Сәндік қолданбалы өнер СӘУКЕЛЕ
Сәндік қолданбалы өнер СӘУКЕЛЕ

#1 слайд
ТАҚЫРЫБЫ: “СӘУКЕЛЕНІҢ СЫМБАТЫ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ОҢАЙ ТІГІЛУ ЖОЛЫ"
Орындаған: 6-сынып оқушысы
Жамбылбек Көркем
Жетекшісі: Қожагелдиева Ұлбике
Доқтырбайқызы
БОЗАРЫҚ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ
ҒЫЛЫМИ ЖОБА
1 слайд
ТАҚЫРЫБЫ: “СӘУКЕЛЕНІҢ СЫМБАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОҢАЙ ТІГІЛУ ЖОЛЫ" Орындаған: 6-сынып оқушысы Жамбылбек Көркем Жетекшісі: Қожагелдиева Ұлбике Доқтырбайқызы БОЗАРЫҚ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ ҒЫЛЫМИ ЖОБА
#2 слайд
Зерттеудің мақсаты:
Қазақ халқының байлығы мен сән-салтанатының, мәдениеті
мен өнерінің озық үлгісі – сәукеленің тарихы мен ерекшелігін
зерттеу. Сәукелінің оңай тігілу жолдарын көрсету.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:
Қазіргі заманғы киімнің дамуы және осыған байланысты сәннің
дамуы адамзаттың материалдық және рухани өмірінің басты бір бөлігі
болып табылады, ол өткенді, бүгінді және келешекті
байланыстырады. Сән қоғамымызда болып жатқан барлық
өзгерістерді әрқашан бірінші бейнелейді, ол өткенге қарап, үнемі
жаңалық ізденісінде болады.
Зерттеудің нәтижесі:
«Адам көркі-шүберек» демекші, қазақы киім-көненің көзі. Оны
болашақ ұрпаққа жалғастыру, көненің көзін жаңғырту, барынша
қамқорлық жасап қалпына келтіру, киімнің көшірмелерін, барынша
қамқорлық жасап қалпына келтіру басты парызымыз.
2 слайд
Зерттеудің мақсаты: Қазақ халқының байлығы мен сән-салтанатының, мәдениеті мен өнерінің озық үлгісі – сәукеленің тарихы мен ерекшелігін зерттеу. Сәукелінің оңай тігілу жолдарын көрсету. Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Қазіргі заманғы киімнің дамуы және осыған байланысты сәннің дамуы адамзаттың материалдық және рухани өмірінің басты бір бөлігі болып табылады, ол өткенді, бүгінді және келешекті байланыстырады. Сән қоғамымызда болып жатқан барлық өзгерістерді әрқашан бірінші бейнелейді, ол өткенге қарап, үнемі жаңалық ізденісінде болады. Зерттеудің нәтижесі: «Адам көркі-шүберек» демекші, қазақы киім-көненің көзі. Оны болашақ ұрпаққа жалғастыру, көненің көзін жаңғырту, барынша қамқорлық жасап қалпына келтіру, киімнің көшірмелерін, барынша қамқорлық жасап қалпына келтіру басты парызымыз.
#3 слайд
“Біз өз тарихымызды өзгелер тұрмақ, өзімізге де толық таныта алмай келе
жатқан халықпыз. Зерттемесек, жазбасақ, жарияламасақ кім не деп таниды?”
Н.Назарбаев
КІРІСПЕ
Сәукеле – ғасырдан ғасырға мұра болып
келе жатқан өнер туындысы, қазақтың
сән-салтанатты мәдениеті мен өнерінің
озық үлгісі ретінде бағаланатын өте
қымбат этнографиялық мүлік.
Сәукеленің өнер тарихында алатын
орнын, қолданылуын, ерекшелігін және
өміршеңдігін зерттеу жұмысымыздың
негізі.
Ғасырлар өткен сайын барлық салада
да ұдайы жаңартулар жүріп отырады.
Зергерлердің қолынан шыққан көрнекі
әшекейлі бұйымдарының бірі – сәукеле.
Көненің көзі болып есептелінетін
сәукелені болашақ ұрпаққа жалғастыру,
барынша қамқорлық жасау басты
проблемамыз.
3 слайд
“Біз өз тарихымызды өзгелер тұрмақ, өзімізге де толық таныта алмай келе жатқан халықпыз. Зерттемесек, жазбасақ, жарияламасақ кім не деп таниды?” Н.Назарбаев КІРІСПЕ Сәукеле – ғасырдан ғасырға мұра болып келе жатқан өнер туындысы, қазақтың сән-салтанатты мәдениеті мен өнерінің озық үлгісі ретінде бағаланатын өте қымбат этнографиялық мүлік. Сәукеленің өнер тарихында алатын орнын, қолданылуын, ерекшелігін және өміршеңдігін зерттеу жұмысымыздың негізі. Ғасырлар өткен сайын барлық салада да ұдайы жаңартулар жүріп отырады. Зергерлердің қолынан шыққан көрнекі әшекейлі бұйымдарының бірі – сәукеле. Көненің көзі болып есептелінетін сәукелені болашақ ұрпаққа жалғастыру, барынша қамқорлық жасау басты проблемамыз.
#4 слайд
Сәукеле – ұзатылған қыз киетін,
аса бағалы, шошақ, биік төбелі
ғұрыптық бас киім. сәукеле үшкір
тымақ сақ-тигрохаудтардың бас
киіміне ұқсас. сәукеленің негізін
жұқа ақ киізден сырып тігеді де,
сыртын қызыл шұғамен тыстап,
қымбат бағалы аң терісімен
әдіптейді, әрі әшекейлеп, ұшы
жіңішкере келген төбесіне үкі
қадап, бергегіне бетті
көлегейлейтін желек бекітеді.
Негізгі бөлігі – тәж, төбе, құлақ
бау, артқы бау.
4 слайд
Сәукеле – ұзатылған қыз киетін, аса бағалы, шошақ, биік төбелі ғұрыптық бас киім. сәукеле үшкір тымақ сақ-тигрохаудтардың бас киіміне ұқсас. сәукеленің негізін жұқа ақ киізден сырып тігеді де, сыртын қызыл шұғамен тыстап, қымбат бағалы аң терісімен әдіптейді, әрі әшекейлеп, ұшы жіңішкере келген төбесіне үкі қадап, бергегіне бетті көлегейлейтін желек бекітеді. Негізгі бөлігі – тәж, төбе, құлақ бау, артқы бау.
#5 слайд
Сәукеленің шығу тарихы.
«Сәукеле» сөзінің төркіні (этимологиясы) – «сау келе жатыр».
Кейбір деректерге сүйенсек, қыздардың сәукелесі өте қымбат
тұрған. Сәукеленің құны өткен ХІХ ғасырдың басында 1000 сомға
бағаланған.Бұл сол тұстағы бағамен кемінде жүз жылқының құны
деген сөз.
Күйеу жігіттің ауылына келе жатқан қалыңдық пен оның артылып
келе жатқан жасауын және құдаларына деген сый-кәделерін
қарақшылар тонауға әрекет жасаған немесе тонаған. Күйеу
жігіттің атасы келе жатқан қалыңдық көшінің амандығын білу
масатымен шабармандар жіберген. Көш ауылға жақындағанда
шабармандар көш «сау келе жатыр», «сау келе», осыдан
«сәукеле» сөзі шыққан. Сәукеленің өн бойына түрлі әшекей
заттарды қадаумен ерекшеленеді.
5 слайд
Сәукеленің шығу тарихы. «Сәукеле» сөзінің төркіні (этимологиясы) – «сау келе жатыр». Кейбір деректерге сүйенсек, қыздардың сәукелесі өте қымбат тұрған. Сәукеленің құны өткен ХІХ ғасырдың басында 1000 сомға бағаланған.Бұл сол тұстағы бағамен кемінде жүз жылқының құны деген сөз. Күйеу жігіттің ауылына келе жатқан қалыңдық пен оның артылып келе жатқан жасауын және құдаларына деген сый-кәделерін қарақшылар тонауға әрекет жасаған немесе тонаған. Күйеу жігіттің атасы келе жатқан қалыңдық көшінің амандығын білу масатымен шабармандар жіберген. Көш ауылға жақындағанда шабармандар көш «сау келе жатыр», «сау келе», осыдан «сәукеле» сөзі шыққан. Сәукеленің өн бойына түрлі әшекей заттарды қадаумен ерекшеленеді.
