1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты "Елімнің рәміздері-менің мақтанышым" Теректі колледжі

#1 слайд
“ Елімнің рәміздері-менің мақтанышым”
Дайындаған: топ жетекшісі А.Х Амангалиева
1 слайд
“ Елімнің рәміздері-менің мақтанышым” Дайындаған: топ жетекшісі А.Х Амангалиева
#2 слайд
Білеміз бе?
Рәміздер деген сөзді қалай түсінесіздер?
Мемлекеттік рәміздерге не жатады?
Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды?
2 слайд
Білеміз бе? Рәміздер деген сөзді қалай түсінесіздер? Мемлекеттік рәміздерге не жатады? Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды?
#3 слайд
•
Рәміз дегеніміз не?
•
Рәміз – белгілі идеяны білдіретін белгі,
бейне. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы
дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту,
елтаңба, гимн) айналды.
3 слайд
• Рәміз дегеніміз не? • Рәміз – белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды.
#4 слайд
Қазақстан Республикасы Президентінің
1998 жылғы 4 маусымдағы №3827
Жарлығына толықтырулар енгізіліп,
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні
ретінде аталып өтетін болды.
1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз
еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің
тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні
Президент сарайы мен Парламент Үйінің
төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты.
Ал 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік
Гимннің мәтіні бекітілді.
4 слайд
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 4 маусымдағы №3827 Жарлығына толықтырулар енгізіліп, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтетін болды. 1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. Ал 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді.
#5 слайд
ҚР мемлекеттік туының
авторы Шәкен
Оңласынұлы Ниязбеков Ту-тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті
белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп
тұрады.
5 слайд
ҚР мемлекеттік туының авторы Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков Ту-тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады.
#6 слайд
ҚР мемлекеттік елтаңба авторлары
Шот-Аман
Уәлиханов
Жандарбек
Мәлібеков Елтаңба – мемлекеттік мөрлерде , алтын, күміс
ақшаларда бейнеленген ажырату белгілері.
6 слайд
ҚР мемлекеттік елтаңба авторлары Шот-Аман Уәлиханов Жандарбек Мәлібеков Елтаңба – мемлекеттік мөрлерде , алтын, күміс ақшаларда бейнеленген ажырату белгілері.
#7 слайд
Қазақстан Республикасының алғашқы мемлекеттік
әнұраны
Жаралған намыстан қаһарман халықпыз,
Азаттық жолында жалындап жаныппыз.
Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен
Аман-сау қалыппыз, аман-сау қалыппыз.
Қайырмасы:
Еркіндік қыраны шарықта,
Елдікке шақырып тірлікте!
Алыптың қуаты — халықта,
Халықтың қуаты — бірлікте!
Ардақтап анасын, құрметтеп данасын,
Бауырға басқанбыз баршаның баласын.
Татулық, достықтың киелі бесігі -
Мейірбан Ұлы Отан, қазақтың даласы!
Қайырмасы:
Талайды өткердік, өткенге салауат,
Келешек ғажайып, келешек ғаламат!
Ар-ождан, ана тіл, өнеге-салтымыз,
Ерлік те, елдік те ұрпаққа аманат!
Қайырмасы:Авторлары: Музыкасын жазғандар: Мұқан Төлебаев, Латиф Хамиди, Евгений Брусиловский
Сөзін жазғандар : Қ.Мырзалиев, Ж.Дәрібаева, М.Әлімбаев, Т.МолдағалиевГимн – өлеңге жазылған салтанатты ән
7 слайд
Қазақстан Республикасының алғашқы мемлекеттік әнұраны Жаралған намыстан қаһарман халықпыз, Азаттық жолында жалындап жаныппыз. Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен Аман-сау қалыппыз, аман-сау қалыппыз. Қайырмасы: Еркіндік қыраны шарықта, Елдікке шақырып тірлікте! Алыптың қуаты — халықта, Халықтың қуаты — бірлікте! Ардақтап анасын, құрметтеп данасын, Бауырға басқанбыз баршаның баласын. Татулық, достықтың киелі бесігі - Мейірбан Ұлы Отан, қазақтың даласы! Қайырмасы: Талайды өткердік, өткенге салауат, Келешек ғажайып, келешек ғаламат! Ар-ождан, ана тіл, өнеге-салтымыз, Ерлік те, елдік те ұрпаққа аманат! Қайырмасы:Авторлары: Музыкасын жазғандар: Мұқан Төлебаев, Латиф Хамиди, Евгений Брусиловский Сөзін жазғандар : Қ.Мырзалиев, Ж.Дәрібаева, М.Әлімбаев, Т.МолдағалиевГимн – өлеңге жазылған салтанатты ән
#8 слайд
1956 жылы тың игеруге
байланысты Ш. Қалдаяқовпен
Ж. Нәжімеденов “Менің
Қазақстаным” әнін шығарған.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасында
қазақ жастары ұлттық рухпен осы
әнді орындаған.
2006 жылдың 7 қаңтарында
Елбасы Н. Ә. Назарбаев
ҚР мемелекеттік гимнінің жаңа
мәтінін бекітті.
8 слайд
1956 жылы тың игеруге байланысты Ш. Қалдаяқовпен Ж. Нәжімеденов “Менің Қазақстаным” әнін шығарған. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасында қазақ жастары ұлттық рухпен осы әнді орындаған. 2006 жылдың 7 қаңтарында Елбасы Н. Ә. Назарбаев ҚР мемелекеттік гимнінің жаңа мәтінін бекітті.
#9 слайд
Алтын к үн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным !
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай !
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным ҚР мемлекеттік Гимнінің авторлары
Өлеңін жазған:
Жүмекен Нәжімеденов Әнін жазған:
Шәмші Қалдаяқов
Н.Ә.Назарбаев
9 слайд
Алтын к үн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой! Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің — Қазақстаным ! Ұрпаққа жол ашқан, Кең байтақ жерім бар. Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз елім бар. Қарсы алған уақытты, Мәңгілік досындай. Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай ! Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің — Қазақстаным ҚР мемлекеттік Гимнінің авторлары Өлеңін жазған: Жүмекен Нәжімеденов Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов Н.Ә.Назарбаев
#10 слайд
Отан деген ұлы ұғым. Сол Отанда
мекендеп жатқан барша халықтың бойында
отансүйгіштік қасиетпен елге, жерге,
мемлекеттік рәміздеріне деген мақтаныш
әрдайым есіп тұрмақ. Мемлекеттік рәміздер
әр уақытта татулық, бірлік, достықтың
белгісі болып қала береді.
Рәміздерді құрмет тұту – әрбір оқушының
абыройлы міндеті, оны қастерлеудің маңызы
зор болмақ. Мемлекеттік рәміздер – біздің
еліміз бен егемендігіміздің мызғымас
негіздерінің бірі екенін әрқашан есте ұстайық.
10 слайд
Отан деген ұлы ұғым. Сол Отанда мекендеп жатқан барша халықтың бойында отансүйгіштік қасиетпен елге, жерге, мемлекеттік рәміздеріне деген мақтаныш әрдайым есіп тұрмақ. Мемлекеттік рәміздер әр уақытта татулық, бірлік, достықтың белгісі болып қала береді. Рәміздерді құрмет тұту – әрбір оқушының абыройлы міндеті, оны қастерлеудің маңызы зор болмақ. Мемлекеттік рәміздер – біздің еліміз бен егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі екенін әрқашан есте ұстайық.
#11 слайд
11 слайд

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген