Стиль түрлері

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Стиль түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Стиль түрлері
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
ҒЫЛЫМИ СТИЛЬ

#1 слайд
ҒЫЛЫМИ СТИЛЬ

1 слайд

ҒЫЛЫМИ СТИЛЬ

•Стиль (лат. stylus, грек. stylos – жазуға арналған таяқша) – қаламгердің жазу мәнері, ой түйінін ашу тәсілі, образдар жүйесін

#2 слайд
•Стиль (лат. stylus, грек. stylos – жазуға арналған таяқша) – қаламгердің жазу мәнері, ой түйінін ашу тәсілі, образдар жүйесінің тұрақты бірлігі. Стильдің жұмыс стилі, газет стилі, ғылым стилі, т.б. түрлері бар. А.Байтұрсынов “Әдебиет танытқыш” еңбегінде стиль туралы “Әр ақын, әр жазушы сөздің басын өзінше құрастырып, өз оңтайымен тізеді, әрқайсысының лұғатында өзіндік айырымы, өзіндік белгісі болады. Ол белгі әркімнің өз ыңғайымен сөз тізіп, әдеттенуінен, салттануынан болады. Ол салттар жалпы сөз тізу салттарынан, шарттарынан аса алмайды. Сөз шығарушылар, әуелі сөз ұнасымына керек жалпы шарттарды орнына келтіріп, өзінің өзгеше әдісі болса, соның үстіне ғана қосады. Сондықтан сөз шығарушылар бәрінен бұрын лебіз дауысынан шыққан сөздің асыл болуының жалпы шарттарын білуі қажет” дейді.

2 слайд

•Ғылыми стиль –табиғат, адам және қоғам туралы объективті хабар беруді мақсат ететін функционалдық стильдердің бірі. •Ғылыми жұ

#3 слайд
•Ғылыми стиль –табиғат, адам және қоғам туралы объективті хабар беруді мақсат ететін функционалдық стильдердің бірі. •Ғылыми жұмыстардың стилі ғылыми еңбектің мазмұны мен мақсатынан туындайды. Дәлірек айтқанда, ғылыми стильдің мақсаты – бізді қоршаған шындықты мүмкіндігінше дәл және толық түрде түсіндіру, құбылыстардың арасындағы байланыстың себептері мен салдарын ұғындыру, тарихи дмаудың заңдылықтарын ашу т.с.с. мәселелер. •Ғылым саласындағы ойлаудың ең басты формасы –ұғым, ал одан кейінгі ойлау динамикасы тіл арқылы жүзеге асқанда, пікір мен ой қорытуға сүйенеді. Сөйтіп, ғылым ойлаудың интеллектуалдық – ұғымдық бейнесімен сипатталады. •Тым ерте кезде ғылыми шығармалар трактат, диалог, тіпті поэзиялық туындылар (одалар мен поэмалар) ретінде жазылған. Қазіргі ғылыми стильдегі еңбектер прозаға ұқсас сипатта жарық көріп жатады да, оның жанрларына монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер, т.б. жатады.

3 слайд

•Ғылыми –зерттеу жұмысында белгілі бір ұсынылған жорамалдың ақиқаттығына сендіру, дәлелдеу көзделеді. Сондықтан мұндай еңбек ек

#4 слайд
•Ғылыми –зерттеу жұмысында белгілі бір ұсынылған жорамалдың ақиқаттығына сендіру, дәлелдеу көзделеді. Сондықтан мұндай еңбек екі міндеттің орындалуын нысанаға алады. Ол міндеттердің бірі –ақпараттық міндет те, екіншісі –ықпал етушілік міндет. Мұнда аргументтің қаншалықты нақтылығына басты назар аударылады. •Осыған байланысты ғылыми стильдің екі түрлі қызметі көзге түседі: ғылыми ақпаратты жеткізу ғана емес, сол ақпараттың көп жағдайда жаңалықтың ақиқаттығын дәлелдеу де, екіншісі –оқырманның немесе тыңдарманның логикалық ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру. Бірінші жағдайда әр түрлі формулалар, теңеулер, сызбалар, графиктер т.б. аргументтің құралдары болып табылады. •Ғылыми стильдің ең басты үш түрлі сапасы: •Логикалылық •Айқындылық •Дәлдік

4 слайд

•Мәтінде берілетін ойдың жүйелі орналасып, оның берік мағыналық байланыстарының болуы логикалылық деп есептеледі. •Айқындылықт

#5 слайд
•Мәтінде берілетін ойдың жүйелі орналасып, оның берік мағыналық байланыстарының болуы логикалылық деп есептеледі. •Айқындылықтың мәнісі –үлкенді –кішілі пікірледің түсінікті қабылдануы, осылайша түсінікті болуы, сөздің өз мағынасында қолданылуы, екіұшты мағынаның туындамауы, ойдың нақтылы жеткізілуі. •Дәлдік ғылыми еңбекте сөз мағынасының бейнелі түрде жұмсалуын қолдамайды. Демек, сөздің эмоциялық бояуының ғылыми стильде қолданылмағаны жөн. •Ғылыми стильді ғылымдық тегіне немесе циклына байланысты физика математика стилі және қоғамдық – саяси стиль деп бөлінетінін кейбір зерттеушілер атап өтеді. Бұлай бөлу нақты емес.

