның өз саны Ай ішіндегі сәтті күндері 1 1, 10, 19, 28 2 2, 11, 20, 29 3 3, 12, 21, 30 4 4, 13, 22, 31 5 5, 14, 23 6 6, 15, 2

21 слайд
Адамның өз саны Ай ішіндегі сәтті күндері 1 1, 10, 19, 28 2 2, 11, 20, 29 3 3, 12, 21, 30 4 4, 13, 22, 31 5 5, 14, 23 6 6, 15, 24 7 7, 16, 25 8 8, 17, 26 9 9, 18, 27

Ұсыныстар: 1. Сандар сыры жайлы ғылыми еңбектер кітап болып басылып, көпшілікке ұсынылса; 2. Сандар жайлы киелі ұғым бар екені

22 слайд
Ұсыныстар: 1. Сандар сыры жайлы ғылыми еңбектер кітап болып басылып, көпшілікке ұсынылса; 2. Сандар жайлы киелі ұғым бар екені баршаға аян, олай болса олар жайлы жорамал жасау қолға алынса; 3. Ұлттық ерекшелігімізге байланысты қолданылатын сандық ұғымдар құиясы мектептің тәрбие саласына арнайы енгізілсе.

Аннотация «Сандар сырының құпиясы» атты ғылыми жобада жас зерттеуші сандардың шығу тарихынан бастап, олардың қай мемлекетте қа

23 слайд
Аннотация «Сандар сырының құпиясы» атты ғылыми жобада жас зерттеуші сандардың шығу тарихынан бастап, олардың қай мемлекетте қалай пайда болғандығына ерекше көңіл аударып, түркі халықтары арасында, оның ішінде қазақ халқының сандарға қатысты киелі, қасиетті ұғымдарын аша білген. Зерттеу барысында өзіндік көзқарасын білдіріп, ұтымды ұсыныстар жасаған. Халық арасындағы күнделікті тұрмыста кездесетін сандар құпиясын ғылыми болжамдармен салыстырмалы түрде қарастырып, кең көлемді жұмыс жасаған .