Материалдар / "Шет елдердегі инклюзивті білім беру"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Шет елдердегі инклюзивті білім беру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал инклюзивті білім беру пәніне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Мамыр 2020
1102
7 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Шет елдердегі инклюзивті білім беру Орындаған: Бейсембаева Диана

1 слайд
Шет елдердегі инклюзивті білім беру Орындаған: Бейсембаева Диана

РЕСЕЙДЕГІ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ Алғашқы білім беру 1980 – 1990 жылдар шебінде пайда болды. 1992 жылдың күзінен бастап Ресейде

2 слайд
РЕСЕЙДЕГІ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ Алғашқы білім беру 1980 – 1990 жылдар шебінде пайда болды. 1992 жылдың күзінен бастап Ресейде «Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың ықпалдастығы» жобасы - Нәтижесінде 11 аймақта мүгедек балаларды біріктіре оқыту эксперименталды алаңдары құрылды. 2001 жылдың 31 қаңтарында денсаулық мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың бірлескен білім алу Концепциясы қабылданды. Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істеуге педагогтарды дайындау мақсатында РФ Білім министрлігінің алқасы 1996 жылдың 1 қыркүйегінен бастап педагогикалықЖООдың оқу жоспарларына «Арнайы (түзету) педагогикасы» мен «Денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалар психологиясының ерекшеліктері» курстарын енгізу жайлы шешім қабылдады.

2008 – 2009 жылдары инклюзивті білім беру үлгісі эксперимент ретінде Федерацияның бірқатар субъектілерінде әр түрлі типті білі

3 слайд
2008 – 2009 жылдары инклюзивті білім беру үлгісі эксперимент ретінде Федерацияның бірқатар субъектілерінде әр түрлі типті білім беру мекемелеріне енгізіледі. Мәскеуде инклюзивті оқыту бағдарламасы бойынша 47 мектеп жұмыс істейді. 2010 жылдың 28 сәуірінде Мәскеу қаласында «Мәскеу қаласындағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың білім алуы туралы» заңы  қабылданды, ол денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу, қоғамға бейімделу және бірігу қажеттіліктерін мейлінше толыққанағаттандыруына бағытталған. 2012 жылы Ресейде «Мүгедектердіңқұқықтары туралы Конвенцияны бекіту туралы» Федералдық заңына  қол қойылды. Бүгінгі таңда РФ аумағында инклюзивті білім беру РФ Конституциясы, «Білім туралы», «РФ мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» федерациялық заңдары, сондай-ақ Еуропалық адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін қорғау туралы конвенцияның №1 баяндамасы мен бала құқықтары туралы Конвенциямен реттеледі.

АҚШ- тағы ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ АҚШ-да 1875 жыл мен 1914 жылдары міндетті мектепте білім беру енгізілді, соған байланысты ақ

4 слайд
АҚШ- тағы ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ АҚШ-да 1875 жыл мен 1914 жылдары міндетті мектепте білім беру енгізілді, соған байланысты ақыл-ойы жетілмеген балалар үшін және «мінез-құлқын түзетуге болмайтын» балалар, саңырау немесе физикалық мүгедек балалар үшін сыныптар құрылды. 1975 жылы №94-142 Мемлекеттік заңы қабылданды, ол ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға келесі маңызды кепілдіктерді ұсынды: «минималды шектеулері бар ортада» білім беру әділетті және дискриминациясыз бағалау және қажетті құқықтық қамтамасыз ету;тегін және адекватты білім беру қызметі; жеке оқу жоспары

 Алғаш рет «арнайы білім беру қажеттіліктер» ұғымы елдің білім беру жүйесіне қатысты 1978 жылы арнайы комитеттің баяндамасында

5 слайд
 Алғаш рет «арнайы білім беру қажеттіліктер» ұғымы елдің білім беру жүйесіне қатысты 1978 жылы арнайы комитеттің баяндамасында құрастырылды.  Арнайы білім беру қажеттіліктерін ресми анықтау мен бағалау механизмі мен процедурасының әрі қарай дамуы, «Кодекс практики» (1994) арнайы құжатында өзінің жалғасын тапты. Арнайы білім беру саласында жүргізілетін АҚШ-ның қазіргі заманғы саясаты, жалпы білім беру және арнайы білім беруді біріктіру ұсынысынан құралады. Бұл біріктірудің үш негізгі тұғыры ұсынылады: 1) «негізгі бағыт»; 2) «жалпы білім беру бастамасы»; 3) «енгізілу».

