1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сезімдік жүйелер

#1 слайд
СЕЗІМДІК ЖҮЙЕЛЕР
1 слайд
СЕЗІМДІК ЖҮЙЕЛЕР
#2 слайд
Сезімдік жүйелер немесе талдағыштар (анализаторлар) белг ілі райлы
ақпаратты қабылдауға және тануға арнайы құралған құрылымдардан
тұратын жүйке жүйесінің күрделі бөлігі. Сезім мүшелерінің
қабылдағыштарында тітіркену әсерінен қозу толқындары пайда
болады, ол орталық жүйке жүйесіне өтеді. Әрбір талдағыштың іс -
әрекеті оның қабылдағыштарында сыртқы түрткілердің физикалық
және химиялық әсерін түйсінуден басталады. Олар қозу толқынына
айналып, әртүрлі деңгейде орналасқан нейрондардың тізбектері
арқылы миға жетеді.
2 слайд
Сезімдік жүйелер немесе талдағыштар (анализаторлар) белг ілі райлы ақпаратты қабылдауға және тануға арнайы құралған құрылымдардан тұратын жүйке жүйесінің күрделі бөлігі. Сезім мүшелерінің қабылдағыштарында тітіркену әсерінен қозу толқындары пайда болады, ол орталық жүйке жүйесіне өтеді. Әрбір талдағыштың іс - әрекеті оның қабылдағыштарында сыртқы түрткілердің физикалық және химиялық әсерін түйсінуден басталады. Олар қозу толқынына айналып, әртүрлі деңгейде орналасқан нейрондардың тізбектері арқылы миға жетеді.
#3 слайд
ТАЛДАҒЫШТАР ТУРАЛЫ ІЛІМДІ И.П. ПАВЛОВ АШҚАН
Ол ең бірінші болып, талдағыштың үш бөліктен тұратынын айтты:
қабылдағыштық, сезімдік нейрондар және өткізгіш жолдар, соңында сезімдік
сигналды қабылдайтын үлкен ми сыңарларының қыртысы. Бұл үш бөліктің біреуі
зақымданса белгілі бір тітіркендірістіажырату қабілеті жойылады.
Талдағыштардың әлем тануда өте зор мәні бар. И.М. Сеченовтың айтуы бойынша,
талдағыш дегеніміз - мидың сезіну ағзалары. Өйткені әрбір психикалық іс - әрекет
санада сезім арқылы қабылдау негізінде туады.
И.П.Павлов арнайы зерттеулер арқылы бейнелеу үрдісінің мидағы физиологиялық
тетіктерін дәлелдеді, мәдилік әлемді бейнелеу жүйке жүйесінің қасиеттерімен
тығыз байланысты екенін анықтады. Адамның ой өрісі мен оның тереңдігі сыртқы
дүние әсерінен туатын көптеген мәліметті қабылдау және өңдеуден құралады.
Сондықтан әрбір талдағыш таным үрдісінде, әрекеттік тұрғыдан қарағанда,
мақсатты мінездің тек арнамалы көрсеткіштерін белсендіріп қоймай, милың басқа
да күрделі қызметіне қатысады.
3 слайд
ТАЛДАҒЫШТАР ТУРАЛЫ ІЛІМДІ И.П. ПАВЛОВ АШҚАН Ол ең бірінші болып, талдағыштың үш бөліктен тұратынын айтты: қабылдағыштық, сезімдік нейрондар және өткізгіш жолдар, соңында сезімдік сигналды қабылдайтын үлкен ми сыңарларының қыртысы. Бұл үш бөліктің біреуі зақымданса белгілі бір тітіркендірістіажырату қабілеті жойылады. Талдағыштардың әлем тануда өте зор мәні бар. И.М. Сеченовтың айтуы бойынша, талдағыш дегеніміз - мидың сезіну ағзалары. Өйткені әрбір психикалық іс - әрекет санада сезім арқылы қабылдау негізінде туады. И.П.Павлов арнайы зерттеулер арқылы бейнелеу үрдісінің мидағы физиологиялық тетіктерін дәлелдеді, мәдилік әлемді бейнелеу жүйке жүйесінің қасиеттерімен тығыз байланысты екенін анықтады. Адамның ой өрісі мен оның тереңдігі сыртқы дүние әсерінен туатын көптеген мәліметті қабылдау және өңдеуден құралады. Сондықтан әрбір талдағыш таным үрдісінде, әрекеттік тұрғыдан қарағанда, мақсатты мінездің тек арнамалы көрсеткіштерін белсендіріп қоймай, милың басқа да күрделі қызметіне қатысады.
#4 слайд
Талдағыштардың құрылымы мен қызметі:
1) Талдағыштар жүйесі көп қабатты жүйке нейрондарынан тұрады. Олардың
алғашқы қабаты қабылдағыш құрылымдармен, ал соңғысы үлкен ми сыңары
қыртысының ұласқан аймақтарымен байланыста болады.
2) Талдағыштар көп жолды болады. Олардың әрбір қабатында барлық
деңгейге кезегімен серпініс жіберетін көптеген жүйке элементтері бар.
Талдағыштардың мұндай көп жолдары жасалған талдаудың, өте
сенімділігін және дәлдігін қамтамасыз етеді.
3) Шектес қабаттарда сезіну “алқымы” деп аталатын әртүрлі
элементтер саны кездеседі. Мәселен, адамның көру жүйесінің торлы
қабығындағы фоторецепторлар қабатының 150 млн элементі небәрі 1
млн. 250 мың элемент қалады.
4) Талдағыштардың тура және көлденең бөлшектері болады. Жүйке
элементтерінің бір немесе бірнеше қабаттан құрылатын бөлімі тікелей
ажыратылыс ( дифференциация ) деп аталады. Әрбір бөлімнің өзінің
атқаратын жеке қызметі болады.
4 слайд
Талдағыштардың құрылымы мен қызметі: 1) Талдағыштар жүйесі көп қабатты жүйке нейрондарынан тұрады. Олардың алғашқы қабаты қабылдағыш құрылымдармен, ал соңғысы үлкен ми сыңары қыртысының ұласқан аймақтарымен байланыста болады. 2) Талдағыштар көп жолды болады. Олардың әрбір қабатында барлық деңгейге кезегімен серпініс жіберетін көптеген жүйке элементтері бар. Талдағыштардың мұндай көп жолдары жасалған талдаудың, өте сенімділігін және дәлдігін қамтамасыз етеді. 3) Шектес қабаттарда сезіну “алқымы” деп аталатын әртүрлі элементтер саны кездеседі. Мәселен, адамның көру жүйесінің торлы қабығындағы фоторецепторлар қабатының 150 млн элементі небәрі 1 млн. 250 мың элемент қалады. 4) Талдағыштардың тура және көлденең бөлшектері болады. Жүйке элементтерінің бір немесе бірнеше қабаттан құрылатын бөлімі тікелей ажыратылыс ( дифференциация ) деп аталады. Әрбір бөлімнің өзінің атқаратын жеке қызметі болады.
#5 слайд
5) Сезім жүйелері тіршіліктік мәні бар ақпараттарды кері
байланыс негізінде белсенді түйсінетін және өңдейтін үрдіс
ретінде қаралады.
6) Сезім жүйесінің өрлеуші өткішгіш жолдары ми қыртысының
тұрақты және қосымша жобаланыс аймақтарында тұйықталады.
7) Әрбір сезім жүйесі қосқапталдас өлшемдестік түрінде
құрастырылады. Мидың орталық құрылымдары қабылдағыш
аппаратқа сәйкес жұптасып қалыптасады. Сезімдік
жүйелердің жұптасуы негізінде, кеңістікте әркелкі орналасқан
нысандарды қабылдау осы әрекеттік тетіктер арқылы
атқарылады.
5 слайд
5) Сезім жүйелері тіршіліктік мәні бар ақпараттарды кері байланыс негізінде белсенді түйсінетін және өңдейтін үрдіс ретінде қаралады. 6) Сезім жүйесінің өрлеуші өткішгіш жолдары ми қыртысының тұрақты және қосымша жобаланыс аймақтарында тұйықталады. 7) Әрбір сезім жүйесі қосқапталдас өлшемдестік түрінде құрастырылады. Мидың орталық құрылымдары қабылдағыш аппаратқа сәйкес жұптасып қалыптасады. Сезімдік жүйелердің жұптасуы негізінде, кеңістікте әркелкі орналасқан нысандарды қабылдау осы әрекеттік тетіктер арқылы атқарылады.
#6 слайд
Талдағыштың шеткі бөлімі
Талдағыштардың шеткі бөлімін морфологиялық айырмашылығы бар және
арнаулы физиологиялық бағытқа икемделген көптеген қабылдағыштар
құрады.
1. Алуан т үрлі қабылдағыштар – тітіркендірістің әсерін жүйкенің ұшына
немесе қабылдағыштарға өткізуге икемделген күрделі құрылымы бар
сезіну мүшелері
2. Әрбір қабылдағыш тітіркендірістің белгілі бір түрлерін ерекше сезеді
3. Талдағыштардың зор қозғыштығы байқалады, яғни олар сыртқы
тітіркендіргіштің ең аз мөлшеріне әсерленгіш келеді
4. Талдағыштар сигналды табу және ажырату қызметін атқарады.
Бұл сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі тітіркендіргішінің әсерін
қабылдайтын, өңдейтін, қозу толқынын тудыратын, оларды ұғынуға
эволюциялық дамуда бейімделген организмдегі арнайы
қабылдағыштар арқылы жүзеге асады.
6 слайд
Талдағыштың шеткі бөлімі Талдағыштардың шеткі бөлімін морфологиялық айырмашылығы бар және арнаулы физиологиялық бағытқа икемделген көптеген қабылдағыштар құрады. 1. Алуан т үрлі қабылдағыштар – тітіркендірістің әсерін жүйкенің ұшына немесе қабылдағыштарға өткізуге икемделген күрделі құрылымы бар сезіну мүшелері 2. Әрбір қабылдағыш тітіркендірістің белгілі бір түрлерін ерекше сезеді 3. Талдағыштардың зор қозғыштығы байқалады, яғни олар сыртқы тітіркендіргіштің ең аз мөлшеріне әсерленгіш келеді 4. Талдағыштар сигналды табу және ажырату қызметін атқарады. Бұл сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі тітіркендіргішінің әсерін қабылдайтын, өңдейтін, қозу толқынын тудыратын, оларды ұғынуға эволюциялық дамуда бейімделген организмдегі арнайы қабылдағыштар арқылы жүзеге асады.
#7 слайд
Қабылдағыштардың жіктері
Барлық қабылдағыштар екі үлкен топқа бөлінеді: экстерорецепторлар
және интерорецепторлар. Экстерорецепторлар – көру, дыбыс, иіс, дәм,
терінің сезімдерін жеткізеді. Ал интерорецепторлар қатарына – ішкі
ағзалардың жағдайын ишараттайтын висцерорецепторлар мен тірек -
қимыл жүйесінің кіреберістік және проприорецепторлық
қабылдағыштары жатады.
Қабылдағыштар сыртқы орта мәліметтерін қабылдау түрлеріне
байланысты екіге бөлінеді: дистанциялық қабылдағыштар – олар
ақпаратты тітіркендіргіш көзінен әлдеқайда алыстан, ал контакты
қабылдағыштар тікелей жанасқанда мәлімет алады.
Барлық қабылдағыштар біріншілей және екіншілей сезетін болып екіге
бөлінеді. Біріншісі – иіс, сипап сезу қабылдағыштары және
проприорецепторлар. Бұларда тітіркендіріістерді ұғыну және өңдеу
үшін қозу толқыны сезгіш нейрондардың тікелей өзінде пайда болады.
Екіншісіне дәм сезу, көру, есту, тепе - теңдік сақтау қабылдағыштары
жатады.
Өздерінің негізгі қасиеттеріне байланысты қабылдағыштар тез және
баяу бейімделуші, төмен және жоғары табалдырықты, біррайлы және
көпрайлы т.б болып бөлінеді.
7 слайд
Қабылдағыштардың жіктері Барлық қабылдағыштар екі үлкен топқа бөлінеді: экстерорецепторлар және интерорецепторлар. Экстерорецепторлар – көру, дыбыс, иіс, дәм, терінің сезімдерін жеткізеді. Ал интерорецепторлар қатарына – ішкі ағзалардың жағдайын ишараттайтын висцерорецепторлар мен тірек - қимыл жүйесінің кіреберістік және проприорецепторлық қабылдағыштары жатады. Қабылдағыштар сыртқы орта мәліметтерін қабылдау түрлеріне байланысты екіге бөлінеді: дистанциялық қабылдағыштар – олар ақпаратты тітіркендіргіш көзінен әлдеқайда алыстан, ал контакты қабылдағыштар тікелей жанасқанда мәлімет алады. Барлық қабылдағыштар біріншілей және екіншілей сезетін болып екіге бөлінеді. Біріншісі – иіс, сипап сезу қабылдағыштары және проприорецепторлар. Бұларда тітіркендіріістерді ұғыну және өңдеу үшін қозу толқыны сезгіш нейрондардың тікелей өзінде пайда болады. Екіншісіне дәм сезу, көру, есту, тепе - теңдік сақтау қабылдағыштары жатады. Өздерінің негізгі қасиеттеріне байланысты қабылдағыштар тез және баяу бейімделуші, төмен және жоғары табалдырықты, біррайлы және көпрайлы т.б болып бөлінеді.
#8 слайд
Қабылдағыштар сыртқы орта мәліметтерін қабылдау түрлеріне
байланысты екіге бөлінеді: дистанциялық қабылдағыштар – олар
ақпаратты тітіркендіргіш көзінен әлдеқайда алыстан
(көру,есту,иіс), ал контакты қабылдағыштар тікелей жанасқанда
(тер і, дәм сезімдері ) мәлімет алады.
Қабылдағыштар өздері бейімделген тітіркендіргіштердің
табиғатына қарай мынадай болып жіктеледі: механорецепторлар –
есту, тепе - теңдік, тірек - қимыл аппаратының, терінің сипап сезу,
жүрек пен қан тамырларының қысым қабылдағыштары,
хеморецепторлар – дәм, иіс және тіндердің химиялық заттарды
сезетін қабылдағыштары, фоторецепторлар – к өру
қабылдағыштары, терморецепторлар – терінің және ағзалардың,
орталық жүйке жүйесінің қызу сезгіштері. Ауырғанды сезу –
ноцицепторлары ерекше топты құрады.
8 слайд
Қабылдағыштар сыртқы орта мәліметтерін қабылдау түрлеріне байланысты екіге бөлінеді: дистанциялық қабылдағыштар – олар ақпаратты тітіркендіргіш көзінен әлдеқайда алыстан (көру,есту,иіс), ал контакты қабылдағыштар тікелей жанасқанда (тер і, дәм сезімдері ) мәлімет алады. Қабылдағыштар өздері бейімделген тітіркендіргіштердің табиғатына қарай мынадай болып жіктеледі: механорецепторлар – есту, тепе - теңдік, тірек - қимыл аппаратының, терінің сипап сезу, жүрек пен қан тамырларының қысым қабылдағыштары, хеморецепторлар – дәм, иіс және тіндердің химиялық заттарды сезетін қабылдағыштары, фоторецепторлар – к өру қабылдағыштары, терморецепторлар – терінің және ағзалардың, орталық жүйке жүйесінің қызу сезгіштері. Ауырғанды сезу – ноцицепторлары ерекше топты құрады.
#9 слайд
ТАЛДАҒЫШТАРДЫҢ
ЖЕКЕ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
9 слайд
ТАЛДАҒЫШТАРДЫҢ ЖЕКЕ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
#10 слайд
Көру талдағышы
Көру талдағышы – адам мен жануарлар үшін аса маңызды сезім
мүшелерінің бірі. Ол барлық сезім мүшелерінен миға келетін мәліметтің
90% - ін жеткізеді. Көзге ілінген заттардың кескіні торлы қабыққа түсіп,
сондағы қабылдағыштарды қоздырады. Заттарды анықтап қарау үшін көзді
аударып, оған тура бағыттау керек. Сондықтан табиғатта жануарлардың
көптеген түрлеріне көз алмасы шар тәрізді юолып келеді. Көз алмасының
үш қабықшасы бар, олар көз ұясында орналасқан. Оны сыртынан ақ
қабықша қаптайды, бұл тығыз дәнекер тіннен тұрады. Склераның артқы
жағында тесік болады, ол арқылы көру жүйкесі енеді.
Торлы қабықтың құрылымы мен қызметі
Торлы қабық күрделі көп қабатты құрылымы бар көздің ішкі қабығыболып
саналады. Осы жерде әрекеттік мағынасы өзгеше екі түрлі көру
қабылдағыштары – таяқшалар мен сауытшалар орналасқан және көптеген
өсінді бұтақтары бар жүйке жасушаларының бірнеше түрлері кездеседі.
Жарық сәулесінің әсерінен қозу кезінде қабылдағыштарда фотохимиялық
әсерленіс пайда болады, ол көздің жарық сезгіш пигметтерінде туатын
өзгерістер.
10 слайд
Көру талдағышы Көру талдағышы – адам мен жануарлар үшін аса маңызды сезім мүшелерінің бірі. Ол барлық сезім мүшелерінен миға келетін мәліметтің 90% - ін жеткізеді. Көзге ілінген заттардың кескіні торлы қабыққа түсіп, сондағы қабылдағыштарды қоздырады. Заттарды анықтап қарау үшін көзді аударып, оған тура бағыттау керек. Сондықтан табиғатта жануарлардың көптеген түрлеріне көз алмасы шар тәрізді юолып келеді. Көз алмасының үш қабықшасы бар, олар көз ұясында орналасқан. Оны сыртынан ақ қабықша қаптайды, бұл тығыз дәнекер тіннен тұрады. Склераның артқы жағында тесік болады, ол арқылы көру жүйкесі енеді. Торлы қабықтың құрылымы мен қызметі Торлы қабық күрделі көп қабатты құрылымы бар көздің ішкі қабығыболып саналады. Осы жерде әрекеттік мағынасы өзгеше екі түрлі көру қабылдағыштары – таяқшалар мен сауытшалар орналасқан және көптеген өсінді бұтақтары бар жүйке жасушаларының бірнеше түрлері кездеседі. Жарық сәулесінің әсерінен қозу кезінде қабылдағыштарда фотохимиялық әсерленіс пайда болады, ол көздің жарық сезгіш пигметтерінде туатын өзгерістер.
#11 слайд
Түсті сезу
Түсті сезу құбылысын түсіндіру үшін үш құрамдас теория
қолданылады. Бұл теория бойынша, көздің торлы қабығында
әртүрлі ұзындықтағы барлық толқындарды қоздыратын
сауытшалардың үш түрі болатындығы анықталды. Түсті сезудің үш
құрамдас тетіктері өз кезінде М.В. Ломоносов айтқан болатын. Бұл
теорияны әрі қарай түпкілікті тұжырымдаған Т.Юнг және
Г.Гельмгольц. Осы теория бойынша, сауытшаларда әркелкі жарық
сезгіш заттар болады. Қазір бұл теорияны Ломоносов – Гельмгольц
теориясы деп атайды.
Түсті ажырату
Кейбір түсті айыру кемістігін, жартылап түсті танымауды -
тұңғыш рет осыдан зардап шеккен ағылшын физигі Д. Дальтон
сипаттап жазды. Дальтонизм ер адамдардың 8%-де кездеседі, ол
жыныс анықтайтын хромосоманың белгілі гендерінің жоқтығына
байланысты. Түсті жарым - жарты танымаудың үш түрі болады:
протанопия, дейтеранопия және тританопия.
11 слайд
Түсті сезу Түсті сезу құбылысын түсіндіру үшін үш құрамдас теория қолданылады. Бұл теория бойынша, көздің торлы қабығында әртүрлі ұзындықтағы барлық толқындарды қоздыратын сауытшалардың үш түрі болатындығы анықталды. Түсті сезудің үш құрамдас тетіктері өз кезінде М.В. Ломоносов айтқан болатын. Бұл теорияны әрі қарай түпкілікті тұжырымдаған Т.Юнг және Г.Гельмгольц. Осы теория бойынша, сауытшаларда әркелкі жарық сезгіш заттар болады. Қазір бұл теорияны Ломоносов – Гельмгольц теориясы деп атайды. Түсті ажырату Кейбір түсті айыру кемістігін, жартылап түсті танымауды - тұңғыш рет осыдан зардап шеккен ағылшын физигі Д. Дальтон сипаттап жазды. Дальтонизм ер адамдардың 8%-де кездеседі, ол жыныс анықтайтын хромосоманың белгілі гендерінің жоқтығына байланысты. Түсті жарым - жарты танымаудың үш түрі болады: протанопия, дейтеранопия және тританопия.
#12 слайд
Көз рефракциясының кемістігі
Көздің жарық сәулесін сындырудың екі түрлі кемістігі бар: жақынжіктілік
(миопия) және алысжітілік (гиперметрия). Бұл кемістіктер көз алмасының
қадыпсыз ұзындығына байланысты.
Жақынжітілік.
Егер көздің бойлау білігі аса ұзын болса, заттардың бейнесі торлы қабықтың
алдында, мөлдір шыны тәріздес денеде пайда болады. Алыстағы нәрселерді
дұрыс көру үшін, жақыннан көргіш адам көзінің алдына екі жағы ойыс
әйнек орналастыруы керек, сонда көз бұршағының сәуле сындыру күші
азаяды.
Алысжітілік – гиперметропия, қырағылық деп аталады. Алыстан көргіш
көздің бойлау білігі қысқа болғандықтан алыстағы заттардан шыққан
қосарлас сәулелер торлы қабықтың артына жиналады да, оның бетіне
заттардың бейнелері көмескі, бұлдыр болып түседі.
АСтигматизм
Көздегі сәуленің кемістіктеріне астигматизм де жатады. Ол әртүрлі
бағыттағы сәулелердің бірдей сынбауынан туады. Барлық адамдарда аздаған
астигматизм болады. Сондықтан астигматизм көздің оптикалық құралы
ретінде дамып, кемеліне жетпегендігін көрсетеді.
12 слайд
Көз рефракциясының кемістігі Көздің жарық сәулесін сындырудың екі түрлі кемістігі бар: жақынжіктілік (миопия) және алысжітілік (гиперметрия). Бұл кемістіктер көз алмасының қадыпсыз ұзындығына байланысты. Жақынжітілік. Егер көздің бойлау білігі аса ұзын болса, заттардың бейнесі торлы қабықтың алдында, мөлдір шыны тәріздес денеде пайда болады. Алыстағы нәрселерді дұрыс көру үшін, жақыннан көргіш адам көзінің алдына екі жағы ойыс әйнек орналастыруы керек, сонда көз бұршағының сәуле сындыру күші азаяды. Алысжітілік – гиперметропия, қырағылық деп аталады. Алыстан көргіш көздің бойлау білігі қысқа болғандықтан алыстағы заттардан шыққан қосарлас сәулелер торлы қабықтың артына жиналады да, оның бетіне заттардың бейнелері көмескі, бұлдыр болып түседі. АСтигматизм Көздегі сәуленің кемістіктеріне астигматизм де жатады. Ол әртүрлі бағыттағы сәулелердің бірдей сынбауынан туады. Барлық адамдарда аздаған астигматизм болады. Сондықтан астигматизм көздің оптикалық құралы ретінде дамып, кемеліне жетпегендігін көрсетеді.
#13 слайд
Есту талдағышы
Есту жүйесі – мағынасы жағынан адамның екінші дистанциялық
талдағышы болып саналады. Адам анық сөйлей бастағаннан, есту сезім
жүйесі оған ең жоғары дәрежеде қызмет атқарады. Есту мқшесі негізгі үш
бөліктен тұрады – сыртқы, ортыңғы, ішкі құлақтан тұрады. Есту
қабылдағышы ішкі құлақтың иірімді түтігінде орналасады, ол самай
сүйегінің жуандаған бөлігінде жатады.
Сыртқы құлақ - құлақтың сыртқы есту тесігі дыбыс толқындарын
дабыл жарғағына жеткізу міндетін атқарады. Дабыл жарғағы сыртқы
құлақ пен дабыл қуысын немесе ортаңғы құлақты бөліп тұрған перде
сияқты қалыңдығы 0.1 мм әртүрлі бағытқа таралып өрілген талшықтардан
тұрады.
Ортаңғы құлақ – Ауамен толған ортаңғы құлақтың негізін аса маңызды
өткізгіш қызметін атқаратын бір - бірімен дәйекті байланысқан балғашық,
төс, үзеңгі сүйекшелері құрайды. Олар дабыл жарғағының тербелісін ішкі
құлаққа жеткізеді.
Ішкі құлак пен дыбыс түйсігі.
Ішкі құлақта кіреберіс аппаратынан басқа дыбыс тербелісін қабылдайтын
есту қабылдағыштары орналасқан иірімді түтігі болады. Иірімді түтігі
шиыршық тәрізді біртіндеп кеңейтілген сүйектен құралған арна,
адамдарда ол 2.5 өрімнен тұрады.
13 слайд
Есту талдағышы Есту жүйесі – мағынасы жағынан адамның екінші дистанциялық талдағышы болып саналады. Адам анық сөйлей бастағаннан, есту сезім жүйесі оған ең жоғары дәрежеде қызмет атқарады. Есту мқшесі негізгі үш бөліктен тұрады – сыртқы, ортыңғы, ішкі құлақтан тұрады. Есту қабылдағышы ішкі құлақтың иірімді түтігінде орналасады, ол самай сүйегінің жуандаған бөлігінде жатады. Сыртқы құлақ - құлақтың сыртқы есту тесігі дыбыс толқындарын дабыл жарғағына жеткізу міндетін атқарады. Дабыл жарғағы сыртқы құлақ пен дабыл қуысын немесе ортаңғы құлақты бөліп тұрған перде сияқты қалыңдығы 0.1 мм әртүрлі бағытқа таралып өрілген талшықтардан тұрады. Ортаңғы құлақ – Ауамен толған ортаңғы құлақтың негізін аса маңызды өткізгіш қызметін атқаратын бір - бірімен дәйекті байланысқан балғашық, төс, үзеңгі сүйекшелері құрайды. Олар дабыл жарғағының тербелісін ішкі құлаққа жеткізеді. Ішкі құлак пен дыбыс түйсігі. Ішкі құлақта кіреберіс аппаратынан басқа дыбыс тербелісін қабылдайтын есту қабылдағыштары орналасқан иірімді түтігі болады. Иірімді түтігі шиыршық тәрізді біртіндеп кеңейтілген сүйектен құралған арна, адамдарда ол 2.5 өрімнен тұрады.
#14 слайд
Құлақтың құрылымы
Ортаңғы және ішкі құлақ
арасында, сопақша терезеден
басқа, мембранамен жабылған
тағы дөңгелек терезе бар.
Сопақша терезенің алдында пайда
болғын иірімді түтігі
сқйықтығының тербелісі әрі қарай
оның ішіндегі жолмен өтіп,
өшпестен дөңгелек терезеге
жетеді. Ортаңғы құлақта дабыл
керетін және үзеігілік
бқлшықеттер орналасқан.
14 слайд
Құлақтың құрылымы Ортаңғы және ішкі құлақ арасында, сопақша терезеден басқа, мембранамен жабылған тағы дөңгелек терезе бар. Сопақша терезенің алдында пайда болғын иірімді түтігі сқйықтығының тербелісі әрі қарай оның ішіндегі жолмен өтіп, өшпестен дөңгелек терезеге жетеді. Ортаңғы құлақта дабыл керетін және үзеігілік бқлшықеттер орналасқан.
#15 слайд
Дыбыс қабылдағыштары
Негізгі мембранада екі түрлі қабылдағыштық түкті жасушалар орналасқан:
ішкі және сыртқы, олар бір - бірінен спиральды доғалармен бөлінген. Ішкі
түкті жасушалар жоғары арнаның ұзына бойына бір қатар болып
орналасады. Олардың жалпы саны 3500-ге жетед і. Сыртқы түкті жасушалар
3-4 қатардан тұрады, жалпы саны 12000-20000. Түкті жасушалардың
әрқайсысы ұзынша пішінді. Оның бір үйегі негізгі мембранаға бекітілген,
екінші жағы иірімді түтігінің жарғақты арнасының қуысында орналасады.
Дыбыс жиілігін талдау
Дыбыс толқындары иірімді түтігінің жоғарғы, төменгі арналарының ұзына
бойындағы перилимфасын тербеліске бірдей келтірмейді. Оның
мембранадағы жоғарғы тербелу шегінің орналасуы дыбыс жиілігіне
тәуелді.Иірімді түтігінің табанына жақын жері жоғары дыбыстарды, ал,
төбесі төмен дыбыстарды талдайды.
Дыбыс күшін талдау
Дыбыс күші қозған нейрондардың саны және серпініс жиілігі арқылы
кодпен хабарланады. Артығырақ қатты дыбыстар әсер еткендегі қозатын
нейрондар санының көбеюі, есту жүйесінің әралуан қозғыштық шамасына
байланысты.