#6 слайд
Сәукеленің құны.
Төре Мұқағали Ормановтың немере қызы Маржанды
Меңдігерей Бөкейхановтың баласы Арынгерей алды.
Маржаның жасауы 5313 сомға бағаланды: сәукеле - 389
сом, алтын, күміс тағылған бөрік - 56 сом, күміс ер тоқым
- 240 сом, ыдыстары - 41 сом, оқалы шапандар – 770 сом,
9 түлкі ішік,- 570 сом, 28 кілем мен 3 текемет - 550 сом,
36 жылқы және 2 салт атты- 1163 сом.
ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген кіші
жүздің Байсақал атты байының қызының сәукелесін
құдасы Кенесары ханның ағасы Саржан төре 500 байталға
бағалаған екен.
6 слайд
Сәукеленің құны. Төре Мұқағали Ормановтың немере қызы Маржанды Меңдігерей Бөкейхановтың баласы Арынгерей алды. Маржаның жасауы 5313 сомға бағаланды: сәукеле - 389 сом, алтын, күміс тағылған бөрік - 56 сом, күміс ер тоқым - 240 сом, ыдыстары - 41 сом, оқалы шапандар – 770 сом, 9 түлкі ішік,- 570 сом, 28 кілем мен 3 текемет - 550 сом, 36 жылқы және 2 салт атты- 1163 сом. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген кіші жүздің Байсақал атты байының қызының сәукелесін құдасы Кенесары ханның ағасы Саржан төре 500 байталға бағалаған екен.
#7 слайд
Тарихтан қалған көне сәукелелер
7 слайд
Тарихтан қалған көне сәукелелер
#8 слайд
8 слайд
#9 слайд
Мұражайларда сақталынған сәукеле киген қыздардың ғасырлық
тарихы бар фотосуреттері.
9 слайд
Мұражайларда сақталынған сәукеле киген қыздардың ғасырлық тарихы бар фотосуреттері.
#10 слайд
.
Қазбадан табылған сәукеленің
әшекейлері
10 слайд
. Қазбадан табылған сәукеленің әшекейлері
#11 слайд
.
Сәукеле кигенде арнайы тағылатын зергерлік
бұйымдар:
11 слайд
. Сәукеле кигенде арнайы тағылатын зергерлік бұйымдар:
#12 слайд
.
Сәукелеге байланысты қазақтың салт-дәстүрлері мен
әдет-ғұрыптары.
Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың
мінез-құлқын, қасиеттерін таныта алады. Мысалы: қазақтарға
тән бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлық.
Қазақ халқында әлі күнге дейін сақталынып келе жатқан салт-
дәстүрдің бірі «қалың мал беру » және «жасау».
Ұзатылған қызға сәукеле дайындаған. Сәукелені кез-келген
адам емес тек оның анасы немесе шебер ғана дайындай алған.
Бас киім дайын болған кезде қалыңдықтың жақын
туыстарының бірі-жеңгесі немесе оның туған әпкесі сәукелені
киіп, күйеу жігіттің үйіне байғазы алу үшін (сүйінші) сыйына
келеді. Бас киімнің біткенімен құттықтаған күйеу жігіт күміс
және алтындардан тиын, орамал және басқа сый берген.
12 слайд
. Сәукелеге байланысты қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін таныта алады. Мысалы: қазақтарға тән бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлық. Қазақ халқында әлі күнге дейін сақталынып келе жатқан салт- дәстүрдің бірі «қалың мал беру » және «жасау». Ұзатылған қызға сәукеле дайындаған. Сәукелені кез-келген адам емес тек оның анасы немесе шебер ғана дайындай алған. Бас киім дайын болған кезде қалыңдықтың жақын туыстарының бірі-жеңгесі немесе оның туған әпкесі сәукелені киіп, күйеу жігіттің үйіне байғазы алу үшін (сүйінші) сыйына келеді. Бас киімнің біткенімен құттықтаған күйеу жігіт күміс және алтындардан тиын, орамал және басқа сый берген.