5 слайд

•Ұлттық тілдің функционалдық саласы болып табылатын ғылым тілінің негізгі арқауы – термин. Басқаша айтқанда термин ғылымдағы “

#6 слайд
•Ұлттық тілдің функционалдық саласы болып табылатын ғылым тілінің негізгі арқауы – термин. Басқаша айтқанда термин ғылымдағы “орталық” ұғым, түпқазық ұғым. Қазіргі кезде мамандық тілінің тілдік, тілдік емес ерекшеліктері барған сайын күшейе түсуде. Мысалы, салалық ғылымдар тілінде формула, сызба, символ, схема, сурет т.б. бейвербалды таңбалардың қатары көбейе түсті. Тіпті ғылымның белгілі бір саласының өзінде әлденеше тармақтар пайда болып, олар өздерінің терминдік, терминдік элементтер жүйесі арқылы бір-бірінен алшақтай түсті. Бұл бағытты кәсібицентристік бағыт деп атауға болады. •Ғылыми мәтінде сөз желісі логикалық жүйеге бағынады, өзара бірімен бірі байланысты арнаулы ақпараттар баяндалады, сөз сипаттау түрінде болып, дәлдікке ерекше мән берілді. Мұның өзі ғылыми дискурстың мамандандырылған ақпарат беру//қабылдау жағынан өзге де коммуникацияның түрінен (көркем дискурс, публицистикалық дискурстан) ерекше екенін көрсетеді.

6 слайд

•Ғылыми стиль әдетте үш шағын стильге жіктеледі: •Таза ғылыми шағын стиль; •Оқулық –ғылыми шағын стиль; •Көпшілікке арналған ғыл

#7 слайд
•Ғылыми стиль әдетте үш шағын стильге жіктеледі: •Таза ғылыми шағын стиль; •Оқулық –ғылыми шағын стиль; •Көпшілікке арналған ғылыми шағын стиль. •Таза ғылыми шағын стиль белгілі бір ғылым саласындағы зерттеушілер шығармаларының стилі болып табылады, олар сол әріптестеріне арнап жазылады. Қоғамдық –гуманитарлық ғылым саласындағы ғылыми еңбектер көпшілікке түсінікті болып келеді. Сонысына қарамастан, таза ғылыми стильге жатады. Оның басты себебі: ондай зерттеулерде, айталық, әдебиетті жақсы түсінетін мәдениетті оқырманды елең еткізерлік нақтылы теориялық тұжырымдар жасалып отырады. •Оқулық –ғылыми шағын стиліндегі шығармалардың басты мақсаты –шәкірттерге нақтылы бір ғылымның негіздерінен білім беру немесе ғылымның жеке саласы бойынша тұрақты түсінік қалыптастыру. Осыған байланысты мектеп оқушыларына арналған оқулықтар ең бастысы «жеңілден –қиынға қарай, қарапайымнан –күрделіге қарай» деген ұстанымға сай келу керек. •Көпшілікке арналған ғылыми шағын стильде жазылған еңбектер ілгерілерден өзгеше. Олар білім –ғылымның белгілі бір саласындағы мамандарға немесе білім алуға ұмтылған жастарға емес, жалпы қауымға, жасына интеллектуалдық дәрежесіне, ұлттық ерекшелігі мен наным –сеніміне қарамастан, кең аудиторияға арналады. Мақсаты –ғылым саласындағы жаңалықтар туралы немесе елдің ішкі, сыртқы жағдайы туралы көпшілікті хабардар ету.

7 слайд

•Ғылыми стильде диалог пен монолог қолданылады. Соның ішінде монолог жетекші орында. •Ғылыми стильдің ауызша және жазбаша түрле

#8 слайд
•Ғылыми стильде диалог пен монолог қолданылады. Соның ішінде монолог жетекші орында. •Ғылыми стильдің ауызша және жазбаша түрлері бар. Жазбаша түрлеріне жататындар: монография, мақала, диссертация, рецензия, оқулықтар т.б. •Ауызша түріне жататындар: баяндама, жарыссөз, лекция т.б. •Ғылыми стильдің бұл екі түрінің ішінде жазбаша еңбектер жетекші орын алады. •Фонетикалық ерекшелігіне келетін болсақ, ғылыми стильге байланысты еске алатын жай –еңбектердің көбіне жазбаша түрде болатыны. Дегенмен, ғалым лекция, баяндамасын ауызша оқығанда интонация мен паузаның әдеттегі сөйлеудегі интонация мен паузадан айырмашылығы бар. Ғалым сөйлегенде белгілі бір ұғымға, жаңа түсінікке ерекше екпін беріп, талдауларын интонация арқылы саралап айтады. •Ғылыми стильдің лексикасы туралы сөз болғанда, ең алдымен ескеретін жағдай терминдерге қатысты болмақ. Терминдік даар сөздер мен сөз тіркестері екі түрлі: таза ғылыми терминдер және көпшілікке түсінікті терминдер.

8 слайд

Сұрақтар •1. «Стиль» қай елдің сөзі ?

#9 слайд
Сұрақтар •1. «Стиль» қай елдің сөзі ? •2. Қазақ тілінде қанша стиль бар ? • 3.Диалогке құрылған стиль қалай аталады? •4.Газета-журнал тілі қалай аталады ? •5. Ғылыми стильдің ең басты үш түрлі сапасы: •6.Ғылыми жұмыстағы ақпаратты дәлелдеу кезіндегі міндеттер қандай?

9 слайд

Жауаптар •1. ( латын) •2. (5) • 3. (ауызекі) •

#10 слайд
Жауаптар •1. ( латын) •2. (5) • 3. (ауызекі) •4.(публицистикалық) •5.(Логикалылық, Айқындылық, Дәлдік) •6.(міндеттердің бірі –ақпараттық міндет те, екіншісі –ықпал етушілік міндет)

10 слайд

Файл форматы:
ppt
13.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі