Материалдар / Шоқан Уәлиханов
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шоқан Уәлиханов

Материал туралы қысқаша түсінік
Шоқан Уәлихановтың өмірі мен Қашғарияға сапары,әлеуметтік көзқарастары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2024
637
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВ Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Құсмұры

1 слайд
ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВ Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Құсмұрын жері — 10 сәуір 1865, Көшентоған, Жетісу) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, қазақтың шоқ жұлдызы, тұңғыш ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, этнограф.

Аз ғана өмірінде кейбір жандардың өмір бойы жасай алмайтын істерін жасап, тарихқа өшпес ізін қалдырған жан.1847 жылы 12 жасар

2 слайд
Аз ғана өмірінде кейбір жандардың өмір бойы жасай алмайтын істерін жасап, тарихқа өшпес ізін қалдырған жан.1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған.Кадет корпусын 1853 жылы он жеті жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады.

1858 — 1859 жылдардағы Шоқанның Қашғарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол

3 слайд
1858 — 1859 жылдардағы Шоқанның Қашғарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. Қашғария ол кезде Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Саудагер ретінде Қашғарияға құпия барған Шоқан, өлкенің экономикалық саяси құрылымын зерттеп, оның тарихы мен этнографиясынан көптеген материалдар жинайды. Қашқарияға сапарынан «Алтышаһардың, яғни Қытайдың Нан лу уәлаятының шығыстағы алты қаласының жайы» атты еңбегі дүниеге келді. Бұл Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, әлеуметтік құрылысына арналып, сол заман ғылымының биік деңгейінде жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу жұмысы еді.

Шоқан өте алғыр, білімді жан еді. 20 жасында, яғни 1855 жылы, Г.Х.Гасфорттың экспедициясына қатысып, өзін таныта бастайды. О

4 слайд
Шоқан өте алғыр, білімді жан еді. 20 жасында, яғни 1855 жылы, Г.Х.Гасфорттың экспедициясына қатысып, өзін таныта бастайды. Орталық Қазақстан, Тарбағатай, Жетісу жерлеріне осы эскпедициямен бірге саяхат жасайды. 1856 жылы Ыстықкөлдің көлемін топографиялық және картографиялық деректерде сипаттады.  Және сол жылы көрнекті ғалым П.Семенов Тянь- Шанскиймен Құлжаға сапар шегеді. П.Семенов Тянь-Шанский өз жазбаларының бірінде  Шоқан туралы «ұлттық аймақтардың ішінде ең оқыған, білімді адамдарымның бірі еді» деп бағалаған. Шоқанды Қашғарға барғанда жазған туындысы әлемге әйгілі етеді. Сол саяхаты арқылы өзін қажырлы саяхатшы және көрнекті ғалым ретінде көрсетеді. 1857 жылы Алатау қырғыздарына саяхат жасап, қырғыз халқының ауызша әдебиетінің көрнекті үлгісі «Манас» жырын қағазға түсіреді.

ҰЛЫТАУ-ЖЕЗҚАЗҒАН ӨҢІРІНЕ САПАР ШЕГІП, АЛАША ХАН МАЗАРЫ, ЖҰБАН АНА КЕСЕНЕСІ, АЯҚҚАМЫР КҮМБЕЗІ СЕКІЛДІ СӘУЛЕТ ЕСКЕРТКІШТЕРІНЕ СИ

5 слайд
ҰЛЫТАУ-ЖЕЗҚАЗҒАН ӨҢІРІНЕ САПАР ШЕГІП, АЛАША ХАН МАЗАРЫ, ЖҰБАН АНА КЕСЕНЕСІ, АЯҚҚАМЫР КҮМБЕЗІ СЕКІЛДІ СӘУЛЕТ ЕСКЕРТКІШТЕРІНЕ СИПАТТАМА БЕРГЕН. ЕР ЕДІГЕ, ҚОЙЛЫБАЙ БАҚСЫ, БАЙҒОЗЫ, ЖАУЛЫБАЙ ЖӘНЕ ОРАЗЫМБЕТ (ОРАЗАЙ) БАТЫРЛАР ЖАЙЛЫ ҚҰНДЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР ҚАЛДЫРҒАН.

1855 ЖЫЛЫ БАТЫС СІБІР ГЕНЕРАЛ-ГУБЕРНАТОРЫМЕН БІРГЕ СЕМЕЙ, АЯГӨЗ, ҚАПАЛ АРҚЫЛЫ АЛМАТЫҒА ДЕЙІН КЕЛІП ҚАЙТАДЫ. ОСЫ САПАРЫНДА ҚАЗА

6 слайд
1855 ЖЫЛЫ БАТЫС СІБІР ГЕНЕРАЛ-ГУБЕРНАТОРЫМЕН БІРГЕ СЕМЕЙ, АЯГӨЗ, ҚАПАЛ АРҚЫЛЫ АЛМАТЫҒА ДЕЙІН КЕЛІП ҚАЙТАДЫ. ОСЫ САПАРЫНДА ҚАЗАҚ, ҚЫРҒЫЗ, АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҮЛГІЛЕРІН, ТАРИХЫ МЕН ЭТНОГРАФИЯСЫНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖИНАЙ ЖҮРЕДІ. БҰЛ МАТЕРИАЛДАР НЕГІЗІНДЕ КЕЙІН ОЛ «ТӘҢІРІ (ҚҰДАЙ)», «ҚАЗАҚТАРДАҒЫ ШАМАНДЫҚТЫҢ ҚАЛДЫҒЫ» ДЕГЕН ЕҢБЕКТЕР ЖАЗАДЫ. СОЛ САПАРДАН КЕЙІН ОНЫҢ ӘСКЕРИ ЛАУАЗЫМЫ БІР САТЫҒА ЖОҒАРЫЛАП, ПОРУЧИК ШЕНІН АЛАДЫ.

ҚЫЗЫҚТЫ ФАКТІЛЕР  Шоқан Уәлиханов пен Абайдың ортақ нәрсесі бар.Қазақтың ұлы ойшыл-ағартушылары Шоқан мен Абайдың дүниетанымы

7 слайд
ҚЫЗЫҚТЫ ФАКТІЛЕР  Шоқан Уәлиханов пен Абайдың ортақ нәрсесі бар.Қазақтың ұлы ойшыл-ағартушылары Шоқан мен Абайдың дүниетанымы мен шығармашылық бағытында, тарих пен заман мәселелерін түсінуі мен талдауына, әсіресе, мәдени мұраны меңгеру, дамыту, оны елдің рухани қажетіне жарату әрекетінде мол үндестік байқалады.  Шоқан Уәлиханов психологиядан белгі қалдырды.Шоқан еңбектерінде психологиялық мәселелерге байланысты әр түрлі сипаттағы деректер баршылық. Осылардың ішінде басқа мәселелерден көбірек сөз болғаны — халқымыздың ұлттық санасы, оның ішінде өзіндік психологиялық ерекшеліктері туралы мәселе еді.  Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнері туындылары. Шоқанның осы өнер саласында қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын,ғалым негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысты. Одан 150—дей сурет қалған.

ШОҚАННЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН ЖИНАП БАСТЫРУДА ОРЫС ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІ АСА ЗОР. ОРЫС ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚОҒАМЫ БАСЫП ШЫҒАРҒАН ШОҚАН ШЫҒАРМАЛА

8 слайд
ШОҚАННЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН ЖИНАП БАСТЫРУДА ОРЫС ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІ АСА ЗОР. ОРЫС ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚОҒАМЫ БАСЫП ШЫҒАРҒАН ШОҚАН ШЫҒАРМАЛАРЫНА ЖАЗҒАН АЛҒЫ СӨЗІНДЕ АКАДЕМИК НИКОЛАЙ ИВАНОВИЧ ВЕСЕЛОВСКИЙ :  «ШОҚАН УӘЛИХАНОВ ШЫҒЫСТАНУ ӘЛЕМІНДЕ ҚҰЙРЫҚТЫ ЖҰЛДЫЗДАЙ ЖАРҚ ЕТІП ШЫҒА КЕЛГЕНДЕ, ОРЫСТЫҢ ШЫҒЫСТЫ ЗЕРТТЕУШІ ҒАЛЫМДАРЫ ОНЫ ЕРЕКШЕ ҚҰБЫЛЫС ДЕП ТҮГЕЛ МОЙЫНДАП, ТҮРКІ ХАЛҚЫНЫҢ ТАҒДЫРЫ ТУРАЛЫ ОНАН МАҢЫЗЫ ЗОР, ҰЛЫ ЖАҢАЛЫҚТАР АШУДЫ КҮТКЕН ЕДІ. БІРАҚ ШОҚАННЫҢ МЕЗГІЛСІЗ ӨЛІМІ БІЗДІҢ БҰЛ ҮМІТІМІЗДІ ҮЗІП КЕТТІ!» ДЕП ЖАЗДЫ». ТАРИХШЫ 1865 ЖЫЛЫ СӘУІР АЙЫНДА АЛТЫНЕМЕЛ ТАУЫНЫҢ БАУРАЙЫНДА ҚҰРТ АУРУЫНАН ДҮНИЕ САЛАДЫ.

 Шоқанды екінші Әл-Фараби деп атасақ әбестігі болмас. Себебін , біріншіден, Шоқан тарих саласына да өз еңбегін сіңіріп кетті

9 слайд
 Шоқанды екінші Әл-Фараби деп атасақ әбестігі болмас. Себебін , біріншіден, Шоқан тарих саласына да өз еңбегін сіңіріп кетті. Өзінің «Ислам діні» деген мақаласында: «Ислам діні Қазақстанда сегізінші ғасырда тарай бастағанымен, халықтың жүрек түкпірінде он тоғызыншы ғасырдың аяғына дейін толық жете қоймады» деп жазған. Екіншіден, география саласында жасаған еңбектерін айтар болсақ, жақ талары анық. Әлі зерттеле қоймаған Қашқарияны зерттеп, «Жарық жұлдыз», «Қашқария сапары» атты еңбектерін жазды. Үшіншіден, әдебиет саласына да сіңірген еңбегі мол. Қазақ әдебиетінің ауыз әдебиетінің мұраларын жинай отыра зерттей, славян халықтарымен салыстырады.  Орыс ауыз әдебиетімен байланысын ашады. Қазақ өлеңдерін: жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең, өлең деп беске бөледі. Өлеңдерді қобыз немесе домбыраға қосып айтуына қарай жүйелейді.

 Өзінің өлімі талай жанды қақсатып, жүректі тебіренткен- ді. Шоқанның досы болған Ф.М.Достоевский досын өте қатты құрметтеге

10 слайд
 Өзінің өлімі талай жанды қақсатып, жүректі тебіренткен- ді. Шоқанның досы болған Ф.М.Достоевский досын өте қатты құрметтеген. Шоқан дүние салғаннан бір жыл өткен соң, өзінің әйеліне «мына үлкен ағаш сандықты көрдің бе? Бұны менің досым болған Шоқан сыйлаған. Бұл маған өте қымбат. Сондықтан мен бұл сандыққа өз қолжазбаларым, хаттарым мен аса қымбат естеліктерімді сақтаймын» дегенінен-ақ досының Шоқанды қатты сыйлағандығын көруге болады.