#13 слайд
Ең оңай тігілетін сәукеленің бірі фетрамен сәукеле тігіп
көрсететін боламын!
Қажетті
құралдар:
1.Фетра
2.Ине-жіп
3.Түрлі
моншақтар
4.Жасанды
қауырсын
5.Жапқыш тор
мата
6.Ыстық желім
Қауіпіздік ережесін сақтай
отырып жұмысты
бастаймыз!
Кеткен шығын: фетра мата
30х30см 500тг, түрлі моншақтар гр
1100тг, желім 300тг, жасанды
қауырсын 100тг, тор мата 1м 500тг.
Жалпы сомасы 2500тг болды.
13 слайд
Ең оңай тігілетін сәукеленің бірі фетрамен сәукеле тігіп көрсететін боламын! Қажетті құралдар: 1.Фетра 2.Ине-жіп 3.Түрлі моншақтар 4.Жасанды қауырсын 5.Жапқыш тор мата 6.Ыстық желім Қауіпіздік ережесін сақтай отырып жұмысты бастаймыз! Кеткен шығын: фетра мата 30х30см 500тг, түрлі моншақтар гр 1100тг, желім 300тг, жасанды қауырсын 100тг, тор мата 1м 500тг. Жалпы сомасы 2500тг болды.
#14 слайд
Ізденіс кезеңі
14 слайд
Ізденіс кезеңі
#15 слайд
.
ҚОРЫТЫНДЫ
Өткен тарихымызды білмей, бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты
болжай білу өте қиын. Ата-бабамыздың жинақтаған рухани байлығының
қоры ұшан-теңіз. Ата-баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да
өз құндылығын жойған емес. Сол мәдени мұраларды зерттеп, танып білу,
бағалай білу – қазіргі жастардың, кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматтық
ұлттық парызы. Қазақ халқының өткендегі мәдениетіне үңілсек, күнделікті
тұрмыс қажетін өтейтін қолөнердің жете дамыған түрлі салалары
болғандығын көреміз. Қазақ халқы талғампаз халық. Ұрпағына қалдырған
бай мұрасы – тұнған өнеге. Қолөнер халық өнерімен, тұрмысымен бірге
жетіліп, біте қайнасып келе жатыр.
Халқымыздың тарихын, шежіресін, мінезін, ерлігін бейнелейтін құдіретті
өнер. Бұл өнер әрбір халықтың болмысымен бірге туып, біте қайнасып
келеді. Біздің мақсат - халық өнерінің тарихи дәстүріндегі сұлулық пен
әсемдікті көре білу және ұрпақтан-ұрпаққа сақтау деп білемін.
15 слайд
. ҚОРЫТЫНДЫ Өткен тарихымызды білмей, бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты болжай білу өте қиын. Ата-бабамыздың жинақтаған рухани байлығының қоры ұшан-теңіз. Ата-баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылығын жойған емес. Сол мәдени мұраларды зерттеп, танып білу, бағалай білу – қазіргі жастардың, кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматтық ұлттық парызы. Қазақ халқының өткендегі мәдениетіне үңілсек, күнделікті тұрмыс қажетін өтейтін қолөнердің жете дамыған түрлі салалары болғандығын көреміз. Қазақ халқы талғампаз халық. Ұрпағына қалдырған бай мұрасы – тұнған өнеге. Қолөнер халық өнерімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Халқымыздың тарихын, шежіресін, мінезін, ерлігін бейнелейтін құдіретті өнер. Бұл өнер әрбір халықтың болмысымен бірге туып, біте қайнасып келеді. Біздің мақсат - халық өнерінің тарихи дәстүріндегі сұлулық пен әсемдікті көре білу және ұрпақтан-ұрпаққа сақтау деп білемін.
#16 слайд
.
Назар аударып
тыңдағандарыңызға
рахмет!
16 слайд
. Назар аударып тыңдағандарыңызға рахмет!
шағым қалдыра аласыз