15 слайд
Дыбыс қабылдағыштары Негізгі мембранада екі түрлі қабылдағыштық түкті жасушалар орналасқан: ішкі және сыртқы, олар бір - бірінен спиральды доғалармен бөлінген. Ішкі түкті жасушалар жоғары арнаның ұзына бойына бір қатар болып орналасады. Олардың жалпы саны 3500-ге жетед і. Сыртқы түкті жасушалар 3-4 қатардан тұрады, жалпы саны 12000-20000. Түкті жасушалардың әрқайсысы ұзынша пішінді. Оның бір үйегі негізгі мембранаға бекітілген, екінші жағы иірімді түтігінің жарғақты арнасының қуысында орналасады. Дыбыс жиілігін талдау Дыбыс толқындары иірімді түтігінің жоғарғы, төменгі арналарының ұзына бойындағы перилимфасын тербеліске бірдей келтірмейді. Оның мембранадағы жоғарғы тербелу шегінің орналасуы дыбыс жиілігіне тәуелді.Иірімді түтігінің табанына жақын жері жоғары дыбыстарды, ал, төбесі төмен дыбыстарды талдайды. Дыбыс күшін талдау Дыбыс күші қозған нейрондардың саны және серпініс жиілігі арқылы кодпен хабарланады. Артығырақ қатты дыбыстар әсер еткендегі қозатын нейрондар санының көбеюі, есту жүйесінің әралуан қозғыштық шамасына байланысты.
#16 слайд
Дыбысты сезу
Адамның құлағы 16-дан – 20000 Гц-ке дейінгі әртүрлі жиіліктегі
дыбыстарды қабылдай алады. Бұд диапазон 10-11 октава ға сәйкес келеді.
Адамға әсер еткен жағдайдың қалайда жартысында естілетін дыбыстың
ең аз күшін абсолют сезімталдығы немесе есту түйсігінің табалдырығы
деп атайды. Есту шегінің дыбыс жиілігіне байланысы қатты өзгеретіндігі
дәлелденген. Тұрақты жиілігі бар дыбыс күшін өсіргенде есту түйсігі
күшейеді.
Естудің бейімделісі
Егер құлаққа бірқалыпты дыбыс ұзақ әсер етсе, оның есту сезімталдығы
төмендейді. Мұндай сезімталдықтың төменгі дәрежесі дыбыстың
ұзақтығына, күшіне және жиілігіне байланысты.
Қос құлақпен есту – адам мен жануарлардың кеңістікте қос құлақпен
есту қабілеті бар. Адамның қос құлакпен есту сезімталдығы өте жоғары:
ол дыбыс көзінің орналасқан жерін бір бұрыштық градус қатарына сәйкес
тәлдікпен анықтай алады. Есту жүйесінің дыбысты қабылдаудағы
құлақаралық айырмашы...
16 слайд
Дыбысты сезу Адамның құлағы 16-дан – 20000 Гц-ке дейінгі әртүрлі жиіліктегі дыбыстарды қабылдай алады. Бұд диапазон 10-11 октава ға сәйкес келеді. Адамға әсер еткен жағдайдың қалайда жартысында естілетін дыбыстың ең аз күшін абсолют сезімталдығы немесе есту түйсігінің табалдырығы деп атайды. Есту шегінің дыбыс жиілігіне байланысы қатты өзгеретіндігі дәлелденген. Тұрақты жиілігі бар дыбыс күшін өсіргенде есту түйсігі күшейеді. Естудің бейімделісі Егер құлаққа бірқалыпты дыбыс ұзақ әсер етсе, оның есту сезімталдығы төмендейді. Мұндай сезімталдықтың төменгі дәрежесі дыбыстың ұзақтығына, күшіне және жиілігіне байланысты. Қос құлақпен есту – адам мен жануарлардың кеңістікте қос құлақпен есту қабілеті бар. Адамның қос құлакпен есту сезімталдығы өте жоғары: ол дыбыс көзінің орналасқан жерін бір бұрыштық градус қатарына сәйкес тәлдікпен анықтай алады. Есту жүйесінің дыбысты қабылдаудағы құлақаралық айырмашы...

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген