Сен және заң презентация
Сен және заң презентация

#1 слайд
«СЕН ЖӘНЕ
ЗАҢ»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын
арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін
қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны
қалыптастыру
1 слайд
«СЕН ЖӘНЕ ЗАҢ» Сабақтың мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру
#2 слайд
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал
Бір түрлі кәмпит алғандарды
1-топқа «Ақылдылар», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «Білгіштер»
тобына бөлемін.
Ой қозғау
Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына
біздер. Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан
Назарбаев «Конституция — бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі
Заңды елдің Туы, Әнұраны, және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-
біздің парызымыз» деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына
бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне
жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын,
халықты құрметтеуі деп білуімізге болады .
2 слайд
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал Бір түрлі кәмпит алғандарды 1-топқа «Ақылдылар», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «Білгіштер» тобына бөлемін. Ой қозғау Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция — бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі Заңды елдің Туы, Әнұраны, және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу- біздің парызымыз» деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады .
#3 слайд
3 слайд
#4 слайд
4 слайд
#5 слайд
•
Конституция - елдің барлық ережелері жинақталған
мемлекеттің негізгі құжаты . Сондықтан да біз оны
Ата Заң деп құрметтейміз . Әрбір адам өзінің де ,
өзге елдің заңына бағынуға міндетті . Әр
мемлекеттің өзіне тән заңы бар . Олой болмағанда
дүние астаң - кестеңі шығып , небір жан түршігерлік
нәрселер болар еді . Сан мыңдаған жылдар бұрын
адамзат пайда болды . Міне , сонымен қатар түрлі
мәселелер де туындай бастады . «Адамдар не істеуге
болады, не істей алады?» деген сұрақтар туындай
бастады. Міне, осы кезде әр елдің заңы, ережелері
шыға бастады.
Міне, балалар, адамның шыр етіп жерге түскен
минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын,
тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 1948
жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам
құқығының жалпыға бірдей декларациясы»,
сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала
құқықтары декларациясы». Міне осы
декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы
20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция»
қабылданды. Қазірде бұған 91 мемлекет кірген.
Конвенция дегеніміз- арнаулы мәселелер жөніндегі
келесім шарт.
Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда
Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң
қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады.
5 слайд
• Конституция - елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты . Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз . Әрбір адам өзінің де , өзге елдің заңына бағынуға міндетті . Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар . Олой болмағанда дүние астаң - кестеңі шығып , небір жан түршігерлік нәрселер болар еді . Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды . Міне , сонымен қатар түрлі мәселелер де туындай бастады . «Адамдар не істеуге болады, не істей алады?» деген сұрақтар туындай бастады. Міне, осы кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады. Міне, балалар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 91 мемлекет кірген. Конвенция дегеніміз- арнаулы мәселелер жөніндегі келесім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады.
#6 слайд
•
«Бала құқығы туралы халықаралық
конвенциядан»
— Мемлекет әрбір баланың аман-сау
өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз
етеді.
— Бала өмірге келе салысымен тіркеуге
алынады және өзіне есім мен азаматтық
алуға құқылы.
— Әрбір бала өз отбасында ата-
анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
— Бала мектепте кінәлі болғанда да оны
ешкім ұрып жазалауға, кемсітіп
қорлауға құқығы жоқ.
— Бала тынығуға және мәдени
демалуға құқылы.
— Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан
және дін еркіндігіне құқығы бар.
— Бала өзі қалаған спорт түрімен
шұғылдануға құқылы.
— Бала денсаулығын сақтауға, емделуге
құқылы.
— Бала өз ойын еркін айтуға құқылы
6 слайд
• «Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан» — Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. — Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы. — Әрбір бала өз отбасында ата- анасымен бірге өмір сүруге құқылы. — Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ. — Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы. — Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар. — Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы. — Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы. — Бала өз ойын еркін айтуға құқылы
#7 слайд
•
Мақал-мәтелдер. (Тақырыпқа байланысты мақал-
мәтелдер айтып, мағынасын ашу)
•
1.«Ісін өндіре алмаған қырсыз бала ,қырсығын
әкесінен іздейді.»
•
2. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.» 3.
«Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он
үшке дейін құлыңдай қина, он үштен ары
сырласыңдай сыйла.»
•
4. «Жақсы бала сүйініш , жаман бала күйініш.»
•
5. «Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер
•
6 Біреуге ор қазба, өзің түсесің.
•
7. Заңның құрығы, бәрінен ұзын.
•
8. Ұрлық түбі, қорлық.
•
9. Өтірікшінің құрығы, бір – ақ тұтам.
•
10. Тура биде, туған жоқ.
•
11. Туғанды биде, иман жоқ.
•
12. Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер.
•
13. Тек жүрсең, тоқ жүресің.
•
14. Заңды сыйлаған, еркін жүреді. Заңның құрығы……. (бәрінен
ұзын)
Өш алғаннан гөрі…….. (кешірген
жөн)
Ақырын жүріп………….. (анық
бас)
Асыл тастан………… (өнер
жастан)
Ұрлық түбі………….. (қорлық)
Әдепті бала……………….(арлы
бала)
Тәрбие………(отбасынан
басталады)
Әділ істің……..(арты игі)
7 слайд
• Мақал-мәтелдер. (Тақырыпқа байланысты мақал- мәтелдер айтып, мағынасын ашу) • 1.«Ісін өндіре алмаған қырсыз бала ,қырсығын әкесінен іздейді.» • 2. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.» 3. «Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлыңдай қина, он үштен ары сырласыңдай сыйла.» • 4. «Жақсы бала сүйініш , жаман бала күйініш.» • 5. «Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер • 6 Біреуге ор қазба, өзің түсесің. • 7. Заңның құрығы, бәрінен ұзын. • 8. Ұрлық түбі, қорлық. • 9. Өтірікшінің құрығы, бір – ақ тұтам. • 10. Тура биде, туған жоқ. • 11. Туғанды биде, иман жоқ. • 12. Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер. • 13. Тек жүрсең, тоқ жүресің. • 14. Заңды сыйлаған, еркін жүреді. Заңның құрығы……. (бәрінен ұзын) Өш алғаннан гөрі…….. (кешірген жөн) Ақырын жүріп………….. (анық бас) Асыл тастан………… (өнер жастан) Ұрлық түбі………….. (қорлық) Әдепті бала……………….(арлы бала) Тәрбие………(отбасынан басталады) Әділ істің……..(арты игі)
#8 слайд
1. Жеке адамның құқығы дегеніміз не ? Адамның мүддесін қанағаттандыруға
бағытталған заң арқылы қорғалған тәртіптік шара .
2. Құқықтың қандай түрлерін білесіңдер? - Жеке (азаматтық) - Саяси -
Экономикалық - Әлеуметтік - Мәдени т.б.
3. Адам құқығы қай уақыттан пайда болады? Туылғаннан беріледі
4. Оларды орындау үшін не қажет? Міндеттерін орындау
5. Адамның негізгі құқығы? Өз құқықтарын пайдалану құқығы
6. Құқық қашан және қайда пайда болды? Азаматтарға құқық керек кезде, ол
пайда болады.
7. Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық – деген не? Бостандық –
бұл таңдау
8. Бостандықты не шектейді? Бостандық және өз қалауымен орындамалық –
бұлар бірдей ме? -Бостандықты шектеу әр адамның саналығында
8 слайд
1. Жеке адамның құқығы дегеніміз не ? Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған заң арқылы қорғалған тәртіптік шара . 2. Құқықтың қандай түрлерін білесіңдер? - Жеке (азаматтық) - Саяси - Экономикалық - Әлеуметтік - Мәдени т.б. 3. Адам құқығы қай уақыттан пайда болады? Туылғаннан беріледі 4. Оларды орындау үшін не қажет? Міндеттерін орындау 5. Адамның негізгі құқығы? Өз құқықтарын пайдалану құқығы 6. Құқық қашан және қайда пайда болды? Азаматтарға құқық керек кезде, ол пайда болады. 7. Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық – деген не? Бостандық – бұл таңдау 8. Бостандықты не шектейді? Бостандық және өз қалауымен орындамалық – бұлар бірдей ме? -Бостандықты шектеу әр адамның саналығында
#9 слайд
Ойлан тап. (Интербелсенді тақтаның көмегімен дұрыс
жауабын табу.)
•
1. Құқық -----------------------------------------А – Еліміздің негізгі заңы.
•
2. Конституция ---------------------------------Б – Мемлекет басшысы
•
3. Мемлекет ------------------------------------В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым
•
4. Азамат -----------------------------------------Г – Тәуелсіздік
•
5. Құқық бұзушылық -------------------------Д – Заңдар жүйесі
•
6. Президент ------------------------------------Е – Заң шығарушы орган
•
7. Парламент ------------------------------------Ж – Заң жүйесін бұзу
•
8. Егемендік --------------------------------------З – Құқығы бар ел тұрғыны
•
Дұрыс жауабы: 1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е, 8-Г
9 слайд
Ойлан тап. (Интербелсенді тақтаның көмегімен дұрыс жауабын табу.) • 1. Құқық -----------------------------------------А – Еліміздің негізгі заңы. • 2. Конституция ---------------------------------Б – Мемлекет басшысы • 3. Мемлекет ------------------------------------В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым • 4. Азамат -----------------------------------------Г – Тәуелсіздік • 5. Құқық бұзушылық -------------------------Д – Заңдар жүйесі • 6. Президент ------------------------------------Е – Заң шығарушы орган • 7. Парламент ------------------------------------Ж – Заң жүйесін бұзу • 8. Егемендік --------------------------------------З – Құқығы бар ел тұрғыны • Дұрыс жауабы: 1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е, 8-Г
#10 слайд
Қандай ой
пайда
болды? Не сезіндім? Не ұнады?
Ата Заң- қорғанымыз. « Азамат жолы-ар жолы » демекші, ешкімнің ала
жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығың да бұзбай тәуелсіз елдің арқа
сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.
« Менің сабақтан кейінгі әсерім » кестесін толтыр.
10 слайд
Қандай ой пайда болды? Не сезіндім? Не ұнады? Ата Заң- қорғанымыз. « Азамат жолы-ар жолы » демекші, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығың да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік. « Менің сабақтан кейінгі әсерім » кестесін толтыр.
шағым қалдыра аласыз