АҚШ- тағы ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ Қазіргі кезде осы саясаттың ортасында білім министрлігі 2004 жылы құрастырған «Каждый ребенок

6 слайд
АҚШ- тағы ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ Қазіргі кезде осы саясаттың ортасында білім министрлігі 2004 жылы құрастырған «Каждый ребенок важен» («Әрбір бала маңызды») құжат алынады. Бұл бағдарлама 2020 жылға қарай балалар арасындағы кедейшілікті жоюға қабілетті және әрбір балаға толығымен өзінің әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін алдын алу мен көмек түріндегі іс-шараларға бағытталған. Оның басты назарында – «әлеуметтік эксклюзияға» қарсы күрес . Бұл бағдарламаның барлық балалар үшін бес маңызды нәтижесі мыналар: денсаулық қауіпсіздік өзін-өзі маңызды ету қоғамның пайдалы мүшесі болу шеберлігі және экономикалық әл-ауқатөзінің тұлғалық әлеуетін жүзеге асыру

ФРАНЦИЯДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ Дамуында ауытқушылығы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне кірістіру 4 түрлі нұсқада жүзег

7 слайд
ФРАНЦИЯДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ Дамуында ауытқушылығы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне кірістіру 4 түрлі нұсқада жүзеге асады: Бала қарапайым мектеп бағдарламалары бойынша білім алады, бірақ мектепте және одан тыс оған қосымша  қызметтер ұсыны лады (мысалы, емдеу шаралары); Қосымша күтімге ие болып, қосымша арнайы бағдарламалар бойынша оқиды (мысалы, үй тапсырмасын орындаудағы көмек); Негізгі мектеп уақытында бала арнайы сыныпта арнайы бағдарлама бойынша білім алады (әдетте, бұл психикалық даму бөгелісі бар балалар). Басқа уақытта ол қарапайым бағдарлама бойынша өзімен құрдас оқушылармен бірге оқиды. Бала тек қана арнайы сыныпқа барып, онда арнайы бағдарлама бойынша оқиды (әдетте, бұл ақыл- ойында кемтарлығы бар балалар). Бірақ ол мектеп өміріне тікелей қатысады.

ИТАЛИЯДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ 1971 жылы Италияда ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін мектепте оқыту қ

8 слайд
ИТАЛИЯДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ 1971 жылы Италияда ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін мектепте оқыту құқығы туралы бірінші Заң пайда болады. 1977 жылы мұндай оқытуды ұйымдастырудың белгілі нормативтерін құрастырған Заң қабылданды: дамуында ерекшеліктері бар балалардың сыныптағы ең көп саны – 2сыныптағы балалардың ең көп саны – 20 арнайы бағдарламалар бойынша оқитын сыныптар қысқартыладыарнайы педагогтар қалыпты мектеп мұғалімдерімен командаға бірігеді педагогтардың екі категориясы сыныптың барлық оқушыларымен өзара әрекетке түседі

ХОРВАТИЯДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ Дамуында ауытқушылығы бар балалар балабақшаға түсуде басымдыққа иеХорватия Республикасын

9 слайд
ХОРВАТИЯДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ Дамуында ауытқушылығы бар балалар балабақшаға түсуде басымдыққа иеХорватия Республикасының заңнамасы 20 жылдан бері дамуында ауытқушылығы бар балалардың қарапайым мектептерде оқытуға бірігу үрдісін дамытуға септігін тигізіп келеді Хорватияда бастауыш білім (1-8 сыныптар) бала мүмкіндіктеріне қарамастан міндетті әрі тегін.Білім алудағы қажеттіліктері айрықша балалар білім алуға және ондағы көмекке конституциялық тұрғыда құқылы. Сегізінші сыныпты бітіргенде бір қанағатанарлық емес бағаға ие бола тұра, оқушы осы сыныпта қайта қалып немесе үшінші деңгейге өте алады Хорватияда балалар стационарда және үйде оқуға құқылы. Үйдегі оқытуға оқу жоспарының 50% бөлініп, төленеді. Ауруханада сыныптар құрылады.

Қорытынды пікірім: Тақырып аясында бірнеше мемлекеттің инклюзивті білім беру жүйесімен таныстым. Барлығы дерлік арнайы білім ал

10 слайд
Қорытынды пікірім: Тақырып аясында бірнеше мемлекеттің инклюзивті білім беру жүйесімен таныстым. Барлығы дерлік арнайы білім алушының қоғамға бейімделуін қарастырады деген ойдамын. Дегенмен арнайы білім алушымен жұмыс жекелей өткенін құптар едім. Мемлекеттердің инклюзивті білім беруін қарастыра отырып, біздің мемлекетімізден қарағанда едәуір дамығандығын байқаймыз. Себебі өзге елдерде инклюзивті білім беру 20 ғасырдың 70 жылждарынан басталса, біздің елімізде екімыңжылдықтан басталады. Маған ұнағаны, Франциядағы инклюзивті білім беру. Францияда арнайы білім алушыға қосымша күтім, емдеу, үй тапсырмасына көмек жасалады. Және Хорватиядағы 4 сыныпқа дейін үлгермесе сыныптан сыныпқа қалдырмайтыны, заңға сәйкес көліктік тасымалға ие болатыны, қиын ауытқушылығы бар балалар 21 жасына дейін білім ала алтындығы , түлектердің білім көрсеткіші төмен болса да қалаған факультетіне түсе алатыны, мемлекет тарапынан оқу ақысы төленетіні мені қуантты. Егер де Қазақстанның инклюзивті білімін Хорватияға ұқсас өзгертсе қаншама арнайы білім алушылардың арманы орындалар еді. Ал арнайы білім алушының арманына жол ашатын, орындауға шабыттандыратын – ұстаздар. Оған сенім білдіру арқылы армандарды орындауға атсалысайық!